Yvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов42 подписчика
Всяко-разно
0
00:38, 08 октября 2012

Житкеев орнын босатты

 
06.10.12.
Blog post image
Бұл күнге дейін дзюдодан Қазақстан құрамасының бас бапкері болған Асхат Житкеев күні кеше өз қызметінен кетті. Енді бұл міндет уақытша Жексенбай Саламатовқа жүктелді.

Кезінде Житкеев еліміздегі ең белді дзюдошының бірі болды. Жастайынан дара талантымен оқшауланған ол 17 жасында-ақ ұлттық құрама сапына қабылданып, көптеген халықаралық жарыстарда оза шапты. 2001 жылы Қазақстанның дзюдо күресі өкілдері арасынан алғашқы болып әлем чемпионатының жүлдегері атанды. Мюньхенде Асхат қола медальді олжалады. Бірнеше рет Азия чемпионы атанып, Азия ойындарында да қанжығасы майланды. 2008 жылы Бейжіңде алауы тұтанған Олимпиада ойындарында күміс жүлдеге қол жеткізді. Айтулы жарыстан кейін үлкен спортпен қош айтысатынын мәлімдеп, іле-шала ұлттық құрама командамыздың бас бапкері болды. Бұл қызметте де жерлесіміз біраз абырой жиды. Алайда биыл Лондонда өткен Олимпиада бәсекесінде отандық дзюдошылар тегістей ұтылып, елге құр алақан оралғаннан кейін Житкеев өз орнын босатуды кұп көрді. Енді бұл міндетті талай дарынды жастың томағасын сыпырған танымал бапкер Жексенбай Саламатов атқарады. Бірақ бұл уақытша тағайындау болуы да мүмкін. Себебі бұған дейін спорт басшылары арасында күрестің бұл түрінің тізгінін ұстату үшін шетелден майталман маман шақырту жөнінде әңгіме өрбіген болатын.

0
318
0