Yvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов42 подписчика
Всяко-разно
0
01:49, 29 марта 2012

Алтын Урпак-5

Жалпы білім беретін мектептерде сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастырудыңтиімді жолдары

Омарова А.А.,Қызылорда облыстық “Атабаев тағылымы”орталығы, Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы №86орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі

Республикамыз  егемендігін алған және қогамымыз жаңарған қазіргі жағдайда  білім берудің шын мәніндегі демократиялық  жүйелерін құру  принциптері  өз мәніне сай   қалпына келтіруде. Олар шығармашылық тұлғаны  қалыптастыруға,  қайталанбас даралықты  дамытуға  бағытталған. Әрбір бала өмірдің, оқу-тәрбие процесінің  еркін субьектісі.

Сыныптан тыс жұмыстар  оқу-тәрбие жұмысымен  өмірімен байланысты арттыруға,  оқушылардың сыныпта  алган  білімін одан әрі тереңдетуге, ең маңыздысы, олардың сегіз қырлы, бір сырлы,білімді де, парасатты, адамгершілігі жоғары азаматтар  болып өсуіне жағдай жасайды, ықпал етеді. Сыныптан тыс осындай сан-салалы  жұмыстарды тартымды  да, қызықты, әсерлі етіп ұйымдастырған мұғалім, тек жақсы оқитын оқушыларды ғана емес, үлгерімі төмен, тәртібі нашар оқушылардың да талабын оятпақ.

Өйткені онда ұстаз бен оқушы арасында көзге көрінерлік шекара болмайды. Мұғалім  шәкіртімен бірге тыныстайды, бірге ойлайды, істі бірге істеп, бірге шешеді

Сабақ кезінде, окыту кезінде қалыптасатын адамгершілік  қарым-қатынас сипаты  сыныптан тыс қызметте  беки түседі немесе түрлі өзгерістерде  ұшырайды.  Сыныптан тыс жұмыс мейлінше әр түрлі формаларға,  оқушылардң нақты  мазмұнды қызметіне бай болып келеді. Балалар сабақтан тыс уақытта қоғамдық пайдалы еңбекке қатысады, тапсырмаларды орындайды, ертеңгілік пен жиындарда, түрлі сайыстарда кездеседі. Өзара бірлескен сыныптан тыс қызмет үстінде  кей ретте мұғалімнің ұжымдағы балалардың өз жолдастары жоніндегі қате қалыптасқан пікірлерін өзгертуіне, балалардың өзара  қарым-қатынасын қажетті бағытқа қайта құруына мүмкіндік туады. Сан қырлы сыныптан тыс қызмет   процесі кезінде балалардың арасында  олардың әрқайсысының жеке бастық ерекшеліктеріне орай қарым-қатынастар қалыптасатын болады.

Оқушыларды бірлесіп әрекет етуге  қалай үйрету керек?

Жұмысты                                                                                                                       Мұғалімнің

жоспарлауы                                                                                                                нұсқау беруі

 

Міндет бөлісуі               Өзіне берілген       Бар жұмысты    Ортақ жұмысқа

тапсырманы            назарында         есеп беруі

орындауы                  ұстауы

 

Мұғалім жұмыс сапасына, ойын процесіне, жиындар, байқаулар өткізуге ғана емес, сонымен бірге осы ұжымдық қызметке қатысушылар  арасында туындайтын қарым-қатынастарға да айқын  талаптар қойып отырады. Бұл талаптарды балалар жақсы білуге және жете түсінуге тиіс

Адам  өзіндік ерекшелігімен өмірге келеді. Осыған орай тәрбие беру үдерісінде әр түрлі   болмыспен қалыптасқан тұлғаны одан әрі жетілдіруде тәрбиелеудің түрлі әдіс-тәсілдерін қолдануға тура келеді. Тәрбие берудің тиімділігі мен сапасын  арттырудың негізгі бағыты-барлық  тәрбиелік  істе әрбір баланы «жеке тұлға» деп танып, жан-жақты қалыптастыру.

Оқушының шығармашылық  тұлғасын жан-жақты үйлесімді дамыту үшін оның өз мүддесіне қарай ұжымдарга балалардың түрлі іс-шараларға қатысуы үлкен мәнге ие. Оқушылардың сыныптан тыс  жұмыстарын ұйымдастыра отырып, олар тек кана дамылумен ғана емес, өз өмірлерін қызықты, мазмұнды өмірге зер салып қарауға үйренуі керек. Сыныптан тыс жұмыстардың тәрбиелік қызметі дара және базалы (мектептік ) дайындық пен сыныптан тыс сабақтар арасындағы сабақтастықты, тұлғаны тәрбиелеуде әр түрлі жақтардың арасындағы және тәрбиенің кешенді тәсілдерімен өзара байланысын ашу болып табылады. Жас өспірімдердің  шығармашылық  тұлғасының белсенді бағытын  оның тек сабақтарға жалпы қатынасы ғана емес, сондай-ақ  білімді практикалық іскерліктерді қабылдау мен меңгеру процесінің өзі де анықтайды.  Сыныптан тыс жұмыстар  біріншіден, бұл жас өспірімдерді  бірігуге тартатын, одан өзінің іскерлігі мен қатыстығын  көрсетуді  талап ететін тақырыптық-практикалық әрекеттің жаппай және топтық түрлері.

Сайыстар

Шығармашылық мейрамдар

кешенді ойын

Жарыстар

Фестивальдар

Бұларға қатыса отырып, балада таңдау мүмкіндігі туады. Өз бойына танымдықты, рақатты, көңіл көтеруді біріктіретін жұмысқа қатысудың  еріктілігі балаларға өз күшін сынауға, ұнауға, лайықты болуға өзінің жетістіктерін жолдастарының табыстарымен салыстыруға жағдай жасайды. Екіншіден, бағытталған қызығушылыққа  және  мүмкіншілікке сәйкес жүйелі әрекетпен айналысқысы  келетін  балалар үшін үйірмелер, секциялар, студиялар, лабараториялар  және  басқа да шығармашылық бірлестіктер. Мұндай ұйымдастыру формалары  қабілеті мен дайындығына қарай  ниет білдірушілер  барлық жас өспірімдерді бірдей қатысуға мүмкіндік туғызады.Осы заманғы қоғамның басты міндеті-жан-жақты дамыған тұлғаны қалыптастыру.

Н.Назарбаев: «Қазақстан-2030» бағдарламасында:

«Халықтың көптеген топтарының бірлігі жекешіл және қоғамдық негіздерін салиқалы үйлестіру,мұның өзі қоғамымыздың жарасымды сатылы дәстүрлерін толықтыра түседі» деуі   қоғамдық ұйым, бірлестіктердің дамуына мүмкіндік ашып отыр.

Жас жеткіншектерге сабаққа байланысты тағылым берумен бірге, арнайы тәрбие сағаттарын өткізудің ,үйірме,кеш,дебат,конференция ұйымдастырудың,ақын –жазушылармен,еңбек адамдарымен кездесулер өткізіп,мәдени орталықтар мен тарихи ескерткіштерге,музейлерге саяхат жасаудың ,оқушылардың шығармалары мен шығармашылығына арналған әдеби байқаулар,көрме ұйымдастырудың,газеттер шығару сияқты жұмыстардың үлкен тәрбиелік маңызы бар.Осы орайда өзім еңбек ететін мектепте «Жас  өркен», «Оқушылар ұйымы», «Жас ақындар»үйірмесі «Домбыра» үйірмесі, «Қазақша күрес» спорт үйірмесі, «Жас математик» үйірмелері жұмыс істейді.Сондай-ақ «Отаным- Қазақстан»,»Менің болашақ арманым» деген тақырыптарға оқушыларға эссе жаздыру жұмыстары жүргізілді.Мереке күндеріне байланысты сыныптар қабырға газеттерін шығарып отырады.

Жоғары сынып  оқушыларымен жүргізілетін түрлі сайыстар,XXI-ғасыр көшбасшысы зияткерлік ойындар,сондай-ақ пәндік апталықтар,ата-ана мен оқушы,ұстаздардың бірлесуімен өтетін «Жігіт сұлтаны», «Көктем аруы» атты сайыстар өткізіліп тұрады.

Баланы жақсылыққа жетелеп жанастырар да,жамандықпен  адастырар да мұғалім.Ағаштан ағаш рең алса,адамнан адам тәлім алады.

Тәрбие туралы :Ж.Аймауытұлының мынадай  сөзі бар: “Адам мінезінің,ақыл –қайратының түрлі болуы ,тәрбиенің әртүрлілігіне байланысты” .Мектеп –білім ордасы болса,ұстаз –сол мектептің жүрегі,оқушы –болашақ тұлғасы.

Пайдаланылған әдебиеттер

1.Богданова О.С.     “Бастауыш сыныптардағы тәрбие жұмысының методикасы”Петрова В.И.   Алматы. “Мектеп ”(1980ж)

2.БолдыревН.И.      Мектептегі тәрьие жұмысының әдістемесі .Алматы.“Мектеп”(1987ж)

3.Омаров Е.О.    Қазақстандағы  мәдени –ағарту жұмыстарының тарихы.Шымкент.(1991ж)

4.Серғожаев Н.    Сенде бір кірпіш дүниеге ...Алматы    “Рауан”(1990)

5.“Бастауыш мектеп”журналы 2005 №2

6. “Сынып жетекшісі”журналы  2004 №6

   

Жаңа технология – педагогтардың мүмкіндігін күшейтетін құрал

Нұрекеева Назгүл Мұстафақызы, №240 Ғ.Мұратбаев атындағы орта мектебі информатика пәні мұғалімі, Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Қандөз ауылы

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 8-бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп атап көрсеткен. Қазіргі ақпараттық қоғамда өндірістің дамуының негізгі құралы болып ақпараттық ресурстардың қажеттілігі көрінеді.  Сондықтан білім беру саласы да өзінің дамуы үшін жаңа қадамдарға баруда. Осыған байланысты адамға ақпараттар кеңістігінде дұрыс бағытты таңдауға мүмкіндік жасай алатын оқытудың жаңа технологиялары пайда болуда.

Білім беруді ақпараттандырудың қағидалары:

-          қоғамның әрбір мүшесі үшін алынатын білімдер мен мәліметтердің түсініктілігі;

-          жеке тұлғаның интеллектуальдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту;

-          білім мен тәрбиенің бірізділігі;

-          жалпы компьютерлік сауаттылық;

-          оқыту мен тәрбиелеудің жылдамдығы.

Нәтижелері:

-          жаңа ақпараттық технологияны қолдану арқылы білімнің сапасын көтеру;

-          жаңа ақпараттық технологияларды енгізу арқылы білім беру мазмұнын жаңарту;

-          жаңа ақпараттық технологияны қолдану саласы бойынша оқушылардың мамандыққа баулу механизмін құру;

-          мультимедтялық электрондық оқулықтарды, виртуальдық  лабораторияларды және бақылау программаларын жасақтап, қамтамасыз ету;

-          отандық білім беру жүйелерін біртұтас әлемдік ақпараттық білімдік кеңістікке ену арқылы сабақтастыру;

-          Республикалық білім беру мекемелерін басқарудың біртұтас ақпараттық желісін құруға негіздеп, білім берудің басқару салаларының ақпараттық желісін құру.

Жаңа технология – педагогтың мүмкіндігін күшейтетін құрал, бірақ ол мұғалімді алмастыра алмайды. Компьютер мүмкіндіктері психология мен дидактика тұрғысынан талданып, керек кезінде педагогикалық талаптарға сай қолданылуы керек.

Білім беру жүйесіндегі қайта құрулардың негізгі субъектісі – мұғалім. Қазіргі мектепке шығармашылық ізденіс қабілеті дамыған, жаңа педагогикалық технологияларды жете меңгерген, мамандық шеберлігі қалыптасқан мұғалімдер қажет.

Компьютерді мұғалім қосымша материалдар, әртүрлі анықтамалық мәліметтерден ақпараттар беру үшін көрнекі құрал ретінде пайдала алады. Мұғалім ақпараттанушы емес, оқушының жекетұлғалық және интеллектуалды дамуын жобалаушы. Ал бұл мұғалімнен жоғары құзырлылықты, ұйымдастырушылық қабілеттілікті, оқушыларды қазіргі қоғамның түбегейлі өзгерістеріне лайық бейімдеу, олардың зерттеушілік дағдыларын дамыту бағыттарын талап етеді.

Жаңа ақпараттық технологиямен орындалатын қызмет өзінің кез келген нақты формасында тиімдірек орындалады, адам өркениетті бола бастайды.

Ұрпақ үшін кітаптың маңызы қандай болса, компьютерде оқушы үшін қоршаған әлемді танудың табиғи құралы болып табылады. Олай болса барлық сабақтарды компьютерлердің қуаттануымен жүргізуді үйрену – бүгінгі күннің кезек күттірмейтін өзекті мәселелерінің бірі.

Қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды пайдалану өз білімін көтеру тиімділігін де арттырады. Бұл бірінші кезекте сандық түрде жазылған ақпараттарды пайдалану кезінде қажетті мәліметтерді оңай табуға мүмкіндік береді. Қазіргі кезде көптеген әлемге танымал энциклопедиялар, сөздіктер электронды түрге айналдырылған. Компьютердің көмегімен тек белгілі бір аудиторияларда ғана емес, сонымен бірге қашықтықтан оқыту үрдісі де дамып келе жатыр. Ол үшін Интернет желісіне қосылған компьютер керек. Қашықтықтан оқыту кезінде тапсырманы және онымен бірге ұсынылған оқулықтарды қарап отырып білім алғысы келетін адам өзі ізденіп, жауаптарын салып жібереді. Немесе бірлескен телеконференцияларға қатысады. Оқытудың бұл түрі анағұрлым арзан, әрі қалаған уақытыңда оқуыңа, тапсырмаларды орындауыңа мүмкіндік береді. Бұның бір мысалы ретінде 2007-2008 оқу жылының басында Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевпен бірге өткізілген интерактивті сабақты айтуға болады.

Жаңа технологияны бәсекеге қабілетті ұлттық білім беру жүйесін дамытуға және оның мүмкіндіктерін әлемдік білімдік ортаға енудегі сабақтастыққа қолдану негізгі мәнге ие болып отыр.

Жаңа технология есептеуіш техникасымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивтік құралдарды қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді.

Оқушылардың жаңа технологиялар көмегімен қалыптасатын және жүзеге асырылатын ойлау қабілеті бұрынғы технологиялар арқылы берілетін ойлау жүйесінен өзгеше болатындықтан, тек ойлау қабілеті түсінігі ғана емес, жаңа жағдайда психикалық функциялардың басқа жақтары да қайта қарастырылуы тиіс. Осының бәрі жаңа ақпараттық және педагогикалық технологиялар жасау саласында, білім парадигмасын құруда тың инновациялық жұмыстар жүргізуді талап етеді. Компьютерлік техниканың дидактикалық мүмкіндіктерін педагогикалық мақсаттарға қолдану, білім мазмұнын анықтауда, оқыту формалары мен әдістерін жетілдіруде жақсы әсерін тигізеді.

Қорыта айтқанда, жаңа технологиялардың көмегімен оқушылардың білімін жетілдіру мен оқу сапасын арттыруға болады. Қай халықтың, қай ұлттың болсын толығып өсуіне, рухани әрі мәдени дамуына басты ықпал жасайтын тірегі де, түп қазығы да – мектеп. Қазақ мектептерінің білім деңгейін көтеру және онда жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы оқу-тәрбие үрдісін тиісті деңгейге көтеру, педагогикалық ұжымның жүйелі жұмыстарының нәтижесінде ғана жүзеге аспақ.

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. «Информатика негіздері». №4, 2005 жыл.
  2. «Информатика негіздері». №2, 2004 жыл.
  3. «Ақпараттық технология және қашықтықтан оқыту». С.Т.Мұхамбетжанова
  4. «Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін 2015 жылға дейін дамыту» Тұжырымдамасы.
  5. «Информатика мұғалімінің мамандығына қойылатын талаптар». Алматы, 1998 жыл.
  6. «ҚР Білім туралы» Заңы.
   

Өзін-өзі тану пәнінде оқушылардың зейінділік қасиеті мен белсенділігін арттыру

Талаббаева Р-№125 С. Сапарбеков атындағы орта мектептің    Өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі, Қызылорда облысы, ,Жаңақорған ауданы

Өзін-өзі тану пәні - философия, психология, педагогика, әдебиет, мәдениеттану, тарих, әлеуметтану, әдеп, эстетика ғылымдары тоғысуынан келіп қолданысқа еніп отырған тәрбиелік үлкен мән-маңызға ие рухани-адамгершілік білім болып отыр. Бұл сабақты өткізудегі арнайы әдіс-тәсілдердің ішінде нақты қай әдістерді ізденіс нәтижесінде түрлендіре, көркемдей және нәтижеге неғұрлым бағыттай аламыз? Міне, осы сұрақтар төңірегінде пән мұғалімі ретінде сіздермен өз педагогикалық тәжірибемнен түйгендерімді бөліспекпін. Мәселен, шаттық шеңберінің педагогикалық мәні - әрбір баланың бір-бірімен еркін қарым-қатынас жасап, өзін өз ортасының сенімді ажырамас бір мүшесі сезініп, өзіне және өзгелерге деген сенімін қалыптастыру, нығайту, сабақты жақсы көңіл-күймен бастау болса, демек осы бағытты назарда ұстау керек. Яғни, әдістемелік тәсілде берілген өлеңдерді оқып қана қоймай, қосымша психологиялық ойындар немесе амандасудың дәстүрлі емес түрлерін қолданатын болсақ, балалардың  ынта-ықыласы арта түсері сөзсіз. Мысал келтіре кетсем, 9-сыныпқа арналған «Адами қарым-қатынас ізгіліктері» тақырыбы бойынша «Сәлеметсіңдер ме, балалар? Біз әдетте, осы дәстүрлі амандасу түрімен бастаймыз сабағымызды. Солай ма? Енді, бүгінгі тақырыбымызға орай  дәстүрлі емес амандасу - барлығын тез орындайтын ойыннан бастауды ұсынамын. Алдымен, оқушылар  бөлмеде үндемей жүреді, менің белгім бойынша шапалақ ұрумен бір-бірлерімен тез амандасулары керек. Және әркез әркіммен түрліше» деп сабағымызды бастап кетуге болады. Ойын аяқталған соң, осы ойын және осы сәттегі амандасулары туралы өз  ойларын айту балалардың байланыс және өзара әрекеттесу мүмкіндігін қамтамасыз етеді және сабаққа қызығушылығын арттырады. Әрі қарай сабақ барысын «біз барлығымыз қазір не істедік? Амандастық, сәлемдестік. Ал сәлемдесу – бұл  адами қарым-қатынас бастауы екендігін барлығымыз білеміз. Олай болса, қарым-қатынас ұғымына тоқталып өтейік...» деп жалғастырып алып кетеміз. Тағы бір мысал, 5-сыныпқа арналған «Жақсы көңіл-күй – жан шуағы» тақырыбында Луиза Хейдің «Мен Сіздерді көргеніме өте қуаныштымын.  Тағы да біз бүгін біргеміз. Мен қуаныштымын, қуаныштысың сен. Бір-бірімізбен сәлемдесейік достық құшағымызбен» жолдарын тиімді пайдалана отырып та, әдістемелік тәсілдің мәнін толықтай ашуға мүмкіндік аламыз. 9-сыныптың «Мінез – адам көрсеткіші» тақырыбында да Луиза Хейдің мынадай жолдарын оқушылармен бірге айтумен бастауды ұсыну да ерекше әсерлі болмақ:

« Мен өзімді сондай жақсы көремін,

Сені де жақсы көре алатындай.

Сонда сен өзіңді жақсы көресің,

Мені де жақсы көре алатындай.

Бүгінгі тақырыбымыз «Мінез – адам көрсеткіші» деп айтылып тұрғандай мінез төңірегінде білімдер игеретін боламыз. Жаңа өзіміз айтқанымыздағыдай біз өзімізді, өз мінез-құлқымызды жақсы көреміз бе? Оған қандай кедергілер бар? Өз мінез-құлқымыз жайында нақты әрі шынайы ойланып көрдік пе? Ойланған болсақ жақсы, немесе қазір бастауымызға сәті келіп тұр,» - деп әрі қарай тақырыптың негізгі мазмұн-мақсатын айқындай отырып, балалардың ынта-ықыластарын да зор көлемде аударуға болады. Бұлайша әдістемелік тәсілдерді толықтыра түсу - балалардың достық қарым-қатынастарын дамытып, көтеріңкі көңіл-күй тудыратыны айдан анық десек те, сабақ кіріспесі ретінде келесі бөліммен аралық байланыс жасай отырып, зейінін аударып, қызығушылығын арттыру да негізгі мақсат. Сабақ басында балалар зейінін шоғырландырып, оның тұрақтылығына қол жеткізу, яғни, баланың зейінін сабақ бойына үздіксіз алып кету де үлкен ізденісті, еңбекті, тиянақтылықты қажет етеді және бұл әр пәндегі басты шарт. Олай болса қызығушылық бұл – қызығу десек, қызығу – жеке адамның объектіге, оның өмірлік мәні мен эмоциялық тартымдылық күшіне қарай таңдамалы қатынасы. Қызығуды олардың бағыттылығына қарай материалдық, қоғамдық және рухани қызығу деп бөліп қарауға болса, адамның жоғары дәрежеде дамуын сипаттайтын       қызығу – рухани қызығу. Сабақ барысындағы біз мақсат еткен қызығушылық та осы. Ал әсер ету дәрежесіне қарай самарқау және белсенді болып екіге бөлінеді. Самарқау қызығу – адам өзін қызықтырушы объектіні қабылдаумен ғана шектеледі де, объектіні терең тану, оны меңгеру және өзін қызықтыратын салада шығармашылықпен айналысуда белсенділік көрсетпейді. Белсенді қызығу – пәрменді қызығу, мұндайда адам көріп-білумен ғана шектелмейді, өзі тыңдаған объектіні меңгеріп алып, әрекетке көшеді. Белсенді қызығу - жеке адамның дамуын, оның білімі мен дағдыларының, қабілеттілігі мен мінез-құлқының қалыптасуын қамтамасыз ететін жайттардың бірі. Қызығушылықты тудырғанның өзінде оның белсенді әсер ету дәрежесіне қол жеткізу практикалық жұмыстарды қажет етеді. Оларға: сахналау және тапсырмаларды жатқызсақ болады деп ойлаймын. Сахналау тәсілінің алдын-ала белсенділіктерін, сенімдерін арттыра түсу үшін бастапқы іріктеу кезеңінің өзін былайша ұйымдастыруға болады: (5-сынып, «жақсы көңіл-күй –жан шуағы») «... Көңіл-күйге әсер ететін ол – түрлі сезімдер. Осы түрлі сезімдердің адамдарға қалай әсер ететіндігін түсінуіміз үшін көріністер сахналап көрейікші.

Ол үшін біз алдымен, 4 топ құрауымыз керек. Топ мүшелерін іріктеу үшін мынадай бұйырулардан тұратын ойын өткізейік. Айтылған ойларға келіскен балалар бір қадам алға жылжып отыруы керек.

  1. Кімнің көңіл-күйі жақсы?
  2. Бүгінгі сабақтан кімнің жаңа нәрселер білгісі келеді?
  3. Кім өзіне сенімді?
  4. Адам баласының көптеген мүмкіндіктерге ие екендігіне кім қосылады?

Қалғандарыңызға рахмет! Отыра берулеріңізге болады. Ал енді ортада қалған достарымыз – бұлар осы сәттегі таңдаулылар. Таңдаулылар өзара жұптасып, 4 топ құралады. -Бұл жерде көріп тұрғанымыздай ешкім ешкімді атап таңдаған жоқ., таңдаулылар өздерінің сенімділігінің, алға ұмтылушылық қасиетінің арқасында таңдаулы болды. Яғни, өмірде де солай. Адамның жасағанын адам жасайды. Тек өзімізде сол жақсылықтарға қарай жетелейтін күш пен сенім болса болғаны.

Тамаша! Мінекей, төрт топ құралды.Енді, қазір сахналауымыз керек көріністерді

тапсырма билеттері түрінде төрт топқа таратамын». Осылайша, психопрофилактикалық жұмысты да кіріктіре кетсек тиімді, көрнекті әрі байқаусыз. Былай жасауға болмайды, мынадай болу керек деген сияқты құлақ құрышын жейтін үйреншікті, іш пыстыратын тақырға себелеген құмдай сусылдақ құр сөз емес, бұл ой тастау және сол тоқтамға өздері келгендей етіп жасау -  тәрбиедегі ұтымды дүние.

