Тікелей эфир

“Сенсация” жасағандар

1 сәуір күнтізбеде қызылмен белгіленбесе де, жыл сайын дәл осы күні әлемнің көптеген елдерінде адамдар бір күліп алуға қарсы емес. Күлкі күніне арнап “Екпін” журналы көңілді жастардың басын қосып отырған КВН ойынының «Сенсация» атты жарқын командасынан алған сұхбатын ұсынып отыр. «Сенсация» жақында Сочидегі ойында жоғарғы рейтингке ие болып, сенсация жасады. Біз олардың Астанада өткен Қазақстанның Жоғарғы Лигасына дайындықтарының үстіне түстік.


- Алдымен сендерді Сочиде өткен сәтті ойындарыңмен құттықтаймыз. Бірінші сұрақ: команданың аты «Сенсация» екен, неге?

Дастан (команда капитаны):

- Команданың ең алғашқы атауы – «Парламент» болатын. «Парламент» осындағы Ардақ, Дәулет, Руслан деген жігіттердің басын қосып, жалпы бәрінің де бастауы болды.  Бірақ кейіннен бұл атау бізге ұнамады. Сосын бір күні қазіргі «Мәссағанда» жүрген Әділет: “ойынды жақсы бір сенсациядан бастаңдар” - деген болатын. Сонда «Сенсация» деген әдемі сөз екен деп ойладым. КВН-дегі сенсациялық өзгеріс. КВН-де бір нәрсені ұсынып, қоғамға әсер ете алсаң, бұл нағыз сенсация болады. Содан өзіміздің қазақи сенсациямызды жасайық деп ниет білдірдік. Бұл атау бәрімізге ұнап, команда «Сенсация» болып кетті.

- Сочидегі фестивальге қалай қатысып жүрсіз?

- «Генерал болуды армандамайтын солдат жоқ» дейді ғой, жалпы КВН-ге аяқ басқан кез келген квнщиктің арманы - Сочиде, Мәскеуде өнер көрсету. Барлық қазақстандық командалардың арманы да осы. Біз де оны армандадық, алдымызға мақсат қойдық. Содан онда ойнауға кішкене ғана мүмкіндік туды. Бірақ оған ешқайсымыз да сенбедік. Алдымен Аграрлық университеттің басшылығына шығу үшін проректорлармен хабарластық. Олардың бәрі қолдады, алайда арасында қарсы шыққандары да болды. Бұл балалардың біреуі де дұрыс орысша сөйлей алмайды, сонша ақшаны босқа шашып не керек дегендей. Шынымен де, бәрі ауылдан шыққан, бәрі қарапайым. Орысшаны жетік білмейміз. Қазақша акцент бар. Алайда ректор Тілектес Исабайұлы Есболов деген ағамыз дарынды жастарды қашан да қолдағанды жақсы көреді, бізге де оң батасын берді. «Казахи»-дағы Нұрлан Қоянбаевтарға кезінде көмектескен осы ағамыз. Аграрлық университеттің арқасында Сочиге де ұшып кеттік. Ондағы көптеген Қазақстан командалары бізді көргенде таң қалып жатты. Кім болса да, сендерді көреміз деп ойламадық дегендей. Бірақ сол акцентіміздің арқасында Сочидегі редакторлар біздің ойынымызды жоғарғы рейтингпен бағалады. Ол жерде Қазақстанның атынан шыққан қазақша сөйлей алмайтын қазақтар да болды. Алайда оларға әлдеқайда төмен рейтинг берді, кейбіреулеріне мүлдем рейтинг берілмеді.

- Бұл шараға әзілдеріңді қандай принцип бойынша таңдадыңдар?

- Алдымен ол жерге барып, біраз аудиторияны зерттедік. Мысалы, Ресейге барып, орыстар жайлы айтпаймыз. Қазақстаннан келгендіктен, олар бізден қазақтар жайлы әзілді күтеді. Әр ұлт өзінің менталитетін алып келеді. Көп командалар Ресейге барып, орыс болып кетуге тырысады, орысша әзіл айтқысы келеді. Бірақ Ресейге ол қызық емес. Өйткені онда онсыз да 500-600 ресейлік команда бар. Сондықтан шет жақтан келгендерден басқа әзіл күтеді. Біздің акцентіміздің өзі оларға қызық болды. Қазақтың иісі шығатын қалжыңдарымызбен таң қалдырдық деп ойлаймыз.

