• 51038
  • 86
  • 9
Нравится блог?
Подписывайтесь!

«ӘКІМ ЫСҚАҚТЫ НЕГЕ СОТҚА БЕРДІМ?»

Генерал Сабыр Рақымов

Генерал Сабыр Рақымов

Ғалым Әсілхан Оспанұлы

Ғалым Әсілхан Оспанұлы

Әкім Ысқақ

Әкім Ысқақ

Құрметті оқырман, осы жылдың 03.04.2012ж. күні Әл Фараби аудандық сотына ҚР Парламент Мәжіліс Төрағасы Хатшылығы меңгерушісінің орынбасары (өткен жылғы газетте қызметі осылай көрсетілген) Әкім (Әбділәкім) Ысқақты қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы сот қарауына шағым беріліп, шағым сот өндірісіне алынып істі қарау процесі басталған болатын. Алайда, жеке айыпталушы Ә.Ысқақ кезекті сот отырыстарына себепсізден-себепсіз келмегендіктен судья тарапынан оны мәжбүрлеп әкелу қаулысы шығарылып оның орындалуы сот приставына тапсырылып, сот приставы өз тарапынан келтіру шараларын қолдана бастаған соң, ол сотқа өзінің адвокатымен келіп қатыса бастады. Осы жылдың 15 маусымына белгіленген кезекті сот мәжілісінде Ә.Ысқақ және оның адвокаты істі «бітімгершілікпен бітірейік» деген ұсынысын, іске қатысушы өкіліммен кеңесіп, әрі іске төрағалық етуші судья Ш.Бийсимбиева да істің салдарын түсіндіріп, екі жақтың бітімгершілікке келгенін бекітіп істі қысқартты.

Арада біршама уақыт өткен соң,  Шымкент қаласынан шығатын кең тарала бермейтін бірнеше газеттерде менің 2011 жылдың ақпан айында «Айғақ» газетінде жарық көрген «Генерал Сабыр Рақымовтың қазақ екенін дәлелдеген кім?» атты мақаламнан бастап, басқа да мақалаларымдағы уәждеріме бірде бір қарсы дәлел айта алмай, мазмұны бір сарынды сыңаржақ мақалалар жарық көріпті. Бұл мақалалардың жарияланғанын мен кездейсоқ жағдайда білдім. Аталмыш мақалалардың стиліне назар аударғанымда олардың бір қолдан шыққандай, яғни мұның бәрін бір адам ұйымдастырған сияқты. Себебі бір мақаланы Ә.Ысқақпен бірге келіп, сот отырысынан кейін маған өзінің кітабын ұсынып, ілтипат білдіріп, кітабына: «Бердалы бауырыма, Алла жар болсын!» деп тілек жазып сыйлаған Тастанбек қажы Бердіқұлдың есімі көрсетіліпті. Құрметті оқырман, бұны арандату демеске лаж жоқ?

Сот жүріп жатқан уақыт аралығында мені қаралаған, ішінде тіпті ұлтаралық араздықты қоздырушылық әрекеттері бар мақалалар неге қаулап кетті? Және олардың төртеуі бір мезгілде, бір газет бетінде жариялану себебі неде? Сот өтіп жатқан кезде Бұқаралық ақпарат құралдарында маған қарсы мақалалар серияларын жариялау, сот барысына ықпал ету болып табылатын іс-әрекеттер екендігін, оның

жауапкершілікке тартуға әкеліп соқтыратындығын бұл мақалаларды ұйымдастырушылардың білмегені ме, әлде саналы түрде барған әрекеті ме? Қандай жағдайда болса да олардың бұл іс-әрекеттеріне шағым келтіру арқылы жауапкершілікке тарту мәселесін қолға алудамыз.  Жоғарыдағы жарияланымдардың басы-қасында Ә.Ысқақтың қатысы барлығы байқалған жағдайда оны тағы да жауапкершілікке тарту мәселесі туындайды.

Енді мән-жайды рет-ретімен баяндайын.

