Тікелей эфир

Франция інжу-маржандары Алматыда

5 маусым күні «Екпін» журналының тілшілері 8 маусым мен 5 тамыз аралығында өтетін «Франция інжу-маржандары — Франция өнері мен мәдениеті қайта өрлеу дәуірінен бүгінгі күнге дейін» атты көрмеге алғашқылардың бірі болып барып келген еді. Көрменің ресми емес ашылуы Әбілхан Қастеев атындағы музейде өткен болатын.

Мұражайға бірінші болып келген көрерменді Аяччо қаласындағы Феш сарайы — Көркемөнер мұражайының директоры, әрі осы көрмені ұйымдастыруға көп еңбегі сіңген Филипп Костаманья қарсы алып, таңғажайып өнер әлеміне экскурсия жасады.
Франция мен Қазақстан арасындағы мәдени байланысты дамыту аясында өткізіліп отырған бұл көрме Қайта өрлеу дәуірінен қазіргі күнге дейінгі француз көркемөнерінің жемісі болып табылатын туындылармен таныстырады.

Филипп Костаманья : «Бұл көрмені Қазақстанға алып келген себебіміз — мұнда халық арасында англосаксондық өнер басым екен. Ал біз болсақ, сіздерді Франция өнерімен таныстырғымыз келді. Бұл шара Франция Республикасының бұрынғы Ақпарат және Коммуникация Министрі Фредерик Миттеранның бастамасымен ұйымастырылып отыр. Франция тек тарихымен ғана мақтана алатын ел емес, Франция қазірдің өзінде интеллектуалдық бағытта күнделікті дамып отырған мемлекет. Сондықтан бұл көрме бұрынғы уақыттың туындыларымен қатар қазіргілерді де қамтиды» — деп, «бұрындары Франция елінен сыртқа шыққан туындылар тек атақты суретшілердің шығармалары ғеді, биыл біз бірінші рет атақты туындыларға емес, Францияның мәдениетін шынайы ашып көрсете алатын өнер туындыларына екпін жасап отырмыз», — деп атап өтті.
Әлемнің тек екі мемлекетінде ғана болған бұл көрме бірінші рет Баку өнер мұражайында өтсе, екінші рет Қазақстанда өткізіліп жатыр. Ұйымдастырушылардың айтуы бойынша бұл көрмеден кейін туындылардың барлығы Франция еліндегі өз мұражайларына қайтарылады.

Бостандық, теңдік және бауырластық деген үш аспектіні ұран етіп алған Францияны триада елі деп атайды. Көрме де үш тірекке сүйенеді: француздардың өткен заманы мен қазіргі таңдағы талғамы, франция өнеріндегі жаңалықтар және әр саладағы француз идеялары.

Көрмедегі туындылар Франция тарихындағы Мемлекеттің құрылуынан жаңа замандағы революцияларға дейінгі маңызды кезеңдер ізімен хронологиялық тәртіппен «Қайта өрлеу дәуірінен Людовик XIII-ке дейін, мемлекеттің пайда болуы»; «Людовик XIV — Людовик XV»; «Ағартушылық ғасыры»; «Романтизм дәуірі»; «Өндірістік революция»; «Қазіргі заман өнері 1910-1950жж.»; «Заманауи шығармашылық» деп бөлінген және әр бөлімде әр кезеңнің өзіне тән музыка өнерімен де танысуға мүмкіндік жасалынған.
Аталған көрмеде Лувр, Франция ұлттық кітапханасы, Орсе мұражайы, Версаль сарайы, Ұлттық қазіргі заман өнер мұражайы — Жорж Помпиду Орталығы және басқа да Париж қаласы мен басты аймақтық мұражайлар (Монпелье қ. Фабр мұражайы, Дижон қ. Өнер мұражайы, Экс-ан-Прованс қ. Гране мұражайы) секілді ең ірі мемлекеттік қорлар меншігіндегі 400-ден астам өнер туындысы жиналып, көрермен назарына ұсынылып отыр. Сонымен қатар, көрмеде сән әлеміне өзгеріс алып келген Chanel, Dior, Saint Laurent-тің алғашқы көйлектерін тамашалауға мүмкіндік бар.

