место в рейтинге
  • 18133
  • 55
  • 3
Нравится блог?
Подписывайтесь!

Анам айтқан жалған сөз

Анам айтқан жалған сөз

05 Қараша 2012

Жүректің қылын шертетін осы бір шағын дүниені massaget.kz сайтынан көзіміз шалды. Авторы да белгісіз. Қайсар Қауымбекұлы аударыпты. Авторын білмекші болып, Қайсарға хабарластық. Өзі де шағын блогтардан кездестіріп, дерегін таппапты. Мейлі, кім жазса да шындықтың жалғанына кешіріммен қарауға болатынын бірінші рет сезіндік.

Бала күнімізде отбасы жағдайымыз тым төмен болды. Кедейліктің тақсіреті маған сезілмесе де, шешеме қатты батты. Киер киім, ішер асқа жарымай жүргенде, ол үнемі өз ыдысындағы несібесін маған бөліп берер еді. «Құлыным, жей ғой, менің қарным ашқан жоқ» дейтін. Бұл оның үнемі айтатын жалған сөзі еді.

Ержете бастаған шағымда, базардағы қымбат зат немесе дәрумендер алып беруге шешемнің қалтасында көк тиыны жоқ еді. Үнемі жақын маңдағы өзеннен балық аулап келетін. Мен балық етін жеп, сорпасын ішкен сәттерімде, ол үнемі сіренің (үстел) шетінде отырып, балық сүйегін мүжитін. Анам қайнатқан балық сорпасының дәмі әлі күнге таңдайымда. Үнемі шынысына ет салып берсем, «Өзің жей ғой, білесің ғой мен балық етін ұнатпаймын» деп, қайтадан өз ыдысыма салып қоятын. Бұл оның екінші жалған сөзі болатын.

Орта мектеп оқып жүрген кезімде, менің оқу және киіміме кететін қаражатымды қамдау үшін үнемі түні бойы мардымсыз ақша үшін, тігіншілікпен айналысатын. Түн ортасында оянсам, бүкшиіп отырып, киім тігіп отырған анамды көретінмін. «Шеше, ұйықтаңызшы, таңертең тағы жұмысқа барасыз» десем, «Ұйықтай бер, құлыным, менің әлі ұйқым келген жоқ» дейтін еді. Ал бұл сәтте, таң ағаруға жақын қалғанын іштей сезіп жататын едім. Бұл оның үшінші жалған сөзі еді.

Жоғары оқу орнына емтихан тапсырар күні мектеп қақпасының алдында, шақырайған күн астында мені күтіп тұрған анамды көрдім. Өзге ата-аналар секілді дүкеннен салқын су алуға ақшасы жоқ шешем, маған бола қант қосылған қара шәй алып келіпті. Үш сағат бойына мені күтіп тұрған байғұс шешемнің ерні кеберсіп кетсе де, әлі нәр татпағанын білдім. Өзіңіз ішіңіз деп ұсынып ем, «Жаңа ғана іштім, әлі шөлдеген жоқпын» деді. Кесе түбіне анамның мейір-шапағаты тұнғанын сезетінмін. Сарқып ішіп, анамды құшақтадым. Бұл оның төртінші жалған сөзі еді.

 

Әкем өмірден озғанда анам тым жас еді. Жалғыз­дықтың азабын аз тартқан жоқ. Тігіншілікпен тапқан аз ғана нәпақасымен мені оқытты, республикалық әйгілі университетке қабылдандым. Нағашы апайымның жазған хатынан, үнемі жалғыз бас, ақкөңіл көрші ағайдың анама көмектесіп, отын-суын әкелісіп, ірілі-ұсақты шаруаларына қолғабыс етіп жүретінін білдім. Апайымның ойы да маған белгілі еді. Әкемді қанша сағынсам да, анамның жанашырсыз, жалғыздығын ойлап, үнемі демалысқа барған кезімде сол ағай туралы айтатын едім. «Әй, өзі бір ақ пейіл жан... бірақ, ұлым... мен оны ұнатпаймын ғой... өз жайың қалай, маған ертерек келін керек» деп күлімсірейтін. Әңгімені басқа жаққа бұра бастағанынан мен оның тағы да жалған сөйлеп тұрғанын сезетінмін. Бұл бесіншісі еді.

Университет бітірген жылы жұмыс жайымен сол қалада қалып қойдым. Жалақым, бір басыма жетпей жүрсе де, үнемі анама ақша салып тұратын болдым. Бірақ сол ақшам әр жолы өзіме қайтып келетін еді. Және «Құлыным, менің өз табысым өзіме жетеді. Сен қиналып қалма» деген сөз бар хаттар да келетін. Жыл соңында ауылға қайтқанымда анамның жұмыссыз қалғанын бір-ақ білдім. Сонда ғана оның маған тағы да жалған сөз айтқанын ойлап, көзіме жас іркілді.

Екі жылдан кейін мен Америкадағы бір әйгілі университетте докторлықты оқыдым. Оқуым біткен соң айлығы да жоғары, үлкен бір зерттеу орнының өтінішін қимай, сонда қалып қойдым. Ауылдағы анама ақша да, сыйлықтар да жіберіп тұрдым. Анамды қанша сағынсам да, бала күнімнен бері талпынған бұл еңбегімнің жемісін әлі көрмеген едім. Сол үшін қайтпадым. Ал анам «Мен ол жерге көне алмаймын» деп қасыма келуге қарсы болатын. Бұл оның әрі жалған, әрі шын сөзі еді.

