Тікелей эфир

Қалыңмал турасында не білеміз?

ХХ ғасырдың басында жазылған шығармалардың көбінде әйел теңсіздігі жайында баяндалады. Байқап отырсақ, «қалқам ер жетіп, оны бай жерге беріп, көп мал алсам» сияқты ойлар сол кездегі романдардың фабуласы іспеттес. Немесе ұл мен қызды бесіктен шықпай, бір-бірімен атастырып, бастарын шатастырып қою. Екеуінің бір-біріне пар болып өсе ме, жоқ, бірі қурай, бірі тал болып өсе ме..? Бір сөзбен айтқанда, қазақ қызының шарасыздығы, қоғамдағы орны, аянышты сезімдері - сол заманның жазушылары үшін қалам тербеуге итермелеген фактілер.

- Апа, осы әкем жеңілейіп кетіпті-ау?
- Тәңірі алғырдың сені сатып алған малын көтере алмай жүргені ғой, біздің не ойлап жүргенімізді қайдан білсін!
- Апа, осы әкем мені жақсы көремін деуші еді, онысы бекер екен-ау?
- Сені жақсы көргенімен де, бай мен малды сенен артығырақ көргені ғой...
- Апа, осы адам өз баласын кемшілік, қоршылыққа қалайша қияды екен?
- Рас, қалқам, қазақтың қызды «жат жұрттыққа жаралған бала» дейтіні бар ғой. Кім болса, соған, тек мал берсе бере салады, сондықтан ғой қыз байғұстың: «Бар ма екен ата-анадан бауыры қатты, баласын әлпештеген малға сатты...» деп өлең айтып жылайтыны.

Спандияр Көбеев

Алғаш жарық көрген Спандияр Көбеевтің «Қалыңмал», Сұлтанмахмұт Торайғыровтың «Қамар сұлу», Тайыр Жомартбаевтың «Қыз көрелік» сынды романдары халқымыздың әлеуметтік тұрмысы, қазақ қыздарының мұңды күйін әр қырынан әңгімелейтін бірден-бір туындылар. Мұнда авторлар кейіпкерлердің әрекетін, қарым-қатынасын әңгімелеумен бірге, әділетсіз қоғамды әшкерелеп, сынайтын.

Қазақ халқы қоғамдық қарым-қатынастарды әдет-ғұрыптар бойынша реттеп, өздерінің достығын қыз алысып, қыз берісіп, құда болу арқылы нығайтып келген. «Қыз бала — жат жұрттық», «қыз — дәнекер», — дейтін сөздер сол ойды білдіруден туған. Екі-үш жасар ұлы бар дәулетті қазақтар өздеріне сай отбасымен туыс болуды жөн көріп, бір-біріне құда түсуге тырысқан. Көбіне 11-12 жасар қыздарға құда түсіп, қызын 13-те ұзатып, ұлын 15-те үйлендіре берген. Ал жалғыз ұлы болса, баласына келіншек әперіп, қызығын көргісі келсе, 8-9 жасында үйлендіре салатын. Сол сияқты, он жастағы не одан да жас қызды күйеуге бере беретін.

Этнограф ғалым, жазушы Сейіт Кенжеахметовтың «Қазақтың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары» атты кітабында қалың мал ұғымына мынадай анықтама берілген:

«Бұрын әке-шешелер қыз, жігіттің ықтиярынсыз құда түсіп, қыз беретін адам алушыдан қалыңмал алады. Оның мөлшері құдалардың дәрежесі мен дәулетіне байланысты, екі жақ келісе отырып шешеді. Бұрыңғы кедейлер арасындағы қалыңмал мөлшері 5-6 малмен тынса, ірі байлар арасында екі жүз, бес жүз, мың жылқыға дейін жеткен».

Қыз бейшараны малға сатылып кете берілуінің әке қаталдығынан тыс бір себебі - білімінің болмағандығында да. Ол кезде қызын оқытып, оған білім беруге тырысқан адамдар аз еді. Не оқу білмейтін, не заңды түсіндіріп берер адамы жоқ қыздар зорлық көріп, бақытсыз ғұмыр кешетіні де осыдан.