Ал 9-сыныпта берілген «Адами қарым-қатынас ізгіліктері» тақырыбында тапсырма ретінде мынадай «Туған күн» ойынын ұсындым. Қоғамдық орталарда орын алып жататын қарым-қатынасты өз сомдауларымен тірілте отырып, қызу талқылау жүргізуге мүмкіндік беретін - «туған күн» қарым-қатынас ойынының бейнелерін ойнауды тапсырдым

Ойыннан кейін талқылау жүргізілді. Талқылау жасөспірімдердің мінез-құлқын байқауға мүмкіндік береді. «Мұндағы рольдерге кіріп, өз және өзге рольдерді бақылап, ондағы бейнелік ерекшеліктерді сезіне отырып, өзің қандай адам болдың, басқалар ше? Осы сұрақтар аясында ой қозғаймыз. Өзіңе өзің ұнасаң, сол адами қасиеттерді бойыңда дамытуға тырыс, ал егер кемшіліктерің болса, өзіңмен-өзің жұмыс жаса. Осы ойыннан, сабақтан түйген ойларың бойынша қарым-қатынас жасауыңдағы олқылықтарыңды түзеу, өзіндік даму жоспарын құрып, келесі аптада нәтижелеріңмен бөліс». Бұл белсенді қызығу, сабақтан тыс біраз уақыттар бойына жалғасын табады, сонымен қатар аздап бағыт жасап отырған жағдайда ол дағдыға айналады, демек, нәтижелі жұмыс деген осы.

9-сынып, «Мінез – адам көрсеткіші»тақырыбы бойынша тапсырма «сиқырлы қол» деп аталатын психологиялық жаттығу негізінде орындалады. Қағазға оқушылардың әрқайсысы өз қолының суретін салады. Саусақтарға өзінің жақсы қасиеттерін, саусақтар сыртына мінезіндегі жеңуі қажет қасиеттерді, ал алақанға не өзгерткісі келетінін жазады. Мұндай жалпыламадан жекелік жұмысқа ендіру – самарқау қызығудың алдын алады.

Зейінді дұрыс ұйымдастыруға жәрдемдесетін маңызды шарттың бірі – адамның психикалық күйі. Шаршап-шалдығып отырған адамның бірнәрсеге зейін қоюы қиын.  Осыны ескере отырып, тыныштық сәті релаксациялық тәсілі баланың демалуына жағдай жасаса, ал «өзіммен-өзім» сергіту сәті ретіндегі әдістемелік тәсілі де балалардың қызығушылығын жоғалтып алмауда, зейінін шашыратып алмауда, сабақ мақсатына жетуде қажетті бөлімдер. Тек дем алу, сергітуді ғана көздемей, бұл сәттерді де тақырыптың бір қырын ашуға бағыттауға болады. Мұнда өзін-өзі тану психологиямен де сабақтас болғандықтан, психологиялық релаксацияларды, жаттығуларды тақырыппен мазмұндас және басқа бөлімдермен де аралық байланысты ұстай отырып жұмыс жасау тақырып мазмұнын толықтай ашып, сабақ мақсатына толыққанды жету үшін өте ұтымды жол болмақ.

Сонымен қатар шығармашылық жұмыс та баланың белсенділігін арттыруда аумақты орын алады. Шығармашылық жұмысты үйге тапсырма етіп беру қолайлы әрі тиімді. Өйткені, сабақ барысында қаншама жоспарланған дүниелерімізді қысқартар болсақ, тақырыпты аша алмауымыз мүмкін, оның үстіне шығармашылық белгіленген уақыттың шекарасында қалып қойса, ойдың тиянақты, ашық жеткізілмеуі мүмкін әрі үйге берілген мұндай жұмыстар сабақ материалын, әсерін, қорытқан ойын ұзақ мерзімдік есте сақтауға алып келеді. Ойланады, көзқарасын білдіреді, ой қорытады, талқылайды және өзіне қажеттісін өмірлік құндылық ретінде бойына сіңіре алады. Балалардың қызығушылығын, белсенділігін арттырудың ізденіспен келетіндігін білеміз, тағы бір түйгенім оқушы дәптеріндегі тапсырмалардан бөлек әр тақырыпқа байланысты әрбірінің өзімен жұмыс жасауы үшін қосымша шығармашылық жұмыстарды жоспарға енгізу де артықтық етпейтін сияқты.

Жоғарыда өз іс-тәжірибеммен бөліспекпін деп атап көрсеткенімдегідей, өткен сабақтарым бойынша сөзім дәйекті болуы үшін қысқаша ғана кейбір мысалдар келтірген болатынмын. Мұндағы айтылған әр сабақта менің еңбегімнің ақталғаны – оқушыларымның балаң көңілмен шынайы ризашылықтарын білдіріп, пікірлерін айтып жатады. Тіпті, бір-бірімен ренжіспей-ақ, сұрақ-талқылауларға байланысты бір-біріне және жеке өздеріне біраз уақыт бұрын мен қазіргі өзгерістері, жетістіктері жайлы салыстырмалы түрде баға беріп, ойларын ашық сараптап отырады. Демек, өзіндік тәрбиелеу дағдылары қалыптасты, даму бар, тұлғалық өсу бар және бұл мені қуантады. Сабақ барысында сынып оқушыларының көздерінен ризашылық, сенім, қуаныш көрем. Олар менен педагог ретінде тағы да онан да көбірек нәрселерді күтетіндерін де сол көзқарас, сол ынта-жігерлерінен байқаймын. Мені қолымнан келгенінше, шығармашылық ізденіс пен серпінді ұмтылысқа бастап, еңбекке жетелейтұғын күш те осында. Шын мәнінде мен олардың зәредей де болса, әр сабақ сайын ойына, бойына бір ой түйіп, бір бағыт жоспарлағанын көрсем – аз ба, көп пе жасаған жұмысымның жемісі, еңбектегі бақытым – сол деп білемін.

 

Пайдаланған әдебиеттер:

  1. Жұмасова К.С. Психология: оқулық. – Астана: Фолиант, 2006-292б.
  2. Жарықбаева Қ. Жалпы психология. Алматы: мектеп, 1980
  3. Өзін-өзі тану. Жалпы білім беретін мектептің 9-сынып мұғалімдеріне арналған әдістемелік құрал. А.сейтақов, Ұ.Әбдіғаппарова/ Алматы. «Бөбек» ҰҒПББСО, 2010. – 208 бет
  4. Өзін-өзі тану. Жалпы білім беретін мектептің 5-сынып мұғалімдеріне арналған әдістемелік құрал. Б.А.Әрінова, Р.Р.Ізғұттынова, Ж.Ж.Әкімбаева/ Алматы. «Бөбек» ҰҒПББСО, 2010. – 208 бет
  5. Психологиялық әдістемелер жинағы, 256-бет
  6. Сәбет Бап-Баба. Жалпы психология. Алматы, 2009. 267 бет
   

Баланы мектепке даярлаудың бүгіні мен болашағы

Сейітханова Ақдәме-№110 мектептің бастауыш сынып мұғалімі, Қызылорда облысы, Жаңақорған қонысы

Қазақстан Республикасында 2010-2015 жылдарға арналған білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасына сәйкес Қазақстандық білім беру жүйесінің маңызды міндеті білім беру мазмұны мен құрылымын жаңғырту, 12 жылдық жалпы орта білімге көшу. Бастауыш білім берудің негізгі мақсаты – оқушының жас ерекшелік және жеке дара мүмкіндіктерін ескере отырып, оқушы тұлғасын дамыту; оқу іс-әрекетінің негзгі компонентерін игеру. Сонымен қатар бастауыш мектептегі оқу әрекетін ұйымдастыру, оқу, жазу, санау бойынша қажетті білім, білік және дағдылар жүйесін игеруін, осы сатыдағы негізгі құзіреттіліктердің қалыптасуын қамтамасыз етеді.

Бастауыш сынып жасындағы балаға оқу әрекеті негзгі басты әрекет болып табылады. Оқу әрекетінің дамуы баланың тұлғалық қасиетінің қалыптасуына негіз болады.

Әдістемелік ұсымның мазмұнында қарастырылатындар:

-          5 жасар балалар мен жұмыс жасаудың ерекшеліктері;

-          Бастауыш мектеп оқушылары мен жұмыс жүргізудегі педагогикалық технологияларды қолдану ерекшеліктері;

-          Бастауыш мектепте оқу -тәрбие процесін басқару;

-          12 жылдық білімге көшу жағдайындағы ата-аналар мен жұмыс.

Бұл көрсетілген бағыттарға сүйену – 12 жылдық мерзіммен оқытылатын білімге көшу кезінде бастауыш сыныптың жаңа мазмұнға және оқытудың жаңа технологиясының сапалы бейімделуіне осы әдістеме негіз болады.

Психологтар: «Баланы мектепке психологиялық дайындау мектепке дейінгі және кіші мектеп жасының байланысының феномені»дейді.

«Баланы мектепке психологиялық дайындау» ұғымының нақты анықтамасы әзір жоқ және мектептегі жүйелі оқытуға дайындықтың сенімді, кең ақпаратты өлшемдері де әлі құрылмаған.

Ал Ресейлік психологтар баланы мектепке психологиялық дайындауды ұжымда мектеп бағдарламасын меңгеруге қажетті психикалық даму деңгейінің болуы деп түсінеді. Яғни оқу бағдарламасы баланы «Таяудағы даму зонасына сәйкес» (Л.С. Выготский) келуі керек.

Мектептегі оқуда 5 жасар балалардың психологиялық дайындығына қойылатын талаптар туралы психологиялық және педагогикалық әдебиеттерден көптеген мәліметтерді алуға болады.

Әр бала өзінің жас ерекшелігінің дамуына сай жеке тіл табысуды қажет етеді. Бала тәрбиелейтін білім беру жүйесінің және барлық ересектердің міндеті – әр жастың толық дамуына ықпал жасау. Егер қайсы бір жастық даму кезінде тоқтау немесе үзіліс болса, бала дамуының қалыпты жағдайы бұзылады, келесі кезеңде үлкендердің негізгі күш-жігерін бұл дамуды түзетуге, яғни қалпына келтіруге жұмсалады, бұл ауытқу үлкендерге ғана ауыр түспейді, ең алдымен ол ауыртпалық балаға түседі. Сондықтан баланың дамуына жағдай жасауға уақытылы қолайлы күш-жігер және әдіс-тәсілдерді аянбай қолдану қажет. Ол үшін әр жастың ерекшелігін жетік білу қажет.

Психология ғылымында жас ерекшеліктерге байланысты психологиялық дамуға қатысты нақтылы өлшемдер қалыптасты. Ол өлшемдер баланың психофизиологиялық жетілуі жөнінде. Психофизиологиялық  жетілу -  бұл орталық нерв жүйесіндегі жас ерекшеліктердің бірізділіктің өзгерісін және ағзаның басқа жүйелерін анықтайтын үрдіс.

Балалардың 5 жастан мектепке қабылдануы қайта жаңғыруды және алдын ала жетекші іс-әрекеттің ауысуына өзгеріс әкеледі.

Қайта жаңғыру мен жетекші іс-әрекеттің қалыптаспауы келесі кезеңдегі тұлғалық дамудың деформациялануына немесе келешекте қажетті қасиеттерді қабылдауға қиындығын туғызады.

Бұның барлығы білім саласында балалардың мектепке қабылдауында жас ерекшелікке көп көңіл бөлуді жас ерекшелікке сай оқыту әдістерін қолдануды және тәрбиелеуді оқушылармен қарым-қатаныс стилін жаңартуды талап етеді.

5 жасар балалардың психологиялық мінездемесі және оларды мектепте оқытудың ерекшеліктері.

12 жылдық оқыту кезінде бастауыш сыныпқа бала 5 жастан қабылданады. Мектепке келу 5жасар баланың өміріне үлкен өзгеріс әкеледі. Оқу процесін сапалы ұйымдастыру үшін бұл жастағы балалардың психофизиологиялық ерекшелігін жақсы білу қажет. 5 жасқа қарай зейіннің еріксіздігімен қатар ерікті, белсенді зейін пайда бола бастайды, бұл саналы мақсат пен ерік жігердің күшіне байланысты болады. Бұл заңды өзгерістер 5 жасар балалардың есте сақтау қабілетінде де бар.

5 жасар балалардың дамуында көптеген өзгерістер ең алдымен тіл дамуында, интеллектуалдық дамуында, ой, зейін,  ес, қиял сапаларында байқалады. 5 жасар балалардың сөздік қоры да ұлғаяды. Өзінің қызығушылыған байланысты күнделікті тіршілікке қатысты әрекетте бала басқа адамдармен кез-келген жағдай да тез тіл табысады. 5 жасар бала заттардың ұқсастығын басқа затпен салыстыра алады. 5 жасар баланың ерекшелігі – танымдылық, белсенділік. Баланың қызығушылығы әр уақытта қоршаған ортаны танып – білуге бағытталған. Бала ойнай отырып, өзінің тәуелділігіне себеп-салдар байланысына тәжірибе өткізеді. Балада қоршаған ортадағы құбылыстарға байланысты көптеген сұрақтар туындайды. 5 жасар бала өзінің алдында кездескен кейбір міндеттерді шешуге тырысады, оны өзі тәжірибеден өткізеді және кейбір міндеттерді ойша шешеді. Ол өзіне нақты жағдайды елестетіп және оны шешуге тырысады. Бұлай ойлауы, ішкі іс-әрекеттің қорытындысы, кейбір міндеттерді шешуі – көрнекілік – бейнелі деп аталады. Бейнелі ойлау – 5 жасар баланың негізгі ойлау түрі. Бұл жас оқуға белсенді әрекетін көрсетеді.

5 жасар бала мінез-құлқын бірте-бірте реттей бастайды. Бірақ кей кезде өз іс-әрекетінде бала көп жағдайларды ескере бермейді. Осыған байланысты сабақ үрдісінде көптеген ойын элменттерімен түрлі сабақ үлгілері енгізілуі қажет.

5 жастағы баланың ой-өрісі тез дами бастайды. Оның жады дағдыланған процесті қалыптастырады. Ол түрлі анықтамалар мен өзіне маңызды оқиғаларды тез есінде сақтайды. 5 жасар баланың есте сақтау қабілеті еріксіз. Ол өлең шумақтарын, тапсырмаларын рет-ретімен тез жаттайды. Есте сақтағандарын саналы қолданады. Бірақ та еріксіз есте сақтау басымдылық көрсетеді.

5 жаста баланың тұлғалық қасиетінің негізі қалыптасады. Ол өз мінез-құлқының іс-әрекетіне жауапкершілікпен есеп беру қабілеттілігін қалыптастырады. Баланың тұлға ретінде дамуы әлеуметтік жағдайға, сондай-ақ әлеуметтік жағдайдың маңыздылығына, тұлғалық адамгершілікке және басқа да құндылыққа ие болуына байланысты. 5 жасарлардың тұлғалық мінездемесінің негізі – өзіндік сана сезім құрылымы, тәртібінің, сезіммен ерік жігерінің ерекшелігі болып табылады.

5 жасар балада қарым-қатынастарға дұрыс бағытталу ерекшелігі рефлекция жеткілікті жақсы дамыған. Бұл рефлекцияға қабілеттілігі баланы өзін қоршағандарға мүмкін қарым-қатынасқа бағыттайды, бұл баланың тұлғасының одан әрі дамуына үлкен мән береді.

Бұл жоғарыда айтылған 5 жасарлардың ерекшелігі бұл балалардың мектептегі оқуға дайын және жаңа іс-әрекетке араласатындығын дәлелдейді.

5 жасар балаларды оқыту нысаны мен әдісінің психологиялық ерекшелігі бойынша олар мектепке дейінгі және мектеп кезеңіндегі аралықты алады. Бұл кезеңде іс-әрекетпен танымның түрлері әдістер мен тәсілдердің үйлесімділігін талап етеді, ол мектепке дейінгі жасқа тән. 5 жасарларды оқытуда оқу мен тәрбиенің бірлікте болуы – ең негізгі міндет болып табылады. Бұл жастағыларды оқытудың ерекшелігі – олардың педагогикалық әсерге ықпалынан тұрады. Сондықтан оқу мен тәрбиенің бірлікте болуы – оқыту әдістемесінің ең маңызды қағидасы болып табылады.

5 жастағыларды оқыту кезінде ерекше орынды ойын алады. Ойын бұл жерде оқыту әдісі ретінде жүреді. Бұл жастағы балалардың ойынға қызығушылығы басым. Мінез құлқында еріктілік жеткіліксіз. Сондықтанда мұғалімдер ойын әдістерін қолдану керек.

Оқытудың негізгі әдісі болып көрнекілік құралдардың модельдері саналады. Үлгілермен жұмыс жасау балалардың оқу іс-әрекетінде кейбір дағдыларды жетік түсінуіне, қалыптасуына септігін тигізеді. Сонымен қатар балалардың тәжірибелік тапсырмаларды орындау кезінде үлгілерді қолдануы жұмыстың нәтижелі орындалатынына мүмкіндік береді.

Жаңа заманның озық ойлы, терең мінезді, тәрбиелі жастарын қалыптастыру мектептегі тәрбиешілердің басты міндеті. Мұғалім жеке тұлғамен тікелей байланысты жүзеге асыра отырып, жұмысының негізі бағыттары мен жұмыс бөліктерін дұрыс та сапалы ұйымдастыра алуы қажет.

Ойындар, тесттер арқылы балалардың мектепке дайындығын, таным процестерінің даму деңгейін, ақыл-ой қабілеттерінің жетілу барысын анықтауға болады.

Керн-Йирасектің мектепке дайындығын анықтайтын тесті баланы жан-жақты зерттеуге мүмкіндік береді.

-          Диагностикалық тапсырмалар қысқа мерзімді уақытта жүзеге асатындықтан бірнеше оқушының бірігіп орындауына ыңғайлы.

-          Гудинаф – Хрисстің тесті, Ганс-Айзенктің сөздік тестін пайдалану баланың ақыл ойын анықтауға және логикалық, эвристикалық ойлау, қиял процестерін дамытуға тиімді.

«Кімге не жетпейді?» бұл әдістеме баланың 5-6 жас аралығындағы ойлау деңгейінің психодиагностикасын жасауға арналған. Бұл әдістемеге кірген тапсырманы бастамас бұрын балаға сурет көрсетіледі. Және бұл суретте әр балаға бір нәрсе жетіспейтіні айтылады. Ал жетіспеген зат астыңғы жақтағы суреттерде көрсетілген. Баланың басты тапсырмасы, тез арада кім не жетпейтінін табу.

«Он сөз» әдісі. Ерікті есте сақтау процесін зерттеу кезінде «Он сөз» деген әдісті қолдануға болады. Берілген сөздер зейіннің қасиеттерін, тұрақтылығын және шоғырлануын зерттеуге бағытталады. Бұл әдісті балалар мен жұмыста қолдану мұғалімге баланың белгілі бір іс-әрекетке бағыттаушылығының қасиеті туралы қосымша ақпарат береді. Зерттеуді жүргізу үшін мағынасы жағынан байланыспайтын он сөз керек болады. Сараптаманы толық тыныштықта өткізген дұрыс. Сараптаманың алдында түсінік беріп кету керек: «Қазір мен сенің сөздерді есіңде қалай сақтайтыныңды білгім келеді? Мен саған сөздер айтамын, ал сен зейініңді қойып тыңда және оларды есте сақтауға тырыс. Мен барлық сөздерді айтып болған соң сен оны қайталайсың. Есте сақтағандарыңды қандай ретпен босада айтуға тырыс»

Орташа есеппен алғанда тәжірибе 5-7 минут уақытты алу керек. Бірінші тәжірибеде   қабылдау 5-6сөз, бесінші тәжірибеде 8-10 сөз есте қалу керек.

«Бір нәрсенің суретін сал» әдісі. Балаға қағаз, түрлі-түсті қарындаштар беріп және ойланып ерекше бір нәрсенің суретін салуды ұсынады. Тапсырманы орындауға 4 минут беріледі. Баланы бағалау бала қиялының ерекшелігімен қорытындылады.

Балаларға дыбыстарды дұрыс айтуды үйрету.

Бала оқуды бастағанға дейін оның дыбыстарды дұрыс айтуын қадағалау қажет.

Бір дыбысты басқа дыбыстар мен алмастырмаын қадағалау қажет. (мысалы: қарбыз-қалбыз, т.б)

Балаға айтуы қиын әріп дыбыс сөздің басында, ортасында, аяғында орналасуы қажет.

С- сағат, мысық, тас

Р – рахат, қара, қар

Ж – жаз, Маржан, тәж

Ш – шана, алша, шаш

Есте сақтау қабілетін зерттеу.

Есте сақтау қабілетін зерттеу үшін «Шатастырғыш» әдістемесін қолдануға болады. Ондай суреттерді С.Д. Забрамныйдың «Қабілеті нашар балаларды арнайы мектепке беру» деген әдістемелік кітапшасынан алуға болады. Мұғалім суретті балаға әншейін бергендей «Сен мына суретті бос отырғанша көре тұр, ал мен жұмысқа дайындалып алайын» деп береді. Бала суретті алады. Мұғалім өз жұмысын істейді. Балаға назар аудармайды. 30 секундтан кейін суретті алып баланың пікірін сұрайды. Егер ол бала үндемей отырса, 15 секундтан кейін сұрақ қоя бастайды: саған сурет ұнада ма?, саған не ұнады?, ненің суреті бар?, тағы да не көрдің? Сурет қызық па? Неге қызық?

Бұл жерде бірнәрселердің орны ауысқан сияқты? Егер де бала бұл суретті шатасқан екенін бірден біліп өз пікірін айтса онда сұрақтар қоймайсыз.

Мектеп жасына дейінгі балалардың еркіндігін бағалау.

«Үлгі мен ереже» әдісі (А.Л. Венгер) берілген тапсырмаларды жан-жағына қарамай, өз бетінше орындай алуы зерттелінеді. Мұның қорытындысы 5 жасар баланың көруін ой-пікірін деңгейлеп дамытады.

Бұл әдісті зерттеу үшін кітапшалар тапсырмасымен қажет. Ол кітапқа бала туралы және зерттеу мерзімі жазылады. Балаларға кітапшалар таратылады: сендердің барлығында осындай кітапша бар. Осы кітапшада нүктелер тұр. Осы нүктелерді қоссаңдар үшбүрыш шығады, мына мысалға көз аударыңдар деп , мысалды көрсетеді. Жанында тағы нүктелер бар енді қараңдар нүктелер бірдей ме? (нүктелер әр түрлі. Бірдей нүктелерді қосуға болмайды, тек әр түрлі нүктелерді қосасыңдар)

Қазіргі кезде бастауыш білім беру саласында оқытудың жаңа технологияларын тәжірибеде қолдану 12 жылдық оқытудың негізгі бағыты болып отыр. Баланың айналаны өз бетімен танып білуге деген табиғи ұмтылысы негізінде құрылған оқытудағы зерттеу тәсілін пайдалану ерекше орын алады. Зерттеуге оқытудың басты мақсаты – адамзат мәдениетінің кез келген саласындағы іс-әрекеттің жаңа тәсілдерін баланың өз бетімен, шығармашылықпен меңгеру қабілеті мен дайындығын қалыптастыру.

Балаларды оқытуда зерттеу тәсілін қолданудың қажеттілігі бала болмысының білмекке құмарлығымен, оның қоршаған дүниені зерделеуге деген қызығушылығы мен түсіндіріледі.

Оқушылардың өзіндік зерттеулері, олардың жеке қажеттіліктері мен сұраныстарын қанағаттандыруға септігін тигізеді. Сонымен қатар, өзіндік зерттеулер интеллектуалды және шығармашылық қабілеттерді, ойлау және зерттеу біліктерін дамытуға мүмкінлік береді. Өзіндік зерттеулердің көмегімен оқушылар қоршаған дүниені тани келе, өздері үшін жаңа білімдерді «Дайын күйде» алмай өз бетінше ашады.

Сонымен қатар, балаларға білім беруде тұлғаға бағдарланған тәсілді іске асыруда тиімді бағыттардың бірі болып табылады. Бұл бағыт тұлғаны қалыптастыру мен оның қазіргі заманғы серпінді қоғамға бейімделу мүмкіндіктерін арттыруды, баланы өнімді дамуды көздейді.

