Тікелей эфир

Әмбебап жас дизайнер - Зарина Даниярқызы

Адамның бақыты - адал достар, сүйікті жар мен сүйікті жұмысы. Алғашқы екеуін жүрек қалауымен бұлжытпай таңдасақ, жұмыс жағына келгенде жүрек үнін кейде естімей қалатынымыз бар. Адам табиғаты өзінің не үшін жаралғандығын әркезде біліп, сезе бермейді. Сондықтан болар, жетістік пен абырой барлығына бірдей келе бермейді. Өз орнын таба білетін бақытты жандар ғана ауыр жұмыстан ләззат ала алады. Бүгінгі кейіпкеріміз Зарина Даниярқызы қызығы мен шыжығы толы дизайн саласының өкілі. Статусы әлі де студент болғанымен, Зарина таңдауында нық, болашағына сеніммен қарайды.


- Зарина, сәлем! Қазір қай жерде, қандай мамандық бойынша оқып жүрсің?

- Сәлем, Айжан! Қазір Қ.И Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-нің Архитектор және дизайн мамандығы бойынша 4-курста оқып жүрмін. Бұған дейін Т. Жүргенов атындағы өнер колледжінде интерьер дизайны мамандығы бойынша оқығанмын.

- Ал киім дизайнына жолың қалай түсті?

- Былтырғы жылдың ақпан айында Kazakhstan Fashion Week-тың дебютанты болған “Jaka Fashion” деген  дизайнердің студиясына көмекшілерді қабылдау жүріп жатыр дегенді естіп, сол жерге бардым. Менің эскиздерім, сурет салғаным оларға ұнады. Содан бастап киім дизайнына да қызығып, осы саланы меңгере бастадым.

- Ол студияда немен айналыстыңдар?

- «Jaka Fashion Studio»-сында дизайнердің өз коллекциясымен қатар, министрлікке арнайы ұлттық киімдер эскиздерін дайындадық.

- Дизайнер болуды кішкентай кезіңнен армандап па едің?

- Кішкентай кезімде кім боларымды анық білмедім, дизайн мамандығына алтыншы сыныптан бастап қызыға бастадым. Бір күні анам мектептегі жиналысқа барғанда сурет пәнінің мұғалімі: балаңыздың таланты бар, оны әрі қарай дамыту үшін оны арнайы оқу орнына беріңіз деп кеңес берді. Содан Т.Жүргенов атындағы колледжге барып едік, байқауға дейін 2 ай ғана қалыпты екен, сол уақыттың ішінде байқауға керекті барлық суреттерді салып шығып, қатысып, грантқа өтіп кеттім. Сондағы байқауға қатысқан балалар еліміздің түкпір-түкпірінен келіп, бағын сынады. Шыны керек, өтемін деп ойлаған жоқпын.

- Қазіргі жоғары оқу орнындағы білім беру жүйесіне көңілің тола ма?  Сүйікті оқытушыларың бар ма?

- Иә, оқу маған өте қатты ұнайды. Біздің факультетте әрдайым шығармашылық шабыттың желі есіп тұрады. Мұғалімдеріміз де сан түрлі. Танымал архитекторлар да бар, шетелден келіп жатқан мұғалімдер қаншама. Соның ішінде М. Ниязбайұлы деген мұғалімімді ерекше атап өте аламын. Жалпы білімімнің негізін қалап берген сол кісі. Сондай-ақ шетелдік С.М. Майоров атты архитекторды атар едім, бізге байқау кезінде көп нәрселерді үйретеді.

- Шабытты неден іздейсің, қайдан аласың?

- Біз тау жақта тұрамыз. Ол жердің ауасы таза, кең. Тау жақтың тынысы маған шабыт береді. Кеңдік, табиғат – бәрі де сені еріксіз шығармашылыққа итермелейді.

- Жас дизайнерлер қазір кімді үлгі тұтады? Кімге ұқсағысы келеді?

- Көбінесе шетелдік дизайнерлерді үлгі тұтады. Көбісінің кумирі - Шанель.

- Ал өзің ше?

