• 31968
  • 135
  • 36
Нравится блог?
Подписывайтесь!

Сису (sisu)

 

Жасалатын дүние – қайткенде де жасалады

Финндер өз тарихында, табиғи қиыншылық болсын, әскери қиыншылық болсын, көптеген ауыр қиыншылықтар көрген халық. Бұл сынақтар, шамасы, фин ұлтының менталитетiне ерекше таңба салды. Финдер басқа еуропалық елдер секілді білімгерлік пен ұйымшыл болғанымен, олар өзінің мінезімен өзгеше болған, әсіресе Сису оларда көрнекті орын алады.

Сису (sisu) сөзі Фин елінде ерекше орын алады, және өте танымал. Бұл сөз, елде жүк пен кеме зауыттарын атап кеткен, және де кейбір көпшілік пайдаланытын тауарларды да атайды. Ел ішінде адам есімі Сису болуы да ғажап емес, бұл сөз теледидар мен радиодан, және қарапайым адамдардың әңгімелерінен естуге де болады. Бірақ, келімсектер, яғни шетелдік адам оны білгісі келсе, бірқатар бөгеттер орын алуы мүмкін.

Түсінбейтін адамға бұл төрт әріптен құралған сөздің түпнұсқа мәнін түсінуге өте қиын. Не дегенмен, Сису сөзін, шетел тіліне аудару мүмкін емес. Көптеген фин сөздіктерінде ол сөз: жігерлік, беріктік, қыңырлық деген аударма береді, бірақ бұл аз болуы мүмкін, оған қоса сабырлық, төзімділік деген сөздерді де қосу керек. Түпнұсқа мәніне біршама жақындау үшін, мыналарды ескеру қажет: -Сису ол, жәй ғана сөздер емес, ол тек жәй ғана икемділік пен түскен қиындыққа төзімді болу емес, ол онымен қатар сабырлықты сақтап, жасаған қимыл-әрекеттерге мұқият болу, оған саналы түрде қарау. Оны жалпы: «Жасалатын дүние – қайткенде де жасалады» -, деп те түсіндіруге болады.

 

Жоғарыда айтып өткендей, барлық сөз жігерлік пен төзімділікте болып тұр, яғни, адам мыңдаймен жарды ұрып қиратуға дайын болғанымен, маңдайдың аман қалауын да ойлау ол — Сису. Айрықша дәлел ретінде, 1939-1940 жылдар аралығында Фин елінің тәуелсіздік үшін соғысын қарастырайық. Өзінен басым болған әскери күштермен соғысқан кезде, тек соңыңа дейін ғана тұрмай, онымен қатар берік және төзімді болған, қолынан не келетінін, олар өзінен барлығын сығып алған.

Соғыста финдер тек майдандағы батылдығымен тоқталмаған. Олар, соғысты ауыр жұмыс ретінде қарап, оны ұқыпты орындаған. Әскерлері аз болғанымен, олар, оны икемді тактикамен және тылға кенеттік рейдтермен толықтырған. Соғыс қару-жарағының аздығын олар жанғыш сұйықтықпен толтырылған шыны ыдыстарын қолданды. Әскер ішінде мобильдік және ұйымшылдық ең жоғары дәрежеде болды, сонымен қатар, қарапайым халық та ұмытылып кеткен жоқ, қоңыс жерлерінен елдің ішіне қарай қоңыстандырылды, соның себебінен қарапайым халық арасындағы қаза аз болған және олар үшін өздерінің сүйікті тактикасын қолдануға жол ашылды. Дәл осы білгірлік, сабырлықты сақтап, жасаған қимыл-әрекеттерге мұқият болып, саналы түрде қарау ол – Сису.