Құрметті оқырман, өздеріңізге белгілі, биылғы жылы Ұлы Отан соғысының батыры, генерал Сабыр Рақымовтың туғанына 110 жыл толып отыр. Осыған байланысты Жеңіс мерекесі күндері республикалық «Айғақ», «Жас қазақ үні», «Новое Поколение», «Шымкент келбеті» газеттерінде ғалым «Әсілхан Оспанұлының генерал Сабыр Рақымовтың ұлты қазақ екенін дәлелдегеніне 40 жыл» атты мақалалар жарық көрді. 9 мамыр күні жарыққа шыққан «Оңтүстік Қазақстан» газетінде тарих ғылымдарының докторы, М.Әуезов атындағы университеттің факультет деканы, ғалым Сейдехан Әлібек мырза: «Қазақтан шыққан қолбасшы» атты мақаласының кіріспесінде: «Ержүрек ұлдарымыздың бірі – даңқты қолбасшы, қазақтан шыққан генерал Сабыр Омарқұлұлы Рақымов. Оны туған елімен қауыштыруда көп еңбек сіңірген ғалым Әсілхан Оспанұлы еді. Ұлтжанды азамат өткен ғасырдың жетпісінші жылдарының басында, кеңестік саясаттың қылышынан қан тамып тұрған кезде батырдың ұлты қазақ екенін дәлелдеуі асқан ерлік болатын» деп жазды.

Естеріңізде болар, 2011 жылдың ақпан айында «Айғақ» газетінің екі санында менің «Генерал Сабыр Рақымовтың қазақ екенін дәлелдеген кім?» атты мақалам жарияланған соң ол үлкен қоғамдық пікір туғызып, бұл тақырып аясындағы әңгіме әлі де жалғасып келеді.

Мен  мақаламда ғалым Әсілхан Оспанұлының 2003 жылы «Ақиқат» газетінде өзінің еңбегіне жиендік жасағандар туралы жазғанынан үзінді келтірдім. Атап айтқанда А.Құралов туралы: «Аманкелді інім мен Нұрлан баламның әрекеттері «Қазығұрт қыраны» кітабымның тақырыбына жиендік жасау десем (олай деуге, әрине, толық негізім бар). ...Бір ойды бір ой қозғайды дегендей, осы жерде бұдан да бұрын өзімді шіміркендірген және бір жағдайды еске түсірудің ығыты келіп тұр. Бір қанша жыл бұрын болып өткен оқиға еді бұл. «Лениншіл жас» (Қазіргі «Жас Алаш») газеті сияқты аяқ астынан өзінің біздің облыстағы тілшісі, өзімнің шәкіртім (құдайдың құдіреті, кейде көресімді осылай өз шәкірттерімнен көріп жүремін) Әкім Ысқақтың Сабыр Рақымов туралы құлаш-құлаш мақалаларын жариялап, ...Сол мақалаларының алғашқысында Әкім де Сабыр Рақымов жайын өзіне дейін ешкім қозғамағанын жұртқа жариялап жіберді» деп Әкім Ысқақты да өз еңбегіне жиендік жасағандар қатарында атаған.

Себебі, Әсілхан Оспанұлы өзі жазған мақалаларымен қолында бар материалдарын Ә.Ысқаққа бере отырып, одан генерал Сабыр Рақымовтың

қазақ екенін баспа бетінде тұңғыш жариялаған Әсілхан Оспанұлы, деп мақаласының басында көрсететіндігін күткен еді. Бірақ бұлай  болмағанына көңілі қалып «Есіл-дағы еңбегім» мақаласында Ә.Ысқаққа өзінің кейістік пікірін білдіреді. Неге екені белгісіз Әкім Ысқақ С.Рақымов туралы жазғандарында Әсілхан Оспанұлы генерал Сабыр Рақымовтың ұлты қазақ екенін алғашқы болып жазды деп ешқашан нақты жазған емес. Жазушылық, зерттеушілік әдеп-этика бойынша жазушы өзі жазып отырған тақырыпты зерттеуді кім, қалай бастағанын жазуға міндетті.

Генерал Сабыр Рақымовтың ұлты қазақ екенін баспа бетінде бірінші болып кім жариялады деген сұраққа жауап беру, Берлин қаласын алуда жеңіс туын Рейхстагқа кім бірінші болып тікті, деген сұраққа көп жылдар бойы нақты жауап айтылмай келгендей жағдай. Рақымжан Қошқарбаев ағамыздың ерлігі туралы нақты айтпай, жалпы сөзбен жанамалай жазу тәсілдері қолданылғаны белгілі. Мысалы: Мартын Мержанов деген жазушы «Бұл осылай болған» («Қазақстан» баспасы, Алматы-1977. 163-бет.) атты кітабында, Рейхстагқа жеңіс туының қалай тігілгені жөнінде былай деп жазылған: «...Михаил Еремин былай деп баяндап берді: - ...14 сағат 25 минутта біз рейхстагқа жетіп, орталық есіктің шеткі колоннасының үстіне жалау тіктік.