- Онда қанша команда қатысты?

- Біз жалпы 750-ші команда болып тіркелген болатынбыз. Бірақ тіркеліп алып, бара алмаған командалар болды. Енді біреулер тәртіптеріне байланысты алынып отырды. Тәртіп онда өте қатал. Редакторға ұнамай қалған бір сөз үшін команданы алып тастай алады. Онда кешігіп келуге, «ертең ойнай салайықшы» деген әңгімелер жоқ.

- Көрермен сендерді қалай қабылдады?

- Біз барардан бұрын «Казахи» командасындағы Нұрлан, Нұрдәулет ағаларымыздың алдынан өттік. Осы университеттің (Аграрлық - А.К.) басшылығы өзі жіберді. Барып, әзілімізді көрсетіп, жөн сұрастық. «Ол жаққа барғаннан кейін бәрін таң қалдырып, қырып тастаймын деген ойларың да болмасын» - деді олар. «Бірақ жай ғана көріп қайтқандарыңның өзі сендерге сабақ, бір әзілдерің өтсе, қуаныңдар» - деді. Аса сене қоймады, бірақ жақсылап дем беріп жіберді. Негізі жоғары рейтингті ешкім күтпеген. Өзіміз де күтпедік. Залды қопарып күлдірдік деп те айта алмаймыз. Өз есептеуіміз бойынша көп әзілдер өтпей қалды. Түгелімен бір блок өтпей қалды. Бірақ бір-екі әзілі жоқ жерлер ол жаққа әзіл болып естілді. Бұл шарада шешуші сөзді айтатын көрермен емес, редакторлар. Екі редактор отырды, екеуіне де ұнады. Сөйтіп «Лампа» деген Мәскеудің орталық лигасына жолдама алдық.

- Ресей мен Қазақстанда ойнаудың айырмашылықтары бар ма?

- Жоқ. Екеуі де КВН. Тек онда орысша. Екеуінде де күлдіруге тырысамыз. Тек күлдірудің екі түрі болады. Бірі - сенің әзіліңе күлсе, екіншісі - сенің өзіңе күледі. Біз әзілімізбен күлдіруге тырысамыз. Таң қалдыруға, интеллектуалды әзіл айтуға тырысу керек екенін білеміз. Біздегі КВН-нің бір осал тұсы осы - интеллектуалды әзілдердің болмауы.

- Бүгінде арзан күлкі, тұрпайы әзілдер белең алуда, мысалы, ер балалар сахнаға әйел адамның киімін киіп, жұртты күлдіреміз деп жатады. Қазақстандық КВН-де интеллектуалды юмор қаншалықты дамыған деп ойлайсыңдар?


Дәулет:

- Негізі әйелдің образын алғаш әкелген де, оны өлтірген де Құдайберген Сұлтанбаев. Одан асып көрсетемін деген бос әурешілік. Оны КВН-ге алып келемін дегенді мүлде ойламау керек. Онда сенің әзіліңе емес, сенің өзіңді әжуа қылып күледі. Интеллектуалды әзіл айту үшін, ең алдымен, жаңалықтар қарау керек, оқу керек. «Кто владеет информацией, тот владеет миром» - дейді ғой. Команданың дүниетанымы кең болуы керек. Біз де соған үйреніп жатырмыз.

Дастан:

- Қазақтарда да интеллектуалды юмор бар. Оған дәлел - біздің «Казахи» командасының Ресейдің Жоғарғы лигасындағы көрсеткен ойыны. Оларға қолда тұрған жеңісті жырып, 2-ші орын берілді.  КВН деген негізі үлкен идеология, үлкен саясат. 50 жылдық тарихы бар, бүкіл жастардың басын қосып отырған ойын.

- Қазіргі қазақ КВН-інің осал тұстарын атай аласыздар ма?