Жеке тұлғалық қасиеттерге бағдарланған оқыту – проблемалы бағытқа және шығармашылық сипатқа ие. Оның басты бағдары – білім беру, жаңа дүниені ашу мен іздеу арқылы білімді практикада қолдану: баланың жалпы және арнайы қабілеттерін дамыту, білім, біліктерді меңгеру мүмкіндіктерімен оларды қолдану тілектерін ескеру.

Оқу процесінде ойын технологиясын қолдану – оқушының оқудағы танымдық іс-әрекетін және қалыпсыз жағдайларда өз білімін қолдануға мүмкіндік береді. Ойын технологиясы арқылы мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында мәлімдеген құзіреттіліктерді оқушы бойында қалыптастыру міндеттерін шешеді.

Жоғарыда жіктелген барлық технологияларды дұрыс орынды шеберлік пен қолдана білсе, үлкен нәтижеге жетуге болады және жоғары дидактикалық жетістіктерді байқауға болады.

Менің ұсынысым:

  1. Мектеп алды сыныбы оқушыларының психологиялық дайындығын тексеру барысында тәрбиеші мен мектеп психологы дұрыс бағытта үдерісті жұмыстар жүргізсе.
  2. Балалардың мектепке дайындығын таным процестерінің даму деңгейін, ақыл-ой қабілеттерінің жетілу барысын тексеру кезінде түрлі тесттік тапсырмалар ұйымдастыру

Пайдаланылған әдебиеттер

  1. Черемошкина Балалардың есте сақтауын дамыту 1996
  2. Миншник. Л.М. Балаларды есте сақтауға үйретіңдер 1985
  3. Баланың танымдық процесін дамыту В. Д. Щадрикова 1991
  4. 12 жылдық білім № 1 2007
  5. Бастауыш мектеп № 8 2005
  6. Мектеп психологіне көмекші құрал. Мамашбаева, Н. Байтелиева, Момынова

   

Ағылшын тілін оқытуда мұғалімнің пәндік құзіреттілігін қалыптастыру

Сапарова Манат Шыңғысханқызы-№164 орта мектебінің ағылшын пән мұғалімі., Қызылорда облысы .Жаңақорған ауданы.Құттықожа ауылы

Ұлы ағартушы Ы.Алтынсарин: «Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат, өйткені жақсы мұғалім - мектептің жүрегі» деген екен. Онда «мектептің жүрегі» болумен қатар, жаңа егемен еліміздің ұрпағын жаңа білім нәрін сусындатып, саналы тәрбие, сапалы білім беретін білімді, білікті ұстаз болайық.

«Адам ұрпағымен мың жасайды» - дейді халқымыз. Ұрпақ жалғастығымен адамзат баласы мың емес миллиондаған жылдар жасап келеді. Жақсылыққа бастайтын жарық жұлдыз - оқу. «Надан жұрттың күні – қараң, келешегі тұман», - деп М.Дулатов айтқандай, егеменді еліміздің тірегі - білімді ұрпақ. Сусыз, құрғақ, таса көлеңке жерге дән ексең өнбейтіні сияқты, жас ұрпақтарымызды тәрбиелемесек өспейді, өнбейді. Қазіргі мектеп мұғалімдерінің алдында тұрған басты міндет – оқушылардың шығармашылық білім дағдыларын қалыптастыру. Міне, өз ұрпағының өнегелі, өнерлі, еңбексүйгіш, абзал азамат болып өсуі үшін халық педагогикасының негізгі мақсатын шығармашылықпен оқу-тәрбие үрдісіне тиімді пайдалану әрбір ұстаздың міндеті болып табылады.

Ағылшын тілін саналы меңгерту, оны өз деңгейінде қажеттілікке айналдыру, бір жылғы мәселе емес, сондықтан ағылшын тілін оқыту ісімен шұғылданатын мамандар арасында туындайтын бір сұрақ: ағылшын тілінде өз ойын ауызша және жазбаша еркін жеткізе алуға қалай үйрету керек? Оқушыны ынталандыру үшін қандай әдіс-тәсілдерді, технологияларды қолданған жөн?
Ақпараттық технология – ақпараттарды жинау, сақтау және өңдеу үшін бір технологиялық тізбекте біріктірілген әдістер мен өндірістік және бағдарламалық-технологиялық құралдардың жиынтығы. Қазіргі кезде сабақта ақпараттық технологияларды бәріміз кеңінен қолданамыз. Қазақ әдебиетінің классигі, ұлы атамыз Абай Құнанбайұлы: «Шәкірттерің жақсы оқу үшін, оның оқуға деген ынтасы және қызығушылығы зор болу керек», - деген. Расында да, тек ғана жігерлі, әр нәрсені үнемі білгісі келген, табандылығын, шыдамдылығын көрсеткен адам ғана мақсатына жетеді.
Ағылшын тілді оқытуда жаңа технологияларды, техникалық құралдарды сабақта жан-жақты қолдану, мұғалімнің көптеген қиындаған қызметтерін жеңілдетіп, осы іскерліктің ұстанымды жаңа тәсілдерінің пайда болуына мүмкіндік туғызады. Осындай жаңа жолдардың біріне ақпараттық оқыту жүйесіндегі компьютерлік бағдарламалардың түрлері арқылы тіл үйретуді жатқызуға болады.

Ағылшын тілі – XXI ғасырдың тілі.Бұл тіл қазақты дүниеге танытатын, әлемдік деңгейге шығаратын тіл.Оған біз алдағы өтіп кеткен ЕҚҰБ(ОБСЕ) Саммитіне төрағалық еткен кезіміз осының бір дәлелі бола алады. Еліміздің шет елдермен қарым-қатынасымыз күшейіп отырған қазіргі кезде оқушылардың шет тіліне қызығуын, білімге құштарлығын ояту, танымдық белсенділігін арттыру әрбір шетел тілі мұғалімінің міндеті.Демек, балаларымыздың ағылшын тілін білуі – уақыт талабы.Шетел тілі қазіргі кезде заман талабына сай көптеген мектептерде 1 сыныптан бастап жүргізілуде.Бұл оқушы бойында ерте кезеңнен бастап ұлтаралық,мәдениетаралық бірлестікке   дайындықтың қалыптасуына тікелей ықпал етеді.Шетел тілін бастауыш мектептен бастап оқытудың артықшылығы әрбір балаға  психологиялық ойлауына, шет тілі сөзіне көңіл аударуына, түсінуіне оң әсер ететіндігі, содан соң негізгі мектепте білімін берік нығайтуын,білім сапасын арттыруға мүмкіндік беретіндігінде.

Білім сапасын арттыру, бүгінгі күнніњ өзекті мәселелерінің бірі болып отыр. Осы мәселені шешу- білім беру мазмұнын жаңашаландырумен, оқу үрдісін ұйымдастыру технологиясы мен әдістерін жетілдіру. Сондай-ақ, білім беру мақсаты мен нәтижесіне ерекше мєн берумен тығыз байланысты.

Шәкірттерінің сабақтағы белсенді іс-әрекеттерін ұйымдастыру, ойлау,шығармашылық, ізденіс қабілеттерін дамыту арқылы білім сапасын көтеруде ойын технологиясын пайдаланудың мәні зор. Ойын технологиясын сабақта дұрыс қолдана білу керек.Санына емес сапасына назар аударған жөн.

Күнделікті бір сарынды,дәстүрлі сабақпен оқушыларды қызықтыра алмайсың, керісінше жалықтырып аласың. Тиімді қолдана білген ойын арқылы:

ü       Білім беру сапасы артады

ü       Оқушылардың сабаққа қызығушылығы артады

ü       Қиын грамматиканы оңай,әрі қызықты етіп түсіндіруге болады.

ü       Оқушы белсенділігі артады

ü       Материалды меңгеруге түрткі болады

Ойын технологиясын қолдану арқылы барлық мәселе шешіле қалды деп айту дұрыс емес.Дегенмен,қиындықтар азайады.Себебі,ойын- бастауыш сынып оқушыларының негізгі әрекеті. Мұғалім үнемі ізденіс үстінде болу керек.Сонымен қатар,кроссвордтар, ребус, жұмбақтар, жаңылтпаштарды тез әрі дұрыс айттыру арқылы оқушылардың тілдері жаттығады, логикалық ойлау қабілеттері дамиды, шапшаң ойланатын болады.Сергіту сәтін ұйымдастырған кезде интернеттен онлайн жүйесінде «happy song », «Bingo» «If you happy», «Hello how are you» т.с.с.сияқты әндерді бейнеге қарап тұрып орындатса, оқушылар сергіп ,қызығушылықтары оянар еді деп ойлаймын.Бір жағынан, тілдері жаттығады,екінші жағынан, ағылшынша әндер жаттайды.

Ағылшын тілі сабағында білім сапасын арттыру мақсатында ойын технологиясын пайдалана отырып, оқушы құзыреттілігі дамиды.Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында және Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында : «Бастауыш мектептің негізгі міндеті баланың жеке басын бастапқы қалыптастыруды қамтамасыз ету, оның қабілеттерін анықтау және дамыту» - деп көрсетілген.Бұл қағида оқушыны тұлға ретінде қалыптастыруды көздеуден туындап отыр. Себебі, бүкіл орта білімнің іргетасы осы сатыдан бастау алатыны белгілі.Қазіргі таңда бастауыш сыныптарда білім берудің басты тапаптарының бірі - баланың жеке бастық дамуына, өмірге көзқарасының дұрыс қалыптасуына дайындығын қамтамасыз етуге бағытталған.Осы тұрғыдан алғанда қоршаған дүниені түсінген, ондағы үздіксіз болып тұратын өзгерістерді байқап,бақылай алатын оқушы ғана даму мүмкіндігіне ие болады.Қазіргі таңда оқушыларға білім беру жеке тұлға дамытуға бағыттала жүргізілетін болғандықтан, бағдарламалық материалдарды оқытуда олардың ғылыми ұғымдарын қалыптстыру мәселесіне баса көңіл бөлудің керектігі туындап отыр.

Құзыреттілік – оқу нәтижесінде өзгермелі жағдайда меңгерген білім , дағдыны тәжірибеде қолдана алу, проблеманы шеше білу, оқушылар дайындығының сапасының құрылымдық сипатын анықтайтын жаңа сапа. Жаңа білім жүйесіндегі басты назар аударылатын мәселелердің бірі әр оқушының құзыреттіліктер жиынтығы білім нәтижелері ретінде игеруіне бағдарланған.

Ағылшын тілін оқытуда ең алдымен тәжірибелік мақсат қойылады, оған оқушылардың сөздік қорларын байыту, сауатты жазуға үйрету, сөйлесуге, көргендерін, естігендерін әңгімелеп беруге үйрету қажет. Ал бұл іс-әрекеттерді сауатты да дұрыс жүзеге асыру үшін грамматикалық жұмыс жүргізілуі керек.
Компьютерлік оқыту бағдарламаларының қай қайсы болмасын өз мазмұнынан грамматикалық жұмыс жүргізуді тыс қалдырмайды, белгілі бір грамматикалық құрылымның жұмыстарын қамтиды.
Компьютердің білім беру құралы ретінде кең таралуының негізгі алғы шарттарын ғалымдар төмендегідей саралайды:
1. Компьютер шексіз ақпарат әлемінде енуге және ақпаратты жүйелі түрде талдап, сараптауға мүмкіндік береді. Ақпаратты алудағы жоғары жылдамдық адамның ақпараттық мәдениетінің үнемі өсуіне жағдай жасайды.
2. Компьютер адамның зерттеу-танымдық әрекетінің әмбебап құралы ретінде ерекшелінеді.
3. Өзге құралдардан компьютердің ерекшелігі – оның қатысымдық құрал бола білуі. Яғни, білімгер, ол арқылы қатысымның барлық түрлерін жүзеге асыра алады. Бұл – мәтіндерді оқу, сұхбат жасау, жазу, тыңдау әрекеттері. Тіл үйренуде бұл мүмкіншіліктер ең маңызды болмақ.
4. Құрал білімгерлерге өз әрекеттерінің нәтижесін айқын көрсете алады. Білім алуда дұрыс шешім жасай білуге деген оқушылардың өзіндік тәсілін, стратегиясын қалыптастырады.
5. Компьютердің көмегімен жаттығулардың кешенді түрлерін аз уақытта орындау мүмкіншілігі туындайды.
Ағылшын тілі сабағында компьютерді қолдану мәтіндер мен ақпаратты білуге жол ашады. Тіпті нашар оқитын оқушылардың өзі компьютермен жұмыс істеуге қызығады, өйткені кейбір жағдайларда компьютер білмеген жерін көрсетіп, көмекке келеді.
Қазақстан Республикасының мемлекетаралық тілі – ағылшын тілін жаңа технологиялар арқылы оқыту ісі күннен-күнге өзекті болып келеді. Тілді ақпараттық-коммуникативтік технология арқылы оқыту – тіл үйренушінің өз бетімен тіл үйрену қабілеттерін жетілдіруіне игі ықпал ететін тиімді жүйе болып табылады.
Сонымен қатар оқушылар интелектуалдық, шығармашылық және коммуникативтік істерін дамыта алады, оқушының оқу белсенділігі артады, сабақтың негізгі кезендерінің бәрінде оқушыларға шығармашылық жұмысты ұсынуға болады.

Қазіргі заманда ғылымсыз жан-жақты дамыған өркениетті елдердің қатарына қосылу мүмкін емес. Ал мектеп мұғалімдерінің бүгінгі заманға сай берілген сабақтары осы мәселелерді шешуші күш болып отыр. Аталған мәселені өзіміздің тәжірибемізге жүгіне отырып шешкіміз келеді. Әр баланың аз болсын, көп болсын өмірлік тәжірибесі болады. Баланың тамырын басып, сол тәжірибелерін анықтап, өмірдегі білімдерін туған жерін сүйіп, сыйлауға баулыса, меніңше әр оқушы іркіліп қалмайды. «Өз аулының тасын сыйламаған, өзгенің тауын да сыйламас», деп «жабылған қазанды жауып тастасақ» айналадағы әсемдікті сақтай алмаймыз. Қоршаған орта, әсемдік, туған жер туралы тек қана жағрапия сабағында емес, басқа сабақтарда да үнемі айта беру керек, тақырыпқа байланысты бір-екі сабақты табиғат аясында өткізсе тіпті тамаша болмай ма? Туған жерінің табиғатының көркемдігін көре біліп, сол сұлулыққа табына білмеген, әсемдікті қорғай білмеген балаға айналадағы осынау кереметті көрсетіп, күштеп емес, жүрегіне жеткізе білетін біз, мұғалімдер меңзеуші болуымыз керек. Пән мұғалімдері арасында да үнемі үзілмес байланыс болуы керек деймін. Мысалы: қазақ тілі, орыс тілі және ағылшын тілі мұғалімдері бір тақырыпты бір уақытта бастап, пәндер арасында тым құрығанда атауларын бала үш тілде біліп, байланыстыра отырып тіркес, сөйлем, қысқа біліп, байланыстыра отырып тіркес, сөйлем, қысқа әңгіме құра білсе бір оқу жылы ішінде біршама жетістікке жетер еді демекпін. Әрине, барлығын байланыстыру, жүйелеу оңай жұмыс емес, бірақ белгілі бір жетістікке жету үшін, «тілдердің үш тұғырлылығының» болуы үшін, нәтижесін көруге болатын сияқты. Үш тілді болу - қазіргі заман талабы. Өркениет көшінен қалмай, соған сәйкес қадам жасауға, толыққанды білім алуға қол жеткізуге үлесімізді қосуымыз керек. Экономикадағы табыстар мамандардың біліміне, біліктілігіне байланысты екендігін білеміз. Сондықтан біз тек Қазақстанның ішінде ғана емес, әлем деңгейінде бәсекеге қабілетті жаңа мамандарды дайындай білуіміз керек. Қазіргі заман сабағы мұғалімсіз болмайды. Білім беру саласындағы инновациялық процестердің күрделілігі мен қайшылықтары жаңа құбылыстармен әрекеттесу және жалпы орта білімді ізгілендірудің сапалы кезеңінде оқушылардың шығармашылық қызығушылығын қалыптастырудың мәселесін өзекті етуде.

Соңғы жылдары оқу-тәрбие процесіндегі жеке тұлғаны дамытуға бағытталған оқытуға үлкен мән берудің өзі еліміздегі өзгерістердің маңыздылығын көрсетеді.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында  ҚР стратегиялық дамуының «Қазақстан - 2030»  бағдарламасында, ҚР білім беруді дамытудың

2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында  Қазақстан Республикасында Техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2008 - 2012 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында мемлекеттік саясаттың басты принциптері ретінде жеке адамның шығармашылық

әлеуетін дамыту, білім берудің дамытушы сипатын арттыру мәселелерінде басты міндеттер қатарында қойылған.

Оқыту үрдісін көлемді инновациялық оқыту технологиялары арқылы қалыптасуды қажет етеді. Бұған қосымша дүние жүзілік талап оқушыларды еңбекке оқыту жағдайында да  интеграциялық білім беру  жұмысын жүргізу болып отыр. Бір сөзбен айтқанда, білім беруді жаңарту, ХХІ ғасыр тұрған адамзат дамуының жаңа кезеңі ретінде білім алушыларға жан - жақты білім берудің ауқымды мәселелерінің бірі ретінде саналып келеді.

Оқу жоспарлары, оқулықтар, оқу құралдары, бағдарламалар ғылым, техника, өндірістің дамуымен қатар қуып жетіп отыра алмайды. Сондықтанда да олар білім алушылар үшін барлық қажетті уақыт талабындағы ғылыми білімдердің деңгейін барлық кезде көрсете алмайды. Осы себептерге байланысты оқыту мен тәрбиелеуде бағдарлама мазмұнын жаңартып, іріктеп отыру қажеттігі туады. Маңызды нәтижелерге жету үшін жаңа үйлесімдегі  барлық әдістер мен құралдарды қолдана отырып, жаңа педагогикалық жүйелер жасау қажет.

В.И. Загвизинскийдің пікірі бойынша сабақта білімге қызығушылық, ізденуге, зерттеуге, ойлап табуға, тапқырлықты дамытуға атмосферасын орнату маңызды десе, М.И. Махмутовтың пікірінше теориялық негіздеулерсіз, оқу ақпараттарының көлемін ұлғайтуға мүмкіндік беретін өте жетілген жаңа әдістерді оқытудың тәжірибесіне енгізбейінше, үйренушілердің танымдық іс-әрекетін белсенді етпейінше, олардың шығармашылық қабілеттіліктерін жұмылдырмайынша оқушылардың шығармашылық қабілеттіліктерін қалыптастыру мүмкін емес.

Жаңаша жаңғырту әдістемесінің (инновация) негізінде үйренушінің дербес қабілеті белсенділігін қалыптастыру, окыту материалдарын өзінше пайдалану аркылы танымдық белсенділігін арттыру алға шығады.

Жаңаша белсенділігін жандандыру әдістемесі (интерактивтік) оқушыларға  өзін-өзі ыңғайлы сезінетін жағдайды қалыптастырып, олардың окуға деген қызығушылығын, шетел тілін өз қажеттілігі үшін практикалық тұрғыдан қолдануға деген ынтасын оятып, тілді оқып үйренуге деген талабын арттырады және де сабактың нәтижесін жоғарылатады. Интерактивтік тәсіл шетел тілі сабағындағы субъект болып табылатын оқушының жеке тұлғасының сезімін, түйсігін шынайы қажеттілігімен сәйкестендіріп, оның тілдік, танымдық, шығармашылық қабілетін оятумен, шетел тілі сабағын тілді қарым-қатынас құралы ретінде қолданылуын көздейді.

Жаңа технологиялар- педагогтың мүмкіндігін күшейтетін құрал.

Жаңа технологиялар - педагогтың мүмкіндігін күшейтетін құрал, бірақ ол мүғалімді алмастыра алмайды. Компьютер мүмкіндіктері психология мен дидактика тұрғысынан талданып, керек кезінде педагогикалык талаптарға сай қолданылуы керек. Сырткы эффектіні қуып кетпей, окыту программасының тек сыртқы емес, ішкі тиімділігіне көп көніл бөлген дұрыс. Компьютердің сызбалық мүмкіндігін молдығы дәрістік экспсриментті бояулы суреттермен, сызбалармен, кестелер мен байыта түсуге жол ашады, оларды есеп шарттарына да пайдалануға болады.

Компьютерді мұғалім косымша материалдар, әртүрлі анықтамалык мәліметтерден акпараттар беру үшін көрнекі кұрал ретінде пайдалана алады. Мұндай мәліметтерге графиктер, схемалар, иллюстрациялар жатқызуға болады. Мұғалім араласпай-ақ, оқушылар өздері меңгеруге тиісті ақпараттар беріледі. Қажетті акпараттарды жинақтауда электрондык техникаларды енгізу уакыт үнемдейді, карастырып отырған кезеңде акпараттың толыктығын жоғарылатады, ақпараттык-аныктамалык жүйе кұрамында электрондық кұрырғылармен жұмыс істеу дағдысын калыптастыруға мүмкіндік туғызады.

Жаңа акпараттық технология кұралдарын ағылшын пәнінің кіріктірілген сабақтарында пайдалану, оқушының шығармашылық, интеллектуалдық қабілетінің дамуына, өз білімін өмірде пайдалана білу дағдыларының қалыптасуына әкеледі. Компьютерлік техниканың дидактикалық мүмкіндіктерін педагогикалык мақсаттарға қолдану, білім мазмұнын анықтауда, оқыту формалары мен әдістерін жетілдіруде жақсы әсерін тигізеді:

-  өз әрекетін саналы түрде жоспарлайды;

-   презентацияларды кұрауды біледі.

Мамандардың бiлiктiлiгiн көтеру мiндеттерiн шешуде оқу процесiнде ақпараттық және коммуникациялық технологияларды пайдаланудың келесi мүмкiндiктерi ұсынылады:

- ақпараттық мәдениет элементтерiн қалыптастыруда бiлiм мекемелерiнiң мамандарының қажеттiлiгiн қанағаттандыру:  информатика, ақпараттық және желiлiк технологиялар  саласы бойынша жаңа бiлiмдер алу;

- информатика мұғалiмдерiнiң бiлiктiлiгiн көтеру және қайта даярлау;

- бiлiм беру жүйесiн басқару мамандарын және пән мұғалiмдерiн жаңа ақпараттық технологияны өз қызметтерiне еркiн пайдалана бiлуге үйрету;

- информатика пәнiн оқытудың көкейкестi мәселелерi бойынша информатика мұғалiмдерi үшiн стажировка өткiзу және оны ұйымдастыру;

- арақашықтықтан оқыту формаларына мұғалiмдердiң қызметiн бағыттау;

- облыстағы бiлiм беру мекемелерiн ақпараттандырудың ғылыми-әдiстемелiк бағыт бойынша жетекшiлiк ету;

- облыстың бiртұтас бiлiмдiк желiсiнiң ақпараттық ресрустарын қалыптастыру;

- оқу процесi мен ғылыми-әдiстемелiк жұмыстарға жаңа ақпараттық технологияны қолдану негiзiнде олардың озық тәжiрибелерiн тарату.

Бiлiм беру мекемелерiнiң қызметкерлерiнiң жаңа ақпараттық технологияны меңгерту саласы бойынша бiлiктiлiгiн көтерудің даярлау мiндеттерiн шешуде институт көлемiнде осы сала бағытында өткiзiлетiн курстарды сабақтастыру процесi жүзеге асырылуда.

