• 3413
  • 4
  • 3
Нравится блог?
Подписывайтесь!

Мадрид періштесі

Футбол тарихында ұзақ жылдар бойы бір команданың намысын қорғап,жақсы мен жаманын,қиыны мен қызығын қатар көрген, жанкүйерлер есінде мәңгі қалған атақты футболшылар жеткілікті. Сондай есімі бір ғана командамен байланысты ардагерлердің бірі

– мадридтің мәңгілік 7-ші нөмірі Рауль Гонсалес.

Рауль Гонсалес Бланко  –  Мадрид  маңайындағы  Маркони да Сан Кристобаль де лос Анхелес  аймағында өскен. Әкесі дон Педро мадридтік «Атлетиконың»  жанкүйері болған. Рауль бастапқыда әкесінің сүйікті клубында ойнайды, бірақ, 65 гол соққан 15 жасар талантты клуб президенті  Хесус Хиль командада қалдырғысы келмеді. Болашағынан мол үміт күттіретін дарынмен «Реал» тез арада алты жылдық келісімшартқа отырады. Клубтың сол кездегі бапкері Хорхе Вальдано Раульді «Сарагосаға» қарсы жасыл алаңға шығарады. Осылай,1994 жылы 17 жасында  Испан Примерасындағы алғашқы қадамын жасайды.

Кейіннен «Атлетико» басшысының қалай өкінгенін елестету қиын емес. Себебі, әлемдік дәрежедегі болашақ жұлдызды өз қолынан мәңгі қарсыласы «Реалға» жіберіп алып,артынан қарап отыру оңай емес. Галактикостың құрамында жастығын және жарқын кезеңдерін өткізген Раулито клуб тарихындағы ең көп гол соққан шабуылшы. Бұл көрсеткіш жағынан «Реалдың» сапында 1953-1964 жылдары өнер көрсеткен Альфредо Ди Стефанодан да озады.Әлемнің ең атақты командасымен «ақ арлан» Испанияның алты  дүркін чемпионы (1995, 1997, 2001, 2003, 2007, 2008),Чемпиондар Лигасының (1998, 2000, 2002) үш мәрте жеңімпазы атанады.

Сондай-ақ,  Испания Суперкубогін төрт (1997, 2001, 2003, 2008),Еуропа  Суперкубогін    (2002) бір рет ұтып алады. Таңданыс тудырса        да,Зидан,Фиго,Бекхэм,Роналдо сияқты  жұлдыздар шоғырымен осыншама   Кубокті иеленгенімен,Испанияда Раульдің қолы  жетпеген Кубок бар. Ол – Испан  Кубогі.

Мадридтік «Реалдың» есігінен кіре салып төріне шыққан Рауль ұлттық    құрамадан  да ойып тұрып орын алды. «Қызыл фурия» құрамындағы  алғашқы ойынын Эль  Капитан 1996  жылдың 9-шы қазанында Прагада  Чехияға қарсы өткізді. 1999  жылы Испания  Әлем  чемпионатына  үш,Еуропа чемпионатына екі рет қатысқан  Рауль Гонсалес бес мәрте  (1997,  1999, 2000, 2001, 2002) Испанияның үздік  футболшысы атағына ие  болады. Сондай-ақ , бір  өзінің даңқы мен дәрежесі,  атағы мен абыройы,  жеткен жетістіктері жеке адам былай  тұрсын, бүтін бір  клубтың    жетістіктерінен кем емес:

ФИФА нұсқасы бойынша 2001 жылы Фиго мен Бекхэмнен кейінгі    әлемнің үшінші футболшысы;

Атақты француз журналы «Франс -Футболдың» нұсқасы бойынша 2001 жылы  «Күміс доптың» иегері («Алтын доп» алған Майкл Оуэннен кейін);

«Реалдың» ең үздік шабуылшысы;

1999,2001 жылдары  «Қола бутсы» иегері (Еуропаның ұлттық чемпионатта ең көп гол соққан ойыншыларға беріледі);

УЕФА нұсқасы бойынша 1999/00, 2000/01, 2002/03 жылдардағы еуропалық маусымның ең үздік шабуылшысы ;

2000 жылғы Еуропа Чемпионатының символикалық құрамында;

1999 жылы Әлемнің ең үздік шабуылшысы (ұлттық және клубтық деңгейдегі халықаралық кездесулерде көп гол соққандарға беріледі)

1999,2001 жылдары Испания Чемпионатының бас мергені;

2000,2002 жылдары Чемпиондар Лигасының бас мергені;

Альфредо Ди Стефано атындағы сыйлықтың иегері;

«Қызыл фурияны» он жыл бойы жасыл алаңға бастап шыққанЭль Капитан ұлттық құрамадағы соңғы ойынында Солтүстік  Ирландияға қарсы алаңға шығыпты (2006 жылдың 6-шы қыркүйегінде).

