Тікелей эфир

Шетелдік студенттер Қазақстанда. І бөлім

Еліміздің ірі қалаларында, соның ішінде Алматыда, шетелден келген студенттерді жиі көріп жатамыз. Қытай, жапон, ауған жастары неліктен бізге келіп оқиды, мақсаттары не, ойлары қандай?


Саид Самим, Ауғанстан, 22 жаста

— Қазақстанға қашан келдің?

— Қазақстанда тұрып жатқаныма 3 жылдай болды. Бүгінгі күні әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің журналистика факультетінің 2 курс студентімін. Қазақстанға «1000 ауған баланы оқыту» бағдарламасы бойынша 2010 жылы келгенмін. Қазақстанға келгенге дейін Ауғанстанда жазушы болу мақсатымен «Парсы тілі филологиясында» білім алып жүргенмін, кейін осы бағдарлама бойынша емтихандар тапсырып, жоғарғы балл алғаннан кейін Қазақстан елшілігінен Қазақстандық университетке шақырту алдым. Сөйтіп қазақ елінің қандай екенін көрейін деп Қазақстанға келдім.

— Алматыда тұрып жатқанына біраз болыпты. Кабулмен салыстырғанда қалаға не жетіспейді деп ойлайсың?

— Алматы Қазақстандағы ең әсем қалалардың бірі. Менің ойымша ешқандай кемшілік жоқ. Бірақ қаланы әлі де жақсартуға болады. Қалада транспорт көп болғанымен автобустар жетіспейтіндігі байқалады. Сондай-ақ кітапханаларға кіріп кітап оқуды оңай етіп, шетелдіктерге арнап шет тіліндегі кітаптардың қорын молайтса жақсы болар еді.

Оқуды бітіргеннен кейін қандай жоспарларың бар?

— Мені мемлекет оқуға жібергеннен соң Ауғанстанға оралып, сонда жұмыс істеуім керек. Бүгінгі күні Қазақстанда журналистика мамандығында оқып жатқанымен актер ретінде де өзімді сынап көріп жатырмын. Актер болу өзімнің негізгі арманым. Болашақта кино саласына кететін шығармын...

Қазақстандық БАҚ-ты оқып тұрасың ба?

— Шынымды айтсам, оқымаймын. Бір тілді үйренгенде алдымен адам сол тілді тыңдауы қажет, сосын сөйлеуі керек, содан кейін барып оқып, одан әрі жазуы қажет. Адам туылғанда да осы кезеңдерден өтеді ғой. Мен қазақ тілін тыңдадым, сөйледім, енді алдағы уақытта оқуды да қолға аларым анық.

— Қазақтың қандай жазушыларын білесің?

— Әрине, ұлы Абай және Мұхтар Әуезов. Өзімнің туған тілім иран тілінде Абайдың көптеген шығармаларының аудармалары бар. Қазақ тілін үйренгеннен кейін Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» романын оқимын деп шештім.

Ал қазақ әншілерін тыңдайсың ба?

— Өзім Қазақстанға келгелі өзгелер: «Қазақстан ұнайды ма?» деп сұраса, бәріне «Қазақстанда маған екі нәрсе қатты ұнайды, бірі — Абай, екіншісі — Шәмші». Шәмшінің барлық әндерін сүйіп тыңдаймын.

Қаладағы ең жиі баратын орындарың?

— Киноға қатты қызығатын болғандықтан негізінен кинотеатрларға жиі барып тұрамын.

— Қазақ жастары қандай деп айта аласың?

— Адамдардың барлығы бірдей болмайды ғой. Әрқайсысы әр түрлі. Менің байқағаным, қазақ қыздары жігіттерге қарағанда жақсы оқиды да, жігіттер көбіне қыдырып, ойнағанды жақсы көреді екен.

— Қазақстанда неге үйрендің, өзіңе қандай жаңалық аштың?

— Ең бірінші, қазақ тілін үйрендім. Мұнда отбасым болмаған соң бәріне өзің жауаптысың ғой, жауапкершілікті, тәуелсіз болуды үйрендім. Әлі де үйрену үстіндемін. Қазір бәрін тізіп айтып бере алмаймын, бірақ Қазақстанға келгелі көп өзгергенімді байқаймын.


Ацуши Сайто, Жапония, 27 жаста

— Қазақстанға қашан келдің?

— Мен Токио қаласындағы Васэда университетінің докторантурасында білім алып жатырмын. Қазақстанға осыдан біраз ай бұрын келген болатынмын. Негізінен оқып жүрген Васэда университетінен Қазақстанды зерттеуге студенттер тобы 1-2 аптаға келіп-кетіп жүреді. Мен де кезінде сондай топпен Қазақстанға бірнеше рет келгенмін. Қазір осы елдің мәдениетін зерттеумен айналысып жүрмін. Менің зерттеу жұмысым «Қазақ салт-дәстүрлері» деп аталғандықтан, қазіргі кезде осы саланы жан-жақты қарастырып, меңгерудемін.