- Мен шетелдік дизайнерлерді аса қабылдай алмаймын. Маған өзіміздің қазақстандық дизайнерлер жаныма жағады. Олардың жұмыстары, коллекциялары өте ұнайды.

- Аттарын атап өтсең?

- Салта, Құралай – ең сүйікті дизайнерлерім.

- Киім үлгілеріңде ұлттық ою-өрнектер бар. Сенің ойыңша ұлттық нақышқа деген сұраныс бар ма?

- Шетелде бар. Елімізде оған тарих ретінде ғана қарайтын сияқты. Ал жалпы әлемде ондай винтажды заттарға деген сұраныс өте жоғары. Егер де ою-өрнектерді қазіргі киім үлгілерінде жаңғырта берсек, ол тіпті ұлттық стиліміздің айнымас бөлшегі боларына сенімдімін.

- Киім дизайнынан өзге немен айналысасың?

- Кескіндеме суреттер саламын. Соңғы жұмысым 11х3 форматында үлкен сурет болып шықты. Онда теңіз бейнеленген.

- Зарина, сен «дарынды адам барлық салада дарынды» демекші, интерьер дизайнымен, киім дизайнымен, сәулет өнерімен, сондай-ақ кескіндеу өнерімен айналысады екенсің. Осылардың ішінде өзіңнің жаныңа жақыны қайсысы?

- Бәрі де. Тек сәулет өнері мен киім дизайнын болашақта кәсіп еткім келеді. Ал кескіндеу өнерімен өзім үшін айналысамын. Эмоция, сезіміңді шығарып тастау үшін сурет саламын.

- Ал соңғы жасаған жұмысың қандай болды?

- Соңғы жасаған жұмысым - Autumn lights. Интерьерде қолданылатын журнал үстелі немесе жай ғана шам қоятын декоративті бұйым. Ақ төртбұрыштың үстіне қолмен қиылған қара жапырақтар қойылған. Бұл жұмысымды мен Hennessy мен Mechanical piano ұйымдастырған «Ақ күз» көрмесіне шығарғанмын. Бұл үстелдің үстіндегі макеттер: қобыз, торсық, ою - ұлттық рухымызды көрсетеді.

- Болашақта қандай жоспарларың бар?

- Өзімнің киім топтамасын жасағым келеді. Эскиздері дайын. Тек соны өмірге әкелу керек. Сондай-ақ Қазақстан мен Германияның бірігіп өткізгелі жатқан халықаралық архитекторлық байқауға қатысуға ниет білдіріп қойдым. Ол жерде біз Ұлыбританиядағы бір ауданның архитектурасын қайта жасап шығуымыз керек. Қазір соған дайындалу үстіндемін. Мүлдем уақыт жоқ. Алайда мұның бәрі маған қатты ұнайды.

- Мына киім үлгілерінің идеясы қайдан келді?

- Жай ғана көшедегі қыз-келіншектерді көріп, олар осындай киім киіп жүрсе ғой, деген ойдан туындады. Қазіргі сәнді трендтерді әрдайым қадағалап, сақтап тұрамын, және де жеке көзқарасымды қосып отырамын. Көбінесе винтажды киімдерді жақсы көремін.

__________________________________________________________________________

 

Әңгімелескен: Айжан Кәрібаева

Эскиздер мен модельдер: Зарина Даниярқызы

Сұхбат кезіндегі фото: Әлия Сембай

Алия Arsik
29 қазан 2012, 6:29
26671

Загрузка...
Loading...

