• 12672
  • 16
  • 21
Нравится блог?
Подписывайтесь!

"Ойна" жеңіл әзілдермен "Ойнамайды"

Павлодар өңірінде танымал бола бастаған «Ойна» ән мен әзіл отауы талғампаз көрерменмен қайта қауышпақ. Үстіміздегі жылғы желтоқсан айының тоғызыншы жұлдызында облыс орталығындағы Естай атындағы мәдениет сарайында өнер ұжымы кезекті әзіл өрнегін ұсынады. Бір әттеген-айы, аталмыш ұжым бастапқыда жергілікті мәдениет басқармасынан ешқандай қолдау көрмепті. Бұл туралы  http://alashainasy.kz/culture/20830/ жазылған. Оқуға және http://www.youtube.com/watch?v=EFOQGmt9yF0 болады!

Жуырда өнер иелері – Алмаз Хасенов және Алтынбек Мұқышевпен тілдесудің сәті түсті.

-                     «Тәуелсіз концерт» атты кеште павлодарлықтарды қандай сый күтіп тұр? Нендей жаңашылдықтар бар?

- Біз әу бастан авторлық әзілдерге ден қойғанбыз. Белгілі бір әзіл-сықақ театрларының туындыларын «көшірмейміз». «Бауыржан-шоуда», «Шаншарда» қойыл­ған әзілдерді қайта қойып, халықты күлдіру қаншалықты қиын екенін өзіңіз де ойлай беріңіз. Сапасыз, адамдарға ой салмайтын қалжыңның дәурені өтті, сондықтан авторлық әзілдерге ден қоюдамыз. Жаңашылдықтар туралы айтсақ, концертімізге «Бауыржан-шоу» таетрының жетекшісі, ҚР-ның еңбек сіңірген әртісі Бауыржан Ибрагимов пен «Терісқақпай» театрының жетекшісі Ұлан Нүсіпәлиев қатыспақ.

- Білуімізше, ән мен әзіл отауы құрылған сәттен бері жергілікті мәдениет басқармасы тарапынан ешқандай қолдау көрсетілмепті...

- Құдайға шүкір, қазіргі кезде қолдау бар. «Ойналықтар» адамның шымбайына ба­татын, әлеуметтік мәселелерді қаузайтын астарлы қалжыңмен өз көрермендерін баурап алды. Алдағы концертімізден соң еліміздің бірқатар облыстарын аралап, Ресейдің Омбы қаласына сапарлап қайту жоспарда бар.

- Концерт беру  - оңай дүние емес екені түсінікті. Дегенмен, жылына бір-ақ рет шығармашылық кеш өткізу аздық етпей ме?

- Сөзіңіздің жаны бар. Шынымен де, концерт ұйымдастыру - машақаты мол жұмыс. Қыруар қаржы да керек. Негізгі мақсат – мол қаржыға кенелу емес, халықтың көңілінен шығып, батасын алу. «Жазушы бір кітап жазу үшін мың кітап оқиды» демекші, жыл бойы шығармашылық ізденіс үстінде боламыз. Сол себепті, көрермендерімізбен жылына бір рет қауышудың өзі біз үшін зор ғанибет деп білеміз.

- Қай өнер ұжымының болмасын, өнеріне шынайы бағасын беретін көзайым – көрермен. «Ойнаның» сырт көз – сыншыларға ұсынып жүрген әзілдері қаншалықты салмақты?
– Біздің ойымызша, өмірде орын алып жатқан әр құбылыстан қалыс қалмай, өкшелеп отыру қажет. Себебі, бір күн ақпарат көзінен құр қалсаңыз, көптеген дүниеден қалыс қалуыңыз ғажап емес. Ол үшін үздіксіз іздену керек, тынбай еңбектену қажет. Әрине, көрерменнің көңілінен шығатын сапалы дүниелер жасауға тырысамыз. Қандай іске бой ұрсақ та, оны ыждаһаттылықпен жасап, жауапкершілігін жете түсінеміз. Біз әрбір қойылымды жан-жақты пысықтап, әбден піскен шағында ғана сахнаға шығарамыз. Соңғы екі жыл бойы кәсіби режиссермен қоян-қолтық еңбек етудеміз. Өйткені, ертеңгі күні жасаған дүниеміз халықтың сарабынан өтпей, шала болып жатса - бізге сын. Сондықтан, мүмкіндігімізше қойылымдарымыздың сапалы, сәтті шығуы жолында аянбай тер төгудеміз.

- Еліміздің өзге өнер театрларымен байланыстарыңыз қаншалықты берік?
– Көптеген театр ұжымдарымен сәлеміміз түзу, тығыз байланыста жұмыс жасаймыз. Жиі кездесіп, пікір алмасып, ой бөлісіп тұрамыз. Уақыт санап театрлардың қатары көбейген сайын, бәсеке де күшейе түсуде. Бәсеке бар жерде, нәтижелі жұмыстың болатынына күмән жоқ. Сондықтан, өнер театрларының бүгінгі тыныс-тірлігіне әбден көңілім толады. Келешекте де өзіндік қолтаңбасымен ерекшеленетін өнер ұжымдарының қатары көбейетініне сенімдімін. Бүгінгі таңда оған толық мүмкіндігіміз бар, талантты жас-тар да жетерлік, тек ерінбей еңбектенуіміз қажет. Біздің ұжымда жеті өнерлі жас бар. Халық арасында «Жеті қарақшы» деген атпен танымалмыз.