Дастан:

- Біздегі КВН-нің проблемасы – әділ-қазылар алқасы. Әр ойында әр түрлі әділ-қазылар алқасы отырады. Біреуі әнші, біреуі демеушінің адамы, т.б. Ресейде, мысалы, олар өзгермейді, ауысса, бір-екі адам ғана ауысады. Олар КВН-ды жақсы біледі, түсінеді, бағалай алады. Солардың бағалауы бойынша, командалар да дайындалады. Ал бізде әр ойында әр түрлі адам болғандықтан, біреуі түсінеді, біреуі түсінбейді. Залды неғұрлым қатты күлдірген командаға жеңіс беріледі. Ол дұрыс емес. Залды шешініп күлдіруге де болады. Зал күліп жатыр екен деп «5» қойса, командалардың да түсінігі бұрмаланады. Ал ойланып істелінген сапалы дүние артта қалады. Сондықтан КВН-нен мүлдем хабары жоқ жұлдыздар емес, КВН-ді түсінетін, әзілдің салмағын білетін адамдар қазылар алқасында отырса дейміз.

- Ойынды телевидениеден көрсетпес бұрын, редакторлар әр әзілді тексеретінін білеміз. Ол қандай қағида бойынша алынады?

Дастан:

- Біздің Дәулет Алматы Лигасының және Республикалық премьер лиганың редакторы. Командамыздың бірден-бір жетістігі осы.

Дәулет:

- Қандай әзілдер алынады? Алдымен анайы әзілдер, плагиат, одан кейін адамдарға тікелей бағытталған әзілдер алынып тасталынады. Әзіл дегеннің өзі астарлап, сарказм арқылы жеткізілуі керек. Ал егер саясаттағы ағаларымызға болсын, басшылыққа болсын тікелей бағытталып, адамның жүрегінен, бүйрегінен тікелей ұратын әзілдер шықса, әрине, алынады.

Дастан:

- Марат Оралғазин ағамыз айтқандай, әзіл мейірімді болу керек. Егер қалжыңың біреудің намысына тиіп, көңіл-күйін түсіретін болса, ол әзіл емес. Ол неғұрлым әдемі, позитивті әзіл болу керек.

- Әзілдің өзі субьективті дүние ғой. Мынау қызықты, мынау қызықсыз деп қалай таңдайсыңдар?


Нұрлан:

- Іштей сын мықты болу керек. Команданың ішінде бір-бірімізге сын айта аламыз. Егер бір-біріміздің әзілдерімізді «жақсы-жақсы» дей беретін болсақ, әзілге деген «вкусымыз» жоғалады. Наполеонның өзі жеңіс үшін бір қадам артқа шегіну керек деген болатын. Сондықтан әзлідерді алып тастап, командамен ортақ әзіл шығарамыз. Бір қазанда қайнап шыққан әзіл ерекше тәтті болады, ойнағанда да жеңіл шығады.

- КВН-ге қалай қызыққандарың, қалай келгендерің жайлы қысқаша айтып өтсеңдер?

Дастан:

- КВН-ге келуім бәстесуден басталды. 6-сыныпта КВН-ді сүйіп көріп жүрген кезде әкеме: «Ертең Алматыға барып, өзімнің командамды құраймын» дегенім бар. Әкем: «Қой балам, кім-кім сенен квнщик шықпайды» - деді. Сонда сол сөз қамшылады десем болады. Ең алғашқы құрамамен шыққан Республика сарайындағы ойын алдында әкеме звондап, бір-екі аптада «Хабардан» көрсетеді дедім. Әкем сонда да сенбеді. Тек кейін теледидардан көрсеткеннен соң, үйге мақтау қағаздарын алып келгенімде ғана сенді. Алайда қазірге дейін: «Дастан, кешір, сенің әзілдеріңді түсінбеймін, қай жерінде күлу керек?» - дейді.

Дәулет:

- Негізі әкеңе қосыламын (күліп).

Нұрлан:

- Мектепте «авторитет» үшін КВН ойнайтынмын. Аграрлық университетке келгенде КВН командасы болмаған. Содан тізгінді өзіміз алып, команда құрап ойнап кеттік.