Көптеген бағдарламаларда микрофонмен жұмыс істеуді қарастырады. Сөздер мен сөз тіркестері тыңдалғаннан кейін, оқушы оны қайталайды. Бұдан соң диктордың сөзді айту, яғни дыбыстау ерекшелігін тыңдай отырып, жеткіліксіз жақтарын аңғарып, оқушы оны түзетуге мүмкіндік алады.
Оқушылардың сөйлеу тілін дамытуда диалогтың да берері мол. Диалог – сөйлесудің ең негізгі түрі болып саналады. Адамдар арасындағы қарым-қатынас амандасудан басталады. Мұғалім сабаққа кіргеннен оқушылармен диалогта болады. Оқушыларға белгілі бір тақырыпта тапсырмалар беру арқылы сұхбаттар құрылады. Диалогтік сөйлесуді естіп-тыңдаумен біртұтас та, жекелей де пайдалануға болады. Мақсатты ұйымдастырылған жағдаяттар арқылы ауызекі сөйлесуге үйрету - оқушыларды қызықтырады. Диалогтік сөйлеу коммуникативтік оқытудың негізгі ұстанымына сәйкес келеді. Коммуникативтіліктің жауап алынған жағдайда ғана жүзеге асуы оның ұстанымы болып есептеледі. Ауызекі сөйлесу – жауаптасу арқылы жүзеге асады, ал жауаптасуға дейінгі дайындық кезеңдерін былайша сараланады:
І кезең: диалогпен танысу;
ІІ кезең: диалогті жаттау;
ІІІ кезең: диалогті қойылымға айналдыру, яғни сөйлесім іс-әркетін қойылым іс-әрекетімен ұштастыру;
Жазуды оқыту.
Жұмыстың бұл түрі сауатты жазу дағдыларымен, есте сақтау қабілеттерін дамытады, әрі пернетақтаны меңгеруге септігін тигізеді. Тыңдау, сауатты жазу, әріптерді теру секілді үш іс-әрекетті бір уақытта біріктіреді.
Коммуникативтік сөйлеу әрекетінің қай түрі болса да лексикалық-грамматикалық дайындық деңгейіне сүйенеді. Белсенді сөйлеу әрекетін ұйымдастыруда ауызекі жауаптасу мен мәтін бойынша жұмыс негізгі құрал болып табылады. Сонымен қатар, ақпараттық оқу құралдары (компьютер, аудио-визуалды құралдар) бойынша да оқушылар белсенді коммуникацияға түсе алады. Ауызекі сөйлеу тілін қалыптастыруда сөздер мен сөз тіркестерінің қолданылуын, сөйлем құрастыруды, тұрақты сөз тіркестерін қолдануды, сұрақ қоюдың барлық түрлерін үйрену тиімді. Оқушылардың сөйлеу дағдылары ауызекі сөйлеу жүйесінен, сұраққа қысқа да толық жауап қарастыра алуынан, оқығандарын ауызша да, жазбаша да мазмұндап беретіндей дағды-машықтарынан, шығарма, хат жазу дағдыларынан құралады. Ағылшын тілін оқытуда ең алдымен тәжірибелік мақсат қойылады, оған оқушылардың сөздік қорларын байыту, сауатты жазуға үйрету, сөйлесуге, көргендерін, естігендерін әңгімелеп беруге үйрету қажет. Ал бұл іс-әрекеттерді сауатты да дұрыс жүзеге асыру үшін грамматикалық жұмыс жүргізілуі керек.
Оқушылармен жұмыс жүргізгенде грамматикалық, фонетикалық ойындарды дұрыс таңдау керек. Ал, дұрыс таңдау үшін оқушылардың психологиялық және жас ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін білу керек.Тек қана осы жағдайда ғана ,біз күткен нәтижелерімізге қол жеткізе аламыз. Тиімді қолдана білген кез келген технология білім сапасын арттыратыны хақ.Дамыған елу мемлекеттің қатарына кіру үшін білімді ұрпақ тәрбиелейік.Себебі, Қазақстанның болашағы білімді ұрпақтың қолында.Қазіргі жастар - ертеңгі Қазақстанның болашағы. Сөзімді ұлы Абайдың мына өлең жолдарымен аяқтағым келеді.

Ақырын жүріп анық бас,

Еңбегің кетпес далаға.

Ұстаздық еткен жалықпас,

Үйретуден балаға!

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Верещагина И.Н.,Рогова Г.В. «Методика обучения английскому языку на начальном этапе в общеобразовательных учрежденях.»
  2. English. Play and Learn.№7\2006
  3. «Білім туралы» Заңы.Алматы.  2007ж.

4. А. Иманбаева, Оқу-тәрбие үрдісін ақпараттандыру ділгірлігі. Қазақстан                    мектебі, №2, 2000

5. «Ақпараттық технология және қашықтықтан оқыту» Мұхамбетжанова С.Т.

6. Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін 2015 жылға дейін дамыту тұжырымдамасы.

7. Морева Н. А. Педагогика среднего профессионального образования: Учеб. пособие для студентов высш. пед. учеб, заведений. М.: Академия, 2001. С. 26.

8. Захарова И. Г. Информационные технологии в образовании: Учеб. пособие для студ.высш. учеб, заведений. М.: Академия, 2003.

9. Ж. Қараев «Оқытудың ұш өлшемді әдістемелік жүйесінің педагогикалық технологиясы».

10. Тұрысбаева «Дамыта оқыту технологиясы».

11. Иманғалиева А. «Дарынды дамыту – ұстаз парызы».

12. Пассов Е.И. «Технология коммуникативного обучения иноязычной культуре».

     

Blog post image

Ұлттық психология білім жүйесінде

Көкебаева Әсия Хайрошқызы, психология ғылымының докторы, «Көкше» академияның профессоры., 020000, Кокшетау қаласы, «Көкше» академиясы, Капцевич көшесі, 247, (87162) 32-70-18. Ақмола ауданы, Көкшетау қаласы, Куйбышев көшесі, 44 үй, 46 пәтер. (87162) 26-45-55, сот. 8701-372-35-43. kukubaeva_2011@mail.ru

Бүгінгі күні ғылыми білім жүйесінде ұлттық психология мәселелерін зерттеу, аса маңызды проблемалардың бірі. Біріншіден, әлемдегі көптеген мемлекет әртүрлі ұлттардан, ұлыстардан тұрады. Екіншіден, ұлт болмысының мәні, ұлттық қатынастардың астары ұлттық келешегі сияқты мәселелер бағзы заманнан бері адамзатты ойландырып келеді.

Үшіншіден, жер бетінде ұлт мәселелерінің қордалануы, тарихи-әлеуметтік, саяси факторлардың шиеленесуі, ұлт пен ұлыстардың арасындағы қақтығысу мен дүдараздық көбеюі, жекелеген ұлттардың тарихтағы өз орнын табуға ұмтылуы ұлттық сананың өсуі аталған проблемаларды шешу сияқты әрекеттер, жалпы ұлт болмысына жаңа қырынан қарауға көз салуға мүмкіндік туғызды. Ендеше ұлттық психология теориясын терең зерттеп, оның ұсыныстарын күнделікті өмірде қолдану уақыт және заман талабынан туындаса керек.

Адам дамуының негізгі ерекшеліктері ХХ ғасырдың екінші жартысындағы «этникалық ренессанс» процесін әлеуметтік ғылымның дамуын отандық және шетелдік өкілдері зерттеді. Одақ кезінде ұлттар мен халықтың жақындасу процесі болып, социалистік санадағы жаңа тарихи қоғам тұтас кеңес халқы қалыптасты. Бірақ мұның көлеңкелі жақтары болмай қалған жоқ.

Соңғы жылдары халықаралық қарым-қатынастарға ұлттық факторлардың маңызы артты. Бұл процесс қазіргі заманғы, яғни оқымыстылардың атауы бойынша, ұлттық сананың артуы «этникалық парадокс».

Әлеуметтік мәселелердің этникалық аспектілеріне кешендерді әрі терең талдау жасау – ұлтаралық шиеленістерді ұтымды шешуге, осыған байланысты туындайтын мәселелердің нақты  себептерін анықтауға және әртүрлі ұлт-ұлыс өкілдерінің мүмкіндіктер мен құқық теңдігін қамтамасыз етуге жаңа серпін береді.

Егер ұлттық табиғаты күрделі әрі нәзік құбылыс екенін ескерсек, этнопсихологияны зерттеу-этникааралық байланыстарда тұрақты әрі орнықты ахуал құру және ғылымға негізделген ұстамдылығы мемлекеттік саясат түзуге көмектесетіні даусыз. Ұлтаралық және мемлекетаралық қарым-қатынастардың кешенді даму жағдайында бір мақсатқа бағытталған этникалық сана-сезім қалыптастыру өте маңызды іс. Оған қоса тарих сахнасына ұлттардың шығуы, олардың жеке тәуелсіз мемлекет құруға ұмтылуы және ұлт өкілдерінің қоғамдағы  қозғаушы күшке айналуы этнопсихология ғылымына үлкен жүк әрі жауапкершілік артып отыр.

Әр халықтың өз мәдениетін, тілін қайта жандандыруға ұмтылуы– заңды, сонымен қатар құптарлық құбылыс. Қазақстанның тәуелсіздігі елімізге жаңа саяси болмыс, геосаяси мән берсе, мұнда тұрып жатқан халықтарға үлкен күш-жігер, саналық және сапалық өзгерістер әкелді.

Тіпті қазақ ұлтының халықаралық деңгейде танылуы халқымыздың өзін басқаша бағалауға, халықаралық қатынастың субъектісі ретінде қарауға мүмкіндік туғызса, этнопсихология ғылымын қоғамдық ғылымдардың алдыңғы қатарына шығарып қана қойған жоқ, оған жаңа сипат, мазмұн берді.

Тәуелсіз Қазақстанда ұлтаралық мәселелерді шешуге ұмтылу басқаларға үлгі болғандай. Сөзіміз дәлелді болу үшін бұл бағытта атқарылған шараларға тоқтала кетсек артық болмас.

Ұлт ретінде құрылу шарттарының бірі мемлекеттік тілдің дамуы болып табылады. Қазіргі кезде қазақ тілінің дамуында үлкен үрдіс жоқ. Сол себепті бірінші кезектегі мәселесі қазақ тілінің сақталуы мен мәдениетінің қазақтардың өздеріне тікелей қатысты.

Еліміздің көп ұлысты болуына қарамастан ұлтаралық келісімнің орнығуы, ұлттар арасында этникалық қарым-қатынастардың  дамуы әрі тереңдеуі этникалық психология зерттеушілердің назарынан тыс қалған жоқ.

Әр құбылыстың, нақты бағасы − тек салыстыру барысында шығатынын кәрі тарих талай дәлелдеген. Қазақстанның егемендік алуы, жаһандану процесі мемлекеттің қайта түлеуі, салт-дәстүрлердің жаңа мазмұнға ие болуы және халықтың өткен жолына, тарихына жаңаша қарау − заман талабынан туындап отыр десек қателеспейміз.

Қазіргі кезде этникалық қатынастардың заңдылықтарын зерттеу осы мәселеге байланысты адам болмысын қоғам өмірін алға шығару қажеттілігінен туындаса керек. Адамның жеке тұлға ретінде қалыптасуы  басқаша түсіндірсек, әлеуметтік-саяси орта қоғамның мүшесіне әсер етпей қоймайды. Ал өз кезегінде тұлғаның психологиялық ерекшеліктері қоғамның дамуына ықпалы болады. Жеке тұлғаның қалыптасуы мәдени-психологиялық құбылыстармен ғана емес, сонымен бірге оның этникалық құбылыстарға әсері – қоғамдағы әлеуметтендіруді тереңдете түсуде. Бұл заңдылықтарды жете бағаланбауы ұлтаралық қатынастардың ырғақты дамуына кері әсер етуі мүмкін. Сондықтан этнопсихология мәселелері терең әрі жүйелі зерттеу – бүгінгі күннің талабынан туындайды.

Ұлттық феноменге қызығушылықты сан қырлы себеп − салдарлармен түсіндіруге болады. Алдымен бұл бағытта терең ғылыми зерттеулердің жүргізілмеуі − қазіргі бұл ғылым саласындағы мамандарға үлкен жүк артып отыр.

Көне тарих көрсетіп отырғандай, этникалық проблемалар әдетте көпұлтты мемлекеттерде туындайды. Ал Қазақстанның көпұлтты мемлекет екендігін ескерсек, бұл мәселелерді айналып өтуі мүмкін емес. Сонымен бүгінгі күннің шындығы мынаған саяды. Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде халықаралық қарым-қатынастарға араласуы, дербес саясат жүргізе бастауы нәтижесінде ұлттық психологиялық өзгешелікті салмақтап, саралауға бетбұрыс байқалады. Шын мәнінде ұлттық психологияның дамуы тек егеменді елде ғана мәуесін беріп, кең қанат жайып, өріс алады. Онсыз еліміздің  негізін қалаушы ұлт өзінің сол халыққа тән сипаттарын жоғалтады. Мемлекет те дербес бола алмайды. Қозғалып отырған мәселенің басқаша шешілуі мүмкін емес.

Қазақстан Республикасындағы тәуелсіз және өркениетті ел болуымен өзіміздің тарихи құндылығымыз ретінде ұлттық психология ерекшелігіне көңіл бөлінуде. Қазір этникалық жаңару процесі қазақ халқының адамгершілікті дамытудың бір жолы ретінде қарастырылуда.

Қандай да болмасын құбылыс белгілі бір сұранысқа ие болғанда ғылым тұрғысынан зерделеу мен талдау мұқтаждығы туындайды. Дәл осындай рухани құбылыстардың бірі − қазіргі қазақ этнопсихологиясының қалыптасуы мен даму ерекшеліктері.

Халықтың өткен тарихи жолына терең үңіліп, келешегіне көз жүгірту үшін алдымен алған асуларымызды, кемшін тұстарымызды жан−жақты саралап, бүгінгі күн талабына сай болашағымызды мақсат − мұрат етіп қоюымыз керек. Басқаша айтқанда, дәл бүгін халықтың болмысын, оның психологиялық, дүниетанымдық ерекшеліктерін көрсетуді бұл процесті рухани өсуге әсері және ұлттық даму тарихына талдау жасап көрсету қажеттілігі туындайды. Олай болса, қазақ ұлт психологиясының даму, өсу−өзгеру жолдарын, өмір тарихын зерттеу арқылы, мәдени−әлеуметтік құндылықтарын басқа халықтармен салыстыра отырып және ғылыми тұрғыдан зерделей отырып қана білеміз.

Әр ғылымның өзіндік даму жолдары бар. Оның кейбірі зиялы қауым тарапынан бірден танылып жатса, басқасы ұзақ сонар қалыптасу кезеңін басынан кешіреді. Этникалық психология  ғылым көкжиегінде әзір өмірге келген сала болғандықтан ол туралы әртүрлі пікір-тұжырымдардың айтылуы заңды құбылыс. Басқаша айтқанда, этнопсихологияның мәндік сипаты әлі анықталған жоқ.

Оған деген мамандар тарапынан қызығушылық пен мүдделілікті осындай себептермен түсіндіру қажет. Соңғы кездегі этнопсихология ақпаратқа сұраныстың көбеюі басқа да объективті және субъективті  жағдайлармен тығыз байланысты. Кеңес үкіметі дәуірлеп тұрған заманда этнос мәселесі жүйелі зерделенбеді. Ұзақ жылдар бойы елімізде ұлттар арасындағы айырмашылықтар, олардың өзіндік ерекшеліктері туралы мәселелер баспасөз бетінде қарастырылады. Ол кезде ұлт проблемаларын терең әрі кешенді зерттеуге мүмкіндік те болмады. Әдетте мұндай бағыттағы ізденістерге саяси астар беріліп, мәселе  халықтар достығы шеңберінде ғана талқыланатын. Ұлттар арасындағы туындайтын қарама−қайшылықтар, келіспеушіліктер туралы сөз қозғау қауіпсіз емес еді.

Қазір этнопсихология үлкен қызығушылық болғанымен оның мазмұны мен мағынасы толық ашыла қоймаған. Осы орайда қазақ этнопсихологиясының теориялық мәселелеріне терең үңілу бір жағынан уақыт талабы болса, екінші жағынан – елімізде этнопсихологияның жедел дамуына даңғыл жол ашатыны сөзсіз. Енді қазақ этнопсихологиясының зерделеніп, сараптау дәрежесіне келсек, өкінішке орай бұл бағытта түйіні шешілмеген келелі сұрақтар аз емес. Сөйте тұра, елімізде этнопсихология саласы бойынша зерттеулер жүйелі жүргізілген жоқ. Әйтсе де жаңа ғылым саясында ешқандай жұмыс атқарылмады деуге тағы болмайды. Қазақ пәлсафашылары, тарихшылары, психологтары бұл бағытта біраз жұмыстар атқарды.

Ұлттың ұлт болып есептелуі үшін белгілі деңгей қажеттілігі дау тұдырмайды.  Ұлттың мынандай нышандары белгілі болуы керек. Алдымен ол ұлттық бірге өмір сүретін аймағы, тілі, мемлекеті, ұлттық және мәдени ерекшеліктерін сипаттайтын қасиеттері және экономикалық байланыстары болуы ләзім. Десекте, қоғамның қалыптасуы кездейсоқ немесе бір мезетте жүзеге асырылатын құбылыс емес.

Ұлттық сана-сезімнің қалыптасу факторлары мен механизмдеріне психогенездік талдау жасауды осы үрдістегі кезек күттірмейтін шаралардың бірі. Егер біз бұл бағытта жүйелі ғылыми негізде зерттеулер жүргізсек, қазақтың қоғамдық санасының қалыптасу, даму, өсу жүйесінің генезисін ашуға мүмкіндік беретінін байқау қиын емес. Сонымен бірге бұл зерттеулерде қажеттіліктер мен түрткілерін, коммуникативті жүріс-тұрыстың әрекет, этнопсихологиялық әлеуметтік, тарихи мәселелерді егжей-тегжейлі, әрі түбегейлі қарастырылуы керек.

ТМД  республикаларының тәуелсіздік алуы, оның нәтижесінде ұлты мен ұлыстардың сана-сезімінің оянуы, полиэтникалық мемлекеттерде әртүрлі халықтардың арасында қарама-қайшылық пен дұдараздықтың сызат беруі, көші-қон мәселесінің жедел іске асырылу қажеттілігі туындауы – аталмыш проблемалардың қордаланып қалғанын көрсетті. Бұл жағдаяттар тәуелсіздік алған жаңа құрылымдағы мемлекеттерді ұлт және оған байланысты мәселелерді жедел әрі тиянақты шешуге итермеледі. Мұның бәрі айналып келгенде этнопсихология ғылымының үрдіс дамуына жол ашты.

Этнопсихологияның жеке аспектерін зерттеуде қозғалыс бар. Бұл жерде біз мынаны айтуымыз керек. Қазақстанның тарихи тағдырында кездескен сан қилы өзгерістер мен қиындықтар қазақтың халықтық қалпын өзгерте алмады. Тіпті, республикада орын тепкен жаңа экономикалық саясат нарықтық қарым-қатынастардың қалыптасуы – қазақ халқына тән емес қылықтарға кеңінен жол ашқанымен ұлт өзінің бет-бейнесін жоғалтқан жоқ. Бұл біздің ұлт үшін үлкен мерей. Сол себепті осы үрдісте халықтың сана-сезімінің өсуі, ұлтымыздың жаңа сипатта, атап айтқанда, халықаралық сахнада толысқан этнос ретінде көрінуі оны адамзат тарихынан өзінің лайықты орнын алуға жетелейді.

Өткенімізді саралап, келешегімізді зерделей отырып, төмендегі пікірді айтқанды және орынды көрдік. Уақыт өте келе этнопсихология білімі қоғамдық құрылымның идеологиялық тірегіне айналуы керек. Неге десеңіз, оның ұлттық болмысты қалыптастыруға үлкен көмегі әрі тәрбиелік мәні бар. Ендеше «ұлт зерттеу ғылымы», «ұлттану» мәселесі білім беру, адам тәрбиелеу ісінің бірден-бір құралы болуға тиіс. Келешекте бұл ғылымның ұлттық тәрбие мен білім беру жүйесінде жетекші орын алатынына ешқандай күмән жоқ. Этнопсихология, оқу, тәрбие деген түсініктер үлкен де, кешенді жүйенің құрамдас бөлігіндей бір-бірімен жымдасып жатыр. Демек, бұлардың арақатынасын одан әрі күшейтудің оң нәтижесінде үлкен белестерге шығудың ең оңтайлы жолы – ол еліміздің ұлттық оқу жүйесінің бағытын өзгерте отырып, қоғамның белсенді әрі саналы азаматын тәрбиелеу.

Этнопсихология ғылымындағы орын алып отырған көкейкесті мәселелерді қарастыра отырып, осы саланың әлі толық зерттелмеген қырларын бүгінгі күн тұрғысынан бағамдау керек. Еліміздің мемлекет ретінде қалыптасуы этникалық құбылыстармен тығыз байланысты. Бұдан туатын қорытынды – заман талабына сай этнопсихологияның білім жүйесіндегі орны үздіксіз өсу үстінде.

Ұлт мәселесінің күн тәртібінен түспей тұруына соңғы жылдары этникалық процестің әлемдік қоғамдастықты түгелімен қамтуымен түсіндіруге болады. Ұлтаралық қатынас саласындағы жағдай күрт өзгеріп динамикалық дамудың шиыршық атуымен сипатталады.

Ендеше ғалым зертеушілердің алдында тұрған келелі міндет − жоғарыда атап өткен мәселелерді зерделеп саралау.

Олай болса, этнопсихология бағыт-бағдарын қалыптасу мен даму ерекшеліктерін егжей-тегжейлі зерттеу − келешектің ісі. Ғылым жетістіктерін күнделікті өмірде пайдалана білу − өркениетті елдердің дәстүрі.

Әдебиеттер

1. Айталы А. Ұлттану. – Алматы: Арыс, 2003. – 226 б.

2. Амирова Б.А. Тұлғаның әлеуметтену және этностық  әлеуметтену процесінің кейбір мәселелері //«Шоқан тағылымы -14».–ғыл.-практ.конф.матер. - Көкшетау, 2009. – 107-111 бб.

3. Жукеш Н. Ұлттық психологияның сипаты. – Алматы: Респ. баспа каб., 1993.

4. Сәдуақасұлы Ә. Қазақтың ұлттық психологиясының қалыптасуы // «Қазақстандағы білім проблемалары: бүгіні мен болашағы» атты конф. матер. - Алматы, 1993. – 13-15 бб.

   

Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық қабілеттерін дамытудағы ойын тәжірибесінің маңызы

Сапарбаева Дина Омарқызы-  №7 «Қызғалдақ» балабақшасының тәрбиешісі, Қызылорда облысы,Жаңақорған ауданы, Бірлік ауылы

Халық даналығында: «Ойнай білмеген,ойлай білмейді», «Ойында озған,озады»,-деген асыл сөздің сырына жүгінсек мектепке дейінгі баланың ойынға деген құлқы,қарым-қатынасы,мінезі олар өсіп есейгенде де өмірде жалғаса береді. Ойын баланың негізгі әрекеті. Ойын барысында бала өзін қоршаған үлкендер сияқты,өзінің сүйікті әңгімелері мен ертегілеріндегі кейіпкерлері сияқты өмір сүреді,әрекет жасайды.

Баланың бірінші әрекеті ойын,сондықтан оның мәнісі ерекше.Ойын адамның өмірге қадам басардағы алғашқы адымы. Қазақ халқының ұлы ойшылы  А.Құнанбаев «Ойын ойнап ән салмай,өсер бала болар ма»,-деп айтқандай баланың өмірінде ойын ерекше орын алады.

Тәрбие процесінде халық мұрасының танымдық,тәрбиелік мәні ұлан-ғайыр дүние,ол тұтастай  алғанда жас ұрпақ үшін ғана адам өмінінің рухани-эстетикалық қуатының қайнары. Бабаларымыз өзінің барлық асыл сөз,даналық ойларын,санамақтар,мақал-мәтелдер,нақыл сөздер етіп кейінгі ұрпаққа қалдырып отырған-мыс: «Саны бардың мәні бар», «Есепсіз дүние бос», «Ескісіз жаңа болмайды,есепсіз дана болмайды»,-деп бекер айтпаған.

Осы әдісті ойында қолдану мен бірге ойлауға шығармашылықты шыңдауға бағыт алады. Баланың ойын кезіндегі қимыл-қозғалысы дене бітімін жетілдірсе,іс-әрекеттегі амал-тәсілдері ой-сананының дамуына ықпал етеді,ал қарым-қатынастағы пайымдаулары өзіндік таным-түсінік,мінез-құлық әдептерін бекітуіне әсер етеді.

Жас балалардың танымдық қабілеттерін қалыптастыруда санамақтар ерекшке рөл атқарады. Ең алдымен ұйқасты өлеңдер баланың поэзияға құмарлығын арттырып,әдемі сөйлеуге дағдыландырса,санамақты көп жаттауға деген құлшыныс,олардың жаттау қабілеттерін, танымдық  ой-өрісін дамытады. Балаға санамақты ырғағы мен айта білуге, мәнерлі сөйлеуге үйретсе, санамақты бұзбай айту баланы сергектікке, байқампаздыққа, турашылдыққа баулиды.

Танымдық қабілеттерді дамытуда халық арасында өлең түрінде айтылатын санамақтардың алуан түрлері бар.Ұйымдастыру сипатына қарай оларды ойын санамақтар, айтыс санамақтар,жұмбақ санамақтар деп атайды.Қазақ халықның санамақтары баланың жас ерекшелігіне байланысты қолдануынан екі топқа бөлуге болады.

