место в рейтинге
  • 782199
  • 45
  • 8
Нравится блог?
Подписывайтесь!

АҚШ-та айқасатын «арландар» анықталды

Қаңтардың 31-і күні «Астананың арландары» жетінші жекпе-жек кешін өткізеді. Жерлестеріміз түзде АҚШ-тың «Нокаутшыларына» қарсы шаршы алаңға шықпақ. Осыған орай команданың бапкерлер алқасы АҚШ-та айқасатын «арландардың» есімдерін жариялады. Олардың үшеуі өткен жолы Алматыда өткен жолы «Астана арландары» мен «Украина атамандары» кездесуіне қатысқан жігіттер. Яғни, команда капитаны Самат Бәшенов, израильдік Константин Снигур және парсы боксшысы Эхсан Роузбахани қатарынан екі жұдырықтасуға қатысатын болады.

Ең жеңіл салмақта бапкерлер алқасы Хабибулла Исмаил-Ахуновқа сенім артыпты. Хабибулла «арландармен» жаңа жылдан кейін келісімшартқа отырған боксшылардың бірі. Дегенмен, WSB додасының дәмін татып, тәжірибе жинақтап үлгерген.Өткен маусымда «арландар» намысын қорғаған Исмаил-Ахунов төрт рет жұдырықтасып, біреуін ғана жеңе алыпты. Хабибулланың қарсыласы өте қарымды. Мұның алдындағы екі маусымды «Мексика әтештері» сапында өткізген Браулио Авила Хуарес екі жылда 11 жұдырықтасу өткізіп, соның сегізінде жеңіске жетіпті. Биылдан бастап бұл боксшы «Нокаутшылардың» намысын қорғауда. Бірақ, Браулионың бұл қадамы сәтті болмай тұр. Биылдыққа екі айқасын да жеңіліп қалды.

Жеңіл салмақта «арландардың» намысын команда капитаны Самат Бәшенов қорғайды. Бәшеновты білеміз, WSB додасында былтырдан бері өнер көрсетіп жүрген бұл боксшы осы уақытқа дейін төрт рет айқасып, үшеуін жеңіспен аяқтаған. Саматтың қарсыласы — американдық Эрик Фаулер. Жеңісінен гөрі жеңілісі көп боксшы. «Лос Анджелес матадорлары» командасының намысын қорғаған Фаулер тек бірінші маусымда ғана сәтті өнер көрсете алған. Сол жылы бес рет жұдырықтасып, төртеуін жеңіспен аяқтапты. Бірақ бірінші маусымда доминикандық Роберто Наварродан жеңілгеннен кейін жолы болмай-ақ қойды. Содан бері тек жеңіліп келеді. Оның ішінде өзіміздің қазақ Әділет Егізековтен де жеңілген. Жалпы, осы додада он жекпе-жек өткізіп, алтауында жеңілістің кермек дәмін татыпты.

Өткен жолы украиналық боксшының алдында тізе бүккен Константин Снигурге бапкерлер тағы бір мүмкіндік беріп отыр. Бес кездесуінің үшеуін жеңіп, екеуін жеңілген израильдік легионерлеріміз осы жолы жанкүйерлерін қайта қуандыруға тырысатын болады. Оның қарсыласы — Ульям Ульямс. Ол да бірінші маусымды сәтті өткізіп, кейін болдырып қалған боксшылардың бірі. Мәселен, бірінші жылы бес жұдырықтасуының төртеуін жеңген екен. Алайда, өткен маусымда екі рет шаршы алаңға шығып, екеуін де жеңіліп қалған. Ал биыл бір рет айқасып, неміс Хек Паскалиге тізе бүккен.

Жартылай ауыр салмақ дәрежесінде парсы жігіті Эхсан Роузбахани жұдырықтасады. Еншісінде бір жеңіс, бір жеңілісі бар «арланымыздың» қарсыласы — Дземал Босняк. Бір қызығы, босниялық бұл боксшы да WSB додасында бір рет жеңіп, бір рет жеңіліп қалған. Роузбахани секілді ол да өзінің жалғыз жеңісіне украиналық «атаман» Денис Солоненкомен болған жұдырықтасуда қол жеткізген. Рейтингте де Дземал мен Эхсан көршілес орналасқан. Босниялық әзірге 18-орында, ал парсы боксшысы 20-орынды қанағат қылып тұр.

Ал алыптар айқасында АҚШ-қа украиналық легионеріміз Роман Капитоненко барады. WSB додасында әлі бір рет жұдырықтасып көрмеген Капитоненконың қарсыласы — … Қарсыласы әлі анықталған жоқ. Турасын айтқанда, «Нокаутшылар» бұл жұдырықтасуға қатысатын боксшысын жарияламады. Сондықтан, Романның айқасын көрмеуіміз де мүмкін. Ондай жағдайда жеңіс «арландарға» беріледі деген сөз. Бірақ бұл туралы айту әлі ертерек. АҚШ клубының аса ауыр салмақ дәрежесіне боксшысын қосатыны немесе қоспайтыны жайында жекпе-жекке дейін нақты белгілі болады. Айта кетейік, американдықтардың құрамында төрт алып боксшы бар: американдықтар Авери Гибсон мен Паул Гене Кун ІІІ, сондай-ақ, венгр Иштван Бернат пен Син Турнер.