Дәулет:

- Алматыға КВН-ге емес, оқуға келгенмін. Оқуды бітіргеннен кейін КВН-ді де бітіремін деген ой болып жүр, шыны керек.

Асыл:

- Алдымен Шымкенттің ШӘПУ деген университетінде КВН ойнауды бастағанмын. Әкем қарсы болды. Ол үшін құдды бір сектаға кіріп кеткендей болдым. Үйде құдай тамақтардан қуып жіберетін болды (күліп). Сабаққа кеттім деп, КВН ойнайтынмын. Тіпті топтастарымды да танымаймын. Сөйтіп 4-курс бітірдім. Әкем 4-курс бітірді, КВН-ді де қояды деп есептеп жүрді. Бірақ менде де есеп бар, адаммын ғой. Диплом алған кезімде 94-жылғылар оқуға түсіп жатыр, солармен бірге кешенді тест тапсырдым. Сөйтіп Аграрлық университетке грантқа түсіп кеттім. Мамандығым: өсімдік қорғау. Бірақ бұл жерге де КВН-ге бола келдім. Мен КВН-ді қызымнан артық сүйемін, кейін КВН-нен артық сүйетін қыз пайда болып жатпаса...

Ақжол:

- Жаңаөзенненмін. Біз жақта КВН-нен гөрі, бұзақылық жақсы дамыған. Сондықтан әке-шешеміз ел көр, жер көр деп осында оқуға жіберді. Содан өзімді осы университет тартып, осында оқуға түстім. Оқып жүріп, бір күні дәлізде мұғалімім ұстап алып, сен КВН ойнайсың ғой дейді. Солай КВН-де ойнай бастадым.

Жамбыл:

- КВН алдымен адамдармен қарым-қатынас жасауды үйретеді. Тапқырлыққа баулиды. Көп ізденуге жетелейді.

Ардақ

Ернат

- КВН – студенттік ойын, команда 4-5 жылда әбден пісіп, жетілген кезде оқу бітіріп, диплом алғаннан кейін сахнамен қоштасып жатады. Сендерде кейбірің 4-курс, кейбірің магистрант екенсіңдер, университеттен алыстағаннан кейін КВН- ді де тастайсыңдар ма?

- КВН жас таңдамайды. КВН-ге есік бізге енді ашылды.

Сұхбаттасқан: Айжан Кәрібаева

   
Алия Arsik
1 сәуір 2012, 12:13
3856

Загрузка...
Loading...

Пікірлер

Бір ойында (нақты есімде жоқ қай ойын екені), маған Ардақтың ойнағаны ұнаған! Ал, Дастан сұрақтарға өте сауатты жауап беріпті. Енді "Қазақтарда да интеллектуалды юмор бар" деген сөзін жерге тастамай жүре берсе болғаны...!
Jigitterge tantimin... Komandanyn aty mangi bolsyn!... Kozderinde ot, jurekterinde jalyn baikaldy!... Jaraisyndar!!! ... Jetistikterin mol bolsyn!!!.. Osy betterinnen kaitpandar degim keledi!!!...
Jigitterge tantimin... Komandanyn aty mangi bolsyn!... Kozderinde ot, jurekterinde jalyn baikaldy!... Jaraisyndar!!! ... Jetistikterin mol bolsyn!!!.. Osy betterinnen kaitpandar degim keledi!!!...
Қазақ КВНщик жігіттерінің сауатты сұхбатын бірінші рет оқып отырмын ) Рахмет, Айжан, әдеттегідей өте қызықты және стильно )))
ммм...әдеттегідей қуантып тастадың))
только өзінше болып кетпе! Келесілері бұдан да күштірек болсын, бір күні бұл стиль де ескіреді, сондықтан әр сұхбаттың өз изюминкасы болсын, ұмытпа! Мен енді оқырман құқығын пайдаланып айтып кеттім, ренжіме, ок? )))
ЖАРАЙСЫНДАР жигиттер осылай казак квн сахнасын кенейте бериндер....сендерге тек саттилик тилеймин....