Рейхстагтың екінші жағынан осындай жалауды 150-дивизиядан Рақымжан Қошқарбаев, ал кейін басқа да көптеген жауынгерлер тіктік...». Өздеріңіз көз жеткізіп отырсыз, бұл жерде Еремин өздерінің жалау тіккен уақытын нақты айтады, ал Рақымжан ағамыздың ту тіккен уақытын тіпті де аузына алмайды. Бұны оқыған кім де болса Рейхстагқа туды бірінші Еремин тікті, деп сенеді. Әкім Ысқақ та С.Рақымовқа арналған мақалаларының алғашқысында осындай әдісті қолданып Ә.Оспанұлының атын атамай кеткен. Сондықтан кейбір аңғал оқырмандар С.Рақымовтың қазақ екенін баспа бетінде алғаш жариялаған Ә.Ысқақ деп ұғып қалды.

Ә.Ысқақ бұндай әдісін кейін де, мысалы «Шұғыла» газетінде қолданды. Ол 2010 жылы Атанбек Наурызға өзі туралы мақала жазуды өтінген. А.Наурыз мақала дайындап, басқа мәліметтер мен қатар генерал Сабыр Рақымовтың қазақ екенін оқырманға алғаш жеткізген ғалым Әсілхан Оспанұлы деп   жазған мақаласын Ә.Ысқаққа 09.04.2010 жылы интернет арқылы жолдаған. Ә.Ысқақ Атанбек Наурыздың жазған: «Белгілі әдебиеттанушы, танымал ғалым ағамыздың жазбаларында қазақ азаматы екендігі дәлелденіп, Қазығұрттың қыранындай суреттелген Ұлы Отан соғысының жеңімпазы, генерал Сабыр Рақымовтың есімі өз елімен қайта қауышып, облыс тұрғай, республиканың бірқатар нысандарына қойылды» сөздерін мақала мәтінінен алып тастап, «Шұғыла» (№22. 6-бет, 2010 ж.) мақаланы оқыған оқырман С.Рақымовтың қазақ екенін алғаш жариялаған Ә.Ысқақ деп түсінсін деп осындай әрекетке әдейі барған.

А.Наурыз мақаладағы өзгерістерге ешқандай қатысы жоқ болғандықтан: «Мақала Астана қаласының тұрғыны Әкім Ысқақтың 50

жылдық мерейтойы қарсаңында, өз өтініші бойынша 2010 жылы ақпан айында жазылды. Мақаланың газеттік нұсқасы автордың, яғни менің келісімімсіз жарияланғанын мәлімдеймін. Ондағы қосылған мәтіндермен келіспеймін» деп маған қолхат жазып берді. А.Наурыздың мақаласының мәтіні мен СД-дискіге түсірілген нұсқасы да менің қолымда.

«Шұғыла» газетінің бас редакторы Базаркүл Ақынқызынан «бұл мақаланы қалай жарияладыңыз», деп сұрағанымда, ол: - Мақала мәтінін редакцияға факс арқылы Әкім Ысқақ өзі жолдады, мақала солай басылды, - деген анықтамасын редакция мөрімен куәландырып берді. Сонымен мақаланының түпнұсқа мәтіні бір басқа, жарық көрген мәтін бір басқа болған?!

Ә.Ысқақ шын мәнінде С.Рақымовты насихаттаушы болса, ол мақаласының алғашқысында: 1972 жылы ғалым Әсілхан Оспанұлы С.Рақымовтың ұлты қазақ екенін «Қазығұрт қыраны» мақаласында «Оңтүстік Қазақстан», «Лениншіл жас» газеттерінің беттерінде жариялады деп жазар еді.

2010 жылы «Оңтүстік Қазақстан» газетінде А.Самиғоллаұлының «Астаналықтардың құрметіне бөленді» мақаласында Әкім Ысқақ туралы «...Сабыр Рақымовтың ұлты қазақ екенін дәлелдеп» деп жазылғаннан кейін мен «Генерал Сабыр Рақымовтың ұлты қазақ екенін дәлелдеген кім?» атты мақала жазуым керек деп білдім. Мақаламда әкемнің еңбегіне жиендік жасағандардың қатарында аталған бірнеше есімдерді атаған болатынмын. Мақалада аты аталған «Генерал Сабыр Рақымов» кітабын жазған Елік Дүйсебекұлы ақсақал, болған жағдайды «Айғақ» газетіне нақты жазып  «Ә.Оспанұлының әруағынан кешірім өтінемін» деген жүрекжарды сөзін жариялады. Жазушының бұл кісілігін көпшілік құп алды.

