Кәрізге "тарақан" кіріп кетпесін...

miss-Lee 2012 M08 22
560
0
1
0

"Тарақан" деген - «Каспий жылу, су арнасы» мекемесінің жаңа құрылғысы. Бұл коммуналдық қызметақысын төлемейтін, сот шешіміне бағынбайтын борышкерлерді "селт еткізу" үшін қолданылатын құрылғы...

"Тарақан" деген - «Каспий жылу, су арнасы» мекемесінің жаңа құрылғысы. Бұл коммуналдық қызметақысын төлемейтін, сот шешіміне бағынбайтын борышкерлерді "селт еткізу" үшін қолданылатын құрылғы. Мекеме басшысының айтуынша, мұндай әдіс Киевте қолданылады екен. Қондырғыны мекеме 15 мың АҚШ долларына Украинадан сатып алыпты. "Бірақ бекер шығындалмаппыз, қондырғы іске қосылған күні-ақ бірнеше жылдан бері қарызын төлемей келген пәтер иелері орнынан қозғалып, берешектерін бере бастады",- дейді.

Ол қалай жұмыс жасайды?

Қондырғы тек борышкер пәтердің ғана құбыр желісін сырттан жауып тастайды екен. Яғни, көршіге кесірін тигізбейді. Берешек пәтер жоғарғы қабатта орналасса шатырдан, ал төменгі қабат болса жертөледен кәріз құбыры арқылы арнайы «зонд» жіберіледі. Шағын бейнекамера орнатылған "тарақан" жайлап жылжып барып, өзіне керекті пәтердің су бөлгішіне қақпақ қойып тастайды. Сосын пәтер иелері суды қолдана алмай қалады екен. Қалай дейсіз ғой. Бәрі қарапайым. Кәріз суы құбыр бойымен ағып кету орнына, өз пәтеріне қайта көтеріледі. Әрине, бұл кім-кімге де жақпайтыны сөзсіз.

 

Мекеме басшысы С.Гусман енді үш айдың ішінде 100 борышкердің қолындағы 150 млн.теңгеге жуық қаржы қайтарылады деп отыр. Қазір Ақтау тұрғындарының мекемеге қарызы 144 млн. теңгеге жетіп жығылыпты.

 

Оцените пост

1
Дальше