«Әділет» қолжетімді заң ресурсы

ИПС «Әділет» December 6, 2012
5802
0
10
0

Заңды білсең – өз құқығыңды қорғайсың. Заңды білсең – біреудің құқығың таптамайсың.

Қазақстан Республикасының әр азаматы еліміздің негізгі заңдарын білуге міндетті. Өскелең ұрпақтың бойында заңдарды білу құштарлығын мектеп табалдырығынан оятқан жөн. Қандай заң болмасын ол ең алдымен қоғамдағы азаматтар мен мелекеттің қарым-қатынасын реттеуге бағытталатыны белгілі. Заңды білсең – өз құқығыңды қорғайсың. Заңды білсең – біреудің құқығың таптамайсың. ҚР Әділет министрлігі 2011 жылдың соңында «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесін іске қосты. Аталмыш жүйе - Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің жүйелендірілген, қазақ және орыс тілдеріндегі толық деректер базасы. Ең бастысы бұл жүйе қарапайым халық үшін қолжетімді және тегін.

«Әділет» деректер базасы Қазақстан Республикасындағы Әділет министрлігінің бірегей жобасы. Бұл жобаның мақсаты - тұрғындар өз мүдделерін қорғай білу үшін, құқықтық сауаттылықтарын арттыру. Жобаның артықшылықтары да баршылық. Мысалы: алуан түрлі іздестіру мүмкіндіктері бар, компьютерлік сауаттылығы әр түрлі деңгейдегі пайдаланушылар үшін онда жұмыс істеудің қолайлылығын қамтамасыз ететін ыңғайлы заманауи интерфейсі бар, жүйе тәулік бойы жұмыс істейді, күн сайын жаңартылады, екі тілде қарау мүмкіндігі бар. Ең маңыздысы бұл www.adilet.zan.kz жүйесі - тегін.

www.adilet.zan.kz сайтының танымалдылығы күн сайын артып келеді. Мәселен, 2012 жылдың қаңтар айында пайдаланушылар саны 5626 болса, қараша айында пайдаланушылар саны 439 776 адамға дейін артқан.

Сонымен, Заңдық тұрғыдан жұмыстарыңыздың тегін шешіліп реттелуін қаласаңыздар - www.adilet.zan.kz Сіздер үшін әзірленген!

Оцените пост

10