1.Жас балаларды санай білуге,жалпы сан және санау ұғымдарын игеруге даярлау мақсатында қолданатын санамақтар. Бұларды саусақ ойындары деп те атайды.

2.Онға дейінгі санау қабілеттерін жетілдіріп,танымдық қабілетін дамыта отырып,он көлеміндегі сандардың ауызша және жазбаша таңба туралы білім түсініктерін қалыптастыру мақсатында пайдаланылады. Қазақтың халықтық педогогикасында жаңылтпаштар мен жұмбақтар,мақал-мәтелдердің алар орны ерекше. Мәселен:

Жоғалды бес шыбыш,

Жоқ әлі бес шыбыш.

Жоқ әлі еш сыбыс,

Жоғалды бес шыбыш.

2.Аңқау екі жалқауды жалқаусың депті,

Екі жалқау бір аңқауға аңқаусың депті.

Мақал-мәтел

Есепсіз дос ажырамас.

Танымдық ойындар бір жағынан балаға сандардың  атауын дұрыс айта білу мақсатымен  берілсе, екінші жағынан арифметикалық амалдарды дұрыс таңдап алуды талап етеді.

Бала ойын арқылы бір әрекеттен екінші әрекетке ауыса отырып өзіне түрлі ақпараттар ала  алады,бала бір нәрсе туралы толық түсінік алу үшін оны есту,көру,сезіну арқылы жүзеге асатындығы туралы дәлелденіп отыр.

Халқымыздың ою-өрнектерін,мәдени мұраларын пайдалана отырып та танымдық тапсырмалар беріп,геометриялық ұғымдарын түсіндіруге болады.Мысалы:ыдыс-аяқ(кесе,шәйнек),ою өрнек сызықтарының құрақ көрпешедегі әр түрлі маталар санын(санауға үйрету),пішінін(геометриялық пішіндердің өзгешеліктерін түсіндіру):

Осындай жаттығулар ата-бабаларымымдың  бізге жеткен өткені мен бүгінгіні байланыстыратын баға жетпес байлығымыз,асыл қазынамыз.

Ойын баланың жан серігі іспеттес .Әрбір елдің ойыны сол елдің қоғамдық өзгерістеріне, танымдық әрекеттеріне, тұрмыс-тіршілігіне, айналысатын кәсіп-шаруашылық ерекшеліктеріне байланысты. Ойын арқылы баланың танымдық әрекеттерін жетілдіру, уақыт ұғымдарын  т.б тиянақтылықтың жан-жақты қамтылуы қажет.Оған ата-ананың, тәрбиешінің үлесі зор.

Мысалы,ата-аналармен ұйымдастырылған ойын түрлері:

1. Жұптасып сурет саламыз

2. Ұқсастығымыз неде?

3. Өзіңізге ұнаған пішін

4. Түйілген жіп сезімдері

Тәрбиеші мен ата-ананың міндеті-балалардың ойынға ынтасы мен қызығушылығын арттырып отыру. Ойын барысында баланың бойында   қайырымдылық, қарапайымдылық, көргенділік қасиеттері дамиды.

Пайдаланған әдебиеттер:

1.Бастауыш мектеп. №1-2004

2. Бастауыш мектеп.   №10-1992 ж

3.Бастауыш мектеп.   №7-2007ж

4.Мектепке дейінгі тәрбие стандарттарын дайындау мәселелері жөніндегі халықаралық конференциясының материалдары.Алматы,13-16 маусым 2007

 

Халықтық педагогиканы тиімді пайдалану

Рысқұлова Күлзинат- Ш.  Ниязов атындағы жалпы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, Оңтүстак Қазақстан облысы, Түркістан ауданы

Халық педагогикасы- ғасырлар бойы қалыптасып үнемі дамып келе жатқан ғылым.Халық педагогикасы дегеніміз – тәрбие жөніндегі халықтардың ғасырлар бойы қалыптасқан педагогикалық білім мен тәрбие-тәжірибесінің жиынтығы. Халық педагогикасының қағидалары қай халықтың болсын тұрмысымен, салт-дәстүрімен тығыз байланысты болып, үнемі өсіп-өркендеп, дамып  отырады.

Қазіргі егемен елімізде жастарға үлгілі тәрбие беруде ерте заманның мәдени мұрасы айрықша үлкен рөл атқарады. Жазу, сызуы дамымаған қазақ халқы өзінің тұрмыз-тіршілігі, қоғамдық өмірі, шаруашылығы мен кәсібі, қуанышы мен күйініші, арман-тілегі , дүниетанымдық көзқарасын ауызша жырлап келген. Ауызекі тілде ертегі, аңыз, өлең-жыр, мақал-мәтелдер тудырып отырған. Ғасырлар бойы құалыптасқан ұлттық тәлім-тәрбиенің  белгілі жүйесінде тжас буын жадына біртіндеп сіңіріп отыратын арнаулы жолдар, тиісті тәсілдер де болған. Мәселен, мақал-мәтелдерде адамгершілік ,имандылықтәрбиесіне байланысты әдет-ғұрыптар насихатталса, жұмбақтар мен айтыстарда ақыл-ой тәрбиесі,өлең-жыр дастандарда әсемдік тәрбиесінің негізгі принцптері, ал, ертегілер халықтың сан алуан мәселелерін қорғайтын тәлімдік материал ретінде пайдаланған. Демек халықтық педагогика тәлім-тәрбиелік ой-пікірдің үлгі бастауы, халықтың руханы мұрасы. Бұл жердегі еске алатын негізгі жайт осындай халықтық мұралардың бәрі бірдей кәдеге жарай бермейді. Олардың озығымен қатар тозығы да бар.

Ең негізгі мәселе бұларды бүгінгі күннің талап, тілегімен байланыстара оқу тәрбие процесінде пайдалана білу. Қазақ халқының тәлімдік мәні зор  ой толғаныстары, бесік жыры мен батырлық эпостарда, ертегілер мен аңыздардар, шешендік сөздер мен айтыс, термелерде, мақал-мәтелдерде көптеп кездеседі. Мұндағы ұрпақ тәрбиесінің негізгі түйіні адамгершілік, имандылық, ақыл-ой, еңбек, эстетика, дене ,отбасы. Жыраулар мен ақындардың, ұлы данышпандар мен батырлардың , ел басшылардың  шығарған мақал-мәтелдері жөнінде сынып сағаттарын, пәндік кештерге, мерейтойларға арналған әдеби монтаждары болады.

Мысалы А. Құнанбаевтың творчествасына арналған  кеш өткізу кезінде «Абайдың мақал-мәтелге арналған сөздері » деген тақырыпта оқушылар «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей». «Әсемпаз болма әр неге, өнерпаз болсаң ар қалан,  сен де бір кірпіш дүниеге , кетігін тап та бар, қалан!»,  «Толғау тоқсан қызыл тіл»,  «Туғанда дүние есігін ашады өлең», «Заман ақыр жастары, бірікпес ешбір бастары»,  т.б. осындай тіркестерді тауып, жазады да ол сөздер  қай өлеңнен  алынғанын айтады. Мұны тарқырлар жарысы ретінде де өткізіп, озып шыққан орушыларды мадақтай білу керек. Әдебиет бөлмесінің жарнамаларына «Білімдіден шыққан сөз , талаптыға болсын кез», «Өнерлі өрге шығар», т.б мақал-мәтелдер жазылып іліну керек.  Мектепте шешендік сөздің мәнін жан-жақты ұғындыратын алуан түрлі әдеби жұмыстарды ұйымдастыруға болады. Пікірталас, пікірсайыс, білім жарыстыру, сахыналық қойылымдарды ұйымдастыру керек.  Мысалы: қазақ халқының шешен-билері Төле би, Қазыбек би, Әйтеке билері халықтың ұлттық бірлігін сақтауға зор әсерін тигізген. Данышпан ақын, шешен ойшыл, гуманист, көсемдер туралы, солардың бейнелерін сахнада көрсетіп, сөздерін өнеге етіп, қастерлі қойылымдар ұйымдастыруға болады.  Демек осындай тағылымдардың куәгері болып өскен балалар мен жастардың адамгершілік қасиетінің  ( ар-ұят, сыпайылық, үлкенді сыйлау, кішіні құрметтеу, еңбекті қадірлеу, халқын сүю, дос-жаранды қадірлеу, т.б.) Сондай-ақ оқу- тәрбие процесінде тәрбиенің маңызды факторы ретінде бүкіл ғылымның жетістіктерін барынша қолдану және халықтық пайдаланумен байланысты.

Қазақ халқының педегогикалық ой-пікірін халықтың өткендегі өмірімен, салт-дәстүрімен, тұрмыс тіршілігімен тығыз байланысты алып қараған жөн. Ұлы ақын Абай:

Туғанда дүние есігін ашады өлең,

Өлеңмен жер қойнына кірер денең,

Өмірдегі қызығың бәрі өлеңмен ,

Ойласаңшы бос қақпай елең-селең,

- деп адам өміріндегі өлеңнің алар орнын терең топшылаған. Қазақ халқының ғасырлар бойы өз ұрпағын халықтыңі бай қазынасы салт-дәстүрлері арқылы тәрбиелеп, халық педагогикасын одан әрі дамыта түсті. Халық педагогикасын оқу барысында тиімді падалану – қазіргі заманғы мептептердің басты міндеті болып отыр.

Балаға жүйелі білім беруде бала тәрбиесі сол халықтың сан ғасырлық тарихымен тығыз байланысты, тәрбиенің негізін халықтың жақсы-жаман дәстүрінен іздестіру керек деп қорытындыға келеді.

Пайдаланған әдебиеттер:

  1. «Халық ғажап тәлімгер» Алматы баспасы. «Рауан»баспасы
  2. «Халық педагогикасы»журнылы
  3. «Халық үні» газеті
  4. «Заман»  газеті
   

Пути развития творческих способностей учащихся на уроке русского языка

Рзаева Асем Бегмановна- учитель русского языка и литературы сш №54,Жанакорганского района,  Кызылординской области

Сегодня вопрос о развитии творческих способностей учащихся в теории и практике обучения стоит особенно актуально.    Главная задача образования  -  развитие творческого мышления школьников, формирование умений и навыков самостоятельного поиска, анализа и оценки информации, самоактуализации, самоутверждения и самореализации творческих способностей.

Развитие творческих способностей есть один из способов мотивации учащихся в процессе обучения.  Я считаю, что именно в школе начинается процесс становления качеств творческой личности. Особенностью методической системы моей деятельности является направление работы на пробуждение творческой активности учащихся, на развитие их способности мыслить самостоятельно, на развитие их речи. Моя задача – научить ученика мыслить, научить добывать знания. А для этого надо верить в возможности каждого ребенка.

В. А. Сухомлинский считает, что творческий подход учителя к учебному процессу способно пробудить в ребёнке скрытые способности и таланты.  Какое значение придавал самостоятельной работе школьников К.Д.Ушинский? Активность и самостоятельность учащихся - один из основных принципов его дидактической системы. Великий педагог считал, что задача учителя состоит не в том, чтобы давать детям готовые знания, а в том, чтобы направлять их умственную деятельность. То есть он утверждал, что самостоятельность учащихся в добывании знаний принесёт больше плодов, чем готовый материал, предоставленный наставником.

И задача учителя заключается в том, чтобы грамотно организовать учебный процесс.

Учащиеся должны по возможности трудиться самостоятельно, а учитель - руководить этим самостоятельным трудом и давать для него материал. При этом важно, чтобы практические задания выполнялись школьниками не механически, а сознательно, нужно добиваться, чтобы в практическую работу дети вносили элементы творчества

Основной задачей на уроках русского языка я считаю - обучение умению целесообразно и правильно пользоваться языковыми средствами для выражения своих мыслей. В каждом ребенке нужно развить способность владеть словом, понимать слово, рассматривать его с разных сторон. Детей необходимо как можно чаще ставить в позицию автора, давать возможность выразиться, раскрыть свою личность, выявить отношение к происходящему, выразить свои чувства, эмоции.

В ряд основных задач на уроках я ставлю перед собой задачу - научить мыслить, выражать свои мысли в устной и письменной форме, анализировать ответы сверстников, принимать участие в спорах по тем или иным вопросам, как с преподавателем, так и с классом. Развитие творческого потенциала учащихся - одна из задач обучения в школе. Какие же использовать методы и приёмы, чтобы ребёнок учился с охотой и желанием и одновременно развивал свои творческие способности.

Основные приёмы развития творческих способностей:

-   Написание сочинений, изложений

-   Интеллектуальные игры «Заполни таблицу», «Соедини линиями», «Четвертое лишнее»,

«Найди сходство и различие», Лингвистические угадайки  и.т.д.

-   Различные творческие задания

-  Творческие словари, ребусы, шарады, кроссворды

Основная цель самостоятельной работы учащихся состоит в том, чтобы научить детей мыслить, анализировать и обобщать языковые факты, что в свою очередь положительно сказывается на усвоении учебного материала. В этих целях практикую задания типа "Объясни", "Докажи".

Большое место в преподавании русского языка у меня занимают творческие самостоятельные работы. Работа творческого характера повышают интерес детей к учению, развивают их наблюдательность, учат их самостоятельно решать поставленные цели. Важно и то, что в творческих письменных работах проявляются индивидуальные качества учащихся и особенности их языка.

Широко использую работу с опорными словами, сочинения-миниатюры по картине, сочинения на заданную тему, сочинения по пословице, по аналогии с прочитанным, по наблюдениям учащихся, составление письма подруге или другу, сочинение по началу. Описанные выше упражнения выполняются под моим руководством, при этом степень самостоятельности учащихся постоянно возрастает. Умение анализировать, обобщать, логически правильно, чётко, а так же эмоционально строить свою речь необходимы при написании хорошего сочинения. Поэтому мы должны помочь развить им речевую деятельность. Я применяю следующие этапы подготовки к сочинению:1) создание речевой ситуации. Цель - создание мотива, обеспечение необходимого эмоционального настроя, пробуждение интереса к работе, организация наблюдений, обсуждение задач и условий ситуации; 2) предварительная подготовка. Цель - создать базу для последующей работы, организовать накопление необходимых знаний, впечатлений; 3) написание сочинения.

Составление сказок благотворно влияет на развитие творческих возможностей детей, сближает их с природой, развивает наблюдательность и любознательность, воспитывает добрые чувства, оживляет и делает интересным учебный процесс. При написании сказок расширяется словарный запас детей. Ребята учатся излагать свои мысли письменно. Особенно велик интерес детей к волшебным сказкам, что объясняется ничем не ограниченной свободой передвижений и действий в сказочном мире. Стараюсь разнообразить уроки развития речи, используя различные виды работ.

1. Свободное сочинительство - пиши, что хочешь! Этот вид работы очень важен для развития речи.

2. "Мой дневник "- пиши о том, что сейчас вспомнил.

3. "Фантазия-картинка" - опиши словами картинку, которой нет, которую видишь только ты в своем воображении.

4. Cценарий мультфильма по выполненным на доске рисункам удовлетворяет потребность подростка в оживлении рисунка и написании сочинения-повествования вместо сочинения-описания.

5. Сочинение - продолжение написанного накануне изложения или диктанта.

6. Сочинение - ассоциации по мотивам когда-то написанного диктанта или изложения.

Из всех вышеперечисленных видов хотелось бы выделить сочинения - описания природы в разное время года. Этот вид работы очень нравится  детям. Природа на их страницах оживает, принимает облик человеческий. Прежде чем приступить к такому творческому процессу, мы собираем материал, наблюдаем, делаем пометки. Обсуждая написанные сочинения на тему "Золотая пора", учащиеся обращали внимание на построение предложений, на красочное описание осенней природы. Каждому ребенку осень раскрывается по-своему. А при помощи сочинений это время года для всех нас становится богаче и выразительнее. Размышление над сочинением пробуждает у ребят интерес к наблюдениям, своим творческим зарядом оживляет ум учащихся, возбуждает их эмоции, прививает интерес к урокам русского языка. Опыт работы убедил меня в том, что, прежде всего ребят надо научить рассказывать на заданную тему, правильно строить предложения, выбирать нужные слова, обогащать словарный запас. На этих уроках у детей возникает чувство гордости за свой край, любовь к родной природе и русскому языку,  проявляется бережное отношение к ним.

В творческий процесс включаю и этап обучения изложению на уроках русского языка. Изложение - работа творческая. С одной стороны, оно предусматривает не дословное, а самостоятельное, свободное воспроизведение прочитанных учителем текстов, а с другой стороны, оно даёт ученику чёткую сюжетную и лексическую канву, которая помогает скомпоновать связный рассказ. В воспитательных целях использую материал не только литературно - художественных произведений, но и материал публицистического характера - из газет, детских и юношеских журналов, газет, энциклопедий, повествующий о жизни и делах человека, о взаимоотношении с природой, о дружбе и товариществе, о честности и гуманности. К текстам изложений задаю учащимся задания, ввожу проблемные вопросы, предлагаю изменить название текста в соответствии с основной мыслью, дополнить собственное рассуждение по данной проблеме.

Использую разные виды изложений: обучающие и контрольные, подробные и сжатые, выборочные и творческие, с элементами описания и с грамматическими заданиями - и все они представляют огромное поле деятельности как учащихся, так и учителя.

Я выбрала следующий алгоритм обучения изложению:

-  начинай активно слушать с первого чтения текста учителем;

-  слова памятки каждого предложения записывай;

-  между предложениями делай промежуток в две строчки для дополнений;

-  окончив первое активное слушание, закрой глаза и восстанови по памяти воображаемые

картинки, возникающие у тебя при чтении текста;

-   помоги себе рисунком или схемой, сделав их на обратной стороне листа;

-   из слов составь все предложения;- активно слушай второе чтение текста учителем, вноси

изменения и дополнения на оставленных тобою строчках;

-   закончи работу над изложением в черновике, прочитай написанное, исправь ошибки.

Творческие словари. Творческие потенциалы учащихся могут способствовать запоминанию словарных слов. Учащиеся должны запомнить большое количество слов с непроверяемыми орфограммами, и научить писать эти слова без ошибок - одна из сложнейших задач, стоящих перед учителем. С проблемой запоминания слов я столкнулась с первых шагов работы в школе. Длительная работа по запоминанию этих слов не всегда результативна, а наглядно - иллюстративный материал из школьного "картинного словаря" лишь привлекает внимание учащихся к работе, а запоминанию непроверяемой буквы он не способствует; но есть способ, который позволяет запомнить букву интересно.

К сожалению, не к каждой букве можно придумать рисунок, отражающий смысловое значение слова или ассоциацию с этим словом. Поэтому в некоторых случаях для запоминания применялся приём "слово в слове". Например, слово путешествие запоминали так: учащиеся находили в нём по заданию моему слово шест, объясняли значение этого слова. Затем учащиеся читали заранее написанное на доске стихотворение: Шест в путешествие возьмём, с шестом мы легче путь пройдём.

Рифмованные строки использовались и для запоминания слова хорошо: Хорошо, что х орошо пишется через три О.

Использую так же приём "сквозная буква": К А С Т Р Ю Л Я

В кастрюле часто готовят горячие блюда, и поэтому из неё идет пар. "ПАР поднялся из кастрюли: это суп готовит Юля".

Запоминание у нас не обходится без шуток. В слове СУББОТА 7 букв, столько же, сколько дней в неделе, и 2 буквы "Б", столько же, сколько выходных. Если кто- нибудь ошибался и писал одну букву "Б", то дети шутили "Теперь у тебя будет один выходной!"

Эти творческие словарики дают  возможность ускорить процесс запоминания детьми словарных слов, а так же развивают творчество, умение выделять главное в определенном слове, сопоставлять его с другими явлениями и предметами.

Использование интеллектуальных  игр на уроках.

Игра - это органическая форма деятельности младшего школьника. Она значительно активизирует мышление, внимание, память, интерес к результату. Игры развивают наблюдательность, творческие способности. Очень полезны игры - соревнования, например, "Аукцион". Подобрать как можно больше слов по схеме. Нельзя забывать, что игра - естественная потребность для детей среднего школьного возраста. В игре ребёнок раскрепощается, а раскрепостившись, он может и творить, и познавать в творчестве. У детей есть потребность одушевить неодушевлённые предметы, обратить словесный образ в материальный, видимый и осязаемый. Для активизации мыслительной деятельности на уроке много возможностей.

«Строитель».

Из данных слогов-кирпичиков  див,юр,у,кий,пус,лять,ты,вать,пу,ся,шест,ня,те,во    учащиеся строят стену из слов: юркий, пустыня, удивляться, путешествовать

«Заполни таблицу»

Задание выполняется при изучении темы: «Слово и его значение». Заполняют таблицу, раскрывая прямое и переносное  значение данных слов.Например: слово  лиса - в прямом значении означает животное, а в переносном – хитрый человек.

Дуб - дерево, тупой человек.   Заяц - животное,безбилетный пассажир.

Отгадайте кроссворд

1.Древние народные сказания о легендарных героях,богах, о явлении природы, вымышленные истории. (мифы)

2.То, что перешло от одного поколения к другому: обычай. (традиция)

3.Небольшая песня, которой убаюкивают ребенка. (колыбельная)

4.Музыкально-драматическое произведение, в котором действующие лица поют в сопровождении оркестра. (опера)

5.Совокупность пьес, музыкальных или драматических произведений; театральные роли. (репертуар)

6.Небольшое лирическое музыкальное произведение для голоса с музыкальным сопровождением. (романс)

7.Искусство сценического танца. Классический танец. (балет)

 

1

 

м

 

т

р

а

д

и

ц

и

я

   

4

ф

 

3

к

о

л

ы

б

е

л

ь

н

а

я

 

п

7

 

5

е

6

б

 

р

е

п

е

р

т

у

а

р

 

а

 

о

 

л

 
   

м

 

е

а

 

т

 

н

 
 

с

       

Ученики развиваются в деятельности, ищут, добывают знания, сравнивают, группируют, классифицируют, благодаря представленной им свободе для самовыражения. Однако, различная подготовленность детей не позволяет у всех выявить скрытые способности. Необходимы дидактические, ролевые игры, в которых особенно активизируются умственные способности детей, развивается их творчество и воображение.

Проведение творческих уроков.

Повышению интереса к урокам русского языка способствует и занимательная форма их проведения: уроки - сказки, конкурсы, уроки - путешествия в страну Грамматику, по станциям Словотворск, Сказуменция, Подлежащиха, Звукогорск:

В уроки - сказки включается материал известных детям сказок, иногда сказочные герои сопровождают учащихся в течение всего урока, помогают им выполнить разнообразные задания.

Деловые игры воспитывают у учащихся чувство ответственности каждого из них за общее дело и позволяют знакомый материал преподнести по-новому. Затем работа проводится в группах, обсуждаются результаты, и делается вывод. Работа заканчивается заключением эксперта - учителя.

Уроки - семинары помогают  обобщить, систематизировать и углубить знания учащихся по теме. К таким урокам дети готовятся заранее, получают вопросы, изучают литературу, стремятся найти новый дополнительный интересный материал, что, несомненно, способствует развитию творческих и познавательных интересов. Уроки - семинары помогают развить монологическую речь.

Творческие способности личности на уроках русского языка могут осуществляться в творческой деятельности не только на уроках, но и при выполнении домашних заданий. По результатам исследований американских ученых, домашние задания достигают порой обратного результата: вместо серьезной работы по самообразованию - бесчисленное копирование учебников, поголовное списывание и зубрежка. Вместо пользы- вред, вместо радости - отчаяние. Чтобы избежать этого, следует практиковать нетрадиционные виды домашних заданий по каждой теме: составление словарей, наглядных пособий, таблиц, схем, алгоритмов. Наряду с традиционными, привычно скучными упражнениями можно давать задания творческого характера. Это может быть написание сказок, стихотворений, придумывание загадок, кроссвордов.

Можно внести в название темы домашнего сочинения чуточку улыбки и фантазии, чтобы ребенок с удовольствием взялся за выполнение задания. Например, сочинение "Как я провел день" прошу написать от имени собаки, кота, муравья и т.д., вместо привычного сочинения "Моя комната" предлагаю написать сочинение "Моя комната в 2030 году". На следующем уроке выбирается лучшая работа.

Подводя итог, хочу отметить ещё раз, что воспитание всесторонней, гармоничной и творческой личности - главная задача учителя.

Всё вышесказанное приводит к необходимости формировать и развивать у учащихся исследовательских умений: работать с научно - популярной литературой и справочниками; анализировать языковые единицы; формулировать выводы; составлять сообщения, рефераты, доклады.