Пікірлер

нельзя статью...вроде интересная!
amirus
1
0
өте таныс, қайда көргенім есімде жоқ, шығармашылық табыстар тілеймін! :)
Arsik
0
0
біздің роликте шығар)
amirus
0
0
мүмкін, сұхбаттасқан сізсіз бе? :)
Арсик, роликті қайда жібергенсіңдер? Сестрекама көрсетейін десем...
жоқ, менің атым Айжан емес қой))
Алия, кешіріңіз, есімнен шығып кетті. Байқап қалған шығарсыз, память у меня хромает :)
"Жану үшін лапылдап" рухани сана керек ! Рухани сананың негізі - Ұлттық сана мен азаматтық сананың үндесуінен шығатынын жүрегіңмен сезініп түсінген жөнү Ең бастысы өзгеге еліктеуден құтылып, Халықтық тағылымң мен ұлттық тарихыңа терең үңілсең, телегей теңіз мол қазынаның көзін ашасың ?! Ол үшін жастарға намыс керек және өзара "былдырлап" бір-біріңмен орысша сөйлеуді дереу тоқтатыңдар. Бұл бүгінгі күннің қасіреті болса, ең жаманы ұлттық "КАРМА-ЗОМБЫ" делінетін психикалық ауру екенін ұққан жөн...
Әбден сізге қосыламын... дұрыс айтасыз!
Ғимараттың макеті қатты ұнады, тағыз заманауи Қазақи ғимарат, осындай жастарды неге астанамыздың сәулетіне қатыстырмайды екен, анадай ғимарат, бүкіл әлемде жоққой, нағыз қазақи, күшті! Зарина, сәттілік тілеймін саған!
Шыгармашылык табыс тилеймин, Зарина)))
Өзі киім гүшті дизайнер, өзі - сәулетші, өзі - кескіндемеші және сүйкімді қыз екен... тамаша! =)
Жарайсын Зарина! Онерин оркендей берсин! Жетистиктерге жете бер!
Табыс табыс, ақ жол! Жақсы дизайнер бол!
ya-85
0
0
я өте әдемі кыз екен!!
Телефонын жазганда болар еди ))
"Жану үшін лапылдап" рухани сана керек ! Рухани сананың негізі - Ұлттық сана мен азаматтық сананың үндесуінен шығатынын жүрегіңмен сезініп түсінген жөнү Ең бастысы өзгеге еліктеуден құтылып, Халықтық тағылымң мен ұлттық тарихыңа терең үңілсең, телегей теңіз мол қазынаның көзін ашасың ?! Ол үшін жастарға намыс керек және өзара "былдырлап" бір-біріңмен орысша сөйлеуді дереу тоқтатыңдар. Бұл бүгінгі күннің қасіреті болса, ең жаманы ұлттық "КАРМА-ЗОМБЫ" делінетін психикалық ауру екенін ұққан жөн...
Жарайсын, Зарина!
Зарина қызымыз Рауза Баязиттен де асып түседі деп ойлаймын. Болашақта оның киімдерін сатып алу барша халықтың қалтасынан келсе деймін. Әйтпесе Баязит сияқтылар миллардерлер үшін ғана киім жасайтын сияқты.
Баязитті бірінші рет естіп тұрмын..)
Маган осы im3.asset.yvimg.kz эскидериниз унады! Жане де осындай эскиздерининиз жарыкка шыгуына тилектеспин !!!
Зарина "қызым")) сәттілік саған, осындай қызықты жас маман иелерінен сұхбат алғандарыңыз қуантады.
Эскиздер керемет екен! Сізге шын жүректен табыс тілеймін!
kemerb
0
0
Айжан Молодец... Я потом Наргизке покажу...
кереметсіндер ғо!
Таудай талабыңызға Алланың нұры жаусын, Зарина!
Асыл Тастан,Акыл жастан-АК- ЖОЛ!!!
Киімдердің сызбасын көріп, нағыз талант екеніңізді түсіндім! Кез келгеннік қолынан келмейтін ғимараттың макетін көріп таң қалдым! Недеген керемет , дәл осы ғимарат болашақта бой көтереді деген ойдамын! Жарайсыз!
Пікірлес апай-Сахнадағы небір қазақ ұлтымыздың киімдерінің үлгілерін көріп жүрміз,тамаша, рахмет жастарға, сондай үлгілердің одан сайын дамыған түрін көрсек бір қуанып,шаттанып,бір үлкен табысқа жеткенімізге мәз боламыз..Ал бұл қызымыз,сегіз қырлы , бір сырлы қарлығашымыз екен.. ТАМАША!!!