Әкім Ысқақ болса менің келтірген дәлелдеріме ешқандай уәжін келтіре алмай, «Айтысқанша, айбынын асырайық!» мақаласын «Рейтинг» газетінде жариялады да, аты айтып тұрғандай, менің көтерген тақырыбыма «айтыс» мағынасын беріп жіберді. Ә.Ысқақтың «айтыс» деген сөзін Шойбек Орынбай іліп әкетіп өз мақаласында «айтыс-тартыс» деп қоздатты. Бұдан соң ел ішінде «Қасекеңнің қасқа сөздері» деген афоризмге айналған сөздерімен белгілі Қасымбек інімнің  Ә.Ысқақ туралы айтқан:

«Айлығы Астанада,

Айтысы Шымкентте», - деген сөзі де ілезде ел аралап кетіп еді.

Сонымен қатар, Әкім Ысқақтың   «Рейтинг» газетінде жариялаған мақаласына жауап ретінде қарсы уәждерімді келтіріп: «Ә.Ысқақ қорықпай сөйле!», «Ауыл үйдің моншағын ұрласаң, қай жеріңе тағасың?», «Судың да сұрауы бар», «Жалған сөйлесең жалғыз қаласың, немесе Әкім Ысқақтың өтіріктері» мақалаларымды жарияладым. Бірақ, неге екені белгісіз, Ә.Ысқақ бұл мақалаларымды оқыса да жауап қайтара алмай үнсіз қалды.

Бұл аралықта ғалым Әсілхан Оспанұлыны жақсы білген, С.Рақымовтың ұлты қазақ екені қалай жазылғанын, сол кездегі билік басындағылардың

ғалымға көрсеткен қысымдары туралы білетін еңбек ардагері, библиограф ғалым Қалтай Рысбекұлының мақаласы жарық көрді. Ғалым Исахан Мархабаев ақсақалдың да қолдау білдірген мақаласы жарияланды.

Енді 15 маусым күні сот отырысында Ә.Ысқаққа қойылған сұрақтар мен оларға оның берген жауаптарын назарларыңызға ұсынамын:

Сұрақ Ә.Ысқаққа: А.Самиғоллаұлының өзіңіз туралы «Оңтүстік Қазақстан» газетіндегі «генералдың ұлты қазақ екенін дәлелдеп» дегенін неге теріске шығармадыңыз?

Ә.Ысқақ: Біреулер менің еңбегіме солай баға беріп жатса ол өзінің пікірі.

Сұрақ Ә.Ысқаққа: А.Самиғоллаұлы деген кім, танисыз ба?

Ә.Ысқақ: Жоқ, танымаймын.

Сұрақ Ә.Ысқаққа: Сіз Әсілхан Оспанұлының 2003 жылға дейін өзіңіз туралы жазған пікірі туралы жазасыз. Бірақта, ғалымның 2003 жылы «Есіл-дағы еңбегім» мақаласында сізге көңілі қалып, кейіген соңғы пікірін неге айтпайсыз?

Ә.Ысқақ: Мен ол мақала жөнінде осы сот процесі басталғанда ғана білдім.

Сұрақ Ә.Ысқаққа: Сіз менің 2011 жылы ақпан айында жариялаған «Генерал Сабыр Рақымовтың қазақ екенін дәлелдеген кім?» мақаламды оқығаннан кейін «Рейтинг» газетінде маған жауап жаздыңыз, солай ғой?

Ә.Ысқақ: Иә.

Сұрақ Ә.Ысқаққа: Менің мақаламды оқыдыңыз, бірақ сонда келтірілген Әсілхан Оспанұлының «Есіл-дағы еңбегім» мақаласындағы сіз туралы жазған кейістік пікірін қалайша оқымадыңыз?

Бұл сұраққа Ә.Ысқақ жауап бере алмады.

Сот отырысында  мен заңгер өкіліммен бірге болдым. Жеке келу себебім, өзіме сенімді болдым. Өйткені мені әкемнің рухы қолдады, әрі әкемнің еңбегіне баспасөз беттерінде өздерінің әділ бағасын берген профессор Әмір Мұсақұлов, библиограф, подполковник Қалтай Рысбекұлы, ғалым Исахан Мархабаев, жазушы Елік Дүйсебеков ағаларым қасымда қолдап тұрғандай болды.