- Нұрила, құдайдың жаратқан мақұлықтарының арасында қыздан сорлы  жоқ екен. Екі қатын үстіне малға сатылып мен отырмын. Алпысқа келген шалға баруға сен тұрсың. Зейнет бейшараны сегіздегі  балаға атастырып қойды, бір мақаудың тілеуін тілеп  Зылиха отыр.

- Сабыр ет, Ұлболсын, қыздың сорлы екенін енді білдің бе? Обалынды ата-анаңа арт та берген жеріне бар, болмаса, законше жолынды тап – деді құрбысына оқыған-тоқығаны бар Нұрила.

Міржақып Дулатов

Қыз баланың жағдайына жаны ашыған М. Дулатов әкелерінің санасына жетер деп, 1911 жылы «Айқап» журналының №1 санында Азамат Алашаұғлы лақап атымен «Екі қыздың мұңы» әңгімесін жариялаған болатын. Нұрила деген қыздың аузымен көпшілікке: «Бір сен емес, күллі қазақ қыздарына айтатұғын насихатым мынау. Атасының малға сатқан жеріне егер өзі риза болмаса, басын кессе де бармасын. Ғұмырын қол ұстасып өтсе де, өзінің сүйгенімен кетсін. Бұл іс шариғатқа да теріс емес. Қызын сатсын деген шариғат жоқ. Қыздың басына закон көптеген ерік берген. Бұларды көре тұрып пайдалана алмаған қыздардың обалдары өздеріне. Қызды балам деген аталар жылатпасын, оқуға берсін. Хайуанша сатылған жерге бармай, өз еркімен теңін табу, ел ішінде бола бастаса, қыз сатқыш аталардың қателері естеріне түсіп, жас қыз алғыш шалдар мен сұлу тоқалға құмар байларда малдарын далаға шашудан тоқталар еді, бейшаралардың көз жастары тиылар, халық қатарына қосылар, сүйген жарларымен ғұмыр бойы рахат жасар, бастарынан қара тұман серпілер. Шын бақытқа сонда ғана жетер! Мұның бәрі болар. Ұлболсын, болар», - деп жеткізеді.

Қыздардың малға сатылуы кеңес өкіметі орнағанда ғана тиылды. Бұны бірі құптап, екіншісі наразы болып жатса да, қалыңмал беру заңмен қудаланды. Ал қыздар болса, бұған іштей қуанды. Қалыңмал беру дегеніміз - адамды сатып алу, яғни күңдікте ұстау құралы деп саналатын болды. Осылайша, 1960 жылдың 1-қаңтарында Қазақ КСР Қылмыстық кодексінің 106-бабы бойынша әйелдердің некелік құқығына шек қою әрекеті айыпталып, жауапқа тартылды.

Бүгінде қалыңмалдың тек сарқыншақтары ғана қалған, немесе қыз жасауының құнына салынған кішігірім ақша сомасы десе де болады. Ал бүгінгі жастардың осы дәстүрге деген көзқарасы қандай, сөз кезегін оларға берейік.

Айғаным, журналистика факультетінің студенті, 20 жаста:

«Қазақстанның экономикасы қаншалықты тұрақты дегенімізбен, халықтың жұмыс істеу жағы қиын. Қалың мал дегенде тұрмыстық жағдай мен әлеуметтік жағдай ескерілуі қажет. Қазір, байқап жатқаныңыздай, жастар ерте үйленіп жатыр. Қыз алып жатқан жігіттің жағдайы қандай? Мүмкін орташа, мүмкін төмен. Жастай үйленсе, тіпті жұмысы да болмауы мүмкін. Соны ескеріп, түсіне білу керек. Бір жағынан қалың мал деген дұрыс та шығар, ата-анасы өз қызын бағалап жатса... Алайда, жігіт жағы несие алып, той жасап жатса, оған қоса қалың малға деп тағы бере шығынданса, бұл жас отаудың алдағы өміріне қиын болады. Сондықтан, қалың мал бермей-ақ, мүмкін атап, сый ғана берген дұрыс шығар деп ойлаймын».

Ақбаян, «Ерке Нұр» сән театрының моделі, 19 жаста:

«Өзім Ақтөбеденмін. Біз жақта қалың мал берілмейді. Қалың мал деген мүлдем түсінік жоқ. Бірақ қыз алатын кезде ананың сүті, әкенің күші деген сый береді. Қалың мал болмағандықтан, ол жайында білмейді екенмін, жаңа айтып кеткенімдей, ата-анасына қызын өсіргені үшін сый бергені - ең дұрысы деп ойлаймын».

