Аптаның қызықты материалдары #9

Алия 2012 M10 29
2690
1
5
0

Құрметті оқырман, төменде әдеттегідей сенбілік мәдени дайджестімізді ұсынып отырмыз. Осы аптада еліміздің мәдени өмірінде көптеген өзгерістер мен жаңалықтар болды, сол себепті мақалалардың санын...

Құрметті оқырман, төменде әдеттегідей сенбілік мәдени дайджестімізді ұсынып отырмыз. Осы аптада еліміздің мәдени өмірінде көптеген өзгерістер мен жаңалықтар болды, сол себепті мақалалардың санын ұлғайтуға жөн көрдік.

САЙТАНҚЫЗ

«Карменсита» кейіпкер емес, «Карменсита» қойылым – режиссердің өзі. Қызуқанды, өмірге құштар, сотқар, батыл, еркін, асау... Бізде М.Әуезов атындағы академиялық театрдың бары, онда «Қарагөз», «Айман-Шолпан», «Бәкей қыз», «Қилы замандардың» қойылғаны өте жақсы. Мұның бәрі қазақ театрының іргесін қалап тұрған табантас (жалғасы).

Тұрарды танып болдық па?


Ресей астанасында он бір жыл тұрып, Кеңес өкіметінің басшылық органында қызмет еткен Тұрар Рысқұловтың есімін Мәскеу қаласы тарихында қалдыру оның ұрпақтарының, Қазақстан жұртшылығының, күллі зиялы қауымның көкейінде жүрген тілектің бірі еді. Кеңес заманында қол жетпеген бұл ниетті іске асыруға тәуелсіздік дәуірінде жол ашылды (жалғасы).

"Қызыл орамалды шынарым" қойылымы

Шыңғыс Айтматовтың «Арманым Әселім» хикаясын арқау еткен қойылымдар әлемнің бірқатар театр сахналарынан көрінген болатын. Ғабит Мүсірепов атындағы жасөспірімдер мен балалар театрының сахнасында алғаш рет 45 жыл бұрын көрсетілді. Чапай Зұлқашев, Байділдә Қалтаев, Мұхтар Бақтыгереев, Роза Әшірбекова сияқты сахна саңлақтары қойылымда бой көрсетіп, Мәскеу қаласында өткен театр фестивалінде жүлделі орындарға ие болды (жалғасы).

ЖЕҢІЛ АБСУРД

Қ.Қуанышбаев атындағы академиялық театрда Бэцуяку Минорудың «Әзәзіл» абсурды қойылды. Өмірдің өзі абсурд. Ал абсурд деген жауабы жоқ сұрақ. Сюжет, эмоция, мағына... Шығармадан бірінші мен екіншіні таба алмайсыз. Есесіне үшіншісін іздеуге болады. Отбасын күтіп отырған әйел (Күлия Қожахметова) дәрігерге (Бақыт Исабекова) келеді. Бірақ науқас ол емес, дәрігердің өзі сияқты әсер береді. Быламық диалогқа Үшінші әйел (Зибагүл Карина) араласады. Екінші әйел (дәрігер) Үшіншіні «бұғауда» ұстайды (толығымен).

"Театр көктемі - 2012" фестивалі мәресіне жетті


Бүгін Халықаралық театр күні. Бұл күні сахна саңлақтары төл мерекелерін атап өтіп, өмірден өткен өнер майталмандарын еске алып, олардың рухына тағзым жасайды.

Мереке қарсаңында қара шаңырақ М. Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық драма театрында жыл сайынғы «Театр көктемі - 2012» фестивалі өз мәресіне келіп жетті. Фестиваль аясында театр сахнасында жаңа қойылымдар көрсетіліп, өнер шеберлерінің еңбектері бағаланды (жалғасы).

"Ғашықпын! Шын ғашықпын сол..."

Алматыдағы Орталық мұражайда «Ғаламарт» шағырмашылық жастар клубы «Дала сазы» атты ұлттық саз аспаптары шеберлерінің I республикалық көрмесінің салтанатты ашылу рәсімі болды. Жиында алғашқы болып сөз сөйлеген Орталық мұражай директорының орынбасары Бабақұмар Қинаятұлы ағаштан ою ойып, темірден түйін түйген жас шеберлердің шығармашы­лық жұмыстарына оң баға берді (фотоматериал, ақпарат).

Қазақша фильмге қолдау қажет

Бүгін бір қолым босап, артықтау уақыт тауып, мерекеге орай жақында ғана еліміздің барлық кинотеатрларында 15-наурыздан бастап көрсетіле бастаған «Армандастар» фильмін тамашалауға бардым. Сәл кешігіп барып билет алып, залға кірдім. 5-6 минут кешіккен болуым керек, фильм басталып кетіпті (жалғасы).

Айтматов әлемі

Әлі есімде, сонау алпысыншы жылдардың бас кезі-тін. Біздің ауылға Шыңғыс Айтматовтың «Тау мен дала хикаялары» атты қалың кітабын біреу алып келіпті. Оны оқығандардың аузында Данияр мен Жәмиланың хикаялары жырдай болып айтылып жатты. Екі адамның басы қосылса әңгіме осы тақырыпта өрбитін. Қолдан-қолға тимей бүкіл ауыл оқыған сол кітаптың кезегі күндердің күнінде біздің үйге де жетті (жалғасы).

ПАРОДИЯҒА ІЛІГЕР ТҰЛҒАЛАР ТАУСЫЛДЫ

Өзімнің атымдағы сыйлықты өзіме жазып жүргенім атаққұмар пенделерге астарлап айтқан пародиям ғой. Оны біреу түсінеді, біреу түсінбейді. Кеше ғана көз алдымызда жүрген көкелерiмiз Оспанхан Әубәкiров, Шона Смаханұлы, Қалтай Мұхамеджановтардың қайсысы қай лауреаттан кем?  Тiптi, жыл сайын берiлетiн Президент стипендиясының тiзiмiнен де тiрi сықақшы таппайсыз (толығымен).

Оцените пост

5

Комментарии

1
Карменситаны көру керек екен, мақтаушылар көп
Показать комментарии