«Қазақ журналистикасының тарихы» видеолекциясы: Түркістан уалаятының газеті 1.1

Алия 2013 M01 20
4559
8
9
0

Екпіннің» бүгінгі санында алғашқы видеолекциямызды ұсынып отырмыз. Бұл лекция қазақ журналистикасының тарихына арналады. Бірінші бөлімде 1870 жылдың 28 cәуірінде жарыққа шыққан «Түркістан уалаятының..

Құрметті достар, «Екпіннің» бүгінгі санында алғашқы видеолекциямызды ұсынып отырмыз. Бұл лекция қазақ журналистикасының тарихына арналады. Бірінші бөлімде 1870 жылдың 28 cәуірінде жарыққа шыққан «Түркістан уалаятының газеті» атты басылым турасында айтылады. HD сапасында көруге болады.


Лектор: Мейрамхан Жәпек (журналист, «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы веб-ресурстар бөлімінің жетекшісі)

Қосымша материалдар:

«Түркістан уалаятының газеті»

Қазақ мәдениетінің тарихында өзіндік орны бар, халықтың саяси-әлеуметтік, әдеби-мәдени және эстетикалық ой-пікірін оятуға септігін тигізген қазақ баспасөзінің тұңғышы. Ең алғаш «Туркестанские ведомости» газетіне қосымша ретінде 1870 жылдан бастап Ташкент қаласында шыға бастаған. Бұл газет Орта Азия халқының тұңғыш баспасөзі болып саналады. Газеттің алғашқы редакторы-ағайынды Ибрагимовтар болды. 1870-1882 ж.ж. арасында шықан газеттің материалдарында жарлықтар, егін егу, мал шаруашылығы, қазақ елінің басқа елдермен қарым-қатынасы, темір жол, алғашқы телеграф, пошта қатынастары, кен қазу, металл, көмір өңдіру, Қытайдағы ұйғыр мен дұнғандар көтерілісі, қазақ елінің тарихы, шығу тегі, саяси-экономикалық, оқу-ағарту мәселелері, алғашқы сын, зерттеу мақалалары жарияланды.

Газет туралы М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің профессоры Зарқын Тайшыбайдың мақаласы

Келесі бөлімде «Дала уалаятының газеті» талқыланады. Сұрақтарыңыз бен пікірлеріңізді жазуға ұмытпаңыздар, лектормен пікірлесуге мүмкіндік бар.

© Екпін

Оцените пост

9

Комментарии

1
Керемет :)
1
өте-өте керемет ))
1
Мейрамхан апай, АЛЛА разы болсын сізге! Ісіңіз өрге баса берсін!!!
1
Ооо, күшті!
1
менің ұстазым )
рахмет сізге!
Показать комментарии