Екінші дүние жүзілік соғысынан кейін де, финдер өздерінің қасиетін танытты. Қысқа мерзімде олар өздерінің қираған елін қалыпқа келтіріп қана қоймай, сонымен қатар КСРО одағына контрибуцияны тиынына дейін санап берген. ( Өткен ғасырдың сексенінші жалдардың соныңда КСРО фин еліне қазіргі бағамен санасақ, жеті миллиард доллардай қарыз болған). Мың көл елі (фин елінің тағы бір аты), соғыстан кейін, бірнеше рет Сисуды төзімділік пен жігерлікті талап ететін, спорт жарыстарында дүние жүзіне танытты. Ол әсіресе, спорттағы доппинг пен коммерция заманына дейін байқалған, спортшылар тек өзіндерінің мүмкіндіктеріне сенді.Өткен ғасырдың жиырмасыншы жылдары әйгілі фин спортшысы Пааво Нурми ұзаққа жүгүруден үш дүркін олимпияда чемпионы атағына қол жеткізген болса, ал 1972 жылы Мюнхен олимпиядасында ұзаққа жүгіруден болған жарыста Лассе Вирен, Сисуды әлемге танытқан, он мың шақырым жүгірген кезде ол құлап, орнынан қайта тұрып финишті бірінші болып кесіп өтті, сәл болғанда дүниежүзілік рекорд болатын еді.

Дегенмен, мұндай қасиеттерді тек фин спортшылыры танытқан жоқ, өзге спортшылар да жігерлігімен мен төзімділігімен көрінді. Бірақ, мойындау керек, Сису фин елі үшін ерекше орын алады, ол ұлттық мінез ерекшелігінде басты қасиет.

Бұл қасиетін финдердің сан ғасырлар бойы, өмір сүру үшін күреспен өткізуді мәжбүр болғанынмен түсіндіруге болады. Әрине, басты қарсыласы, табиғат пен айналадағы қоршаған орта болғаны анық. Егін салатын жер мен үй тұрғызу үшін, олар әрбір кішкентай жұлым жерді орман, шалшықсу мен тастарды игеріп алу керек еді. Ағаш түптерін тамырымен жұлу мен үлкен тастарды, ежелгі заманда, олар тек қол әдісімен жасаған. Ол үшін, үлкен қара күш пен жігерліктен басқа, асқан өнертапқыштық керек болатын. Ауа райымен күресте босаңсу болмағандықтан, финдер суық пен қатты ылғалды ауа райына төзім болуды үйреніп қана қоймай, қыстауда ыңғайымен өткізген. Өздеріне қолайлы да жылы үйлер тұрғызып, шаңғымен жүгіріп және моншаларда өткізген.

Бірақ, тарих фин елін еркелеткен жоқ, көптеген ғасырлар бойы, Суоми елі екі алпауыт елдердің әскери күш сынасу сахнасы болды, екі үлкен держава Швеция елі мен Ресей империясы, әскери қақтығыстары XIX ғасырға дейін созылды. Көптеген финдік жерлер, бір қолдан екінші қолға өтіп жатты, фин елінің халқы оған төзім танытуға мәжбүр болғанымен, айбарлық әскери жағдайға үйренген.

Өткен ХХ ғасыр да, фин ұлты өте ауыр сынақтан өтті. Төрт қанды соғыс, кішкентай ғана фин еліне үлкен күйзеліс әкелді. Сөйтіп, фин ұлты бірнеше уақыт бойы өзіңнің тарих жолында көптеген табиғи, әскери сынақтардан өтті. Оны былайша айтқанда, финдер үнемі қысымда болған.

Қазіргі уақытта, фин елі технология мен дәулеттікке жеткен кезде, ешқандай да төзімділік пен жігерлік керек емес сияқты, бірақ, нақты бір адамның өмірі, қиындықсыз болмайды, оны да айта кету керек. Адамдар, баяғысынша қиыншылықпен күресуде. Сол себепті, Сису қажетсіз деп танылмайды. Финдер, әлі күнге дейін Сисуды көрсетіп жатыр, бірақ, баяғысынша сырт көзбен қарағанда байқантындай емес, жеке дара пайдалынады.