Жақсылық, ақын, 21де:

«Қалың мал берген өте дұрыс. Ол бұрыннан келе жатқан дәстүр. Бүгінде оның салт-дәстүрімізге, ислам дініне жат деп жатқандар қаншама, бірақ, ол теріс пікір. Атам қазақ айтады: «Қыздан алып, қырға шықпайсын». Бұл қыздың жасау жабдығын жөндеп, дұрыстап ұзатып, өзінің сән-салтанатына кететін қаражат. Осы күнге дейін қызынан миллиондаған қалың мал алып, байып кетіпті деген адамды естімеппін. Қайта соның қызынан жақсы жасау келіпті, оның қызы жақсы ұзатылып келіпті, сол екі жас жақсы отау құрыпты деген сөздер ғана естігенмін. Бұның барлығы жас отауға көмек қой. Ал бүгінде осыны дінмен арандатып, оны жат деген нәрселердің барлығы меніңше дұрыс емес».

Сонымен, бүгінгі қалыңмал мен өткен ғасырдың қалыңмалы арасында тарихи өзгерістер мен заманға сай бейімдеушілік анық көрінеді, бірақ ең бастысы,  қалыңмал көлемі адам махаббатының мөлшері емес екендігін ұмытпағанымыз абзал.

Материалды дайындаған Айнұр Ракишева

Алия Arsik
6 қараша 2012, 15:18
21793

Загрузка...
Loading...