Мы должны на уроках русского языка развивать творческие способности детей, их мировоззрение и убеждения, то есть способствовать воспитанию высоконравственной личности. Эта основная цель обучения может быть достигнута только тогда, когда в процессе обучения будет сформирован интерес к знаниям. Нужно так строить обучение, чтобы ребёнок был активным участником - субъектом деятельности.

На основе анализа и обобщения опыта над формированием и развитием творческого потенциала школьников, можно сделать выводы:

1. В работе над развитием творческих способностей школьников необходимо использовать различные приёмы, методы, формы работы на уроках русского языка.

2. Как показывает практика, самостоятельно добытое знание усваивается детьми прочнее, поэтому нужно чаще придавать заданиям проблемный характер.

3. Учебный материал усваивается лучше, когда он подаётся не в "сухой" форме, а посредством обыгрывания ситуации, занимательности, творческого подхода как ученика, так и учителя.

Список литературы

  1. Григорян. Л. Т., Язык мой – друг мой. –М., 1988.
  2. Ушаков, Н.Н.,  Суворова. С. И.  Внеурочная работа по русскому языку. – 2-е изд.,перераб. – М., 1985.
  3. Гетманова. В. С.  Волшебное путешествие в страну Знаний. – Шымкент.,2007.
  4. Мусагалиева. Ж. М    Развитие творческих способностей на уроках русского языка
  5. Электронный учебник «Мультимедийная обучающая программа»  для 7-8-9-10-11 классов казахской школы
   

Бала  тәрбиелеудегі халықтық тәлім – тәрбиенің алатын  рөлі

Тоқбатырова Гүлзира Алдабергенқызы-№55 мектептің мұғалімі, Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Бірлік ауылы

Мақсаты: Халықтық тәлім – тәрбиені негізге ала отырып, баланы адамгершілікке, отансүйгіштікке, имандылыққа тәрбиелеу.

Мұғалімнің мақсаты: Баланың бойына халықтық тәлім-тәрбиені  қалыптастыру және  ойлау қабілеті мен сөздік қорын байыту.

Мұғалімнің міндеті: Тәрбие жұмысының барысында адамгершілікке, мейірімділікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

Оқушының міндеті: Халықтық тәлім – тәрбие арқылы ептілікке, еңбексүйгіштікке өзін-өзі басқаруға тәрбиелейді. Салт –дәстүрлерді меңгереді.

Оқушының мақсаты: Халықтық тәлім –тәрбиені бойына сіңіру, елін, тілін, дінін, ділін қорғайтын, ата-анасын сыйлайтын азамат болып қалыптастыру.

Адамзат даму үстінде ұрпақсыз ешбір халық дамымайды. Сондықтан ұрпағын өсірудегі халқымыздың жасаған тарихи мұраларына зер салсақ, бұл салада істелген істердегі халық даналығы ұшан теңіз.Демек, тәрбие ұрпақтан – ұрпаққа мұра болып ұласып жатқан халық қазынасы деп білсек, онда халықтық тәлім- тәрбиенің алатын орнына баға жетпейді.

Қазақ халқы – салт – дәстүрге өте бай ел. «Халқым қандай десең, салтымнан сынап біл» демекші бұл оның мәдениетті әрі тәрбиелі ел екендігінің айғағы. Белгілі қоғам қайраткері, заңгер Н.Шайкенов: «Ұлт дәстүрі – заңнан биік», - деген. Демек ,салт-дәстүрлі – ел мықты әрі тұғыры берік ел. Халқымыз өз ұрпақтарына ғасырдан-ғасырға ұлт қасиетін салт – дәстүрмен, өнегелі әдеп – ғұрпымен ұлағатты ұл, инабатты қыз өсірген. Халықтық тәлім-тәрбие  ұлтымыздың нағыз тәрбие құралы екендігі дәлелденіп қойған. Ал, қазіргі таңда халықтық тәлім – тәрбие негіздерін күнделікті сабаққа қалай байланыстырып, қолданып жүрміз?

Мектепалды даярлық тобының оқушыларымен жүргізілген жұмыстарыммен сабақтарымда халықтық тәлім-тәрбие негіздерін негізге ала отырып, төмендегідей жұмыс  жүргізіп , көптеген нәтиежелерге жеттім деуге болады. Балаларға белгілі тақырыпта әңгіме оқып, басқаша аяқтауды тапсырдым. Мысалы, ауа райына, жыл мезгілдеріне байланысты ; «Қазір жылдың қыс мезгілі, күн суық, жерде қар жатыр, қардың түсі аппақ, аппақ мақтаға ұқсайды», деген сияқты тілге жеңіл әңгімелерді құрады. Әңгіменің, ертегінің сюжетін бастап беріп, балаларға өз қиялдарымен ойлана отырып, басқаша аяқтауды тапсырдым. Сол кезде бала қиялының өте ұшқыр екендігіне көзім жетті.  Сондай-ақ,ертегіні ұжым болып тыңдап, талқылауға үйренді. Табиғат құбылысына байланысты ауызша әңгімелер айтуға машықтанды. Балалардың сөйлеу дағдылары мен біліктерін, ойлау қабілеттерін қалыптастыруда рөлдік ойындар мен ұлттық ойындар, сабаққа деген қызығушылығын туғызумен қатар,еркін тілдік қарым- қатынасқа түсу белсенділіктерінің  артқанын байқадым. Рөлдік  ойындарды мынадай бағыттарда жүргіздім;

1. Сөздік қорын молайту,

2. Сөзбен  сөзді байланыстыра сөйлеуге үйрету,

3. Өзін-өзі басқара білу мен қатар өзгелерге өзін көрсету,

Рөлдік ойындарды ойната отырып, өз пікірін, екінші бір балаға толық жеткізуіне, ойын ашық айтуға баулыдым.Мысалы: «Мақтақыз бен мысық» , «Қолғаптағы достар», «Ақ бидай» ертегілерін өткенде мазмұнын түсіндіріп, сұрақ-жауап  арқылы сұрап,рөлге бөлгізіп ойнаттым. Балалардан: «Егерде сендер Мақтақыздың орнында болсаңдар не істер  едіңдер?»- деп сұрақ қойып, ізденімпаздық, белсенділік қабілеттерін жан-жақты зерделедім. Бір қолғапқа сонша аң сыйып, тату-тәтті өмір сүргенін айта келіп ,«Сендерде бір сыныпта бір-біріңмен ұрыспай дос баларма едіңдер?»- деп   үлкен ой тастап, «Ойлан тап!», «Араласып кеткен оқиға» сынды ойындар арқылы бала қиялын дамыттым.

Ата-бабамыздан бізге мирас болып қалған ұлттық ойындардың да тәрбиелік мәні өте зор. Негізі мектеп жасына дейінгі баланың ойын, қиялын осы ұлттық ойындар арқылы дамытқан жөн. Ойын баланы жалықтырмайды, зеріктірмейді, қайта оның ойына ой қосып, қиялына қанат бітіреді. Ұлттық  ойындар- күш,қайрат жетекшісі, денсаулық кепілі, өмір тынысы.Күнделікті сабақтарымда «Ақсерек-көксерек», «Арқан тартысу» «Сиқырлы таяқша», «Күн мен түн», ал,асық ойындарынан «Хан алшы» ойындарын ұйымдастырып отырамын.

Халық тәрбиесінде жиі қолданылатын «құлыным», «ботақаным», «қоңыр қозым», «құралайым» секілді баланы еркелету көріністері «мал- адамның бауыр еті» екендігін көрсете отырып, осы ретте ата-бабамыздың айналысқан ата кәсібі төрт түлік үй жануарлары жайлы балаларға мәлімет беру ретінде «Төрт түлігім - ырысым» атты кеңейтілген ашық тәрбие сабағын өттім. Мақсатым жасөскіншектерді үй жануарларына қамқорлық көрсетуге,ата-аналарымен бірге күтіп-баптауға үйрете келіп, төрт түлік малға байланысты айтылған тыйым сөздерді меңгеруге тәрбиеледім. Сонымен қатар халық даналығы, байлығы- мақал-мәтелдердің еліміздің болашағы-жастарды тәрбиелеуде, ақыл-кеңес беріп отыру жолында атқаратын маңызы өте зор. Сондықтан төрт түлік жайлы айтылған мақал-мәтелдерді балалардың бойларына сіңірте отырып, сабағымды «Өз төліңді тап!», «Дауысынан таны», «Болады-болмайды» деген секілді ойындар арқылы пысықтай түстім.

Сөзімді қорыта келгенде халықтық тәлім-тәрбиенің бала тәрбиелеуде рөлі ерекше орын алатыны ертеден дәлелденген дүние. Халықтық тәлім-тәрбие мен баланы тәрбиелеуде көптеген нәтижелерге, жетістіктерге жеттім.

1.Ұжым болып ертегі тыңдап, талқылауға;

2.Сөзбен сөзді байланыстыра сөйлеуге;

3.Сөздік қорларын молайтып,өз ойларын еркін жеткізе білуге;

4.Халықтық тәлім-тәрбиені бойларына сіңіріп,салт-дәстүрді меңгерді.

Ұлттық ойын, мақал-мәтел, тыйым сөз, жұмбақ,санамақ, жаңылтпаш, халық ауыз әдебиетінен бізге жеткен ертегі аңыздар арқылы, баланың ой-өрісін,тілдік қорын, ізденімпаздық, белсенділік қабілеттерін қалыптастырдым. Дегенмен мұнымен  ғана шектеліп қалмай, бала тәрбиелуде халықтық тәлім-тәрбиені негізге ала отырып,баланың бойындағы ашылмай қалған қасиеттерін дамыту. Дана халқымыз: «Тәрбие басы- тал бесік» деп айтып кеткендей, тілі енді шығып бұлдырлаған сәбиді халықтық тәлім-тәрбие негізімен сусындатып, әрбір алған білімі мен тәрбиесін сапалы түрде қалыптастырып, бала тәрбиелеуде ерінбей еңбектер атқара  берейік. Өйткені бүгінгі біз тәрбиелеп жатқан жас ұрпақ, ертең ел басқаратын тізгінді қолға алмақ.

Менің ойымша, жас ұрпақтың санасын әлемдік өркениет деңгейіне көтеру үшін халқымыздың мәдени мұраларын әр қырынан зерттеу болашақтың еншісінде.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Р.Наурызбаева Бастауыш мектепте халықтық тәлім-тәрбие берудің шығармашылық жолдары.-Алматы, «Білім»2006,6-9б

2.Б.Төтенаев Қазақтың Ұлттық ойындары. –Алматы, «Қазақстан» баспасы,1978ж

   

Балаларды психологиялық тұрғыда мектепке даярлау

Тоқбатырова Гүлмира Алдабергенқызы Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, № 164 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы Құттықожа ауылы

Мектепке дейінгі мекемелерде білім беру ортасы мен оның тәрбие және білім беру мазмұнын дамыту сауатты ұйымдастырылмаса, баланың оқу мен жазуды игеру мәселесін түпкілікті шешу мүмкін емес. Кез келген мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің ортақ мақсаты – балаларды мектепте оқуға даярлау және оларды әлеуметтендіру.  Менің бүгінгі жұмысымда  айтылатын негізгі  ой-түйін осы  аталған мектепке  дейінгі балаларды психологиялық тұрғыда мектепке даярлаудың бүгінгі жағдайы мен  болашағы жағдайында  болмақ.

Жұмыс тақырыбының мазмұнын ашып көрсету  үшін жұмысты  бірнеше бөлімге бөліп, бұл бөлімдерде мектепке  дейінгі балаларды технологиялық тұрғыда мектепке даярлаудың бүгінгі жағдайы мен болашағы жайында өз ойымды  жеткізгім келді.

Бала мектепте жақсы оқуы үшін, оған белгілі білік пен дағдылар қажет (алғашқыда саналы орындауды қажет ететін іс-әрекет бөліктерінің қайталап жаттығудың нәтижесінде автоматталануын дағды деп атайды) [1]. Мектепте оқуға қажетті білік, дағдылардың белгілі бір пәндерге қажет арнайы (қосу, азайту, оқу, жазу, сурет салу және т.б.) және кез келген сабақтарға қажетті жалпы түрлері бар. Бұл дағдылар толыққанды кейінірек қалыптасады, бірақ олардың алғы шарттарын осы мектепке дейінгі кезеңнен бастап қалыптастыруды бастаған жөн. Оқушының жетекші іс-әрекеті – оқу іс-әрекеті. Балабақшада жүйелі түрде ұйымдастырылатын сабақтарда балалардың алған білімдері мектептегі оқу іс-әрекетінің біршама элементтерін игерудің негізін құрайды. Мектепке даярлауда балабақшада ересек топ балаларын симметриялық формаларды салуда орталық сызықты салуға үйретеді. Бұл өз кезегінде, 1-сыныпта бейнелеу сабақтарында негізгі сызықтан бастап вертикальді, горизонтальді, қиғаш сызықтарды, симметрияның осі, заттың көрінбей тұрған бөлігін салуға үйрету болып табылады.

Балабақшадағы сурет, жапсыру, мүсіндеу сабақтары мектептің бейнелеу, математика, еңбек сабақтарына дайындауға септігін тигізеді. Жазу мен сурет салуда балада денесін тік ұстау, қаламды дұрыс ұстау дағдылары қалыптасады. Балабақшада балалармен жұмыс жасауда оларға білім беріп, дағдыларды қалыптастыруға ерекше мән беріледі [2].

Балалардың сауатын ашу және математикалық білім беру арнайы ұйымдастырылған сабақтарда жүзеге асырылады. Олардың басты мақсаты - балаларда жазу мен санауды үйретудің алғы шарттарын қалыптастыру.

Жазу келешекте бүкіл оқу үдерісі құрылатын базалық дағды. Жазуға үйрету тек мақсатты түрде ұйымдастырылған оқыту барысында жүзеге асырылады.

Сауат ашу – баланың көптеген психикалық қызметтерінің жетілуін талап ететін, күрделі ақыл-ой әрекеті. Жазу – психологиялық және физиологиялық тұрғыдан алғанда өте қиын күрделі үдеріс, сондықтан да жазу дағдысын игеру үдерісінің көпкомпонентті психофизиологиялық құрылымы бар. Бір сөзді жазу үшін балаға көптеген амалдар жасау керек, сол себепті баланы жазуға үйретуді жазудың барлық функцияларын жүзеге асырудан көп бұрын бастау қажет.

Жазуға үйретудің негізгі міндеттері:

* фонематикалық есту және сөздің дыбыстық құрамын талдау білігін дамыту;

* қолдың және саусақтардың майда бұлшық еттерін дамыту;

* ішкі және сыртқы сөйлеуді, сөздік-логикалық ойлаудың бастапқы кезеңдерін дамыту;

* есте сақтау қабілетін дамыту;

* жазу құралдарын еркін ұстай білу дағдысын дамыту;

* парақтың бетінің кеңістігін бағдарлауды қалыптастыру.

2.1. Баланы мектептегі оқуға дайындаудың психологиялық бағыттары

Қазақстан Республикасының Білім беру жүйесін реформалау барысында әрбір баланы мектептегі оқу және әлеуметтік ортаға еркін бейімделе алатындай жағдай жасау аса маңызды міндет. Демек, қазіргі талап бойынша мектептің бірінші сыныбына келетін балалардың физиологиялық жағынан мықты, адамгершілік, мәдениеттілік, еңбексүйгіштік қасиеттері мол, ерік-жігері күшті, жұмыс қабілеттеріне ие, білімге қызығушылық сипаттары мол болуы қажет. Сондықтан да мектеп пен мектепке дейінгі мекеменің, ата-аналардың басты міндеті - баланы мектептегі оқуға, мектеп өміріне даярлау.

Мектепке алғаш бару - бала өміріне үлкен жаңалық, өзгеріс енгізеді, қоғамдағы жаңа орынға көшуі мен өсіп-жетілуінің бір бастамасы. Баланы мектепке дайындау дегенде көптеген ата-аналар балаға әріптерді және санауды үйретумен ғана шектеледі. Әрине баланың оқуға дайындығын ақыл-ойының даярлығымен ғана шектеліп қоймай, оның оқуға психологиялық жағынан даярлауды қарастыру қажет. Яғни, бұл баланың мотивациялық-қажеттілік және психикалық үрдістерінің дамуы оқуда, қарым-қатынаста қиындыққа кезікпеуіне мүмкіндік береді. Бұл қауырт кезеңде мектеп бірінші күннен бастап оқушыға бірнеше талаптар қойып және баланы ұқыптылық пен зейінділікке тәрбиелейді. Сондықтан да балалар оқу ісіне машықтануға, қимыл-әрекетерінің ықтиярлы басқарылуы қабілетін, ақыл-ой еңбегін, мақсаткерлігін, дағдысын қалыптастыруға аса көңіл бөлінеді.

Бүгінгі күнде «мектептегі оқуға дайындық» ұғымы комплексті және баланың барлық өмірінің сферасын қамтиды.

Мектепке дейінгі баланың өмірінде әлеуметтік, психологиялық жағынан және физиологиялық жағынан да қиын кезең. Бұл кезеңде мектеп өмірімен танысады, әлеуметтік ортасы өзгеріп және оқушының жаңа әлеуметтік рөлін меңгере бастайды.

Белгілі орыс психологтары А.Н. Леонтьев, А.В. Запорожец, А.А. Люблинская мектепке даярлау ұғымына баланың оқу тапсырмаларын түсінуін,әрекеттерді орындау тәсілдерін меңгеруін, ерік қасиеттерінің дамуын, өзін-өзі бақылау және өзін-өзі бағалау дағдыларын, мұғалімді тыңдау, материалды еске сақтау біліктілігін жатқызады.

Е.Е. Кравцова мектептегі оқуға психологиялық даярлығы бұл баланың дамуында «қарым-қатынас» негізгі ролді атқарады деген тұжырымға келді. Ал Л.И. Божович мектепке келетін баланың таным қызығушылықтары дамыған, әлеуметтік ортаға ене алу біліктілігі және оқуға деген ынтасы болу қажет деген пікірге келді.

Р.В. Овчарова тұжырымдамасында, мектептегі оқуға дайын бала өзінің әрекеттерін жоспарлап және бақылай алады,қоршаған дүниенің заңдылықтарын,заттардың жасырын қасиетін бағдарлайды,оларды өз әрекеттерінде қолдана алады,басқа адамды тыңдай біледі және логикалық ойлау тәсілдерін орындай алу біліктілігін жатқызады [3].

Алайда, мектепке даярлау мәселесі Қазақстан ғалымдары Б. Баймұратова, Қ. Сейсенбаев, Н. Айғабылов, Б. Дабылова еңбектерінде біршама зерттелгені белгілі. Дегенмен, мектептегі оқуға даярлау мәселесі әліде өзекте мәселелердің бірі болып қала бермек. Мектепке психологиялық даярлықты жүзеге асыру ісін ғалымдар түрліше жіктейді. И. Шванцар, Л.И. Божович зерттеулеріне сүйене отырып, мектепке даярлықты жүзеге асыру ісін үш бағытта жүргізу қажет деп тұжырымдайды.

Ал Е.Е. Кравцова мектепке даярлықтың төрт бағытын қарастырды:

1 бағыт - балаларды мектептегі оқуға қажетті нақты іскерліктер мен дағдыларды қалыптастыру;

2 бағыт – мектеп жасына дейінгі кезеңнің аяғында байқалатын жаңа құрылымдар мен бала психикасындағы өзгерістерді зерттеу;

3 бағыт - оқу әрекеттерінің алғы шарттары;

4 бағыт - баланың берілген ережелер мен ересектер талабына саналы түрде бағыну іскерлігі [1]

Демек, баланы мектепке психологиялық жағынан даярлау тақырыбын зерттеп жүрген психологтер (В.В. Холмовский, Л.А. Венгер, Н.И. Непомнящая т.б.) даярлықтың төменгі бағыттарын бөліп көрсетті:

Баланың мектепте табысқа жетуінде бұл бағыттар аса маңызды болғандықтан, әрбір бағыт жайлы ақпаратпен қамтамасыз етуді жөн көрдім.

2.2. Мектепке дейінгі баланың ақыл-ойының даярлығы.

Бұл мектепке дейінгі баланың білімі және біліктілігі. Кез-келген бала жазып және санаумен ғана шектеліп қана қоймай, ең маңыздысы салыстыра білуді,талдауды, ойлай білуді, өздігінен қорытынды жасай білуі тиіс. Көрнекі -әрекеттік ойлау қабілеттілігі жоғары бала көрнекі үлгімен жұмыс істегенде,заттардың кейпімен, мөлшерін ұйқастырғанда, қойылған міндеттерді шешуде тиімді әрекеттердің барлық түрін орындап шығады.

Сонымен бірге баланың сөйлеу тілінде кемістіктің болмауы және өзіне сөйлеген сөздің мағынасын түсініп,өзінің ойын жеткізе алуы қажет. Бала өз бетімен сөйлем құрастырып, ұқсас дыбыс тіркестерін анық айта алуы маңызды. Әрбір бала әңгімені құрастырумен қатар әрі бала заттарды, суреттерді, әрекетттерді бейнелеп және оның мазмұнын айтып беруі қажет. Яғни, баланың сөздік қорының мөлшері, таным үрдістерінің даму деңгейі, логикалық операцияларды орындай алуы, баланың оқуда білімді табысты меңгеруінің негізі болып табылады.

Ақыл-ой дайындығының көрсеткіштері

Бейнелі компонент,

Вербалді компонент

1. Заттың сипатын, қасиетін қабылдау қабілеттілігі.

2. Бейнелі негіздегі көру есі.

3. Зат не құбылыс туралы ұғымдарды қорытындылау біліктілігі.

4. Ойлау тәсілдерінің (синтез, салыстыру т.б.) дамуы.

5. Белсенділік, тапқырлық.

6. Заттардың әртүрлі қасиеттерін айта білу және айыра білу қабілеттілігі.

7. Сөйлеу негізіндегі есту есі.

8. Бір текті ұғымдарды,заттарды жалпылау қабілеттілігі.

9. Ойлау тәсілдерінің дамуы.

10. Қисынды ойлау

2.3.  Мектепке  дейінгі  баланың жеке басының қалыптасуы мен әлеуметтік даярлығы.

Мектепке келген бала оқимын деген ниетпен мектеп табалдырығын аттайды. Бірақ кейде бала оқуға барғым келеді дегенмен, оның мотиві әртүрлі болады. Біреуі мектепте көп бала бар және онда көңілді десе, біреуі партаға отырғысы келгендіктен мектепке баруы мүмкін. Алайда мұндай ықыласпен мектепке келген балалар, біраз уақыттан кейін мектептің қатал тәртібіне және күнделікті оқу сабақтарына шыдай алмайды. Жалпы, бала оқу үрдісінің өзіне қызығуы қажет. Сонда ғана бұл баланың таным қызығушылықтарының дамуына, жаңа білім алуына мүмкіндік жасайды.

Сонымен бірге бала мұғалімдермен, балалармен қарым-қатынас жасау үшін қажетті қасиеттердің қалыптасуы аса маңызды. Яғни, оқу әрекеті ұжымдық сипат болғандықтан, әрбір бала құрдастарымен қарым-қатынас жасай алуға, бірге жұмыс істеуге дағдылануы керек. Кейбір балалар жаңа ұжымға тез еніп, балалармен тез тіл табысып кетеді. Ал кейбіреулері көпке дейін құрбыларымен тез тіл табыса алмағандықтан, ұжымнан тыс қалып, жалғыз жүреді. Сондықтан баланың ұжымда өзіне тиісті орын алуы, оның қарым-қатынасына әсер етеді. Сөйтіп берілген құраушылар баланың басқалармен қарым-қатынас арқылы мектепте оқытуға, мектеп оқушысының рөлі арқылы балалар тобымен ойлау дайындығын дамытады.

2.4.   Мектепке  дейінгі баланың ерік сапаларының қалыптасуы мен эмоционалдық даярлығы.

Бұл баланың шешім қабылдай алып, мақсат қоя білуі. Сонымен бірге баланың әрекеттерді жоспарлап, олардың орындалуын жүзеге асыруда күш жұмсай білуі, қиындықтарды жеңуі баланың психологиялық үрдістердің қалыптасуына ықпалын тигізеді.

Егер баланың мектептегі оқуға дайындығы осы бағыттармен ұштасып жатса, баланың оқуға тез бейімделіп, жақсы оқып кетуіне мүмкіндік туғызады.