Әкім Ысқаққа жиырма шақты адам еріп келіп, сот отырысына қатысып отырды. Мен сөйлеген кезде олар: «Бұл кім өзі?», «Бұрын қайда болған?»  және т.б. нәрселерді айтып менің сөзімді бөле берді. Өз кезегінде судья Ш.Бийсимбиева оларды сабасына түсіріп отырды. Осы жерде айта кететін бір жәйт, судья Шара Бийсимбиева Заң алдында барлық азаматтардың лауазымына қарамай тең құқылы екенін,  сәт сайын күрделене түскен істі жүргізуде менің уәждеріме ден қойып, ойды еркін жеткізуге жағдай жасағандығына өз ырзашылығымды білдіремін.

Ал енді мақаланың басты тақырыбына қайта оралайық.  Сотта неге бітімгершілік ұсынысын қабыл алдыңыз деген сұраққа жауап

берейін? Менің қойған сұрақтарыма жауап беруі деңгейінен Шымкент

педагогикалық институтының  физика факультетін бітірген Әкім Ысқақтың ғылыми ізденуде шорқақтау екенін аңғарған соң, оны сұрақтың астына алып әбіржіте бергім келмеді. Әрі Ә.Ысқақтың адвокаты көп сөзге бармай бітімгершілікке келуді бірнеше рет ұсынуда болды. Судья Бийсимбиева да оның бұнысын қолдады. Қазақтың: «Алдыңа келсе әкеңнің құнын кеш» деген сөзі бар. Сондықтан менің ең басты мақсатым әкемнің еңбегін басқаларға ұмытпайтындай етіп жеткізу және жасым үлкен болғандықтан менен кіші Әкім Ысқақтың бұл ұсынысын қабыл еттім.

Біздің келіскенімізді көрген Ә.Ысқақтың залда отырған жақтастары қуаныштарын жасыра алмады. Осы жерде судья Ш.Бийсимбиева білгірлік танытып, олардың лебіз білдіремін дегендеріне ұрықсат етіп сөз берді.

Ә.Ысқаққа еріп келгендер тарапынан бұл соттың отырысы жайлы  көпшілік ғибрат алатындай мақала жазылса деген ұсыныс-тілектерін білдірген еді. Мен бұл ұсыныспен келісіп, мақаламды көпшіліктің сот жүйесіне деген сенімінің артқандығын көрсететіндей мазмұнда жазатынымды қысқаша хабарлап: Әкім Ысқақ та осы жайлы мақала жазсын, дедім. Ол: «жазбаймын», деді. Бәлкім, оның мұнысы айтар қарсы уәжінің болмағандығынан шығар?

 

PS. Осы мақала жарияланғаннан кейін («Айгақ» республикалық апталық газет. №25-26, 27. 06.2012. 8-9 бб.)  Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Аппаратынан жауап келіп, сол хат мәтінінде Әкім (Әбділәкім) Ысқақпен түсіндіру сұхбаты жүргізілгендігін және оның қазіргі кезде Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Аппаратында жұмыс істемейтіні баяндалған.

 

P.S., P.S. Жоғарыда аталған мақалалардың авторларын жауапкершілікке тарту мәселесін қолға алудамыз.  Егер ол жарияланымдарға қатысы барлығы байқалған жағдайда, Әкім Ысқақты тағы да жауапкершілікке тарту мәселесі туындайды.

Бердалы ОСПАН.

   
10 июля 2012, 18:22
2883

Загрузка...
Loading...

Комментарии

Құрметті Бердалы Оспанұлы мен бәрін біліп сезіп отырмын,Құралай апайдың 1972 жылы оңтүстіке келгенін ,сіздің әкеңізге шет жағасын айтқанын содан кеиінгі күиеуі Мәліктің (Мүсілімбай)шежіресіне кіргізгені,сол кезде Қазғұрт қыраны тұтанды.сонымен жабулы қазан қалады,сөйтіп еліміз тәуелсіздік алған,алғашқы жылдары марқұм Аманкелді Құралов баласы Нұрланың демеуімен өзінің өлең жинақтарын шығарады. Одан кеиін іле-шала Елік Дүйсебеков "Генерал Рақымов"деген аңызға толы кітапша шығарады. Сөздің қысқасы Сабыр Рахымовтың руы Суан екеніне ешкімнің таласы жоқ, Бұл күнде Сабыр атамызды ешқандай құжатсыз Қазғұртың Көкбілінде туды деп,және 110-жыл деп асыра сілтеп күнәге батқандарында білмеиді.Сабыр атамыз биыл 100-ге толды.Мен Сабыр атамыздың немере інісі болам оны дәлелдейтін құжаттар бар.Сабыр Рахымовты іздеуші,жоқтаушы ,желтоқсаншы Омаров Ерлік Мұқанұлы. +77073833701.