Пікірлер

Жақсылық дұрыс айтады. Қалыңмалдан байып кеткен ешкім жоқ.
Қалыңмалды қазір жай ғана "символически" береді. Есесіне қыздың жасауына кететін шығын өте көп қалыңмалға қарағанда. Кейбір аймақтарда "пәлен-түген" қалыңмал беріпті деген атаққа қалу үшін құдалар сорақы кейде күлкілі жағдайларға қалып жатады. Осындай кезде басқа ұлттардың шығыны аз болатын тойлары туралы еріксіз ойланасың. Ал "құдалық" ол бір керемет әңгіме)))
Негізі қалың мал, Жақсылық айтып кеткендей, қыз ұзату тойына немесе қалыңдықтың жасауына жұмсалады. Кейбір милары шағылған жастар оны онша мұнша түсіне бермейтіні анық, әсіресе жоғарыдағы сауалнамаға қарағанда. Тойға дайындық белгілі уақыты аралығында болады, оны да ескеруі қажет, той нап қазір болу деп түсіну - қате (несие туралы айтқан адамға). Мына сұхбатыңда, тек Жақсылықтың жауабын қалдыру керек ау, немесе анау жауап берген екі қыздың жасын біраз төмендедіп жіберу керек. Біреуі 16 жаста болсын, екіншісі 17-де.
Arsik
0
0
қатты кеттіңіз ғой. сіз қай жақтыкісіз? көп жерде қалың мал деген дәстүр жоқ және сіз айтып өткендей, жігіт жағы жасауға қаржы бөлмейді (шын мәнісінде). мына жерде дәстүрдің теориялық жағы мен қазіргі заманғы практикалық жағы айтылуда))
Көп жерде қалың мал деген дәстүр бар. Қалың малды сеңдер дұрыс түсінбейсіздер, ол "пәлендеген" ақша екен... деп жатқандар ата дәстүрден қашқақтап жүрген бәлелер ғой, негізі, ол қазір, 21 ғасырға бейімделген. Ал теориялық пен практикалық жағына келсек, жоғарыда жазып кеткендей, ол қыздың жасауына жұмсалатын нәрселер, орысша айтқанда "приданое", соны біраз түсініп алу керек сендерге :)
Салынатын сырғаны ол қайбір заманда болған нәрсе- деп жазып жібермейсіңдер ме...тағы да.
ой, сіз де айтады екенсіз. бір нәрсеге жабысып)) көп жерде қай жерде сонда? оңтүстік жақта ма?
Маратионок "анау жауап берген екі қыздың жасын біраз төмендедіп жіберу керек. Біреуі 16 жаста болсын, екіншісі 17-де." дегеніне келісе алмаймын. Әрқайсысы өз ойын айтқан. Тіпті мысалы, Айғаным күйеуге шыққан қыз. Бізге қарағанда тәжірибесі сәл көптеу бұл жерде :))
күшті материал екен, рахмет) "Осылайша, 1960 жылдың 1-қаңтарында Қазақ КСР Қылмыстық кодексінің 106-бабы бойынша әйелдердің некелік құқығына шек қою әрекеті айыпталып, жауапқа тартылды." мына фактіні білмеппін
Жақсылық мырзаның айтқанына мен де толықтай келісемін. Жақсы материал екен, Айнұр. жарайсыз
kook
0
0
P. S. қалыңмал мәселесіне қатысты тым көп жазып қойдым ғой дим)))
Кейде шабыт ұстаса өзіңді тоқтату қыйын))))
Жақаның қалың малы әзір ау деймін сөздеріне қарағанда )))
Menin oiymsha, kalyn mal dasturi tarihta kaldy. Postynyz zerttei zhumys siyakty.
Айнұр, меніңше, кеңестік кезеңнің көзқарасымен кеткен секілдісіз. Дегенмен қазақы көзқараспен қарасаңыз қалыңмалдың дұрыс жоралғы екеніне көз жеткізесіз. Ал жастардың ол туралы білмеуі немесе қарсы шығуы ол туралы қазақы көзқараспен жазылған еңбектің болмауынан. Қалың мал деген жасаумен қайтарылады деп дұрыс айтылған. Қалыңмал әдетте құда түскен соң бірден беріледі. Содан соң қыздың ата анасы сол қалыңмен жасау алады. Былайша айтқанда қалың мал да, жасау да екі жастың ата анасының еншісі деп есептеуге болады. Бір жағынан қызға берген бағасы деп есептеуге де болар. Өйткені соншама қараны беріп алған келіннің бабы да келісті болары сөзсіз. Ал кері жағдай ол ішінара кездесетін жайт. Оны факт етіп алға тартудың керегі шамалы
Бұл материалда жалпы қалыңмалдың шығу тарихы жайында және оған сол кездегі адамдар мен бүгінгі жастардың көзқарасы ғана берілді. Оны жақсы, не жаман деп өз пікірімді жазып тұрған жоқпын. Көкбөрі, бұл материалды жазу барысында тіпті қалыңмал деген не екендігін білмейтін, не оны туған қызын сату деп қарайтын жастар да кездесті. Сондықтан бұған танымдық материал деп қараңыз.
kook
2
0
Құрметті Айнұр ханым!!! Постыңызды толықтыру қажет секілді. Себебі постыңызда объективтілік аз және мәселені қарастыру барысында мәдени, фольклорлық-этнографиялық жақтарынан гөрі әдеби-шығармашылық және идеялогиялық тараптары көбірек қарастырылған.
20 ғасыр басында бұл мәселеге қатысты ұлт зиялылары көп жазған. Бір бөлігі өз еркімен. Олар қалыңмалға емес, теңсіз некеге қарсы болды. Екінші бөлігі Кеңес үкіметінің идеялогиялық ықпалымен. Дәл айтқанда 1917 жылға дейін бізді өткені жоқ, дәстүрі жоқ жабайы тобыр ретінде көрсету үшін, бірақ бұл басқа тақырып... Қалыңмал көптеген ұлттар мен ұлыстардың дәстүрлерінде кездеседі.
