3 ЕСАЛАҢ
📺Соңғы рет достар туралы қандай кино көріп едіңіз? Сіз ойлана тұрыңыз. Ал, мен сізге осы тақырыптағы Үнді киносын жарнамалап жіберейін. Раджкумар Хирани деген режиссер мырзаның "Три идиота" деген киносын көруді ұсынамын. Бұл киноны маған бір кісілер 2014 жылы қарауға ұсынды. Ал, мен неге екені белгісіз, кеше ғана сол кино туралы есіме түсіріп, қарап шықтым. ⠀

📺Кино - комедия жанрында түсірілген. Бірақ, бұл кино тек ішек сілеңізді қатырып, күлдіріп қана қоймай, керек кезде жылатады, Вконтактіде "Өмірлік мәні бар" деген группада кездестіре бермейтін цитаталар, афоризмдер мен мағынасы тереңде жатырған ғибратты сөздер де табылады. Кино аты айтып тұрғандай 3 жігіттің хикаясы. Ранчо, Фархан, Раджу деген жігіттер механикалық колледжге оқуға түсіп, жатақхананың бір бөлмесіне жайғасады. Бұл жігіттердің отбасылық жағдайы айтарлықтай мәз емес, біздің қазақтар секілді, тапқан ақшасын баласы далада қалмасын, бір диплом алып берейік деген оймен оқытады. Бірақ жігіттер түрлі оқиғаларға тап болады. Ұстазын жөнге салады, арман мақсаттары үшін күреседі, экзамен билеттерін ұрлайды, мектеп директорының қызына ғашық болады, скайп арқылы, үй жағдайында толғағы келген әйелді босандырып алады. Общым 2 сағат 50 минутқа созылатын киноны қалай аяқтағаныңызды аңғармай да қаласыз! Әйтеуір не керек соңында Ранчо-Ранчо болмай шығады. Осылай бір қызықтырып қойяын. ⠀ 📺Айтпақшы фотода көріп тұрғандай, бұл кинода Аамир Хан ойнайды. Бұл актерді танитын адамша хабардар етіп қояйын. Оказывается танымал актер екен, Индияда. Киноны қарап болғаннан кейін, осы жерге қандай әсер алғаныңызды жазып қойсаңыздар😉
