Жундуб ибн Абдуллаһ (р.а.) жеткізген хадисте:
«Аллаһ елшісі (с.ғ.с.): Бірде біреу: Уаллаһи! Аллаһ тағала пәленше деген адамды кешірмейді деп ант-су ішкен еді. Сонда құдіреті күшті Ұлы Аллаһ оған: Менің пәленше деген құлымды кешірмейтінімді айтып, Менің атыммен ант ішкен кім? Мен пәленшенің күнәларын кештім. Ал сенің амалдарыңды түкке тұрғысыз қылдым деп айтты» деген.
(Муслим риуаят еткен)