Енді қалыңмалға әке-шеше көзімен қарайық. Әрбір әке-шеше баласының лайықты, жақсы жерге қонғанын қалайды. Сонымен қоса баласының еш тауқіметсіз өмір сүргенін тілейді. Қалыңмалдың өзі күйеу бала жақтың қаншалықты дәулетті, жағдайларының жақсы екенінің индикаторы секілді. Ал қалыңмалдың өзіне келсек ол көп жағдайда қыз жасауының жартысына да тұрмайды. Себебі ол кезде ата-анасы қыз жасауын қыздың кішкентай кезінен бастап жинайтын. "алты жастан жинасаң асады, жеті жастан жинасаң жетеді" - деген содан қалған. Екіншіден қай ата-атана өмірінің гүлін, көзінің қарашығын кімге болса соған беріп жіберуге дайын? Қалыңмалға келіссөз кезінде болашақ құдаларын жақсы танып біледі. Жай құдалықта тек "сен жақсы да мен жақсы болады"
Pende
0
0
Орысша берілген себебі-орыс тілділерге түсіну үшін.
Во время сватовства, после ее официальной части решались вопросы о - қалыңмал -қалыңдықтың малы - богатство невесты. По некоторым, как нам кажется, неправильным трактовкам, как калым-уплата за невесту нельзя делать однозначный вывод о покупке невесты. Во-первых, в названии "калым" и "қалың мал" нет равнозначности. Калым, в нашем понятии, легкий доход, зачастую добытый нечестным путем, и никакого отношения к богатству невесты не имеет. В ранних периодах у кочевых народов богатство считали в "мал - скот", поскольку домашняя живность лошади, крупный и мелкий рогатый скот и другие объединялись в эту терминологию и это были основные богатства кочевника. Значимость "мал" была высокой и даже приветствия между людьми начиналась с этого слова " мал-жан аман ба?", то есть ведущим в приветствии был «мал –скот», а потом о людях - «жан».
Қалыңдықтың малы ( қалыңмал) предлагалось со стороны родителей жениха в виде живности, количество которое было известно всем казахам, как 47 или 37или 27 или 17 лошадей или равнозначное им по цене другие живности, как нам кажется , имеет договорно-гарантийный смысл, в том что сторона жениха также вносить свою посильную лепту материального достатка, для полноценного физического развития невесты, как будущую мать, способствующий продолжению здоровых потомков их семейства, рода, династии и т д. Ежегодный приплод живности, предназначенный для невесты, приносит для семьи невесты свежее молоко, мясо, кумыс и их производные, которые очень необходимо для правильного питания и роста девочки до невесты, для сохранения здоровья будущей матери. Конечно, это только дополняет ответственность родителей невесты в здоровом воспитании и развитии своей дочери. Тем самым создавались благоприятные условия физиологического развития здоровой невесты, материальная ответственность которого разделена равномерно на родителей с обеих сторон. Когда невеста выходит замуж, то ее приданное, в том числе и қалыңмал переходит в дом молодоженов, тем самым обеспечивается материальный минимум молодой семьи, что немаловажно для продолжения здорового потомства.. По данным А.Сейдимбек (2001) этимология казахского слова қалыңмал - приданое имеет значение имущества, принадлежащего не отцу или матери, а именно невесте, девушке, это ее собственность.
По-видимому, изначально было определено минимальное количество қалыңмала которое, также имело огромное значение в ответственности для сохранения и продолжения здорового потомства. По нашему предположению, жених не имеющий этот минимум, не имел права свататься, так как этот минимум и являлся критерием материального состояния, обеспечивающий нормальное продолжение здорового потомства. К сожалению, мы не смогли найти литературу, о такой трактовке смысла "қалыңмал", одного из важнейшего элемента в обряде бракосочетании казахов.
Қалың мал туралы көп нәрсе білемін деп ойлаушы едім, ал қазір өзім, осы тақырыпта мақала жазып жатқан соң көптеген жаңа мәліметтерге, пікірлерге көңіл бөлдім. Әр адамның өз пікірі бар, бірақ мен солай ойлаймын деп, солай болу керек деп ойлау дұрыс емес. Қалың мал десе көпшілігі ақша деп түсінеді, бірақ қалың мал ақшамен өлшенбейді, ол ірі қара мал берумен, сыйлықпен берілуі мүмкін, яғни екі жақтың келісімі бойынша жасалынады. Мен өзім оқитын ЖОО сауалнама жүргіздім, Қазақстанның барлық аумақтарында қалың мал беріледі екен. Қалың малмен қоса ананың ақ сүті, өлі-тірісі, киіт жасалынады. Қалың мал болған дұрыс, дұрыс емес деп кесіп айтуға болмайды, әр отбасының шамасына байланысты беріледі. Қалың мал тек біздің қазақта ғана емес, басқа ұлттарда бар. Ата-бабамыздан келе жатқан салт-дәстүріміз және соны сақтап, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп отыруымыз біздің міндетіміз деп білемін.
салеметсизбе АЙНУР апа, мен 8 сынып окушысымин, мен мына саитка крген себебм, устаз калыңмал деген не соны жазп келиндер деген сон, иа сонымен осы саиттан керегимды ыздеп кордм брак таппадым, сыз тек калынмалга мысалдар гана жазган екенсиз, ал калынмалдын негизгы аныктамасы жане накты жауабын жазбапсыз, мумкин ондай малимет сизде жок болган болар, дегенмен нагыз аныктамасын осы саитка салсаныз жаксы болар еді

