• 7514
  • 2
  • 0
Нравится блог?
Подписывайтесь!

Қытай халқының партия құрылтайынан күткен үміті ақтала ма?

http://abai.kz/node/15930

Әлемді саны мен экономикасы арқылы қорқытып отырған держава Қытай Компартиясының басшысы алмасты. Енді не өзгеріс болатыны қытайлардың өзін де өзгелерді де бей-жай қалтырмасы анық. Бұл туралы Британдық Guardian («Гардиан»), Mailonline, АҚШ-тың Shanghaiist порталдары осы қытай саясатын кеңінен талқылай бастады. Тіпті Guardian порталы Қытай саяси жақтан өзгеріссіз, реформасыз қалатыны туралы сараптамаларды жарялады. Ал бізде осы сауалға байланысты өз жорамалымызды жарялауды жөн көрдік.

Қытайлықтар Қытай Компартиясының 18-кезекті Құрылтайынан не күтті?

Біріншіден, экономикалық реформа күтті. Себебі:

1. Соңғы жылдары белең алған зат бағасының қымбаттауы қытай қоғамында үрей тудырды, себебі халықтың басым бөлігін ұстайтын  тұтыну өресі біршама төмен және орта жік өкілдері үшін экономиканың шайқалуы күтпеген жағдай. Бірден әлемдегі 2 экономикалық державаға көтерілген Қытйдың тосаттан әлсіреуі Қытайлардың сеніміне дақ түсірді. Рухтарын төмендетіп жіберді. Міне, осы себепті Үкіметтің экономикалық жағынан шірктесуінен көріп отыр. Оңтүстік аймақтардағы мыңдаған заводтардың жабылуы, үкіметтің негізгі сатыға құйған қаржысын жекелеген компаниялар иеленіп, жылжымайтын мүлік саласын негіз еткен  аз санды адамдардың тез байып шыға келуі, үйлесімді базар ортасын жарата алмауы, жарна базарының тұрақсыздығы, құнды заттар базарындағы алаяқтық сияқты жайттар халықтың жүйкесін жұқартып жіберді. Халық жаппай қаржыларын банктерге аударып, қаржы айналымын мұздата бастады.

2. Әлеуметтік сала күрделеседі. Себебі,  жан санының қартаюға бет алуы зейнетақы жүйесін де өзгертуді талап етіп отыр. 10-15 жылдан кейін болатын әлеуметтік жағдайға қазірден бастап дайындалмаса, үкіметке ауыртпалық арта түседі.

3. Шетел инвесторлері қытайды үлкен завод немесе завод салатын аймақ ретінде қарады. Осылайша еңбеккүші арзан, өнімділігі жоғары, мемлекеттің жеңілдетілген қаржысы мен саясатын пайдаланған шетел инвесторлер мемлекетті де халықты да қанады. Сонымен, негізі ақша шетелге аққан экономикалық жүйе қалыптаса бастады. Жоғары техникалы заводтарға миллиардтап қаржы салғаннан гөрі, арзан еңбеккүшті негіз еткен төмен техникалы заводтар жүйесі алда құлайды деген сөз. Себебі, қартая бастаған қытайлар  зейнетке шыққанда жастардың қара жұмыстарға бара қоюы екіталай. Ал экономикалық кризистің дауылы соғып тұрған батыс бизнесмендері әзірше жоғары техникалы салаға ауысуға асығар емес. Қытайға бәсекелес болып отырған «Шығыстың 4 айдаһары» атап айтқанда, Жапон, Корея, Тайван,  Сингапур  қатарлы елдерге енді  Малайзия,Тайланд, Филиппин, Индонезиялар қосылып отыр.

4. Қытай байлары мен шенеуніктері шетелге кетуді мұрат тұтады. Міне, бұл қытай ақшасының құнсыздануының тағы бір себебі. Шетел асқан миллиардтаған ақшаның  кесірінен құнсыздануға ұшыраған Қытай юанын тұрақты ұстап тұру үшін Қытайлар  құнсызданған ақшаның орнын өздері толықтап отыр.  Ал оған АҚШ долларының қысымымын қосыңыз.

5. Қытай енді өндіруші елден тұтынушы елге айналуы мүмкін. Есін жия бастаған көршілері мен батыс елдері, шығыс оңтүстік Азия елдері  Қытай базарына бағыттап экономикалық жүйе жасауда. Әсіресе Россия мен Қазақстан бұл жөнінен алда келеді.

