Тікелей эфир

Шахматист Гүлмира Бекзатқызы: «Өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол»

Гүлмира Бекзатқызы 1988 жылы 13-сәуірде Оңтүстік Қазақстан облысының Қазығұрт ауданында туылған. Кішкентайынан шахматқа құмар Гүлмира қазірде Әйелдер арасында халықаралық мастер, ҚР құрама командасының мүшесі, Азия, т.б. көптеген бүкіләлемдік олимпиадаларының жеңімпазы. Негізгі мамандығы – халықаралық қатынастар болғандықтан, магистрлік тәжірибесін Испанияда өтті. Ол жақтан да Гүлмираға жергілікті шахмат клубының атынан ойнауға, жастарға сабақ беруге ұсыныс жасалынды.

- Сәлем, Гүлмира! Шахматпен айналысып жүргеніңе қанша жыл болды? Және де оны бастауыңа не себеп болды?

- Сәлем, Айжан! Төрт жасқа толған шағымда әкем маған шахмат ойнауды үйреткен. Мен өте байсалды, салмақты болғандықтан, кішкентай болсам да, бір жайымда ұзақ уақыт отырады екенмін. Ал қала деңгейіндегі жарыстарға 12 жасымнан бастап қатынасып келемін.

- Ең бірінші шахмат сабақтарыңнан бастап, қазіргі жетістіктеріңе дейінгі қысқаша тарихыңды айтып берсең?

- Алғашында қала, облыс деңгейіндегі жасөспірімдер арасындағы жарыстарды жеңе бастадым. Қыздар арасында 3 рет, әйелдер арасында 3 рет Қазақстанның дүркін чемпионы болдым, 18 жасқа дейін Азия чемпионы болдым, Әлем біріншіліктерінде алғашқы ондыққа кіріп, 6 рет Бүкіләлемдік шахмат Олимпиадаларда Қазақстанның намысын қорғадым. Мәскеудегі «Аэрофлот Опен», Чехиядағы «Пардубице» халықаралық турнирлерінде бас жүлдені жеңіп алғанмын. Халықаралық спорт шебері деген дәрежем бар.

- Қазірде шахмат бойынша әлемде қай ел көшбасшы болып тұр?

- Үндістан, Қытай, Ресей көшбасшы елдер болып табылады.

- Ал Қазақстанның шахмат саласындағы әлем бойынша деңгейі қандай?

- Бүгінде Қазақстанның әлемдегі деңгейін жоғары деп айту қиын. Өйткені қаржы мәселесі спортшыларды тығыраққа тығады. Басқа елдерде өз спортшыларын өссін, өнсін деп жақсы жағдайлар жасалынған. Соңғы кезде Қазақстандық бүлдіршіндер жақсы нәтижелер көрсетуде.

- Бізде әлемге танылған және де өз елінде үлгі боларлықтай қандай шахматистер бар, болған?

- Гроссмейстер Е.Владимиров кезінде әлем чемпионы Гарри Каспаровтың жаттықтырушысы болған. Ф.Хасанова Кеңестік кезеңде 20 жасқа дейінгі қыздар арасында, ал Д. Садвакасов 20 жасқа дейінгі жігіттер арасында әлем чемпиондары болған.

- Шахмат сенің өміріңе қалай әсер етті?

- Шахматтың өміріме әкелген көптеген жақсы тұстары бар. Біріншіден, мен уақытты өте үнемдейтін болдым, барлық істі дер кезінде орындауға қол жеткіздім. Екіншіден, шетелдерге шығудың арқасында өмірдің қызықтығын, әлемнің әралуандылығын байқадым, нәтижесінде өмірге деген көзқарасым өзгерді. Үшіншіден, мен өз елімнің нағыз патриотына айналдым. Өзге елдің бәрін көріп жүріп, жарыстарға барып жүріп, туған елімнің намысын қорғадым, өз туған жерімді сағынып, оның қадірін біле бастадым, түсіне бастадым.

- Шахмат әлемінде кімдерді үлгі тұтасың?

- 13ші әлем чемпионы Гарри Каспаров менің кумирім болып табылады. Оның партияларын кішкентайымнан қызығып қарайтынмын. 2010 жылы тіпті онымен бірге суретке түсуге мүмкіндік алдым. Ол мен үшін қымбат естелік.

- Жақсы шахматист болу үшін, сенің ойыңша, не керек?

  1. Еңбекқорлық
  2. Талант
  3. Жақсы есте сақтау қабілеті.

- Ең үздік шахматистер әдетте ер адамдар ма, әлде әйел адамдар ма? Әлде шахматта бәрі тең дәрежеде ме? Жалпы шахмат әйел адам, ер адам деп бөле ме?

- Өте қызық сұрақ, Айжан, рахмет. Әдетте ең үздік шахматистер ер адамдар. Ол ер адамдардың ойлау қабілетінің бір бағытта, яғни бір арнада болуына байланысты да шығар, ал әйел затының ойлайтын істері де көп, сондай-ақ, олар эмоциялы болып келеді. Алайда, әйелдер ерлерге қарағанда нашар ойнайды деп айту қателік, өйткені әйелдер көптеген жарыстарда ерлерді жеңіп те тастайды. Мәселен, венгриялық Ю.Полгар жүз шақты ер адамның тізесін бүктірген. Жалпы шахмат негізінен әйелдер және ерлер арасында бөлек өткізіледі, дегенмен, әйелдерге ерлер жарысында ойнауға рұқсат берілген.