Пікір қалдырыңыз

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Сондай-ақ Ctrl+Enter басуға болады

Танымал жазбалар

Инструкция для аллергиков. Как бороться с аллергией в период обострения

Инструкция для аллергиков. Как бороться с аллергией в период обострения

Я аллергик с детства. Имею аллергию на пыльцу березы, липы, полыни (выяснил это благодаря кожным пробам), а также пищевую аллергию на горчицу. Свои проблемы знаю, однако это меня не спасло.
Romeo_17
вчера / 17:21
  • 37962
  • 62
Алматы предложили сделать центром секс-туризма

Алматы предложили сделать центром секс-туризма

Известный политолог России Андрей Карпов предложил сделать Алматы центром секс-туризма. Но для этого сперва нужно легализовать проституцию в стране.
tala03
13 авг. 2017 / 14:48
Балконы Алматы. Интересные экземпляры встречаются только на старых домах

Балконы Алматы. Интересные экземпляры встречаются только на старых домах

Ещё один отчёт, который очень хотел сделать. Посмотрим на старые алматинские балконы. Хоть у нас и нет шедевров, но кое-что можно снять и выставить.
Ispanec
10 авг. 2017 / 0:04
  • 2831
  • 9
Американцы хотят напасть на КНДР, но не знают, где находится эта страна

Американцы хотят напасть на КНДР, но не знают, где находится эта страна

В США 75% жителей считают, что КНДР является "критической угрозой" для их страны. Авторы популярного американского шоу Джимми Кимела решили проверить жителей США, знают ли те, где находится КНДР.
tala03
10 авг. 2017 / 16:48
  • 2605
  • 58
Ограбление года: 3 млн долларов и 50 тысяч евро украли у казахстанского экс-министра

Ограбление года: 3 млн долларов и 50 тысяч евро украли у казахстанского экс-министра

КТК: "У жителя Алматы украли… 3 миллиона долларов! В деле, которое расследует сейчас местная полиция, удивляет всё – и внушительная сумма, и фамилия пострадавшего..."
SamJamKZ
10 авг. 2017 / 11:43
  • 2369
  • 42
Учителям, владеющим английским языком, повысят зарплату на 200%

Учителям, владеющим английским языком, повысят зарплату на 200%

В Казахстане началось поэтапное внедрение трехъязычного образования. По данным МОН РК, с 2017 учебного года начнется внедрение трехъязычия в 5-х классах.
tala03
10 авг. 2017 / 15:20
  • 1948
  • 31
Приложение казахстанских школьниц признали лучшим на конкурсе в Сан-Франциско

Приложение казахстанских школьниц признали лучшим на конкурсе в Сан-Франциско

Команда алматинских школьниц выиграла главный приз международного конкурса Technovation Challenge 2017 по разработке мобильных приложений.
yviNews
11 авг. 2017 / 16:38
  • 2211
  • 5
Недоразумение с грантами в ВУЗы: «медалисты» до сих пор имеют преимущество

Недоразумение с грантами в ВУЗы: «медалисты» до сих пор имеют преимущество

Многие способные выпускники без Алтын Белги готовились к тестированию, чтобы в честной борьбе попытать счастья на гранты без ущемления со стороны якобы "золотых" выпускников.
DanaJarlygapova
14 авг. 2017 / 14:35
Кандидат в президенты Польши просит место жительства в Казахстане

Кандидат в президенты Польши просит место жительства в Казахстане

Балли Мажец, ранее Балжан Наурызбаева, уроженка Южно-Казахстанской области уже 30 лет проживает в Польше. Является гражданской активисткой и председателем ассоциации Wspolnota Kazachska.
tala03
10 авг. 2017 / 0:25
  • 1392
  • 11