Мектепке дейінгілердің негізгі іс-әрекеті ойын болғандықтан, оларға бірден оқу әрекетіне ауысу біршама қиындықтар туғызады. Мектеп табалдырығын алғаш аттаған бала педагогтармен және балалармен кезіккенде мазаланады, оқу үрдісінің өзіне жағымсыз эмоция сезініп, қорқыныш пайда болады. Осыдан келе нашар оқитын балалар және екінші жылға қалып қоятын балалар пайда болады. Сонымен бірге баланың көңіл-күйінің болмай, себепсізден жиі ауыруы мектеп неврозы сипатында көрінеді, яғни мектепті еске алса болғаны жылап, уайымдайды. Сөйтіп, мектеп бала үшін стрессогендік факторға айналып, денсаулығының нашарлауына әкеліп соғады.

Австрия ғалымы Г. Эберлейн өзінің «Дені сау балалардың қорқынышы» атты еңбегінде «Кейбір балалар алдағы болатын жағдайлардан үрейленеді, олар үнемі «мектепте мұғалім берген тапсырманы орындай алмай қаламын ба?» деген қорқынышпен жүреді», - дейді.

Жалпы, тәжірибеге сүйенетін болсақ, баланың оқығысы келмеуі мына жағдайларға байланысты болады:

1. Мектеп алдындағы қорқыныш. Бұл баланы бағындыру, әрекеттерді орындату мақсатымен қорқынышты үйде қалыптастырады; («Мектепке барасың сонда саған көрсетеді»);

2. Оқу үрдісінде және қарым-қатынаста қиындыққа кезігуі;

3. Мектептің өміріне бейімделе алмауы;

4. Мектептің өмірінің шынайлылық қиындығымен кезіккенде, баланың көңілінде мектепке деген жағымсыз қатынастың пайда болуы;

5. Мұғалімнің өзіне тән психологиясына үйрене алмау.

Яғни, осы кезде әрбір ата-ана өзінің баласына мектеп туралы қажетті мағұлматтарды айтып, баланың мектепке деген жағымды қатынас және сенімділік сезімін қалыптастыра отырып тәрбиелеу керек. Ең бастысы баланы жолдастарымен қарым-қатынас жасай алуға, басқа баланың ойымен санасуға үйрету болып табылады.

Мектеп өмірі баладан эмоциональдық тұрақтылықты талап етеді Оқушылар арасында келіспеушіліктер, реніштер және конфликтік жағдайлар жиі кездеседі. Әсіресе ерке балалар мұғалімнің ескертулерін ауыр қабылдайды, яғни мектепке барудан бас тартады, жылайды және т.б. әрекеттер арқылы көрінеді. Баланың өз бетімен шешім қабылдай алатындай және еріктілікті дамытуға жағдайлар жасап және бір жұмысты аяқтамай келесі жұмысқа кірісуіне рұқсат етпей, кез-келген істі аяғына дейін жеткізуге үйрету керек.

Баланы оқуға дайындауда үлкен және кіші моторикасына ерекше мән берген жөн. Ғалымдардың айтуынша баланың саусақтарының дамуы ақыл-ойы мен сөйлеуінің қалыптасуында маңызды роль атқарады.

М.М. Кольцова өзінің еңбектерінде «Бала мектепке барар алдында көру-моторлы координациясы біршама дамыған болуы тиіс және қолдың саусақтары мидың сөйлеу аймағы болып табылады» деген. Яғни, бала жүгіріп, секіріп допты лақтырып және ұстап алу әрекеттерін еркін орындап, қайшымен, қарындашпен, қыл-қаламмен жұмыс істеу біліктілігі дамыған болуы керек. Балаға сурет салғызу, әртүрлі заттардан құрастыру, пластилинді илеу баланың саусақтарын дамытып қана қоймай, ойлау қабілетін де дамытады. Сурет сала алмайтын және пластилинмен жұмыс істей алмайтын баланың жазуға икемі болмайды. Кез-келген 5-6 жастағы бала 3 минуттан артық жаза алмайды тез шаршап қате көп жіберетін болады және 2-3 минут сайын баланың қолын демалдырып отыруды қатал есте сақтағаныңыз жөн.

Бала жазу дағдыларын меңгеруде әрбір жетістігін мақтап «Сенің қолыңнан келеді,біз көмектесеміз», «Сен істей аласың» деген сенімділік сөздерді жиі айтуыңыз қажет, өйткені қуатты сөздер баланың табысқа жетуіне әсерін тигізеді.

Бала жазу жазуда қарындашты немесе қаламды дұрыс ұстап үйретуді  сонымен бірге баланың сөйлеуін дамытуда сурет бойынша сөйлем құрастыртып, ертегілерді немесе әңгімелерді оқып, кітаптағы суреттерге зейін қойып қарауына аса мән берген жөн. «Мына суретте не бейнеленген? Адамдардың аты кім? Олар не істеп жатыр?» деген сұрақтарды қою арқылы кітапқа қызығушылығын арттыруға болады. Ата-ана баласын санауға үйретуде «Үстелде неше кесе? Суретте неше доп? Киімде неше түйме?», - деген сұрақтар қойып баланы санауға жаттықтыруға болады. Мектепке дейінгі баланың оқу материалын меңгеруде, кеңістікті және уақытты қабылдай алуы маңызды рөл атқарады. Сөйтіп, бала мектепте оқудың жаңа жағдайларына еркін ене алатындай дайындықтан өтеді. Мектепке дайындық баланың үйлесімпаздылығынан туындайтын кезде оңтайлы мүмкіндіктері арқылы жан-жақты тәрбиеленуі мен дамуын талап етуі бала оқу және тәжірибе мәселесін шешу үшін өзіндік білімін пайдалануы, танымдық әрекеттері мен ойлануы жеткілікті даму деңгейін көтерілуі тиіс. Сонымен балаларды мектепке психологиялық даярлау бағыттарын тәжірибеде жүзеге асыратындар - ата-аналар, мұғалімдер және мектеп және мектеп психологі .

Баланың мектептегі оқуға психологиялық дайындығын анықтау диагностикасын практик психолог немесе педагогикалық және даму психология саласындағы маман өз мойына алады.

Өйткені психодиагностикалық және психокоррекциялық жұмыстардың жүргізудің қыр-сырын тек психолог қана біледі. Психологтың міндеті психодиагностиканың әдістемелерін қолдану арқылы және зерттеу нәтижелеріне сүйеніп, 6 жастағы баланың оқуға дайындығын анықтайды.

Яғни, баланың оқуға дайын немесе әлі дайын еместігі жайлы қорытынды жасалынып, оқуға дайын емес балалармен таным үрдістерін дамыту мақсатында индивидуалдық және топтық сабақтар ұйымдастырылады. Сонымен бірге коррекциялық – дамыту жұмыстарын жүзеге асыруда бағдарлама құрылады. Ал педагогтарды оқу жылдың басында болашақ бірінші сыныптағы балалардың мектептегі оқуға психологиялық зерттеуде алынған нәтижелермен таныстырады. Әсіресе мектептегі оқуға дайын емес балалардың жағдайларына ерекше көңіл бөліп, қандай оқушылармен жұмыс істеу керектігін жайлы ақпарат алып және оқу-тәрбие үрдісінде жұмыс істеудің әдіс-тәсілдерін өзбетімен немесе психологтың көмегімен таңдауға болады. Мектепке дайын емес балаларды оқытуда оқушыларды жиі мадақтап,оқуда баланың табысқа жетудің жағдайларын тудыру керек. Сабақ барысында оқушылар бір орында отырудан әбден жалығады. Оларға эмоциялық бәсеңдеу қажет болған соң айғалайды. Сондықтан сабақта қозғалыс ойындарды тиімді қолданып және сергіту сәттерін жиі өткізіп тұрған дұрыс. Егер баланың сабақта көп қозғалуына мүмкіндік жасаса, ағзаның барлық жүйесінің қызметін және физиологиялық күш қуатын жақсартуға мүмкіндік жасайды. Бұл сабақты тез игеруіне көмектесіп, баланың жұмысқа қабілеттілігі жоғарылайды.

Жалпы баланың оқуға психологиялық дайындығын қазан және сәуір айларында анықтап отыруға  болады.Кез-келген ата-ана баласының өсіп-жетілуінде, рухани күшті етіп тәрбиелеу жолында алуан түрлі қуаныш пен қиыншылықтарды бастарынан өткізе отырып, оның рухани және ақыл-ойы мен дене құрлысы жағынан жан-жақты даму дәрежесіне жеткізуге баулиды. Мұғалім баланы оқуға дайындауда ата-анасымен бірлесе отыра жүргізеді. Оларға іс-әрекеттің мазмұны өзгерген кезде баланың мінез-құлқы да, ішкі психикалық өмірі де өзгеретінін және осы кезде баласына аса қажет екендігі түсіндірілуі керек.

Баланың мектептегі оқуға дайындығы біртіндеп қалыптасатын аса күрделі үрдіс және бұл үрдісті жүзеге асырудың бірден бір жолы - ата-ананың, мұғалімнің және психологтың бірігіп жұмыс істеуі. Бала балалық шақтан өзіне белгісіз, таныс емес дүниенің есігін ашқаннан кейін, баланың өмір сүру тіршілігін түбегейлі өзгертеді. Яғни, баланың мектеп өміріне еніп және өзінің әлеуметтік ортада «МЕН» дегенін қалыптастыра алып, жоғарыдан көріне алуы, баланың білімді, табысты және нәтижелі игеріп кетуіне ықпал жасайды.

Түйіндей келе, бұл баланың жеке тұлғасының қалыптасуы және ақыл-ойының, таным үрдістерінің дамуы болып табылады. Демек, баланы мектепке даярлау мәселесі өз өзектілігін жоғалтпайтын әлі де зерттеуді қажет ететін міндетті мәселелердің бірі болып қала бермек. Бұл бағыт баланың жеке тұлғалық және даралық қалыптасу процесін қамтамасыз етеді.

Жалпы баланың оқуға психологиялық дайындығын қазан және сәуір айларында анықтап отыруға  болады.

Кез-келген ата-ана баласының өсіп-жетілуінде, рухани күшті етіп тәрбиелеу жолында алуан түрлі қуаныш пен қиыншылықтарды бастарынан өткізе отырып, оның рухани және ақыл-ойы мен дене құрлысы жағынан жан-жақты даму дәрежесіне жеткізуге баулиды. Мұғалім баланы оқуға дайындауда ата-анасымен бірлесе отыра жүргізеді. Оларға іс-әрекеттің мазмұны өзгерген кезде баланың мінез-құлқы да, ішкі психикалық өмірі де өзгеретінін және осы кезде баласына аса қажет екендігі түсіндірілуі керек.

Баланың мектептегі оқуға дайындығы біртіндеп қалыптасатын аса күрделі үрдіс және бұл үрдісті жүзеге асырудың бірден бір жолы - ата-ананың, мұғалімнің және психологтың бірігіп жұмыс істеуі. Бала балалық шақтан өзіне белгісіз, таныс емес дүниенің есігін ашқаннан кейін, баланың өмір сүру тіршілігін түбегейлі өзгертеді. Яғни, баланың мектеп өміріне еніп және өзінің әлеуметтік ортада «МЕН» дегенін қалыптастыра алып, жоғарыдан көріне алуы, баланың білімді, табысты және нәтижелі игеріп кетуіне ықпал жасайды.

Түйіндей келе, бұл баланың жеке тұлғасының қалыптасуы және ақыл-ойының, таным үрдістерінің дамуы болып табылады. Демек, баланы мектепке даярлау мәселесі өз өзектілігін жоғалтпайтын әлі де зерттеуді қажет ететін міндетті мәселелердің бірі болып қала бермек. Бұл бағыт баланың жеке тұлғалық және даралық қалыптасу процесін қамтамасыз етеді.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:

Кравцова Е.Е. Психологические проблемы готовности детей к обучению в школе. - М.,1991.

2. Мухина В.С.Детская психология.- СПб., 1992.

3. Овчарова Р.В. Практическая психология в начальной школе.- М.:ТЦ Сфера, 2002.

4. Рогов Е.И. Настольная книга практического психолога в образовании.- М., 1995.

5.Чейпи Дж. Готовность к школе: Как родители могут подготовить детей успешному обучению в школе / Пер.с англ. – М.: Педагогика –Пресс, 1992.

   

Ағылшын тілі сабағында ойын элементтерін қолдану жолдары

Тоғызбаева Бақыт Есмырзақызы-  №163 мектептің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі, Қызылорда облысы,   Жаңақорған қонысы

Ағылшын тілі сабағын оқушыларға қызықты етіп өткізу үшін ойын элементтерін қолданамыз.Ағылшын тілі сабағында мына ойындар қолданылады:

  • Фонетикалық ойындар
  • Әріптерге байланысты ойындар
  • Оқу ережесіне байланысты ойындар
  • Сөйлеу қабілетін дамытуға арналған ойындар
  • Грамматикалық ойындар
  • Сан есімге байланысты ойындар

Алғаш әріптерді үйреткеннен бастап әрбір әріптен келетін затты көрсетіп өтсек, онда ол әріп оқушының есінде қалады.  Мысалы:                               Aa – apple

Bb – book

Cc – cake

Dd – doll

Ee – ear

Ff – face

Сонымен қатар әрбір әріпті дұрыс қатесіз түзу жазу да осы бастауыштан басталады. Ол үшін арнайы дәптерге немесе әр әріпті тақтаға жаздырған дұрыс. Дыбыстарды толық меңгерген оқушы сөздерді дұрыс оқи алады. Оны дұрыс оқыту, оның қатесін дұрыстау әр мұғалімнің міндеті.

Оқушылардың фонетиканы және грамматиканы толық түсініп әрі қарай жалғастырып оқып қызығуы үшін, оларға өтілген әрбір жаңа сабақ ойын сабағы болып өткен жөн. Оқушылар ағылшын тілі пәнін ойын сабағы ретінде (Бастауыш сыныптарда) тез қабылдайды, мұның өзі мұғалім мен оқушыларды пәнге қызықтырудың қосымша шараларын іздестіруді қажет етеді. Мұндай қызықтыру шараларының қатарына: еңбек процестерін суреттеу, еңбек, білім, ғылым озаттары, табиғат, туған ауыл, қала туралы әңгімелеу.

Сабаққа қойылатын басты дидактикалық міндеттерге төмендегілер жатады:

–         Нақты фактілерді іріктеп алу;

–         Сабақ уақытын дұрыс та тиімді етіп құрау;

–         Оқу материалдарын өмірмен тығыз байланыстыра білу;

–         Сабаққа оқушылардың өз беттерімен ізденулеріне арналған материалдарды қосу;

–         Оқушылар тобымен атқаратын жұмыстарды жеке тапсырмалармен ұштастыру;

–         Көрнекі және дидактикалық құралдарды қолдану.

–         Материалдарды үнемі жүйелеп отыру.

Мектепте шетел тілін оқытудың негізгі мақсаты оқушыларды шет ел тілінде сөйлеуге үйрету.  Шет ел тілін үйретудің бастапқы кезеңінде әр сабақ өз мәнінде көрнекі құрал қолдану арқылы тартымды өтілсе, білім мазмұнының сапасы артпақ. Бұл кезеңде оқушылардың сабаққа қызығуын жойып алсақ 6-7 сыныптарда олардың тілді әрі қарай меңгеруі қиынға түседі.

5 сыныптарда оқушылар бірыңғай көп жазудан, оқудан жалығады. Сондықтан сабақ арасында ойын элементтері сабаққа қызығуын, белсенділігін арттыруға, ойлау қабілетін дамытуға, жаңа сабақты пысықтау кезеңін сапалы өткізуге, материалды толық меңгеруге көмектеседі. Осы орайда өз сабақтарымда қолданып жүрген ойын түрлері мен элементтеріне тоқталмақпын. 5 сыныпта тілді үйретуде көзделетін негізгі міндет ағылшын тілінің 26 әріпін толық меңгеру. Осы алғашқы алфавитті үйрену кезеңінде мына ойынды қолдану тиімді.

Who  Knows  ABC  best?

Оқытушы алдын-ала дайындаған әліпбидің әріптерін жеке-жеке кесіп араластырып қояды. Екі топтан бір-бір оқушыдан шығып әріптерді қателескенше кезекпен айту керек. Қанша әріп дұрыс айтылса немесе оқылса топ сонша ұпай жинайды.

Дыбыстарды қайталау барысында оқушыларға мына ойынды қолдану тиімді.

Who  Knows the symbols for the sounds best?

Оқытушы ағылшын дыбыстарын айтады, ал оқушылар сәйкес келетін транскрипциялық белгісін көрсету керек. Ойынның ережесін керісінше де өзгертуге болады.

Оқу ережесіне байланысты оқушылардың дұрыс оқуына ықпал ететін мына ойынды қолданамын.

Do you Known the rules of reading?

Оқушыларға берілген сөйлем ішінен бір әріп әр түрлі оқылатындығын айтып, сол сөздерді табу қажет. Мысалы:  а - әрпі: plane, flat, large.

Сөздердің жылдам және дұрыс табылу түрін қолданамыз.

What have you and what has your friend?

Оқушылар қатармен топұа бөлінеді. Әр оқушының алдына түрлі ойыншықтар қойылады. Оқытушы бір оқушыға сұрақ қояды:

“What have you on your desk?”

ал оқушы алдындағы ойыншықтарды көрсетіп атау керек.

Мысалы:   I have a toy – car

I have a pencil – box.

Кейін оқытушы сол топтың оқушысына:

“What has Marat on his desk?” – деген сұрақ қояды.

Оқушы жауап беру керек. Оқытушы осындай сұрақтарды келесі топқа қояды. Оқушылардың қаншалықты грамматиканы түсінгенін білу үшін ойын әрі қарай жалғасады.

Оқушының сөздерді білуі мен дұрыс айтуына да байланысты сөйлеу қабілетін дамытуға арналған ойындар бар. Олар оқушылардың ағылшын тілінде еркін сөйлеуіне көмек береді.

Comment on what you hear.

Оқытушы тақтаға бір оқушыны шақырып, қалаған тақырыбына бірнеше сөйлем құрастыруын сұрайды, ал қалған оқушылар сол сөйлемдерге түсініктеме жасайды. Мысалы:  My name is Abai Alibekov. I am 14. I go to school. Оқытушы әр топтан бір-бір оқушыдан шақырады.

Бірінші оқушы:    His name is Abai  Alibekov.

Екінші оқушы:      He is 14.

Үшінші оқушы:     He goes  to school.

Бұл ойын оқушылардың топпен жұмыс істеуіне және олардың еркін сөйлеуіне көмегі көп. Оқушылардың ағылшын тілі сабағына қызығушылығын арттыру үшін әрбір сабақ өз дәрежесінде өтуін және оның ойын түрінде (Бастауыш сыныптарда) тартымды да қызықты өткізілуін әрбір пән мұғалімі мұқият дайындықпен өткізуі керек.

Пайдаланылған әдебиеттер.

  1. Абсатова М. А. «Қазіргі педагогикалық технологиялар» - Алматы, 2006ж.
  2. Мектептегі шет тілі.
   

Математикалық үйірме жұмыстарында дидактикалық ойындарды қолдану

Тілеубекова Күнсұлу   Асанбекқызы-№54 орта мектеп мұғалімі, Қызылорда облысы,,Жаңақорған  ауданы, Бесарық ауылы

Математикадан   өткізілетін сыныптан  тыс  жұмыстар –жалпы білім беретін  мектептердегі   оқу-тәрбие процесінің маңызды  құрамдас бөлігі.  Оның  мақсаты – математика  пәні  бойынша оқушылардың  шығармашылық қабілеттері  мен  дербестіктерін  жан-жақты  дамыту. Оқушылардың  бос  уақыттарын ұтымды  ұйымдастыруға, мұғалімдердің   шығармашылық  қызыметін   шыңдауға жол  ашады.  Мектептегі  оқу,  үлгерім  сапасы  оқушы-лардың  пәнге  қалай  қызыққанына  тікелей  байланысты.

Сыныптан  тыс  жұмыстың негізгі  топтық  түрі-математикалық   үйірме. Оқыту  теориясында үйірме  жұмысын  сараптаудың  дәл алғы  шарттары берілмеген. Соған  қарамастан, математикадан   үйірме  жұмысын  жүргізудің  кейбір типтері  қалыптасқан.  Үйірме   жұмысы  алдымен кең  тынысты шараларды  жүзеге  асыруға  бағытталуы  тиіс, сонда  ғана ол  оқушылардың  ынта - ықыласын  толық  қанағаттандыра  алады.

Үйірме  жұмысын  негізінен теориялық  және  практикалық  Бағыттарда  жүргізуге  болады.  Мұнда  бір  ескеретін  жай  мұғалім   үйірмеде  қарастырылатын   теориялық және практикалық   мәселелердің  сабақтастығын   нығайтуы  тиіс,  онсыз  оқушылардың  ынтасын дамытып,   одан  әрі арттыру  мүмкін  емес. Теориялық  бағыттағы  үйірме  жұмысы  мұғалімнің немесе   оқушының   белгілі  тақырып  бойынша  әңгімесін,  лекциясын  не  баяндамасын  қамтып, аптасына бір  рет  жүргізіледі. Әрбір  жұмыстың  ұзақтығы 1,5  сағаттан аспағаны дұрыс.

Сонымен  бірге,  практикалық бағыттағы  үйірме  жұмысында негізінен  әр  түрлі  мазмұндағы  есептер  шығарып, сыныпаралық   және аудан  аралық   олимпиадаларға даярланады. Баяндамаларда  немесе  лекцияларда  айтылған  теориялық қағидаларды   пысықтай  түсу үшін әр  алуан қиын  есептерді және практикалық  мазмұндағы   конкрурстық  есептерді  шығарады.    Оқушылардың  қызығуын  артыру  мақсатымен ойын   есептерін,  логикалық   есептерді  және  практикалық мазмұндағы  есептерді  көбірек  шығарған  тиімді. Үйірме  мүшелерінің  саны 10-15 адамнан  аспағаны  жөн.

Талапкерлер  көбейген  жағдайда    оқушылар  жас  ерекшеліктеріне не  дайындық  дәрежесіне  қарай  секцияларға бөлінгені  дұрыс. Үйірме  жұмысына  үлгерімі  төмен  оқушыларды  да  тартудың пайдасы  мол .  Тек  олардың  дайындық  дәрежесіне  қарай тапсырма  беріп,  қолдап  отыру  керек.   Мұғалім үйірмедегі  бүкіл  ұйымдастыру  жұмысын  сайланбалы өзін-өзі  басқару  органдары  арқылы  жүргізеді .  Ұйымдастыру  жиналысында  үйірменің старостасы, оның  орынбасары, қабырға  газетінің  редакция алқасы,  секциялар  жұмысына  жауапты  мүшелер  сайланады.Жыл  басында,   үйірме   мүшелерінің  жалпы  жиналысында жұмыстың    жылдық  жоспары   талқыланып,  бекітіледі. Сонымен  бірге   «Жас  математик», «Математикалық қоғам» үйірменің   басқару  органдары  құрылады.

Оқушылардың қабылдау, түсіну әрекеттерін дамытуда, қалыптастыруда математика үйірмесінде өтілген сабақтардың маңызы зор. Осы мақсатта өзімнің үйірмеде өткізілген сабақтарымда дидактикалық ойындарды қолданамын. Дидактикалық ойындардың басты ерекшелілігі оқушы өз бетімен ізденіп, шығармашылықпен жұмыс жасайды, оның сабаққа деген ыниасы, қызығушылығы артады. Осы негізде өткізілген үйірмеде өткізілген сабақтарымда назарларыңызға ұсынып, тәжірибемді ортаға салғым келеді.

Сабақтың тақырыбы: «Жұлдызды сағат ойыны»

Сабақтың мақсаты:

білімділік: Біліктерін логикалық оймен іске асыра білу

тәрбиелік:  алған білімдеріне жауапкершілікпен қарауға,өз мүмкіндігіне

енуге үлкен жетістігіне ұмтылуға үйрету.

дамытушылық: Оқушының белсенділігін  көтеруге,ойлау қабілетін

арттыруға қарама-қайшылықты байқауға үйрету.

Сабақтың түрі: Ойын сабақ

Сабақтың көрнекілігі: жұлдызшалар, плакаттар,таратпалар.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

әділ қазылар алқасын сайлау

Оқушылар! Қазір сіздерге жұмбақтар айтылады. Айтылған жұмбақтарды дұрыс шешкен оқушы жұлдызды сағат төрінен орын алады. Зейін қойып, мұқият тыңдаңдар.

