Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 767 постов40 подписчиков
Всяко-разно
4
13:35, 19 мая 2012

ҚЫЗЫЛОРДА "БОЛАШАҚ" УНИВЕРСИТЕТІ

ПЕДАГОГИКА ФАКУЛЬТЕТІ

ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТ

Құрметті достар!!! Мен 2011 жылдың 1 қыркүйегінен бастап Қызылорда қаласындағы «Болашақ» университетінің педагогика факультеті деканы қызметіндемін. Жаңа талапкерлер келетін уақытында өзім басқаратын факультет жөнінде айтып, Сіздердің сұрақтарыңызға жауап берген орынды болар деп ойлаймын.

Өзім басқаратын 2011-2012 оқу жылында факультетте 4 кафедра жұмыс жасайды. Олар – «Педагогика, психология және өнер», «Тарих және филология», «Жаратылыстану және техникалық пәндер», «Математика, информатика және ақпараттық технологиялар» кафедралары.

Педагогика факультеті бойынша 4 кафедрада 24 мамандық бойынша бакалаврлар дайындалады:

5В010100 - Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу

5В010200 - Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі

5В010300 - Педагогика және психология

5В010400 - Бастапқы әскери дайындық

5В010600 - Музыкалық білім

5В010800 - Денешынықтыру және спорт

5В040900 - Хореография

5В042100 - Дизайн

5В010700 – Бейнелеу өнері және сызу

5В010500 - Дефектология

5В010900 - Математика

5В011100 - Информатика

5В012000 - Кәсіптік білім

5В060200 - Информатика

5В011400 - Тарих

5В011700 - Қазақ тілі мен әдебиеті

5В011900 - Шет тілі:екі шет тілі

5В012200 - Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті

5В020700 - Аударма ісі

5В091000 – Кітапхана ісі

5В050400 - Журналистика

5В011300 - Биология

5В011600 - География

5В072600 - Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы және конструкциялануы

Білім берудің сапасын жоғарылату мен дамытуда факультеттің бүгінгі күндегі негізгі басымдықтары:

1. Қазақстандық қоғамның өмір-салты мен жоғары білім жүйесінде жүргізілетін әр пәннің ғылым және оқу пәні ретіндегі дүниетанымдық және әдістемелік рөлін жоғарылату.

2. Қоғам қажеттіліктерін қанағаттандыратын қазіргі ғылым мәселелерін тиімді шешуге дайын жоғары квалификациялы мамандарды дайындау.

3. Жас мамандардың сапалы теориялық-әдістемелік дайындығын қамтамасыз ету, оқу процесін жаңаландыру, сырттай оқу бөлімінің дистанциялық оқыту әдістерін жоғарылату.

4. Пәндерді оқытуда оның оқу-әдістемелік базасын күшейту.

5. Профессор-оқытушылар құрамының ғылыми ізденісіне сай ғылыми-зерттеу орталықтарын ашу және дамыту.

6. Факультеттің мектептер, мемлекеттік құрылымдар, кітапханалар мен бұқаралық ақпарат құралдарымен байланысын күшейту.

7. Студенттерді гуманизм мен толеранттық принциптері негізінде тәрбиелеу, қазақстандық патриотизм мен жоғары азаматтық позициясын қалыптастыру.

Әлемдік жаһандану процесінде білім нәтижесін бағындыруға арналған шаралардың ұйтқысы болып жүрген Педагогика факультеті жас ұрпаққа жаңа заман талабына сай білім беру жолында қызмет етеді.

120000, Қызылорда қаласы,

Абай даңғылы, 31.

«Болашақ» университетінің ғимараты, 2 қабат,

«Педагогика» факультеті

Электронды мекен-жайымыз: nasimov_m@mail.ru

4
1774
4