Шығыс Қазақстан облыстық телекоммуникациялар дирекциясы балалар фотосуреттерінің конкурсын өткізді

Толкын Нургалиева 2012 M10 16
457
0
0
0

«Қазақтелеком» АҚ филиалы қызметкерлері балаларының арасында ұйымдастырылған «Жаңа күнге күлімсіре» балалар фотосуреті конкурсына 77 жұмыс ұсынылды. 56 фотосурет Өскеменнің абоненттік бөлімшесінде...

«Қазақтелеком» АҚ филиалы қызметкерлері балаларының арасында ұйымдастырылған «Жаңа күнге күлімсіре» балалар фотосуреті конкурсына 77 жұмыс ұсынылды.

56 фотосурет Өскеменнің абоненттік бөлімшесінде, 21 фотосурет Семей қ. ҚТД ілінген еді. Бүкіләлемдік күлімсіреу күніне арналған байқауда 14 жасқа дейнгі балалар ата-анасымен қатысты.

Сервистік желілер пунктіне келген әрбір адам нөмірін көрсетіп, өзіне ұнаған фотосуретке дауыс берді. Конкурсқа қатысушылар арасында ең көп ұпай жинап жеңімпаз деп танылған өскемендік Аида Уәлиева болды.

Ал Семей қаласынан естелік сыйлықты Султан Базаев иеленді.

Оцените пост

0
Дальше