«АҚШ нокаутшылары» — «Астана арландары»
31 қаңтар. Санта Ана қаласы (Калифорния)

Ең жеңіл салмақ (50-54 келі):
Авила Хуарес (Мексика) — Хабибула Исмаил-Ахунов (Қазақстан)

Жеңіл салмақ (57-61 келі):
Эрик Фаулер (АҚШ) — Самат Бәшенов (Қазақстан)

Орта салмақ (68-73 келі):
Ульям Ульямс (АҚШ) — Константин Снигур (Израиль)

Жартылай ауыр салмақ (80-85 келі):
Дземал Босняк (Босния және Герцеговина) — Эхсан Роузбахани (Иран)

Аса ауыр салмақ (91+ келі):
??? — Роман Капитоненко (Украина)

 
Kazsport agent kazsportagent
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ СПОРТ ЖӘНЕ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ІСТЕРІ АГЕНТТІГІ
28 января 2013, 11:22
180

Loading...

Комментарии

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

«До какой же еще степени унижения должен дойти народ?!»

«До какой же еще степени унижения должен дойти народ?!»

Министерство труда и соцзащиты провело через парламент очередной крайне неоднозначный закон, который может вызвать всплеск недовольства в стране.
openqazaqstan
15 нояб. 2017 / 11:17
  • 28519
  • 21
Самый большой мошенник в стране: об эффективной схеме развода «Казахтелеком»

Самый большой мошенник в стране: об эффективной схеме развода «Казахтелеком»

История о том, как Народный провайдер наваривается на своих клиентах, намерено не отключая услуги, и беря лишние деньги за ненужные и не оказываемые услуги.
ligaspravedlivosti
17 нояб. 2017 / 19:12
  • 28128
  • 191
Бесспорные доказательства – путь к упрощенному судопроизводству

Бесспорные доказательства – путь к упрощенному судопроизводству

В Казахстане введен институт упрощенного (письменного) судопроизводства, который позволяет повысить доступность правосудия и сократить сроки рассмотрения дел.
mark_iceberg
вчера / 15:49
  • 14860
  • 2
«Почему я не хочу встречаться с мужчинами-казахами»

«Почему я не хочу встречаться с мужчинами-казахами»

Заранее отпишусь, данный пост не является попыткой оскорбить собственную нацию) Как говорится о вкусах не спорят, каждому свое.
Bonittta
16 нояб. 2017 / 14:28
  • 15601
  • 372
Новшества на орбите уголовного правосудия

Новшества на орбите уголовного правосудия

Недавно я приняла участие в международной конференции по модернизации уголовного процесса, прошедшей в Бурабае. В чем значимость данных реформ для обычного казахстанца?
mirabeisenova
вчера / 16:22
  • 11579
  • 1
Почему катастрофический отток интеллектуальной элиты не тревожит Астану?

Почему катастрофический отток интеллектуальной элиты не тревожит Астану?

Как сообщает телеканал КТК, только за последние девять месяцев Казахстан покинули 28200 человек, из них почти пять тысяч инженеров, около 2700 экономистов и 1700 учителей.
openqazaqstan
17 нояб. 2017 / 11:00
  • 11372
  • 57
Задержан казахстанец, продававший детей в сексуальное рабство в ОАЭ и Бахрейн

Задержан казахстанец, продававший детей в сексуальное рабство в ОАЭ и Бахрейн

Подтверждаются худшие предположения, циркулирующие в соцсетях. Периодические исчезновения детей в разных регионах Казахстана объясняются не только семейными проблемами и «синими китами».
openqazaqstan
16 нояб. 2017 / 15:46
  • 7871
  • 55
О «топ-30», «топ-50» и прочих понтах можно пока забыть

О «топ-30», «топ-50» и прочих понтах можно пока забыть

В объективности выводов швейцарского банка Credit Suisse усомниться трудно – его экономические рейтинги относятся к самым авторитетным и их явно трудно упрекнуть в предвзятости
openqazaqstan
18 нояб. 2017 / 17:21
  • 7166
  • 87
Система госинститутов Казахстана напоминает очень дорогое казино

Система госинститутов Казахстана напоминает очень дорогое казино

Сегодня в прессу просочились детали скандальной сделки ЕНПФ с «мусорными» облигациями ТОО «Бузгул Аурум», о которой уже подробно рассказывалось в начале года.
openqazaqstan
15 нояб. 2017 / 16:13
  • 3373
  • 21