— Не үшін Қазақстанды таңдадың?

— Жалпы жапондықтар Орталық Азия туралы аз біледі. Қазақстан десе олар білмес, бұл аймақты тек Орталық Азия деп қана таниды. Мүмкін жаңалықтардан сыртқы сауда-саттық туралы білулері мүмкін, бірақ мәдениет жағынан хабардар емес. Васэда университетінде оқып жүріп осы Қазақстанды мәдени тұрғыдан зерттеуді қолға алғанмын. Сондай-ақ мәдениетпен қатар Қазақстандағы денсаулық мәселелері бойынша да зерттеулер жүргізудемін. Болашақта екі елдің арасындағы достық қарым-қатынасы үшін қызмет еткім келеді.

— Оқуды бітіргеннен кейін қандай жоспарларың бар?

— Негізі докторантураны 3 жыл оқимын. Егер бәрі жақсы болып жатса, Қазақстанға тағы да біраз уақытқа келіп-кету ойымда бар.

— Қаладағы жиі баратын орындарың?

— Өзім табиғатты жақсы көретін адаммын, көбіне табиғат аясында демаламын. Мысалы, «Көк-төбеге» барып, «Үлкен Алматы» өзенінің бойымен серуендегенді ұнатамын.

— Жапондықтармен салыстырғанда қазақ жастары қандай екен?

— Қазақстанға келгенде ең бірінші көзге түсетіндігі — жастардың қызы болсын, жігіті болсын, бәрінің дене бітімдері жапондықтарға қарағанда әлдеқайда ірі екен. Жалпы алғанда Қазақстанда өзімді шетелде жүргендей сезінбеймін, өйткені қазақтардың түр-келбеті жапондықтарға қатты ұқсайды.

— Қазақстан саған не үйретті?

— Өзім мәдениетті зерттеген соң көбіне мәдениетке мән беремін. Мысалы, адам қайтыс болғаннан кейін жетісін, қырқын, жылын өткізу туралы салттардың мәнін түсініп жатырмын.

— Орыс тілін біледі екенсің, қазақ тілін үйрену ойыңда бар ма?

— Қазір орыс тілінде біраз білемін, оған қосымша қазақ тілін де үйреніп жүрмін. Негізінен ескілеу болса да сонау 90-жылдары шыққан «Қазақша-Жапонша, Жапонша-Қазақша» сөздік бойынша біраз сөздерді білемін.

— Қазақстанға алғаш келгенде қандай қиындықтарға кезіктің?

— Жапонияда жылы аймақта тұрған едім. Әлі күнге дейін Қазақстанның қысына үйрене алар емеспін. Қазақстанға алғаш рет келгенде қыс еді, қазіргі кезде де әлі қиындау.


Лин Гохай, Қытай, 21 жаста

— Қазақстанға қалай келдің?

— Қазақстанға 2008 жылы келдім. Әкем Қазақстанда жұмыс істейді, әпкем де осында оқиды. Мен де оқуымды бітірген соң жоғарғы білім алып, тіл үйрену үшін осы елге келдім. Бүгінгі күні ҚазҰУ-дың журналистика факультетінің «Баспа ісі және дизайн» мамандығында білім алып жатырмын.

— Оқуды бітірген соң қандай жоспарларың бар?

— Оны әлі шешпедім. Болашақта көре жатармыз. Негізінен экономикаға қызығамын, алдағы уақытта экономист болып кетуім де ғажап емес.

— Қаладағы жиі баратын орындарың?

— Қалада ұнатып жиі баратын орындарым өте көп. Әсіресе халық көп шоғырланған жерде орналасса да іші тыныш, әрі таза 28 Панфиловшылар саябағы ең көп баратын жерім.

— Қазақ жастары мен қытай жастарын салыстырсақ не өзгешелік бар?

— Негізінен екі халықтың ділі басқа болғандықтан айырмашылықтар өте көп деуге болады. Қазақстандағы жастар мен Қытайдағы Үрімшіде тұратын қазақ жастарын салыстыратын болсақ, көп өзгешеліктер байқайсың. Соның бірі — салт-дәстүрдің, тілдің ерекшеліктері. Бір байқағаным, Алматының халқы көбіне орыс тіліне басымдық береді екен.

— Қазақстан саған не үйретті?

— Қазақстанға келген мақсатым тіл үйрену болған, осы тілді үйреткен Қазақстан.

— Қазақ тілін білесің бе?

— Қазір орыс тілінде білім алып жатырмын. Бірақ кезінде қазақ тілін үйрететін курстарға арнайы қатысқанмын. Қазақ тілінде сөйлемесем де түсінемін.

