Алматыда Халықаралық Цирк Фестивалі алғаш рет қалай өтті?

Алия 2012 M11 10
2794
0
7
0

15-16 қыркүйек аралығында Алматы әлемдік цирк өнерінің астанасына айналды. Бұл күндері Алматы циркі Германия, Италия, Франция, Қытай, АҚШ, Ресей және Украинаның цирк өнерінің жұлдыздары жиналып,Алматы

15-16 қыркүйек аралығында Алматы әлемдік цирк өнерінің астанасына айналды. Бұл күндері Алматы циркі Германия, Италия, Франция, Қытай, АҚШ, Ресей және Украинаның цирк өнерінің жұлдыздары жиналып, Алматы халқын шат күлкіге бөледі.


Алғашқы International Circus Festival–ді Мәдениет жылы аясында Алматы әкімдігі ұйымдастырып отыр. Егер әлемдік цирк фестивальдерінің тарихына көз тастайтын болсақ, бұл ең атақты, әрі беделді Фестиваль Монте-Карлода 37 рет болған. 20 рет цирк өнерінің жұлдыздарын Будапешт, 10 рет Мәскеу қабылдаған екен. Ал Алматы бұндай көлемдегі іс-шараны бірінші рет өткізіп жатыр.

Бұл Фестивальден кейін Қазақстанда цирк өнерінің жаңа парақшасы ашылады десек, артық айтпағанымыз болар.

Екі күн бойы көрермендерді Латвия және Вьетнам циркінің әртістері өз өнерімен таңқалдырса, Майамидің әртістері акробатикалық жанрда сирек кездесетін «икариялық ойындар» немесе «аяқпен жонглерлеу» шоуын көрсетті.

Ұлы цирк династиясының жалғастырушысы 16 жасар Андреа Буглион “Диабло” бұйымымен.

Германия циркінің әртісі Виктория Лапидус.

- Мен Украинада туып-өскенмін. Германияда тұрып жатқандығыма 18 жыл болды. Қазіргі уақытта Германия циркінің әртісімін. Германияда циркке қарағанда ревю жақсы дамыған. Негізі өзім ревюмен айналысамын. Ал циркке кейде ғана шығамын.


Беларуссиядан келген клоун Дмитрий Чистолинов

Бұл кеште 46 килограммнан тұратын 6 гірді қолымен де, тісімен де көтеріп, зілдей көлікті жаяу тартып жүргізіп, іші толған адамы бар машина астында қалған Ресейлік Фахриддин Ахназаров барлық көрермендерді ерекше таңқалдырған батыр.

Ол өзінің өнері жайында:
- Мен бұл өнермен айналысып жүргеніме 25 жыл болды. Өзбекстанда туып-өскендігім болмаса, ол жақта өнер көрсеткен емеспін. Кезінде Ресейге оқуға барған болатынмын. Содан сонда жұмыс істеуге қалдым. Бұл шоуды жасау маған оңай. Егер ақысын толық төлесе, пілді де алып келе аламын. Алматыға екінші рет келіп тұрмын. Әдемі, жылы қала. Қазақ тағамдары да дәмді екен. Мұнда 2 күнге емес, жұмыс істеуге жарты жылға келгенде болар еді.


Сонымен қатар, Еуропаның атақты комигі Питер Шаб Circus Festival-ге қонаққа келіп, көрермендерді ду күлкіге қарқ қылды. Питер Шабтың бұл өнерге келгеніне 30 жыл болыпты. Ол 1983 жылы АҚШ-тың Mime Festival-інде Made to Measure жеке шоуы үшін бірінші орын алған. Ал 1985 жылы Парижде өткен 8-ші Cirque de Demain әлемдік Фестивалінде күміс жүлденің иегері атанса, 1994 жылы Монте-Карлода өткен Фестивальде күміс клоун мүсінің жеңіп алған. Қазіргі таңда ол өзінің шәкірттеріне «актерлік шеберлік» бойынша сабақ береді. Сонымен қатар, неміс ТВ шоуларына жиі қатысып тұрады.

Шаб өзінің творчествосы жайында: «Басында мен сабырлы-салмақты әртіс болғым келген. Бірақ мен сахнаға шыққан сайын адамдар күле бастайтындығын көріп, бұл менің күшім екендігін сездім» - дейді.

Ресейден келген “Ағайынды Запашныйлар” циркінің әртіс қыздары “Акробатикалық этюдімен”.

Вьетнамдық қонақ Тху Иен.

Эквилибрист Владимир Малашихин, АҚШ

АҚШ-тың акробатика шеберлері Джош және Майлс


Барша шетелдіктерді таңқалдырған Қазақстандық жігіттер “Nomad”.


Ал енді цирктың басты көрермендері кішкентай бүлдіршіндерге сөз берсек.


Лия, 7 жаста:

-  Маған цирк өте ұнады. Әсіресе клоундар.

Рия мен Анасы Дина:

- Circus Festival өте ұнады. Әсіресе Ветнамдықтардың шоуы. Таңғажайып, әдемі  қойылым.

Осымен үлкен-кішіге думанды мереке сыйлаған цирк күндері аяқталып, әртістер кезекті қала көрермендерін таңғалдыруға асығып кетті.

Материалды дайындаған: Айжан Кәрібаева, Айнұр Ракишева

Оцените пост

7