Yvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов42 подписчика
Всяко-разно
0
00:59, 31 июля 2012

Астана велокомандасына патриоттар керек емес па?

Қазіргі Лондонда болып жатқан ХХХ Жазғы Олимпиада ойындарын көбіміз уақыт тауып тамашалауға тырысып жүрміз. Еліміздің спортшыларының Лондондағы айқын жеңістері Қазақстан халқын жігерлендірді десем қателеспеспін. Ең бірінші күні велошабандоздардың топтық жарысында Қазақстандық "Astana Pro Team" велотоп Александр Винокуров бен Асан Базаев қатысқан болатын. Осы жарыста А. Винокуров барлығынан бірінші келіп, алтын медальды әділ жеңіп алды. Оған қоса, Зульфия Чиншанло ауыт атлетикадан өз салмағында әлемдік рекорд орнатып, Олимпиада ойындарының алтын медалін жеңіп алды. Қазіргі Қазақстан қоржынына екі алтын медальдеріне қосымша, келе жатқан апталарда Олимпиада ойындарынан әлі де медальдермен толығады деген сенім бар.

 

Ендігі, әңгіменің төрі Олимпиада ойындары туралы емес, Астана велокомандасы туралы қозғамақпын. Себебі, А.Винокуровтың жеңісінен кейін, Астана велокомандасының спорт киімдерін алсам ба деп ойлап, Астананың ресми вебсайтына кірдім. Сөйтіп Астананың ресми вебсайтындағы ҚАЗАҚ тілі функциясының болмауы және вебсайттағы онлайн сатылатын Астана велокомандасының киімдерінің қымбаттығы мен Қазақстандықтарға географиялық жағынан қол жетімсіз болып тұрғанына көзім жетті.

 

Төмендегі скриншотта Қазақстан поштамен жіберетін аймақ ретінде Zone 10 деп көрсетілген. Басқа Zone-дармен салыстырғанда Қазақстан ең қымбат Zone-да орналасқанын байқасаңыз болады. Қазақстанға поштамен жіберу бағасы 61-105 еуро арасында. Бұл соманы теңгеге айналдырсақ, 11,000 - 19,000 теңге шамасында болады. Осы қаржыға сатып алушы 0 кг-5 кг арасында жүкті Қазақстанға жібере алады.

Blog post image

 

Мына скриншот Астана велокомандасының жалпы спорт киімдері жинақтары көрсетілген.

Blog post image

 

Спорт қалпақ, жай тілмен айтқанда "кепка", 30 еуро не 5,500 теңгедей тұрады.

Blog post image

 

Осы скриншотта көрсетілген спорт киімдері жинағы 190 еуро не 35,000 теңгеге жақын. Жинаққа (Giro Italia Pack) қалпақ, спорт жейде ("футболка") және поло жейде кіреді.

Blog post image

 

Поло жейде 95 еуро не 17,000 теңгедей тұрады.

Blog post image

 

Спорт-жейде 65 еуро 12,000 теңгедей тұрады.

Blog post image

 

Қазақстанға кемінде осы үш киімнің біреуі жету үшін, тауардың өз құнынан бөлек кемінде 11,000 теңге төлеу керек. Қарап тұрсаңыздар, тауар бағалары да қол жетімді деп толық айта алмаймын.

 

Ал, мына скриншотта вебсайттың жоғарғы оң жағында ОРЫС, ФРАНЦУЗ тілдерінде бар екені көрініп тұр. Ал, вебсайтқа бірінші кірсең, барлығы АҒЫЛШЫН тілінен басталады.

Астана велокомандасының негізгі қаржылай демеушісі ҰӘҚ "Самұрық-Қазына".

Blog post image

 

Оған қоса, Астана велокомандасын Қазақстан велоспорт федерациясы да қолдайды.

Blog post image

 

Осы екі мемлекеттік құрылымдардың Астана велокомандасын қолдаудағы негізгі мақсаты - Қазақстандық велоспортты дамыту мен Астана велокомандасын әлемге таныту екеніне кәміл сенемін. Дегенмен, ол үшін Қазақстандық азаматтар Астана велокомандасы туралы мәліметті ресми вебсайттан мемлекеттік тілде оқи алмаса және сол команданың бренді бар спорт киімдерін кию Қазақстандық орташа адамға  қол жетімді болмаса, бұл екі мемлекеттік құрылымдар қалайша алдына қойылған мақсаттарын толықтай орындамақшы?

Жоқ, әлде мен осы сұрақтармен асығып уақытынан бұрын қойып жатырмын ба? Жоғарыда аталған мәселелер, іс жүзінде жүзеге асырылуға болатын мәселелер. Не болса да, осы мәселелерді жоғарыда аталған мемлекеттік құрылымдар өкілдері талқылап бір қорытынды шығарғаны артық болмас еді.

 

Сілтемелер:

http://proteam-astana.com/en/

http://www.astanaproteamshop.com/shop/

 
0
1349
0