• 56378
  • 93
  • 14
Нравится блог?
Подписывайтесь!

Алатау аласарған ба?!

«Ұйықтасам түсіме ылғи тау кіреді» демеуші ме еді ақиық ақын Мұқағали. Әрбір алматылықтың өңінде де, түсінде де тау жүреді. Алатау мен Алматы тел ұғым. Алатау тұрғанда Алматы жоғалмайды. Алматы жоғалмаса, Алатау аласармайды. Алматының есімін алты қырға асырған күш сол аңғарлары мен шатқалдары көп, жоталары мен жықпылдары көп Алатау. Ал, Алматы – сол Алатаудың ерке баласындай етегінде асыр салған шолжаң шаһар. Мұқағалиша айтсақ, «Алматы – жүрегі Алатаудың! Тау ұйқыға кеткенде бүлкілдеген». Алматыдан жырақтаған әр адамның іздейтіні сол тау. Алматыға ат басын тіреген әр жанның да құмартқаны сол тау. Алатау – қорған, Алатау – құлазыған адамды қайта тіктейтін асқақ биіктік. Бұл сөзімізді әйгілі Әбіш Кекілбаевтың «Аласартып кетердей болса қауіп, Алатауға қарап қой ауық-ауық» деген сөзі растайды.


Алатауды жырламаған ақын жоқ. Өйткені, Алатау зәңкиген меңіреу тау ғана емес, шалқар шабыт сыйлайтын асқақтық. Ақбас шыңдарын мұз жалаған биіктік. Сол биіктікті сезінудің өзі бір бақыт! Сол бақытты Мұқағали ақын: «...Алматыны сыйласаң, көк күніңді, Өткізер ең Алатау бөктерінде» немесе «Алматыны сыйласаң, сапар жолға, Алатаумен қоштаспай жүріп кетпе, – деген сөздермен сабақтастырады. Тіпті, Абайдың Жетісуға келгенде басында қар жатқан Алатауға таңырқай қарап: «Алатаудың басы күнге жақын, бірақ басында мәңгілік қар жатады. Сайында неше түрлі өсімдік, неше алуан жеміс шығады. Жақсылыққа алыс жер, алыс заман жоқ. Қайда болса да жетеді» деген сөзі бар. Сірә, Алатау жайында бұдан асырып сөз айту қиын болар.

Сол атын әнге де қосқан, жырға да қосқан ақбас Алатау бүгінде аласарып кеткен бе? (Алатаудың абсолюттік биіктігін өзге таулармен салыстыра өлшеу әбестік. Алатауды көз жетпес биіктік дегеннен гөрі қол жетпес биіктік деген абзалырақ – Ж.Б). Гүлдің солатыны секілді таулардың шөгетіндігі де заңдылық. Ғасырлар оза келе таудың төбеге, төбенің адырға айналатындығы да шындық. Бұрын жиырма бестегі жігіттей еңселі көрінетін Алатау бүгінде тоқсандағы қариядай пәс. Алатаудың жоталарының ұшар басындағы сірескен мыңжылдық мұздықтардың ерігеніне қарап Алатау көз жасына жиі ерік беретін қария қалыпқа түскен бе деп қаламыз. Соңғы кездері жиілеп кеткен жер сілкіністерін еске ала отырып, Алатаудың жүрек дүрсілі қалыптан ауытқыған дімкәс халде секілденеді. Не де болса, Алатаудың биіктігін төменнен қарап тану мүмкін емес. Алатауды өлшеу үшін Алатаудан биік болу керек. Бірақ, Алатаудан биік болу орындалмас арман ғана. Сондықтан, күндіз-түні төбемізден тапжылмай қарап тұрған Алатаудан ешнәрсе жасыра алмаймыз. Не істесек те, Алатау бізді қалт жібермей бақылап отыр.

Алатау неге біз үшін аласарып кеткен сияқты? Осыған жауап іздеп көрейікші. Өйткені, миллионға жетіп жығылатын мәшинелерден шыққан көк түтін көк аспанды тұнжыратып, таулардың биіктігін көлегейлейді. Арал теңізінен ұшқан тұздар Алатау басындағы мұздықтарды ерітіп, ақбас шыңдардың тақиясын шешіп алғандай күйге түсіруде. ХХI ғасырда асқақтаған Алатауымызда адам көзiн сүйсiндiрер мұздық қалмайды деседі. Бұл деректер «2010 – 2020 жылдарға арналған Қазақстан экологиясы» атты мемлекеттiк бағдарламада көрсетiлген. Одан қалды, қалталылардың көбісі үй салудан өрге қарай өрмелеп барады. Тікке шаншылған шыршалар мен аршалардың орнына зәулім үйлер бой көтеріп жатыр. Міне, осы дүниелердің барлығы Алатауды аласартып, пәсейтіп отыр емес пе?!