Қазіргі Сисумен баяғы Сисудың айырмашылығы бар. Баяғыда, ол қоғамдық төзімділік болып танылатын, табиғатпен күрес, түрлі соғыстарда қолданылатын немесе олимпиядалық ойындарда адамдар, жалпы жеңіс әкелетін, бір ғана нысынаны көздеп тұратын. Қазіргі уақытта, әрбір адам, Сисуды өзінің пайдасына пайдаланып жатыр. Табандылық болған жағдайда, көбінесе өз пайдасын ойлап, кейде қоғамға да қарсы болуы мүмкін.

 

Сонымен, Сису деген не?

Төзімді, жігерлі, сабырлы, салқынқанды болу. Адам бойында тепе теңдікті ұстау. Сису, фин философиясы, өмірлік ұстанымы. Сису деген тек фин елінде емес, ол барша адамзатта бар ұғым, бірақ фин халығы ол ұғымды толықтырып оған біршама түсініктеме берген. Сисуды ояту үшін жәй ғана ықылас білдірумен шектелмеу керек, Сису төзімділікті, жігерлікті, сенімді талап етеді.

Сису, тек финше ұрыс емес, ол тағы да арнайы гимнастикалық жаттығу, ол жоғарыда айтып кеткендей, экстримальды жағдайда өмірді сақтап қалу, аман болу.

Бірақ, егерде, біраз ойланып тұрсаңыз… біздің өміріміз өзі де экстримальды жағдайлар жиынтығы.

Атақты берсеркерлер – скандинавтық аңыздардағы батырлар, хайуан-адамдар, ұрыс алдында трансқа кіріп шайқасқан, бірақ, қарапайым өмірде олар, өте есірік, жүйке жүйесі өте қалыпсыз болған. Ал Сису керісінше, қандай да жағдай болмасын, төзімділікке, сабырлыққа, салқынқандылыққа шақырады.

Өмір ол шаңғы тебу сияқты, түсіп сырғанап бара жатсаң, оған қуанып мәз боласын, қиын құламаны байқамай қалсаң, оны қарғап сілеп түсесін, босқа деміңді кетіресің, мыңқылдап, құр босқа деммен бірге, күшін де кетеді.Шатқалдан қыстырылысып өткенде, даладағы қалың қарға бату, әрине екеуі де қиын, бірақ, қарға, қалың орманға немесе ауыр жолға ашуланудың мәні де жоқ. Шатқалдан қыстырылысып тез өтемін деп, қалың қарға бату, немесе орманды тез өтемін деп, одан кейін қиын құламаға түсу – есалаңдық. Айналадағы қоршаған ортаны, немесе бүткіл әлемді жеңу мүмкін емес. Жүретін жолыңда әрдайым, бөгеттер пайда болады, ал демалу иллюзиясы ол жәй ғана иллюзия. Иллюзиядан құтылу жолын табу керек, өмірде әрдайым бөгеттер болатынын түсіну керек, олар көп және қауіпті, өмірдің өзі өмір сүру үшін күрес екенін, ешкімге осы өмір үшін кінә тақпай, әншейін ғана өмір сүру керек, өмірің үшін күресу керек, әрбір минут, әрбір секунд сайын…

Marationok
25 июля 2012, 23:31
1011

Загрузка...
Loading...