Он алты жыл бойы «Реал» атты механизмнің ажырамас бөлігіндей болып, астаналық клубтың айнасына айналған «Мадридтің періштесі» клуб сапындағы соңы ойынын «Сарагосаға» қарсы «Ла-Ромареда» алаңында өткізді. Дәл осы алаңда «мадридтің мәңгі жетілігі» үлкен  футболдағы  ұлы жолын бастаған болатын 1994 жылы. Бланкос құрамындағы соңғы ойынында Рауль аяғындағы жарақатқа қарамастан, қоштасу голын да соғып кетті. Ал командамен қоштасатын сәт келгенде, «Сантьяго Бернабеуге» жиналған мадридтік жанкүйерлер сүйікті ойыншыларына тік тұрып құрмет көрсетті. Өмірінің жарқын кезеңін өткізген командалық достарымен, үнемі қолдау көрсетіп отырған адал жанкүйерлерімен, әр бұрышын жатқа білетін жасыл алаңымен айырылысар кезде он алты жыл бойы сыр алдырмаған Эль Капитан да еріксіз сыр берді…

Мақаланың түпнұсқасы

15 августа 2012, 0:50
893

Загрузка...
Loading...

Комментарии

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

Как казахстанцы могут получить кусок международного рынка аутсорса?

Как казахстанцы могут получить кусок международного рынка аутсорса?

Сокурсник Илона Маска инвестировал в образовательные проекты, и теперь хочет создать в Казахстане рабочие места на глобальном рынке аутсорса.
Zhumanova
18 мая 2017 / 13:38
  • 52374
  • 23
Поддержим пенсией жиреющие банки! На что казахстанцам разрешат досрочно тратить свои накопления в ЕНПФ

Поддержим пенсией жиреющие банки! На что казахстанцам разрешат досрочно тратить свои накопления в ЕНПФ

Со стороны ЕНПФ в очередной раз прозвучало крайне неоднозначное заявление, от которого, на наш взгляд, лучше было бы воздержаться.
openqazaqstan
23 мая 2017 / 11:08
  • 8563
  • 27
Узаконенное варварство в стране, принимающей «EPXO». Еще далеко нам до «топ-30 развитых стран»

Узаконенное варварство в стране, принимающей «EPXO». Еще далеко нам до «топ-30 развитых стран»

В продвинутых государствах едва ли поймут, почему в столь развитом, успешном и преуспевающем Казахстане от имени и по заданию властей творятся такие зверства над животными.
openqazaqstan
вчера / 12:12
  • 6288
  • 79
Что бы ни сделал пешеход – все равно водитель сядет

Что бы ни сделал пешеход – все равно водитель сядет

Вопрос о равной ответственности водителя и пешехода при наезде на последних, только-только начинают обдумывать в высоких кабинетах. Но, пока государственные головы думают, водители продолжают...
Mirogloff
22 мая 2017 / 23:29
  • 4364
  • 32
Алматинские проститутки превращаются в шпионок

Алматинские проститутки превращаются в шпионок

Попасть в притоны на алматинском проспекте Сейфуллина, которых, как бы ни старались полицейские, меньше не становится, теперь можно, только зная явки и пароли.
Mirogloff
19 мая 2017 / 13:25
  • 4115
  • 38
В Алматы доставили чудотворную икону «Умягчение злых сердец»

В Алматы доставили чудотворную икону «Умягчение злых сердец»

Икона "Умягчение злых сердец" несет особые - сакральные, духовные смыслы. Ее намоленность ощущается даже за те секунды, пока прикасаешься губами к образу.
ValentinaVladimirska
20 мая 2017 / 0:09
  • 3074
  • 0
Да-да, я знаю, пора выходить замуж. Есть ли у меня еще время и, пожалуйста, уточните сколько?

Да-да, я знаю, пора выходить замуж. Есть ли у меня еще время и, пожалуйста, уточните сколько?

Итак давайте сразу начистоту. Мне 29. Не замужем, никогда не была, детей нет. В душе я совсем не чувствую этот возраст. Каждый раз когда задумываюсь об этом больше чем на 3 минуты, меня накрывает...
user2017
23 мая 2017 / 10:57
Выйду замуж по расчету. Брак обесценился, пора вновь возвращать ему ценность

Выйду замуж по расчету. Брак обесценился, пора вновь возвращать ему ценность

После череды неудачных романов, статусов "все сложно", ножей в спину, идея "выйти замуж по расчету" посещает все чаще. И мне не стыдно про это говорить.
energo_ulzhan
22 мая 2017 / 17:39
  • 2450
  • 53
Японии грозит катастрофическое будущее из-за нехватки секса

Японии грозит катастрофическое будущее из-за нехватки секса

Социологи из страны восходящего солнца, представляющие Национальный институт исследований в области населения сделали печальный прогноз относительно будущего своей страны. По мнению специалистов, к...
Seattle
18 мая 2017 / 16:47
  • 2320
  • 17