Байқап қарасақ, Алатау адам қолымен жасалынып жатқан экологиялық апаттың құрбанына айналғалы тұр. Демек, Алатауды аспандататын да өзіміз, аласартатын да өзіміз. Алатау биік болу үшін, біз де биік болуымыз қажет. Адамдар пәсейгенде, Алатау қарап қалады дейсіз бе? Сондықтан, Алатау көз алдыңызға аласарғандай болып көрінсе, алдымен өзіңізді биіктетіңіз...

Жандос БАЙДІЛДА.

18 июня 2012, 19:48
1873

Загрузка...
Loading...

Комментарии

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

Узаконенное варварство в стране, принимающей «EPXO». Еще далеко нам до «топ-30 развитых стран»

Узаконенное варварство в стране, принимающей «EPXO». Еще далеко нам до «топ-30 развитых стран»

В продвинутых государствах едва ли поймут, почему в столь развитом, успешном и преуспевающем Казахстане от имени и по заданию властей творятся такие зверства над животными.
openqazaqstan
24 мая 2017 / 12:12
  • 10095
  • 99
Поддержим пенсией жиреющие банки! На что казахстанцам разрешат досрочно тратить свои накопления в ЕНПФ

Поддержим пенсией жиреющие банки! На что казахстанцам разрешат досрочно тратить свои накопления в ЕНПФ

Со стороны ЕНПФ в очередной раз прозвучало крайне неоднозначное заявление, от которого, на наш взгляд, лучше было бы воздержаться.
openqazaqstan
23 мая 2017 / 11:08
  • 9369
  • 32
Казком берет комиссии за оплаты по карте. Почему на это закрывают глаза Visa и MasterCard?!

Казком берет комиссии за оплаты по карте. Почему на это закрывают глаза Visa и MasterCard?!

Покупаешь в супермаркете продукты на 5000 тенге и банк забирает себе еще 30-50 тенге. То есть, продукты обошлись уже не в 5000, а в 5050 тенге.
ValentinaVladimirska
25 мая 2017 / 22:56
  • 7450
  • 21
Вырубка деревьев в Алматы под БРТ. Проект уже нанес городу экологический ущерб

Вырубка деревьев в Алматы под БРТ. Проект уже нанес городу экологический ущерб

Как ранее уже сообщалось из-за строительства БРТ в Алматы пострадают значительное количество деревьев. На прошлой неделе вырублены первые вязы и клён, - под расширение проезжей части на улице...
SKYFALL
24 мая 2017 / 17:20
  • 6486
  • 12
Системная коррупция стала главной угрозой для Казахстана. У нас воруют миллиардами

Системная коррупция стала главной угрозой для Казахстана. У нас воруют миллиардами

Коррупционные отношения вышли на такой уровень, что они уже начинают дискредитировать всю систему управления.
openqazaqstan
вчера / 13:45
  • 5094
  • 31
Что бы ни сделал пешеход – все равно водитель сядет

Что бы ни сделал пешеход – все равно водитель сядет

Вопрос о равной ответственности водителя и пешехода при наезде на последних, только-только начинают обдумывать в высоких кабинетах. Но, пока государственные головы думают, водители продолжают...
Mirogloff
22 мая 2017 / 23:29
  • 4889
  • 32
Пока полицейские будут прощать, им будут бить и по чести, и по лицу

Пока полицейские будут прощать, им будут бить и по чести, и по лицу

Судья Алмалинского районного суда Куаныш Арипов ломает стереотипы отношения граждан к представителям Фемиды. Напавшему на полицейского экс-сотруднику алматинского акимата он назначил наказание выше...
Mirogloff
24 мая 2017 / 16:41
  • 3445
  • 9
Да-да, я знаю, пора выходить замуж. Есть ли у меня еще время и, пожалуйста, уточните сколько?

Да-да, я знаю, пора выходить замуж. Есть ли у меня еще время и, пожалуйста, уточните сколько?

Итак давайте сразу начистоту. Мне 29. Не замужем, никогда не была, детей нет. В душе я совсем не чувствую этот возраст. Каждый раз когда задумываюсь об этом больше чем на 3 минуты, меня накрывает...
user2017
23 мая 2017 / 10:57
Аблязов загробным голосом декларирует «ДВК-2». Монолог обиженного человека

Аблязов загробным голосом декларирует «ДВК-2». Монолог обиженного человека

Последний монолог Аблязова о «продолжении борьбы с режимом» и «ДВК-2», при всём желании, не выглядел как какой-то политический манифест.
openqazaqstan
25 мая 2017 / 13:53
  • 2797
  • 60