Көрмедегі бейнелеу өнері, мүсін өнері, гобелен мен кілем, өнер бұйымдары, гравюра, фотосурет... Осының барлығы француз мұрасының беделін тағы бір айшықтайтындай. Бұл шара сондай-ақ әдебиет, поэзия, театр, музыка, сән мен гастрономия арқылы француз «рухына» тиісінше бағасын бермек.

Көрменің өткізілетін уақыты: 8 маусым — 5 тамыз 2012 жыл
Адресі: Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Ә.Қастеев атындағы өнер мұражайы, Сәтбаев көшесі, 30а.
Көрмеге кіру құны: ересектерге — 1500 теңге
зейнеткер, студент пен балаларға — 500 теңге

P.S. жәдігерлерді фотоға түсіруге рұқсат берілген жоқ, ертеңнен бастап барлық туындыларды өз көзіңізбен тамашалуға мүмкіндігіңіз бар.

Материалды дайындаған: Айжан Кәрібаева,

Айнұр Ракишева

Алия Arsik
7 маусым 2012, 12:09
4037

Loading...

Пікірлер

Көрме керемет! Өте жақсы әсер қалдырады :) Баршаңызға барып көруге кеңес беремін!
Керемет екен, осындай көрмелер көбірек болса екен. Тек Алматыда емес, басқа қалаларда да болса...
svant
0
0
значит фотографировать нельзя? а во сколько завтра откроется выставка?
Arsik
0
0
в музее вообще нельзя фотографировать, но камеру на всякий случай захватите)). 394 55 19 по этому телефону можно узнать график работы, мы как-то этот момент упустили. скорее всего с 10:00 до 18:00
да, с 10.00 до 18.00 все дни кроме понедельника
Менде бір сұрақ бар, неге "hurumpum" деген қолданушының пікірі көрінбейді?
Комментарий удалён администрацией
Arsik
0
0
себебі ол спаммер, банға кетті. сізге жауап берем деп, өзім нивтему 2 коммент жазып қойдым((
Кешіріңіз, орынсыз сұрақтарды қоймауға тырысамын.
суреттерге қарағанда экспонаттар аздау сияқты, солай емес пе?
Жасалып жатқанда түсірген шығар.
иә, біз әлі де монтаждау кезінде болдық, сондай-ақ суретке түсіруге болмайды) бірақ залдың ішінде уже наушниктер қойылған, француз классикасы ойнап тұр, Қастеев мұражайын көрме қоярға дейін әбден жөндеуден өткізіпті. Еуропа мұражайлары сияқты бұлыңғыр жарық, оған мұражай қызметкерлері шағымданып жүр, неге жарықты азайтып тастаған деп:))
Атмосфераны сәйкестендіру үшін шығар, фғанцуздар ондайды жақсы көре ма солай болуы керек, негізі. Солай емес пе, сұлуым?
Негізі еуропалық мұражайлардың көбісінде сөйтеді. Менің "кербез" деген нигім бар
туынды саны 400-ден асады
менің телефонға түсірген суреттерім:))
6BLGq7j731GL8w5TN4UdBBhE3nLrcH.jpg
Z9xvQBu2apui8e00PUzNpE6j0ogik3.jpg
ETPu7u4oi8C46taMOjZ207dCK94KJX.jpg
AObeP0xmRDyWGJfvVxW30kxqMojfui.jpg
Жаныңа жақын заттарды түсіріпсің, заколканы айтамын :) Үшінші суретте кімнің туындысы бейнеленген екен? Клод Моненің туындысы емес пе, сұлуым? Техникасы соған ұқсас екен.
Бұл Поль Синьяк деген суретшінің туындысы. Туындының аты: "Таможенная Дорога". Бұл жәдігерді көрмеге қоюға берген Гренобль қаласында орналасқан "музей Изящных Искусств".
Бүгін бардық. Керемет әсерлер алдық.