р.с.Менімше- архитектор жағынан құндылығы және болашағы бар жоғарғы мақсаттағы /визуальность/ ойларға толы...Ал киімді модельдеу-конструкциялау жағынан нағыз дизайнер болғандықтан сурет салу техникасы -әжептеуір өз күшіне сенімділікпен,ширақты,батылдықпен,батыл қадаммен нанымды түрде жеткізуге күшті болып отыр...,Шет елдік дизайнерлер мен де жарыса алатын көркемділік,гармониялық шабыты да, ұлттық тақырыпта да , қазіргі уақытқа да сәйкестілік,шабытының мәнді, жаңалығы сол , осы өмірдің гүлденген өмірінде, киіндіретін модельдерін тіптен ынтамен әңгімелеуі,үлкен жетістік деп ойлаймын...Барлық жас қарлығаштарымызға тек қазіргі уақытта жетіспей отырған шама, ол тым сақтық тормен қоршап, кей кезде бекершілігі бар, сақтық пошлинасы бар сияқты ұлттық жалтақтауға ,ұшы қиыры жоқ,бұл өмірде жоқ әулиелігі бар,киелі адамдарға ғана ілескендей, іспеттестікке алып келеміз тек сол соқпақтықпен жүре берсек..!! Беспредельствоға-ертегідегі/өмірдегідей емес/ ұлттылығымыз болып жүруі- кетуі тиіс екен онда..Тек бір жақты болсақ та, өмірдің жақсы адамы жағына бас бұрмай, қатал мейірімсіздік пен қиянатшыл мен пенделік емес, криссталликалыққа жол ашады екенбіз..Ал біздің ұлт ондай болмаған сол уақыттар да да,, Ендеше Құдірет өмірін,ұлттылық пошлинаға да сала бермей, сөзіміз ісімізге сай келсін осы замандағы адамша... Ағайындар білімділікпен, дұрыс өнегелілікпен жол саламыз десек бұл өмірге сәйкестілік жағына да көңіліміз сай келіп, жастарды,құдірет өмірінде силастылықпен, құлықтылыққа құндылыққа да өз өлшемімен ғана уйлесімді тартып отыру керек...Қазіргі шындығымыз тек қана гармониялық стильде болу үшін ұлттылығымыз,парасаттылығымыз гүлдердің құлпыра келісіп шүпірлеп өскен үйлесуіндей әрине,бірақ ол гүлдену тағы да осы өмірмен ұштасса да үйлесімділігі , ,жан дүниедегі арпалысқан рухпен,музыкамен,өміршеңдігі мол , ішкі аурудан да құтылдырғыш өнер дүниесі де болып отырса,неге міз бақпай бұрынғы өткен-кеткен өнегелі өмірді аңсаумен боламыз...Үлгі алуымыз тиіспіз, бірақ осы өмірдің жалғасымен тек қана байланысу ғана болсын..Аскетикалық гармонизацияға жол берілмеу керек,онсызда ғылыми, білімділік жағы, адамгершілік жағы жалған момынсынуға тап болып отыр, яғни еш дамымау жолында болады онда.. Сондықтан ұлтшылдықты да жаңа көзқарастыққа ,кеңірдектен бүктелей бермей.орнымен ғана қолдану ,оны гармониялығы бар өміршеңдік деп,және жоғарғы көз қарастағы пендешілік дейді.. Болмаса ше,тым шектен шығу-оны да қараңғылық дейді..Қазір тіптен аспанға ракета ұшқан ЗАМАН емес пе..Қазақты жақсы көрсеңдер,жастарға дамыту жағын беріп қою керек..Солар алсын эстафетаны..Солар енді қазақты жөнді нағыз қазақ деген атқа бұйыртып барлық жағынан шыңдала берсін, басқада ұлттармен бірге..Үйлесімділік деп осыны айтады...!!! Ұлт киімін сахна төрінде, Наурызда мақтанышпен кигізе берсін,Алла Тағаламның өмірінде.. Бірақ ЖАҢА ЗАМАНДЫДА КӨРКЕЙТУГЕ ШЫН ЫҚЫЛАСЫН ТОРЛАП,;ЖАУЫП ТАСТАМАЙЫҚ..Білімділік деп осы жас қыздың өнерін де айтуға болады.. Бұл қызымыз сол көз қарастағы, өнер қоғамындағы, өте нәзік,құндылығы мол, рухты колибри құсымыз ендеше..Қорғай отырып, меселін көтере берейік,өнерлі,өнегелі жастарымыз көбейе берсін..Ол да ұлтымыздың Ақ жолы!!!!!!!!