 

Анам да қартайды. Бір күні ауылдан шұғыл шақырту келді. Жүрегім аузыма тығылардай үрей мен алаңдаушылық ішінде ауылға жол тарттым. Ауыр асқазан рагына шалдыққан анам емханаға түсіпті. Тәңірден күн сайын анамның амандығын тіледім. Ота аяқталғанда анамның жаны зорға қалған еді. Жанға батқан ауру азабы тіптен қартайтып жіберіпті. Осыншама уақыттан бері күн сайын оны сағынсам да, қадірін ешқашан жете түсінбеппін. Наркоздан әлі оянбаған анамды құшақтап егіліп жыладым. Аз-кем уақыттан соң ғана көзін ашып, маған күлімсіреп қараған анам қауқарсыз саусақтарымен менің қазандай басымнан сипап, «Құлыным, жазылдым ғой міне. Еш жерім ауырған жоқ...» деді. Мен оның ұлына айтқан ең соңғы жалған сөзін естігенімде, көз алдымда аспан ауып бара жатқандай мең-зең күй кештім.

Аударған Қайсар Қауымбекұлы.

Қазақ әдебиеті

(с)  РН

Равиль Нуржанов raville
Патриот!
4 февраля 2013, 11:10
516

Загрузка...
Loading...

Комментарии

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

Прогноз эксперта: в Казахстане будут жить 5 миллионов китайцев

Прогноз эксперта: в Казахстане будут жить 5 миллионов китайцев

В ближайшие годы в Центральной Азии будут проживать восемь миллионов китайцев, считает заведующий отделением востоковедения национального исследовательского университета высшей школы экономики.
kurmanovainur
23 июня 2017 / 11:23
  • 41239
  • 49
Почему мы должны быть благодарны журналисту Джеймсу Палмеру за критику ЭКСПО

Почему мы должны быть благодарны журналисту Джеймсу Палмеру за критику ЭКСПО

Как одним критичным постом зарубежному журналисту Джеймсу Палмеру удалось вскрыть сразу несколько гнойников казахстанского общества.
anotherblogger
21 июня 2017 / 0:39
  • 7169
  • 65
Почему я больше не поеду отдыхать на северное побережье Алаколя

Почему я больше не поеду отдыхать на северное побережье Алаколя

Нам казалось, что на Алаколе мы сможем хорошо отдохнуть, расслабиться и набраться сил на весь следующий год. Вроде, и достаточно бюджетно, и не так далеко.
RisKaS
вчера / 18:05
  • 5403
  • 34
Эксперимент. Два парня и девушка в поисках лучшего донера в Астане

Эксперимент. Два парня и девушка в поисках лучшего донера в Астане

Нас трое: девушка и двое парней. Мы обошли 7 заведений, где продают донеры. Оценивали по 10-бальной шкале только по вкусовым качествам донера. Никто нам за рекламу не платил, бесплатными донерами не кормил!
nargiz_15
сегодня / 10:08
  • 4397
  • 6
На каких улицах города Алматы вы точно попадете в «пробку»

На каких улицах города Алматы вы точно попадете в «пробку»

Строятся пешеходные и велосипедные дорожки, трамвайные пути "сносят", а главная традиция нашего мегаполиса - замена подземных коммуникаций и в этом году не была нарушена.
beoblod
вчера / 17:22
  • 3644
  • 3
ЭКСПО-2017. Каким бы правдоподобным ни казался обман, он всё равно раскроется

ЭКСПО-2017. Каким бы правдоподобным ни казался обман, он всё равно раскроется

Изначально про ЭКСПО было очень много слухов. Лишь только усаживаясь в поезд «тальго» до Астаны, мы уже были изрядно загружены этими слухами. Кто их запускал, для чего – отдельный вопрос..
openqazaqstan
сегодня / 15:45
  • 3311
  • 25
В каких случаях у вас могут изъять удостоверение личности?

В каких случаях у вас могут изъять удостоверение личности?

Недавно один знакомый задал вопрос: «Я сейчас выступаю как свидетель по одному делу. У меня забрали удостоверение личности (УЛ) в РУВД и не вернули обратно. Так можно?». Я сразу задалась вопросом...
asselsabekova
21 июня 2017 / 10:17
  • 3396
  • 21
Где отлично провести летние месяцы с пользой для здоровья и кошелька?

Где отлично провести летние месяцы с пользой для здоровья и кошелька?

Я обратил внимание, что в случае с уникальными природными зонами Павлодарской области применима поговорка: «что имеем – не ценим», а ведь они легко могли бы стать международными курортами.
Muzalevskiy
23 июня 2017 / 22:57
  • 3281
  • 11
Это «колхозное сооружение» вредит имиджу города. Я, как алматинка, против!

Это «колхозное сооружение» вредит имиджу города. Я, как алматинка, против!

Почему эту трубу не проложили под землей? Она обезображивает улицу, как дикий багровый шрам от раны, зашитой равнодушным, криворуким и ленивым хирургом, обезображивает лицо.
ValentinaVladimirska
23 июня 2017 / 12:10
  • 2707
  • 45