Екіншіден, саяси реформалар күтуде. Себебі:

1. Жемқорлық.  Қытайлар санасы ауыса бастаған ұлтқа айналды. Қытайлар үшін ең керекті нәрсе байлық. Баю керек. Міне, осылайша ақша құмарлар мен билік құмарлар сахнаға шықты. Тіпті орталық аппартты да шарпып отыр, өкініштісі осы сұмдықты көре тұра Қытай үкіметі ашық күреске бара алмауда. Тіпті 7-нші тамыздағы Үрімжі уақиғасының туылуына себеп болған Уаң Лычуан мырзаны жазалаудың орнына лауазымын өсіріп алып кеткені белгілі.  Ал жемқорлықпен күресуде аты шыққан Бо Шилай (Орысша: Бо Силай) жолдасты әйелінің «адам өліміне қатысы бар» екендігі үшін жұмыстан аластатты.  Уен Жиабау (Орысша: Вен Жиабао) әулетінің 2,7 миллиард байлығын тексермеді. Міне, бұл халықтың үкіметке болған сенімін азайтып жіберді.

2. Саяси бақталастық.

3. Бұл -  Қытай басшылығының қазіргі ауыруы.  Жиаң Зымин жолдастан кейінгі Ху Жинтао (Орысша: Ху Цзиньтао) басшылыққа келгенде  командалық жүйе қалыптаса бастады.  Қытайда соңғы жылдары мафиялық биліктің қатты дамығанын ескерсек, бұл ауыру биліктіде айналып өтпегенін аңғаруға болады.

4. Рухани саладағы кері шегінушілік.

Бұл нан мен жатын орынды шешуді мақсат еткен елдер үшін өте қиын жағдай. Одан шығу үшін де мемлекет пен қоғам болып күресетін орта жарату керек. Дін мен ділден алыстаған халықты қайта оралту оңай бола қоймас. Ал қытай бұл салада ешқандай жүйелі жұмыс жасамайды.

5. Зор Қытайшылдық пен қытайландыру саясаты.

Бұл тек саны аз ұлттарды ғана емес, сол аймақтарда тұрып жатқан жергілікті Қытайлардың да наразылығын тудыруда. Соңғы жылдары Шинжиаң Ұйғұр Автономиялы Округіне қоныстандырылған қытайлар саны бейресми мәліметтерде 30 миллионнан асып кеткен. Сол үшін тіпті Баркөл, Алтай, Іле аймақтарында жергілікті қытайлар мен ішкі жақтан келген қытайлар арасында келіспеушілік туылып, тіпті қарсылық ереуілдері де өткізілген.  Ішкі Мұңғұлия Автономиялы Округінде 30%  ғана таза Мұңғұлдар қалған, қалғандары ассимилацияға ұшырап қытайланып кеткен. Ал сол сұмдықты басқа ұлттық аймақтарға жүргізуде.

Сонымен халықтың үміті ақтала ма?

Қытай кез-келген жағдайда жасырын жұмыс жасауға әдеттенген.  Үндемей жүріп үйдей пәлені шығаратын Қытай менталитеті Қытай билігінеде дарыған. Қытайда экономикалық жақтан реформалар болады, бірақ саяси салда ешқандай өзгеріс болмайды.  Себебі экономикалық қуатты сақтап қалу кезек күттірмейтін мәселе. Ал саяси жүйе жөнінен алғанда өзара ымыраласқан топ ұзақ уақытқа кеткелі тұр. Тіпті енді биліктің жоғарғы саласына кіру үшін де сол топтың үдесінен шығу керек болады деп есептеймін.  Сонымен, өзара сенімді адамдар тобын орын алмастыратын «орын алмастырғанмен қосылғыштың мәні өзгермейтін» қазақстандық жүйе енді Қытайға да енді.  Біз бұл жүйеден шығып кете аламыз, ал Қытайлар осы жүйеде бір азға дейін малтайтын болар.

Саясатты бақталастықтың құралы ету  жағдайы  ретінде Бо Шилай мәселесін айтуға болатын сыяқты. Себебі,  Ши Жинпиң мырзаның бәсекелесі ретінде көрінген, Бо Шилай сынды нағыз іскер коммунистің  Қытай билігіне келуінен қорыққан батыс Масондарының тапқан айласы болуыда мүмкін. Дегенмен шындықты алда көреміз.

Қытай экономикалық реформаларды бастады.  Ең алдымен Кеден Одағымен сауда саласын жақсарту үшін 10 миллиард АҚШ доллары қаржы көмек беретінін де жарялады. Кеден Одағы Қытайдың  ең үлкен энергия көзі болмақ.  Ал Африка мен Америка құрылығын экономикалық жақтан жаулау процесі онан әрмен жалғасады деген сөз.