- «Ойна» ән мен әзіл отауы өзін-өзі толық қамтамасыз ете ала ма, әлде демеушілеріңіз бар ма?
– Қазір демеушіге қарап отыратын жағдайда емеспіз. Өз-өзімізді қамтамасыз етуге тырысып жатырмыз. Халық ортасында жүргендіктен, негізгі демеушіміз – көрермен. Әрине, шығармашылығымызға бас иіп, көмегін ұсынатын демеушілеріміз бар. Оларға алғыс айтамыз.

- Өнерлерің өрлей берсін!

   
6 декабря 2012, 12:05
1572

Загрузка...
Loading...

Комментарии

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

До каких пор чиновники будут игнорировать защиту детей?

До каких пор чиновники будут игнорировать защиту детей?

До каких пор Уполномоченный по правам ребенка, как институт во всем мире стоящий на страже жизни и прав детей, в нашей стране будет выполнять представительские функции?
AliyaSadyrbaeva
25 июля 2017 / 18:27
  • 9519
  • 6
Зачем эмигрировать в Россию? Лично я никогда не понимал этой странной мечты

Зачем эмигрировать в Россию? Лично я никогда не понимал этой странной мечты

Некоторые мои знакомые, мечтают уехать в Россию и побыстрее получить гражданство. Кому мы там сдались? Есть замечательная поговорка: "Где родился - там и пригодился".
Washington
25 июля 2017 / 12:15
Что происходит в казахстанской правоохранительной системе под видом борьбы с коррупцией

Что происходит в казахстанской правоохранительной системе под видом борьбы с коррупцией

За день до своей гибели прямо около памятника жертвам политических репрессий 1937-го Жампозов сказал жене, что он – жертва точно таких же репрессий.
openqazaqstan
24 июля 2017 / 10:18
  • 3273
  • 12
Если вам отвечают на казахском языке – ситуация с точки зрения законодательства

Если вам отвечают на казахском языке – ситуация с точки зрения законодательства

Я своим постом не собираюсь критиковать кого-либо, что люди знают или не знают казахский или русский язык. Я выражаю своё мнение с точки зрения законодательства о языках.
Advokot
25 июля 2017 / 13:50
  • 2621
  • 30
Мужчины Люксембурга и Казахстана: «У нас они уже в 35 добиваются статуса»

Мужчины Люксембурга и Казахстана: «У нас они уже в 35 добиваются статуса»

Что касается парней, так это вообще отдельная тема. Они для меня загадка. Уже год пытаюсь понять ход их мыслей. Для нас, казахов, немного сложно понять, почему человек в 35-36 лет, до сих пор не нашел смысла жизни.
AASh
24 июля 2017 / 15:19
  • 2184
  • 19
Наша новая рубрика «Топ-5»: самые красивые актрисы Казахстана

Наша новая рубрика «Топ-5»: самые красивые актрисы Казахстана

Решили сделать топ-5 красивых актрис Казахстана. Очень долго спорили о первых трех местах и даже чуть не подрались. Было очень тяжело выбирать.
asdbqwe
20 июля 2017 / 14:24
  • 2059
  • 41
Легендарный вокалист «Linkin Park» унёс за собой молодость десятков тысяч людей

Легендарный вокалист «Linkin Park» унёс за собой молодость десятков тысяч людей

Самое грустное, что, как и всегда в таких случаях, скоро на Честера начнут изливаться потоки грязи - что он был наркоманом, или что-то подобное (как в случае со многими знаменитостями).
demonica
21 июля 2017 / 15:13
  • 1974
  • 51
Алматы глазами астанчанки: «У вас жара за 30! Вы не то, что южные – вы Африка!»

Алматы глазами астанчанки: «У вас жара за 30! Вы не то, что южные – вы Африка!»

Все дороги ведут в Алматы. Хотелось бы поспорить, учитывая, как я насмешливо провожала друзей или коллег, которые покидали родную Астанушечку и переезжали «на юг».
SogdiK
21 июля 2017 / 18:25
  • 1817
  • 34
Лечиться нельзя умереть. Страшно, когда запятая поставлена якобы «законом бога»

Лечиться нельзя умереть. Страшно, когда запятая поставлена якобы «законом бога»

Стало известно о смерти четырехлетней Виктории Сусаевой. Отец девочки намерен подать на бывшую супругу в суд, так как уверен, что в смерти дочери виноваты ее религиозные воззрения.
lyalusha
21 июля 2017 / 14:35
  • 1508
  • 16