Yvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов42 подписчика
Всяко-разно
3
01:44, 17 декабря 2012

Айна

Таааааааааааарс!

 

Шолпан оянып кетті.  Жел тұрып, терезе қатты жабылған екен. «Түүүу, шошып кеттім ғой. Енді ұйқым келер ме екен?». Дөңбекшіп әрі аунады, бері аунады. Иә, расымен де ұйқысы келер емес. Ол төсектен тұрып, терезе алдына келді. Айналаға көз жүгіртті. Жұт шырт ұйқыда. Бірен-саран үйде ғана шам жанып тұр екен. Шолпан терең тыныстыды да: « Соңғы түн. Менің бұл үйдегі соңғы түнім», - деп жымиып күліп, көзін жұмып, қуаныштан айнала жөнелді. Ол бақытты. Өйткені ертең ұзатылғалы жатыр...

...Мақсат оған мектеп бітірісімен-ақ, «үйленейік» деп, сақина ұсынған еді. Бірақ Шолпан көнбеді. Әрине, оқығы келді. Одан кейін де жұмыс істеймін деп, байғұс жігітті тағы күттірді. Мақсаттың да сезімі мықты екен, ә! Ееех, ол да бақытты шығар. Сонша жыл күткен қызын, енді алақанына кондырғалы отыр...

«Мен сені сүйеді екем, түндерде ұйықтай алмай.. Хи-хи»... Шолпан ән сап, бөлмеде әлі айналып жүр. «Ертең асылым келеді. Ең әдемі қалыңдық болуым керек». Ол айнаға қарай жүгірді...

 

«Ааааааа-ааааааааа-ааааааааааа!!!»...  Шыңғырып жатыр. Оның жан айқайын ешкім естіген жоқ бірақ. Енді ғана байқады, төсекте біреу жатыр. Өзі екен...

Blog post image


3
656
4