Пікір қалдырыңыз

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Сондай-ақ Ctrl+Enter басуға болады

Танымал жазбалар

Мой дом – не гостиница. Я не останавливаюсь у своей родни, потому что знаю, что это такое

Мой дом – не гостиница. Я не останавливаюсь у своей родни, потому что знаю, что это такое

Наступил долгожданный момент и мы смогли заселиться в собственную квартиру. А потом началось... Все знакомые, родственники, даже коллеги и соседи родителей вспомнили о нашем существовании.
Idealovnet
14 окт. 2017 / 20:38
  • 8882
  • 82
Работа на EXPO. «Улыбайтесь, вы – лица Казахстана»

Работа на EXPO. «Улыбайтесь, вы – лица Казахстана»

Продление перерывов, втыки от менеджеров, борьба за стенды, кучкования, как мы друг-друга прикрывали, защищали от гостей. Все эти события доставляли радость, и каждый день на работу я приходила...
madiNAtty
14 окт. 2017 / 22:34
  • 6120
  • 23
О проститутках, ЗППП и других сексуальных страстях

О проститутках, ЗППП и других сексуальных страстях

У меня обширный сексуальный опыт, и я этим не хвастаюсь. Будь у меня возможность, променял бы это всё на одного партнёра. Но так как с личной жизнью не заладилось, а секс я очень люблю, то приходилось изворачиваться.
bez_prav
18 окт. 2017 / 18:01
Я четко помню тот день, когда мне позвонили друзья и сообщили: «Она выходит замуж»

Я четко помню тот день, когда мне позвонили друзья и сообщили: «Она выходит замуж»

У нас была особенная атмосфера, мы постоянно были вместе, читали треки, летом часто поднимались в горы. Гуляли пешком по ночному городу, иногда до утра. Снимали хату и представляли совместную жизнь...
Dominator-kz
14 окт. 2017 / 22:29
Отчего в Казахстане предвзятое отношение к отечественному продукту?

Отчего в Казахстане предвзятое отношение к отечественному продукту?

Вы когда-нибудь пользовались казахстанской косметикой? Я тоже нет, поэтому сразу же откликнулась на приглашение своего фейсбук-френда протестировать отечественные крема… из Степногорска.
Shimanskaya
16 окт. 2017 / 11:32
  • 2782
  • 30
Я помню тот день, когда мне позвонили друзья и сообщили: «Она выходит замуж». Часть 2

Я помню тот день, когда мне позвонили друзья и сообщили: «Она выходит замуж». Часть 2

Я знал дату свадьбы. За неделю до свадьбы в соцсети "Вконтакте" на все мои последние фото, был проставлен лайк с её профиля. Сердце забилось сильнее. В душе загорелась наивная, крошечная надежда.
Dominator-kz
17 окт. 2017 / 15:41
Мой парень – «тиран». Почему я вступила в такие отношения?

Мой парень – «тиран». Почему я вступила в такие отношения?

История из моей жизни. Я вспоминаю эти отношения и сама не могу понять - как так произошло? А дело в том, что вы и сами не заметите. Это наступает плавно и динамично.
Altynai_JA
18 окт. 2017 / 14:17
«Автобусная неделя». Выдержит ли аким Шымкента давку в общественном транспорте?

«Автобусная неделя». Выдержит ли аким Шымкента давку в общественном транспорте?

Аким Шымкента Габидулла Абдрахимов нашёл решение накопившихся проблем городского транспорта. Все ключевые работники акимата некоторое время будут сами ездить на автобусах.
openqazaqstan
18 окт. 2017 / 10:53
  • 1675
  • 32
Аркадий Волож привел в Казахстан «Яндекс.Лицей». Плакать или радоваться?

Аркадий Волож привел в Казахстан «Яндекс.Лицей». Плакать или радоваться?

"Яндекс.Лицей" зашел в казахстанские школы. План - учить бесплатно программированию, формировать себе кадры и выйти на мощность 10 тысяч школьников в год.
Zhumanova
18 окт. 2017 / 8:36
  • 1466
  • 12