Комментарии

Ақ сиса, қызыл сиса, сиса-сиса. Қалмайды кімдер жаяу зорлық қылса
сиса денен мата ғой)
Салқын қандылық пен қызу қандылық арасында баланс сақтаған дұрыс-ау дим.)
жазбаңды оқып отырып "Жолбасшы" 1987 жылы түсірілген (Ofelas /Pathfinder) шытырман киносы есіме түсті, сису фин халықының діңгегі, яғни финді -фин қылған қасиет

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

Школа High Tech High – дети здесь самостоятельны так же, как и профессионалы в офисах

Школа High Tech High – дети здесь самостоятельны так же, как и профессионалы в офисах

Известный казахстанский бизнесмен становится первопроходцем и создает школу, о которой можно только мечтать. То, что мы, как взрослые, делаем в бизнесе, дети будут делать в этой школе.
Zhumanova
24 апр. 2017 / 16:29
  • 20964
  • 5
Кому в Казахстане жить хорошо? Почему мы остаёмся в топ-5 стран мира по числу самоубийств

Кому в Казахстане жить хорошо? Почему мы остаёмся в топ-5 стран мира по числу самоубийств

Всё ли так хорошо у жителей Казахстана? Почему-то наша страна сохраняет твёрдые позиции в первых строчках мировых рейтингов по числу самоубийств.
openqazaqstan
24 апр. 2017 / 16:54
  • 3865
  • 20
«Казпочта» отжигает. Редкий шанс вспомнить агрессивные советские очереди

«Казпочта» отжигает. Редкий шанс вспомнить агрессивные советские очереди

Люди старшего и среднего поколений помнят шумные, недобрые, грубо ругающиеся очереди советских лет. Увидеть, как это было, можно теперь разве что в каком-нибудь фильме. Хотя не только.
openqazaqstan
26 апр. 2017 / 16:14
  • 2638
  • 30
Юный алматинец покорил Первый канал на шоу Максима Галкина

Юный алматинец покорил Первый канал на шоу Максима Галкина

Житель Алматы по имени Марк Усачев недавно оказался на телепрограмме "Лучше всех", с успехом идущей на Первом канале России. 9-летний алматинец покорил публику своими недюжинными знаниями.
Seattle
24 апр. 2017 / 16:59
  • 2205
  • 2
Инстаграм – это «рынок девушек» и он круче любой базы данных

Инстаграм – это «рынок девушек» и он круче любой базы данных

Для меня Инстаграм – это рынок. Почему? Ничего не изменилось, девушки все так же бьются в попытках наиболее выгодно себя продать, посредством привлечения внимания.
Annette_Scherer
24 апр. 2017 / 22:35
  • 2116
  • 5
Президент велел делиться. Почему бы казахстанским миллиардерам не послушаться?

Президент велел делиться. Почему бы казахстанским миллиардерам не послушаться?

Президент Назарбаев призвал крупных бизнесменов делиться с народом, следуя примеру своих коллег из развитых стран. В Казахстане, действительно, сегодня много богатых людей.
openqazaqstan
вчера / 14:09
  • 1957
  • 25
Преподаватели и ЭКСПО: «Пока газеты пишут одно, нас заставляют покупать билеты на выставку»

Преподаватели и ЭКСПО: «Пока газеты пишут одно, нас заставляют покупать билеты на выставку»

Чтобы вы знали, чем занимаются в сфере образования - педагоги являются основой массовок. Какое отношение к учителям со стороны государства, такого же уровня и качество образования.
SaukovV
26 апр. 2017 / 16:05
  • 1990
  • 15
Жуткие истории о рабстве – такие вещи творятся в стране, принимающей «ЭКСПО»

Жуткие истории о рабстве – такие вещи творятся в стране, принимающей «ЭКСПО»

Мы живём, возможно, уже совсем в другом обществе, а не в том, к которому привыкли. Не первый год Казахстан периодически потрясают жуткие истории о рабстве.
openqazaqstan
26 апр. 2017 / 9:39
  • 1864
  • 19
15 фильмов, которые можно пересматривать бесконечно по версии проекта Popcorn

15 фильмов, которые можно пересматривать бесконечно по версии проекта Popcorn

Команда проекта Popcorn решила вспомнить и поделиться рядом картин, которые можно смотреть хоть до бесконечности, не теряя к ним интереса!
Seattle
вчера / 15:05
  • 1766
  • 47