Пікір қалдырыңыз

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Сондай-ақ Ctrl+Enter басуға болады

Танымал жазбалар

Мой дом – не гостиница. Я не останавливаюсь у своей родни, потому что знаю, что это такое

Мой дом – не гостиница. Я не останавливаюсь у своей родни, потому что знаю, что это такое

Наступил долгожданный момент и мы смогли заселиться в собственную квартиру. А потом началось... Все знакомые, родственники, даже коллеги и соседи родителей вспомнили о нашем существовании.
Idealovnet
14 окт. 2017 / 20:38
  • 8944
  • 83
Работа на EXPO. «Улыбайтесь, вы – лица Казахстана»

Работа на EXPO. «Улыбайтесь, вы – лица Казахстана»

Продление перерывов, втыки от менеджеров, борьба за стенды, кучкования, как мы друг-друга прикрывали, защищали от гостей. Все эти события доставляли радость, и каждый день на работу я приходила...
madiNAtty
14 окт. 2017 / 22:34
  • 6151
  • 24
О проститутках, ЗППП и других сексуальных страстях

О проститутках, ЗППП и других сексуальных страстях

У меня обширный сексуальный опыт, и я этим не хвастаюсь. Будь у меня возможность, променял бы это всё на одного партнёра. Но так как с личной жизнью не заладилось, а секс я очень люблю, то приходилось изворачиваться.
bez_prav
18 окт. 2017 / 18:01
Я четко помню тот день, когда мне позвонили друзья и сообщили: «Она выходит замуж»

Я четко помню тот день, когда мне позвонили друзья и сообщили: «Она выходит замуж»

У нас была особенная атмосфера, мы постоянно были вместе, читали треки, летом часто поднимались в горы. Гуляли пешком по ночному городу, иногда до утра. Снимали хату и представляли совместную жизнь...
Dominator-kz
14 окт. 2017 / 22:29
Отчего в Казахстане предвзятое отношение к отечественному продукту?

Отчего в Казахстане предвзятое отношение к отечественному продукту?

Вы когда-нибудь пользовались казахстанской косметикой? Я тоже нет, поэтому сразу же откликнулась на приглашение своего фейсбук-френда протестировать отечественные крема… из Степногорска.
Shimanskaya
16 окт. 2017 / 11:32
  • 2829
  • 31
Я помню тот день, когда мне позвонили друзья и сообщили: «Она выходит замуж». Часть 2

Я помню тот день, когда мне позвонили друзья и сообщили: «Она выходит замуж». Часть 2

Я знал дату свадьбы. За неделю до свадьбы в соцсети "Вконтакте" на все мои последние фото, был проставлен лайк с её профиля. Сердце забилось сильнее. В душе загорелась наивная, крошечная надежда.
Dominator-kz
17 окт. 2017 / 15:41
Мой парень – «тиран». Почему я вступила в такие отношения?

Мой парень – «тиран». Почему я вступила в такие отношения?

История из моей жизни. Я вспоминаю эти отношения и сама не могу понять - как так произошло? А дело в том, что вы и сами не заметите. Это наступает плавно и динамично.
Altynai_JA
18 окт. 2017 / 14:17
Льготное кредитование для молодежи Алматы. Не хоромы, но для начала неплохо

Льготное кредитование для молодежи Алматы. Не хоромы, но для начала неплохо

Если вам нет 35 лет и у вас нет своего жилья, то есть интересная гос.программа. Нишевая программа - молодые семьи Алматы до 35 лет, семья - это как минимум 2 супруга без детей.
DanaJarlygapova
19 окт. 2017 / 16:21
«Автобусная неделя». Выдержит ли аким Шымкента давку в общественном транспорте?

«Автобусная неделя». Выдержит ли аким Шымкента давку в общественном транспорте?

Аким Шымкента Габидулла Абдрахимов нашёл решение накопившихся проблем городского транспорта. Все ключевые работники акимата некоторое время будут сами ездить на автобусах.
openqazaqstan
18 окт. 2017 / 10:53
  • 1709
  • 32