Ёсудағы EXPO-2012

Салтанат Сүгір 2012 M06 29
1358
3
1
0

Дүниежүзілік көрме өтіп жатқан Ёсу қаласы мұхит пен құрлықтың ұштасқан жерінде, Одонг-до тау сілемдері мен шағын-шағын үз жүз аралда шашырай орналасқан. Cарагосадағы «Су», Лиссабондағы «Теңіз»...

Дүниежүзілік көрме өтіп жатқан Ёсу қаласы мұхит пен құрлықтың ұштасқан жерінде, Одонг-до тау сілемдері мен шағын-шағын үз жүз аралда шашырай орналасқан.

Cарагосадағы «Су», Лиссабондағы «Теңіз» тақырыптарымен өткен дүниежүзілік көрмелердің заңды жалғасы Ёсудағы «Мұхит және Жағалау» көрмесінің қалашығы шартты түрде үш аймаққа – Қала, Жағалау, және Мұхитқа бөлінген.

«Теңіз индустриясы және технология» павильоны теңіз суы арқылы су балдырларын мата, билогиялық этанол алуға пайдаланудың жаңа мүмкіндіктері сияқты ғылым жаңалықтарынан сыр шертеді.

«Теңіз өркениеті» адамзат баласының мұхит шарлауы мен кемелердің тарихы туралы білуге болады

«Теңіз қаласы» павильонында тоннелдер арқылы су астындағы қаланы, алып лифтілер арқылы мұхиттың түбі мен ашық теңізді және жағалауды байланыстырған болашақтың порт-қаласын, судың тұздылығы мен температурасын қуат өндіруге пайдаланаудың жобаларын тамашалауға болады.

Дүниежүзілік EXPO-2012 биыл 12 тамызға дейін созылады. Көрмеге Азия, Америка, Африка, Еуропаның 108 елі, сонымен қатар БҰҰ, Экономикалық ынтымақтамстық пен даму ұйымы, Жаһандық экологиялық қор сынды 10 халықаралық ұйым қатысып жатыр.

11 мамыр күні EXPO-2012 Дүниежүзілік көрме қалашығында Қазақстанның экспозициясы ресми түрде ашылды. Еліміз осымен төртінші рет өзге елдермен терезеcі тең дәрежеде өз көрме павильонын ұсынып жатыр. Жалпы аумағы 774 шаршы метрді құрайтын Қазақстан павильонында eліміз туралы егжей-тегжейлі мағлұмат беріліп, Арал проблемасын шешудің жолы дүниежүзілік қауымдастықтың назарына ұсынылған.

"Астана" журналына жарияланды

Оцените пост

1

Комментарии

0
Бұнынң бәрі, БАӘ дегі, Дұбай қаласындағы Джумейрадан басталған секілді.
EXPO-2012-ге қандай жобалар болғанын, және тың идеаларды да, сонымен бірге жаңа технологияға байланысты заттарды да жаза кетсеңші?
0
Кыска гана акпарат беруге тырыстым! Жазылган гой сипаттама
0
Сен ренжіме да, бірақ ондайды естіп жатырмыз Астана, Қазақстан мен Хабардан. Сол көрмеде не болғанын да жаза керек дегенім ғой. Әлде біздің журналисттер Есуға барған жоқ па? Назарының бәрін футболға беріп қойған секілді...
Показать комментарии