Тағы бір айтарлық мәселе, аз санды ұлттар мен қытайлар арасындағы  көптен бері тұрып келе жатқан  жергілікті саналатын Қытайлар мен көшіп келіп жатқан қытайлар арасында алауыздық ұлғаюы мүмкін.  Себебі, Ху Жинтао (Орысша: Ху Цзиньтао) жолдастың ықпалынан Ши Жинпиң (Орысша: Си Цзиньпин) мырзаның оншалық шыға қоймасы анық.

Неде болса, алда көре жатармыз.  Қазақта «Қайда барсаң қазанның құлағы төртеу» деген мақал бар. Ол рас. Бірақ қазанның бір құлағы сынып қалуы да мүмкін ғой. Ендеше бәрі де мүмкін.

«Abai.kz»

4 декабря 2012, 11:51
362

Загрузка...
Loading...

Комментарии

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

Мой дом – не гостиница. Я не останавливаюсь у своей родни, потому что знаю, что это такое

Мой дом – не гостиница. Я не останавливаюсь у своей родни, потому что знаю, что это такое

Наступил долгожданный момент и мы смогли заселиться в собственную квартиру. А потом началось... Все знакомые, родственники, даже коллеги и соседи родителей вспомнили о нашем существовании.
Idealovnet
14 окт. 2017 / 20:38
  • 8157
  • 78
Работа на EXPO. «Улыбайтесь, вы – лица Казахстана»

Работа на EXPO. «Улыбайтесь, вы – лица Казахстана»

Продление перерывов, втыки от менеджеров, борьба за стенды, кучкования, как мы друг-друга прикрывали, защищали от гостей. Все эти события доставляли радость, и каждый день на работу я приходила...
madiNAtty
14 окт. 2017 / 22:34
  • 5571
  • 22
Молчание Бозумбаева. Как «бензиновые короли» диктуют государству свои правила игры

Молчание Бозумбаева. Как «бензиновые короли» диктуют государству свои правила игры

Произошедшая в сентябре одновременная остановка двух казахстанских НПЗ из трёх и последовавший за этим топливный кризис – это для Казахстана уже не ново. История повторяется каждый год.
openqazaqstan
11 окт. 2017 / 16:32
  • 4346
  • 44
«Что дали задом?» Родительский чат в WhatsApp покорил Интернет

«Что дали задом?» Родительский чат в WhatsApp покорил Интернет

Чат дагестанских родителей в WhatsApp стал популярным в Интернете. Кто-то записал общение родителей в мессенджере и после опубликовал в Твиттере.
tala03
12 окт. 2017 / 15:10
  • 3043
  • 11
«Bank RBK» банкрот? Почему мы не можем распоряжаться собственными же деньгами?!

«Bank RBK» банкрот? Почему мы не можем распоряжаться собственными же деньгами?!

Мы не можем выдать зарплату, оплатить по счетам или как-то иначе распорядиться нашими же деньгами! У физ.лиц, насколько мне известно, ситуация не лучше - при нас люди не могли снять свои деньги с депозитов.
daniyar4422017
13 окт. 2017 / 15:46
  • 2958
  • 12
Актогайский горно-обогатительный комплекс – брат-близнец Бозшаколя

Актогайский горно-обогатительный комплекс – брат-близнец Бозшаколя

Рядом с посёлком Актогай в ВКО расположено одно из крупнейших в мире неосвоенных медных месторождений. В октябре Актогайская обогатительная фабрика вышла на проектную мощность.
theYakov
12 окт. 2017 / 10:47
  • 3039
  • 20
Я четко помню тот день, когда мне позвонили друзья и сообщили: «Она выходит замуж»

Я четко помню тот день, когда мне позвонили друзья и сообщили: «Она выходит замуж»

У нас была особенная атмосфера, мы постоянно были вместе, читали треки, летом часто поднимались в горы. Гуляли пешком по ночному городу, иногда до утра. Снимали хату и представляли совместную жизнь...
Dominator-kz
14 окт. 2017 / 22:29
Отчего в Казахстане предвзятое отношение к отечественному продукту?

Отчего в Казахстане предвзятое отношение к отечественному продукту?

Вы когда-нибудь пользовались казахстанской косметикой? Я тоже нет, поэтому сразу же откликнулась на приглашение своего фейсбук-френда протестировать отечественные крема… из Степногорска.
Shimanskaya
16 окт. 2017 / 11:32
  • 2246
  • 29
Когда почти все уехали в «А-города», стоит ли жить в Шымкенте?

Когда почти все уехали в «А-города», стоит ли жить в Шымкенте?

Город имеет особую ауру - очень густая энергетика, думаю, это от того, что он со всех сторон окружен "местами силы". Шымкент напоминает мне старенького доброго мудрого дедушку-аксакала.
Bonittta
13 окт. 2017 / 15:15