Пікір қалдырыңыз

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Сондай-ақ Ctrl+Enter басуға болады

Танымал жазбалар

«До какой же еще степени унижения должен дойти народ?!»

«До какой же еще степени унижения должен дойти народ?!»

Министерство труда и соцзащиты провело через парламент очередной крайне неоднозначный закон, который может вызвать всплеск недовольства в стране.
openqazaqstan
15 нояб. 2017 / 11:17
  • 28390
  • 21
Самый большой мошенник в стране: об эффективной схеме развода «Казахтелеком»

Самый большой мошенник в стране: об эффективной схеме развода «Казахтелеком»

История о том, как Народный провайдер наваривается на своих клиентах, намерено не отключая услуги, и беря лишние деньги за ненужные и не оказываемые услуги.
ligaspravedlivosti
17 нояб. 2017 / 19:12
  • 26662
  • 186
«Почему я не хочу встречаться с мужчинами-казахами»

«Почему я не хочу встречаться с мужчинами-казахами»

Заранее отпишусь, данный пост не является попыткой оскорбить собственную нацию) Как говорится о вкусах не спорят, каждому свое.
Bonittta
16 нояб. 2017 / 14:28
  • 15364
  • 372
Почему катастрофический отток интеллектуальной элиты не тревожит Астану?

Почему катастрофический отток интеллектуальной элиты не тревожит Астану?

Как сообщает телеканал КТК, только за последние девять месяцев Казахстан покинули 28200 человек, из них почти пять тысяч инженеров, около 2700 экономистов и 1700 учителей.
openqazaqstan
17 нояб. 2017 / 11:00
  • 11229
  • 56
Задержан казахстанец, продававший детей в сексуальное рабство в ОАЭ и Бахрейн

Задержан казахстанец, продававший детей в сексуальное рабство в ОАЭ и Бахрейн

Подтверждаются худшие предположения, циркулирующие в соцсетях. Периодические исчезновения детей в разных регионах Казахстана объясняются не только семейными проблемами и «синими китами».
openqazaqstan
16 нояб. 2017 / 15:46
  • 7791
  • 54
О «топ-30», «топ-50» и прочих понтах можно пока забыть

О «топ-30», «топ-50» и прочих понтах можно пока забыть

В объективности выводов швейцарского банка Credit Suisse усомниться трудно – его экономические рейтинги относятся к самым авторитетным и их явно трудно упрекнуть в предвзятости
openqazaqstan
18 нояб. 2017 / 17:21
  • 6888
  • 83
Российским женщинам нужны казахстанские мужчины?

Российским женщинам нужны казахстанские мужчины?

Отдельные инициативы некоторых российских чиновников вызывают в Казнете приступы просто-таки гомерического ржача. Женщин в регионе – пруд пруди, а вот мужчин, с которыми они могли бы создать семьи, не хватает.
openqazaqstan
14 нояб. 2017 / 15:55
  • 3003
  • 18
Система госинститутов Казахстана напоминает очень дорогое казино

Система госинститутов Казахстана напоминает очень дорогое казино

Сегодня в прессу просочились детали скандальной сделки ЕНПФ с «мусорными» облигациями ТОО «Бузгул Аурум», о которой уже подробно рассказывалось в начале года.
openqazaqstan
15 нояб. 2017 / 16:13
  • 3321
  • 21
Незамужняя женщина после 25 лет – «девальвирующийся актив»?

Незамужняя женщина после 25 лет – «девальвирующийся актив»?

Много блогеров, да и обычных пользователей на разных платформах и в реальной жизни говорят об этом. Некоторые поддерживают давление на девушек, кто-то защищает права девушек в этом вопросе.
Kduarova
15 нояб. 2017 / 19:27