Сұхбаттасқан Айнұр Ракишева

Фото автордікі

Алия Arsik
28 қаңтар 2013, 11:36
3533

Загрузка...
Loading...

Пікірлер

Иә, өте қызық. Оларға біз басқа түрлі адамдар болып көрінетің шығармыз?
басқа түрлі емес, Самим айтқандай "қазақ қыздары жігіттерге қарағанда жақсы оқиды да, жігіттер көбіне қыдырып, ойнағанды жақсы көреді екен." Саито айтқандай: "Қазақстанға келгенде ең бірінші көзге түсетіндігі — жастардың қызы болсын, жігіті болсын, бәрінің дене бітімдері жапондықтарға қарағанда әлдеқайда ірі екен." Сондықтан әр адамға өзі үйренген мәдениетінен тысқары дүние әрдайым ерекше, басқаша болады

Пікір қалдырыңыз

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Сондай-ақ Ctrl+Enter басуға болады

Танымал жазбалар

Работа в Mc Donald's. Советы и лайфхаки для гостей

Работа в Mc Donald's. Советы и лайфхаки для гостей

За три месяца я поработала в трёх разных сферах. И сегодня, хочу поведать вам о работе в одной из богатейших компаний мира. Звучит значительно лучше, чем «Я работаю в Mc Donald’s».
madiNAtty
15 сент. 2017 / 12:44
  • 3148
  • 16
«Это будут твои большие похороны». Гуф высказался о Скриптоните и Басте

«Это будут твои большие похороны». Гуф высказался о Скриптоните и Басте

Досталось и Скриптониту, который ранее опубликовал запись, о том, что больше не будет сниматься в клипе Гуфа и Тимати. "Я тебя ни о чем больше не попрошу, казах ты мой дорогой" - высказался рэпер.
tala03
вчера / 15:48
  • 2258
  • 7
Почему депутат Божко хочет ограничить приток сельской молодёжи в города?

Почему депутат Божко хочет ограничить приток сельской молодёжи в города?

Вице-спикер Мажилиса Владимир Божко остановился на некоторых деталях известного конфликта в Астане возле строящегося «Абу Даби Плаза», затронув проблему «многочисленной сельской молодёжи»...
openqazaqstan
19 сент. 2017 / 13:16
  • 2461
  • 64
«Моя депрессия длилась больше двух лет». История о том, как я была готова сдаться

«Моя депрессия длилась больше двух лет». История о том, как я была готова сдаться

По данным статистики 2017 года Казахстан занимает 4 место по самоубийствам. Говорить об этом - социальное табу. Мы игнорируем разговоры о депрессиях. Потому что нам страшно.
goribaldi
18 сент. 2017 / 15:45
  • 2378
  • 75
«Папина принцесса» или «обезьяна с гранатой»? Случай в бассейне

«Папина принцесса» или «обезьяна с гранатой»? Случай в бассейне

Мужчины спокойно подчиняются логичным правилам, большинство женщин пытаются выторговать себе особые условия. Я убеждалась в этом много раз.
ValentinaVladimirska
18 сент. 2017 / 14:25
  • 1922
  • 34
Лайфхаки для путешественников. Как я не заплатила ни цента за проживание в Испании

Лайфхаки для путешественников. Как я не заплатила ни цента за проживание в Испании

Бесплатное проживание и завтрак в Испании, как прокачать иностранный язык и где поймать бесплатные ништяки в Европе. Если вы backpacker, который пересекает границу разных стран каждую неделю -...
dianaobyrne
18 сент. 2017 / 12:16
  • 2446
  • 1
Бой Головкина и Альвареса завершился ничьей

Бой Головкина и Альвареса завершился ничьей

Канело согласен на реванш, что неудивительно, Гена тоже "за". Все это было немного ожидаемо - эксперты отмечали, что промоутеры надавят на поединок, и захотят растянуть его на трилогию.
Trequartista
17 сент. 2017 / 0:15
  • 2196
  • 17
Мой опыт вегетарианства: «Я ела овощи, и сама стала как овощ»

Мой опыт вегетарианства: «Я ела овощи, и сама стала как овощ»

Три года назад начитавшись-наслушавшись кое-каких знаменитых людей, я решила завязать  с абсолютно любым мясом. Как же возмущались все мои близкие, это надо было видеть, но я была непреклонна.
Bonittta
18 сент. 2017 / 14:33
  • 1777
  • 30
Путешественник был шокирован полицейским беспределом в Казахстане

Путешественник был шокирован полицейским беспределом в Казахстане

Полицейский беспредел в Казахстане осудил российский блогер и путешественник Евгений Золотухин. На своей странице он рассказал, как встретился с казахстанскими полицейскими, и как они оставили не...
tala03
18 сент. 2017 / 16:58
  • 1537
  • 13