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

Нет ничего более вдохновляющего, чем видеть стада сайгаков. Не зря их называют «киелі»

Нет ничего более вдохновляющего, чем видеть стада сайгаков. Не зря их называют «киелі»

В начале 2000-х годов в уральской популяции оставалось только 2500 сайгаков. Сейчас благодаря охране от браконьеров их численность выросла до 100 тысяч.
theYakov
17 июля 2017 / 17:55
  • 8887
  • 3
Ресторанный консенсус в Казахстане: мужчина платит всегда

Ресторанный консенсус в Казахстане: мужчина платит всегда

Ресторанный консенсус в этой стране таков, что если речь идет именно о свидании, то оплачивает его на 100% из 100 именно мужчина. Пытаться его расшатать - это достаточно дорогое удовольствие.
convoluted
17 июля 2017 / 15:32
Решили рискнуть и обратиться к риэлторам. И этим людям мы доверяем свой ночлег?

Решили рискнуть и обратиться к риэлторам. И этим людям мы доверяем свой ночлег?

Звоним риэлтору, говорим, верните наши 15 000 тг, так как ваша клиентка нас кинула. По его словам, он вернуть деньги больше не может. Не имеет право.
decorus
17 июля 2017 / 14:48
  • 3192
  • 15
Польша – страна простых решений. Почему они смогли, а мы еще нет?

Польша – страна простых решений. Почему они смогли, а мы еще нет?

В Польше вообще очень много понятного и простого – инфраструктура, коммуникации и дороги прежде всего, льготы в образовании, поляки вообще получают его бесплатно. А урожай побольше нашего.
Shimanskaya
17 июля 2017 / 16:08
  • 3329
  • 37
«Алматы – город, летящий под откос», или Кто заказал утку у российского блогера

«Алматы – город, летящий под откос», или Кто заказал утку у российского блогера

Некий блогер Сергей Никитский неустанно пишет о Казахстане, Астане, Экспо и посвящает два материала Алматы, причём подчёркнуто называет город Алма-Ата.
Langdon
19 июля 2017 / 15:44
  • 3332
  • 56
«Язык мой – враг мой», или 7 причин никогда не разговаривать с полицией

«Язык мой – враг мой», или 7 причин никогда не разговаривать с полицией

На этот раз пост очень важный и необходим к прочтению каждым! Не поленитесь и уделите время прочтению. Ни в коем случае, не разговаривайте с полицейскими до прихода вашего адвоката!
asselsabekova
18 июля 2017 / 14:19
  • 3058
  • 31
Один из способов выиграть суд против коллекторов

Один из способов выиграть суд против коллекторов

Сегодня в своем посте я постараюсь рассказать, как выиграть суд против некоторых коллекторских компании в нашей стране. Чем отличается коллекторское агенство от обычного банка?
Advokot
18 июля 2017 / 15:31
  • 2919
  • 10
Книга, которая сэкономит вам 150 тысяч долларов и два года жизни

Книга, которая сэкономит вам 150 тысяч долларов и два года жизни

Автор утверждает, что программы МБА не дают никакого позитивного выхлопа, если ты уже не являешься владельцем или наследником прибыльного бизнеса. Знания МБА можно получить бесплатно, уверяет он.
Aks_Ras
19 июля 2017 / 16:28
  • 2495
  • 2
Госорганы, ответственные за жизни детей, хранят молчание. У них в отчетах все хорошо

Госорганы, ответственные за жизни детей, хранят молчание. У них в отчетах все хорошо

Вчера все информационные агентства страны передали сообщение, которое заставило забиться в ужасе сердца всех матерей страны. В мусорном контейнере города Сатпаев было обнаружено тело новорожденной девочки.
AliyaSadyrbaeva
19 июля 2017 / 11:06
  • 2224
  • 18