- Шахматтан бос уақытыңда немен айналысасың?

- Бос уақтымда көптеп кітап оқимын, биге қатысамын және анда-санда бассейнде жүзуді ұнатамын.

- Сүйікті кітабың, киноң? Қандай музыка тыңдайсың?

- Ең сүйікті кітабым – Теодор Драйзердің «Финансист» кітабы, ал сүйікті кином – «Гладиатор». Музыкаға келетін болсақ, ұнаған өлеңдерді тыңдай беремін, негізгі екпін поп-музыкаға келетін сияқты.

- Сарагоса қаласына жұмысқа шақырды деп естідік, келістің бе?

- Жоқ, келіскен жоқпын. Оның бірнеше себептері болды, біріншіден, жанұямды қимадым, екіншіден, туған жерімнен кеткім келмеді. Қазақтың мақалына салсақ, «өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол» деген қағиданы ұстандым.

Әңгімелескен Айжан Кәрібаева

Алия Arsik
9 қараша 2012, 5:00
4180

Loading...

Пікірлер

Гүлмирамен өмірде сөйлессең, шахмат ойнайтын адамға мүлдем ұқсамайды)))
Шахматшы қыздарға рахмат. Соңғы жылдары қазақ қыздары шахматтан алдарына ешкімді салмауда.
balalaryma Gulmirany gibrat tutamyn.
redaktorge myna soilemde "Әлде шахматта бәрі тең дәреже де ме? " Dyarezhe DE-ni kosyp jazu kerek emes pe? alde ozim katelestim be?
рахмет, байқағаныңызға)

Пікір қалдырыңыз

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Сондай-ақ Ctrl+Enter басуға болады

Танымал жазбалар

«До какой же еще степени унижения должен дойти народ?!»

«До какой же еще степени унижения должен дойти народ?!»

Министерство труда и соцзащиты провело через парламент очередной крайне неоднозначный закон, который может вызвать всплеск недовольства в стране.
openqazaqstan
15 нояб. 2017 / 11:17
  • 27168
  • 19
Самый большой мошенник в стране: об эффективной схеме развода «Казахтелеком»

Самый большой мошенник в стране: об эффективной схеме развода «Казахтелеком»

История о том, как Народный провайдер наваривается на своих клиентах, намерено не отключая услуги, и беря лишние деньги за ненужные и не оказываемые услуги.
ligaspravedlivosti
17 нояб. 2017 / 19:12
  • 15736
  • 61
«Почему я не хочу встречаться с мужчинами-казахами»

«Почему я не хочу встречаться с мужчинами-казахами»

Заранее отпишусь, данный пост не является попыткой оскорбить собственную нацию) Как говорится о вкусах не спорят, каждому свое.
Bonittta
16 нояб. 2017 / 14:28
  • 14338
  • 365
Почему катастрофический отток интеллектуальной элиты не тревожит Астану?

Почему катастрофический отток интеллектуальной элиты не тревожит Астану?

Как сообщает телеканал КТК, только за последние девять месяцев Казахстан покинули 28200 человек, из них почти пять тысяч инженеров, около 2700 экономистов и 1700 учителей.
openqazaqstan
17 нояб. 2017 / 11:00
  • 9997
  • 50
Задержан казахстанец, продававший детей в сексуальное рабство в ОАЭ и Бахрейн

Задержан казахстанец, продававший детей в сексуальное рабство в ОАЭ и Бахрейн

Подтверждаются худшие предположения, циркулирующие в соцсетях. Периодические исчезновения детей в разных регионах Казахстана объясняются не только семейными проблемами и «синими китами».
openqazaqstan
16 нояб. 2017 / 15:46
  • 7111
  • 54
О «топ-30», «топ-50» и прочих понтах можно пока забыть

О «топ-30», «топ-50» и прочих понтах можно пока забыть

В объективности выводов швейцарского банка Credit Suisse усомниться трудно – его экономические рейтинги относятся к самым авторитетным и их явно трудно упрекнуть в предвзятости
openqazaqstan
18 нояб. 2017 / 17:21
  • 5322
  • 76
«Думай как британец»: 8 вещей, которым я научилась в Великобритании

«Думай как британец»: 8 вещей, которым я научилась в Великобритании

Как два года в Великобритании изменили мою жизнь. Несколько простых вещей, которые могли бы сделать нашу жизнь лучше.
goribaldi
13 нояб. 2017 / 16:51
  • 4339
  • 28
Мой личный рейтинг женщин: от пуританки до содержанки

Мой личный рейтинг женщин: от пуританки до содержанки

Сегодня предлагаю вашему вниманию мой личный рейтинг женщин. А вот я хочу быть домохозяйкой, правда, не пахать дома, а хозяйничать.
Mysli_v_Sluh
13 нояб. 2017 / 15:00
Российским женщинам нужны казахстанские мужчины?

Российским женщинам нужны казахстанские мужчины?

Отдельные инициативы некоторых российских чиновников вызывают в Казнете приступы просто-таки гомерического ржача. Женщин в регионе – пруд пруди, а вот мужчин, с которыми они могли бы создать семьи, не хватает.
openqazaqstan
14 нояб. 2017 / 15:55
  • 2870
  • 18