1. Қос құлақты 100 тісті. Түзінен бір-ақ із түсті   (ара)

2.Бес жігіт сапар шегіп шыққан жолға. Мінгені бесеуінің жалғыз жорға  (қолғап)

3. Жоқ өзінде бас та, қасы да, мойын да. Ұзындығы жазулы тұр бойында. (сызығыш)

4.100 мүйізі бар. Үстінде киізі бар (киіз үй)

І-кезең

Әрбір дұрыс жауап берген оқөушыға жұлдызша 5 беріледі

1.Рационал сандар жиынын нелер құрайды.?

(бүтін сандар, оң және теріс бөлшектер)

2. Кандай өрнекті әріпті өрнек деп атайды

(Құрамында әріпі бар өрнекті әріпті өрнек деп атайды)

3.Жай сан деп    қандай санды айтамыз ?

(1-ге және өзіне ғана бөлінетін сандар жай сан деп аталады)

4. Айырмашылығы тек таңбаларында ғана болатын сандар

(қарама-қарсы сандар)

Әр кезеңнен соң аз жұлдызша жинаған оқушы ІІ кезең ойынынан шығып қалады.

ІІ кезең

1.  Координаталық түзуді кім енгізді?

1. И.Ньютон

2. Р.Декарт

3. Э.Галуа

2.  Математиткалық теңдеулер туралы ғылыми еңбек  жазған қазақ ғалымы?

1.О.Жәутіков

2.Қ.Жақов

3.С.Сыдықов

3.  Жиын теориясының негізін қалаушы?

1. Р.Декорт

2. Г.Кантор

3. Әл-Хорезим

4.  5 және 6 сынып «математика» оқулықтарының авторы

1. Р.Ыбан

2. Ю.Н.Макарычев

3. Т.А.Алдамұратова

ІІІ-кезең

1.Қосылғыштарды табыңдар.

4* * 4 *

+   * 3* * 3

1112 9 8

Шешуі. бірінші қосылғыш: 47 745

екінші қосылғыш: 63 553

2.          5 * 3 4 *

+  * 7 4 * 6

12 3 8 0 3

Шешуі:  бірінші қосылғыш:   56347

екінші қосылғыш:    67456

3.     * * * 3 *

+  4 8 7 * 4

7 0 0 4 6

Шешуі:  бірінші қосылғыш:  21 33 2

екінші қосылғыш:   48 714

  • * 7 * * 5

+  8 * 9 2 *

11 8 0 0 9

Шешуі:   бірінші қосылғыш:  37 085

Екінші қосылғыш:   80924

ІV-кезең

  1. Қате теңсіздікті тап;

а) 0>-10   ә)-3,4>-6,4     б)5,8 <-11      в) 7,5 >-1    г) -6,4  <1

2. Өрнектің мәнін есепте;

Х=6,2 болса 1Х1-3

а) 4,9                 ә)3,2                б)8,2               в)3,2         г)5,5

3.  Артық не кем сөзімен толықтыр:

-10 саны 4 санынан ...

4.  Х-тің мәні қандай бүтін санға тең?

-3,5 < Х < -2,9

V кезең

1. тапсырма:   Математика деген сөздің әр әріпінен матемктикалық термин

құрау керек.

2. тапсырма:  тақтаға плакат ілінеді. Шеңбердің элементін анықта?

Осы тапсырмаларды дұрыс орындаған екі оқушы финалға шығады.

VІ кезең

1 минут уақыт ішінде кім «Арифметика»сөзінен көп сөз құраса сол жеңеді.

   

Мектептегі педагогикалық қарым қатынас технологиясы

Тәтібаева Ақсәуле-№247 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі, Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Бесарық бекеті

21-ғасыр – ғылым ғасыры. Сондықтан жас ұрпаққа, жас буынға жаңаша білім беру жолында түбегейлі өзгерістер жүріп жатыр. Елбасымыздың “Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері” еңбегінде 2020 жылға қарай қалалық, сол секілді ауылдық жерлердегі барлық балалар мектеп жасына дейінгі тәрбие беру және оқытумен қамтылады деп көрсетті. 
Егемендікке қол жеткен Қазақстан Республикасындағы оқу орындарының жаңарып қайта құрылуына байланысты оқыту,білім беру тұрғысындағы басты мақсат та, міндет те алдыңғы саптағы дамыған елдердің деңгейіне сәйкес белгіленген мемлекеттік стандарт дәрежесінде ғылым негіздері меңгеріліп уақыт талабына үйлесімді тәрбиеленген адамдарды қалыптастыру болып табылады. Жас ұрпақтың шәкіртке берілген ғылыми білімнің мазмұнына тәуелді деп білсек,оның жүзеге асуы оқыту арқылы орындалады.

1. Педагогикалық қарым-қатынас құрлымы.

Қарым-қатынас мәселесенің шешілуі мектеп пен мектептен тыс орындардағы,жанұядағы тәрбиенің бір-бірімен үйлесімді, сәйкес келуін талап етеді. Қарым-қатынас педагогикалық жұмыстың, қажетті кәсіби құралы. Ал,педагогикалық қатынасу- бұл жағымды психологиялық климатты жасауға бағытталған.

Дұрыс құрылған педагогикалық қарым- қатынас материалдық және рухани байлық секілді ақпарат алмасуды қажет етеді,оқу-тәрбиелеу үдерістері әдісінің дұрыс жетілу талабын туындатады,әлеуметтік рөлдерді ауыстыруға,тұлғаның көпқырлылығы рөліне кіруіне көмектеседі,адамның басқа адамды қабылдай алу үдерісіне әсерін тигізеді.

Балалармен оңай және жұмсақ қарым-қатынасқа түсе алу,түсініктілік, шыдамдылық,қызығушылық әр түрлігі,уақытпен бірге жылжи алу,сезгіштік,жанаршылық,бір сөзбен айтқанда,өсіп келе жатқан адам өзінің мұғаліміне қарсы жүрегін аша алуы жатады.

Жеткіншектердің бойына адамгершілік асыл қасиеттерді дарыта отырумен бірге, баланың достық қарым-қатынасы демократиялы түрде болуы шарт.Қарым-қатынас әдеби принциптерінің сипатын беруге тырыстық.

Олар төмендегідей:

1.Үнемі жылы шырай таныту;

2.Үнемі мадақтап отыру;

3.Ынтымақтастық;

4.Оқыту мен тәрбиелеу үрдісінің бірлігі.

қарым- қатынасты меңгеру.

Мұнда педагог шартты түрде педагогикалық байланысы бар толып жатқан коммуникативтік міндеттерді шешеді, мәселен қарым- қатынас арқылы зейінділікті меңгереді.

Қарым- қатынастың үш жағы бар- интерактивті, коммуникативті, перцептивті.
Г.М.Андреева бойынша қарым- қатынас құрылымы:
1. Коммуникативті (адам арқылы қарым- қатынас)
2. Интерактивті (білім, оймен ғана ауысу емес қимыл)
3. Перцептивті (өзара тіл табысу үшін, қарым- қатынасқа қатысып отырған партнерлердің бірін- бірі қабылдауы)

Қарым- қатынасты оқытудың оқу функциясын жүзеге

асыру былайша қамтамасыз етіледі:
- мұғалімнің оқушылармен нағыз психологиялық байланысы;
- мұғалімнің оқушылармен оқыту процесін оқу әрекетіне айналдыру;
- оқытудың қолайлы жағдайларын қалыптастыру;
- ұжымдық танымдық ізденіс пен бірлесіп ойластырудың психологиялық жағдайының пайда болуы;
- оқу процесінде жеке адамның өз бетінше жүзеге асыруы және өзінің творчествалық ойын айқындауы тиіс.
Қарым- қатынасты оқытудың тәрбиелік функциясын

оқу былайша қамтамасыз етіледі:
- оқу процесінде педагог пен балалардың психологиялық байланысы негізінде тәрбие қарым- қатынасы жүйесін орнату;
- оқу әрекетін ойдағыдай қамтамасыз ететін педагогикалық қарым- қатынас жүйесін қалыптастыру;
- жеке адамның тұтастай танымдық бағыттаушылығын қалыптастыру;
- оқу әрекеті процесінде (танымдық, жас ерекшелік, эмоциялық, дидактикалық, т.б.) психологиялық кедергілерді жеңу;
- оқушыларға тұтастай комплексті тәрбие ықпалын жүзеге асырудың мүмкіндігі;
- оқушылар ұжымындағы өзара қарым- қатынасты ойдағыдай қалыптастыру.

Педагогикалық қарым-қатынас - тұтас педагогикалық барыста хабарды жеткізушінің оқушылармен кәсіби қарым-қатынасы.Екі бағытта дамиды: балалар ұжымында оқушылармен қатынасты ұйымдастыру және қарым-қатынасты басқару. Тәрбиелеу және оқыту әдістері мен тәсілдерінің құрылымына енеді, оларды жүзеге асыру құралы. Хабарламалық, өзін-өзі көрсету, белсенді қызметтер атқарады.

Қарым-қатынас- екі немесе бірнеше адамдардың танымдық хабарлама, тәжірибе, білім, іскерліктер мен дағдылар алмасуын құратын өзара әсер. Қарым-қатынас тұлғаны және топтарды дамыту мен қалыптастырудың қажетті шарты

Педагогикалық шеберлік - педагогикалық іс-әрекетті меңгерудің жоғарғы деңгейі: педагогқа оқушылармен оқу –танымдық іс-әрекет барысын тимді басқару мақсатқа бағытты педагогикалық әсер мен өзара әсерді жүзеге асыруда қамтамасыз ететін арнайы комплекстік білім, білік және дағдыларды, кәсіби маңызды  тұлғалық сапалардың арнайы білімдердің комплексі керек.

Бастауыш мектеп мұғалімнің жұмысын сараптауда ең алдымен назарға алынатын бірігімді сапалар (интегральные) жиынтығы – мұғалім шеберлігі. Мұғалім шеберлігі жалпы мағынада- бұл өте жоғары деңгейдегі әрі ұдайы жетіліп баратын тәрбиелеу және оқыту өнері. Шеберлікке көтерілудің басты шарттары: теорияны білу, оқу-тәрбие үдерісінің тиімді технологиясын пайдалана білу мен оны нақты жағдайларға орай сәйкестендіре таңдау, көзделген деңгей мен сапаға байланыстыра нақтамалау, болжастыру, жобалау.

Педагогикалық шеберлікте ең алдымен көрінетін аса қажетті сапа – ұйымдастырушылық, яғни оқу үдерісінің қандай жағдайында болмасын, тіпті қолайсыз болған күнде де, тәрбие, даму және білімнің алдын ала жоспарланған деңгейіне қол жеткізу. Нағыз мұғалім қалаған сұраққа қалыптан тыс жауап тауып, оқушы көңілінен шығады, оның ойына қозғау салып, толғанысқа келтіре алады. Қазіргі заман оқу әдістерін жете меңгеру де осы шеберліктің бір қыры.

Шеберліктің және бір маңызды көрсеткіші – оқушыларды белсенділікке ынталандыра білу, олардың қабілеттерін, дербестігі мен зерделілігін көтере түсу, балаларды сабақ барысында ой толғастыруға ойыстыру.

Педагогикалық шеберліктің маңызды элементі – жоғары деңгейдегі педагогикалық техника. Педагогикалық техниканы меңгеру үшін педагогика мен психология бойынша арнайы білімдерді, ерекше тәжірибелік дайындықты қажет етеді. Ең алдымен педагогтың игеретіні – балалармен қарым-қатынас, тілдесу ортақтастығы (общение): оқушылармен орынды сөйлесу мәнері мен ортақтасу мәнерін таңдай білу. Балалармен қатынастың қарапайым да табиғи болғаны жөн.

Педагогикалық техниканың құрамды бөлігі – тәрбиешінің өз зейіні мен балалар зейінін басқара білуі. Шоғырлы топтарда көп санды да санқилы оқу істерін орындауда ешбір нәрсе оның назарынан тыс қалмауы тиіс. Аса маңызды жәйт – оқушыны әрекет-қылығының сырттай белгілері бойнша оның жан дүниелік қалпын анықтап білу. Бұл педагогикалық әрекеттерді таңдауда ескерілетін мұғалімнің басты кәсіби сапаларының бірі: педагогикалық әдеп негізі және тәлім-тәрбие қызметінің тұғыры.

Кез-келген сабағын қызықты өткізу үшін ізденіс, жаңаға ұмтылу жұмысын жүргізу әрбір ұстаз үшін бұлжымас қағида. “Оқытып жүріп, өзіміз де үйренеміз” қағидасын ұстанған ұстаз үшін өзінің әрбір сабағы бірінші өзіне жаңалық болуы тиіс.
Ұстаздың өзі – ізденуші. Сонда ғана өзі қызыққан ұстаз сабағын басқаларға да қызықты жеткізе алады деп ойлаймын. Әрбір сабақта озық технологияларды пайдаланып өткізу әрине жақсы нәтижелер береді. Ұстаз әр кез ізденуші бола білсе, өзі үшін білім жинақтайды, оқушы үшін сабақты қызықты ете алады.

Оқытудағы ынтымақтастық педагогикасы-оқушылармен мұғалімдердің мағыналы ұғынылған, тұлғалық мәнді мақсаттарға жетуге бағытталған, демократиялық принциптерге құрылған өзара байланысты бірлескен іс-әрекет. Көп жылдар бойы жалпы білім беретін орта мектептің оқу және тәрбие жұмысын зерттеу арқылы жетілдіру, жаңғырту мақсатында бірнеше мұғалімдер мен ғалымдар эскперимент жүргізіп, тұтас педагогткалық процесті жоғары ғылыми-әдістемелік деңгейде ұйымдастыруды қажет деп тапты. Өйткені,олар ескі дәстүр бойынша оқытудың әдеттегі әдістерін, принциптерін қолданып, жастарға білім және тәрбие беру ісі,қазіргі заманның талаптарын қанағаттандырмайды деп қорытынды жасады.

Ынтымақтастық-бір мақсатқа жетуге бағытталған, бірлескен іс-әрекет. Оған керекті жағдайлар:

-мақсаттың бір екенін анық сезіну,

-ынтымақтасушы жақтардың қызметін дәл белгілеу,

-мақсатқа жету үшін мұғалім мен оқушылардың т.б педагогикалық процеске  қатысушылардың бір-біріне көмек беруі.

Мұғалімдерге жақсы жұмыс істеу жолдарын көрсетті. Олар:

-балалар мен мұғалімдер, ата-аналар арасындағы ынтымақ,

-ұжым мүшелерінің шығармашылық жұмысы,

-          оқушыға атқарушылық және шығармашылық қабілетін дамытатын

жұмыстар беру.,

-баланы өзін-өзі және ұжымды талдауға үйрету,

-тұлғаның дамуы,

-тірек идеясы,

-жаңарту идеясы,

-Озу идеясы,

-жаңа мектеп,

- тұлғаны дамыту идеясы.

Сын тұрғысынан тыңдау дағдыларын дамыту, педагогтың жаңа ролі.

  • Бала қоршаған ортамен еркін әрекеттестік үрдісінде жақсы нәрсеге және көп нәрсеге үйренеді.
  • Баланың жеке тәжоибесін өзі жинақтауы – оның дамуы үшін құндырақ.
  • Қажеттілігін құрметтеу керектігін шешу құқығын береді. Өзіндік және зерделі таңдауын жасауға көмектеседі.
  • Тәрбиеші балалардың іс әрекеттерін бақылай отырып олардың әрі қарай дамуына қажетті мөлшерде көмек және қолдау көрсетеді.
  • Тәрбиеші еркін және дербес баланың ойынына, төтенше маңызды және пайдалы әрекет ретінде баланы әлеммен және өзі-өзімен тәжрибелеу нысангы ретінде қатынас жасай бастайды.
  • Әр бала өзінің күшіне сенімділік сезімін тұрақтылығы арқылы жетеді. Тәрбиешіге осы балалардың жетістіктерін көре білуі және келешектегі жұмысын жоспарлауда оларға сүйенуі маңызды.
  • Барлық балалармен бір ғана үлгіні (білім, біліктік және дағды) меңгеруге бейімделуден шегіну педагогты әрі баланың алға басқанын, жеке шамасы бойынша бағалауға, оның жетістіктерін ең алдымен нақты, өсу динамикасын көрсететіндей етіп ынталандырады.

Сабақ құрылымы мына сатылардан тұрады.

Қызығушылықты ояту сатысы

Бұл сатыны, оқушыларды қалай қызықтыру керек деген жауап деп қарауға болады.

Мағынаны тани білу сатысы

Оқушының білімін қалыптастыру деңгейінде, оны зерттеу, талдау, жауап табу үшін жеткілікті материал болуы керек.

Ой толғаныс сатысы.

Жаңа алынған білімді айқындайтын және ұштайтын деңгейде оқушыда шешім қабылдай алатын мүмкіндік болуы керек.

Педагогтың оқытудағы ролі ондағы қойылған мәселені зерттеуге, талдауға, және салыстыруға, ой толғауға және бағалауға көшуіне күш салуы үшін көмектесу, яғни бағыт бағдар беруі. Педагогтың жаңа ролі болады

-Қазіргі таңда мемлекетіміз Елбасы Жолдауында айтылған жаңа экономикалық өрлеуге, жаңа мүмкіндіктерді жүзеге асыруға кірісті. Бұл білім беру саласына қойылатын талаптарды түбегейлі өзгертті. Осы орайда білім беруді жаңартудың табысты болуы білім беру саласындағы қызметкерлердің кәсіби деңгейіне, біліктілігіне, білім беру үрдісіндегі проблемаларды шешуге қосқан үлесіне байланысты.Бұл міндеттерді жүзеге асыруда ауданымыздың білім беру саласының қызметкерлері шәкірттерге сапалы білім беру жолында қажырлы еңбек етіп келеді.Елбасы Жолдауы- білімнің жаңа көкжиегіне жетелері анық.

Мемлекеттік білім бағдарламасы талаптарына сай мектептердің материалдық базасын жақсарту мен жаңартудың жоспары жасалынып, біртіндеп кезең-кезеңімен іске асырылуда.

-Мектеп-жеке тұлғаның қалыптасатын жері. Біздер-ұстаздар балаға қандай тәрбие берсек, біздің отанымыз-Қазақстанның болашағы да соған байланысты. Ендеше, құрметті әріптестер, жастарды тәрбиелеудегі ерен еңбектеріміз жанып, үнемі күніміз нұрлы, жүзіміз жарық болсын.

Пайдаланған  әдебиеттер:

1. Бабанский  Ю. К.  Педагогикалық  зерттеулердің  тиімділігін  арттыру             проблемалары.- М., 1982.-151 б.

2.Ж.Б. Қоянбаев. Р.М. Қоянбаев. Педагогика. Алматы -2002ж

3.Жалпы редагогиканың негіздері Алматы 2009-2011 ж

4. Бастауыш мектеп. 9-2009 ж

5. мектеп.педагогикалық журнал. Сәуір-2010 ж.

6. Ұстаз мәртебесі.10 желтоқсан 2011 ж.

7. Р.М.Қоянбаев.Қ. Т. Ыбрайымжанов педагогикалық сөздік.

Түркістан 2006 ж.

8.Оқушылардың сын тұрғысынан ойлауын дамыту нысандары мен әдістері.

Авторы С. Мирсеитова.

 

Оқушылардың ақпараттық білім беру ортасының құзырлығын дамыту мүмкіндіктері

Шокибаева Рима- №55 С.Қожанов атындағы орта мектептің мұғалімі, Қызылорда облысы,Жаңақорған ауданы, Бірлік ауылы

Орта білім беру жүйесіндегі информатиканың рөлі ақпараттық білімнің, ақпараттық орта мен адамның өзара қарым – қатынасын үйлесімді етудегі және жаңа ақпараттық қоғамда кәсікерлік қызметтіңбасты құрамды бөлігі болып табылатын ақараттық технологияны қалыптастырудағы, сондай-ақ оның әлемнің жүйелік –ақпараттық бейнесін қалыптастырудағы алатын орнымен қамтамасыз етіледі.

Ғылыми – техникалық прогресс заманында білім беруді демократияландыру мен ізгілендірудің басты факторларының бірі-оны ақпараттандыру.                                                                                                                                                        Ғылыми-техникалық прогрестің  қарыштап дамуы мен қоғамның ақпараттануы оқу-тәрбие процесінде оқушының өзіндік таным  қызметін атқара білу әдіс-тәсілдерін меңгеруін,өзгермелі ситуация жағдайында шапшаңи бағдарлай білу, компьютер тәрізді таным құралдарын  пайдалана білуін талап етеді.Басты мақсат-өзіндік таным қызметін жасай алатын тұлғаны тәрбиелеу.

Біріккен  Ұлттар Ұйымының шешімімен «ХХІ  ғасыр –ақпараттандыру ғасыры» деп аталады.  Қазақстан Республикасында ғылыми техникалық прогрестің негізгі белгісі-қоғамды ақпараттандыру болатын жаңа кезең енді. Қоғамды ақпараттандыру экономиканың, ғылымның, мәдениеттің дамуынын негізгі шарттарының бірі. Осы мәселені шешудегі басты роль мектепке жүктеледі. Қазіргі таңда әлеуметтік жағынан қорғанған адам ол технология ауысуына әне нарық талабына сай терең білімді,әрі жан-жақты адам.                                                                 Қазіргі білім жүйесінің ерекшелігі- тек біліммен қаруланып қана қоймай, өздігінен білім алуды дамыта отырып, үздіксіз өз бетінше өрлеуіне қажеттілік тудыру.Елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып,оның мазмұнының түбегейлі өзгеруі, оның дүниежүзілік білім кеңістігіне енуі бүкіл оқу әдістемелік жүйеге, мұғалімдер алдына жаңа талаптар мен міндеттер қойып отыр.Бұдан шығатыны, ХХІ ғасырдың алғашқы жылдарының бірі- «Білім-бүкіл өміріңе» қағидасынан «Білім-бүкіл өмір бойына» қағидасына өте алатын білім жүйесінің ұйымдық құрылымдарын іздеу болып табылады. Қазіргі білім беру ісінің шарттарының бірі болып оқушының өзіне керекті мәліметті өзі іздеп табуына үйретіп, олардың өз оқу бағыттарын өзінің таңдай білуі деп есептеледі.Біздің ойымызша , ақпараттық білім беру ортасын жобалаудағы басты мақсат оқушының өздігінен оқуға талаптандыру, яғни ізденімаздыққа үйрету болып саналады.Ақпараттық пәндік орта ақпараттар ішінен керектісін іздеуге және сонымен өз саласында жұмыс істеуге бағытталған ақпараттық білім беру ортасының бір түрі.Оқу әдістерін жетілдіру тікелей білім беру жүйесінде тұтастай  ақпарат технологиясын дамытуға үлесін қосты. Жалпы педагогика,әдістемелер және комьютердің түйісуінде жаңа бағыт оқытудың ақпараттық технологиялары дүниеге келді.Оқу арқылы ақпараттың 10%, тыңдау көрнекі құралдар арқылы 20% ұштастырылса,40-50% оқыту процесінде оқушы белсенділігін арттыратын мүмкіндіктер жасалса, білімнің 70% есте сақталады екен.Нағыз өмір шындығымен ұштастырылған ақпараттың бала ойында қалу дәрежесі 90 % . Олай болса мәліметті есте сақтау қолданылатын әдіс-тәсілге байланысты.Сол әдіс-тәсілдің бірі әр сабақта компьютерді пайдалану.Компьютер арқылы түрлі суреттер,графикалық сызу,дыбыс,музыка тыңдау,мұғалімнің тақтаға жазы түсіндіргенінен әлдеқайда тиімді ,әрі әсерлі. Оқу үрдісінде компьютерді қолдануға негізделген жеке әдістемелер оқу мақсаттары мен жағдайларынга байланысты қолданылуы қажет.Кейбір жағдайда оқушылардың сұранысын терең ұғыну  қажет болса, кей жағдайда пәндік саладағы білімді талдау маңызды роль атқарады.

Ақпараттық технологияларды пайдаланудың артықшылықтары мынадай:

1. Олар оқытудағы тақырып шеңберіндегі немесе белгілі бір уақыт аралығында айтылуға тиіс мәліметтер көлемін ұлғайтады.

2.Білімге бір-бірінен үлкен арақашықтықта орналасқан әр түрлі оқу орнында отырып қол           жеткізуге болады.

3. Оқытудың жүйесі көп деңгейлі жетілдіруі олардың  таралымдалуы мен оқу сапасын арттырады.

Компьютердің көмегімен оқушы өз бетіншенемесе өзге оқушылармен топтасып бірге жұмыс істеуге  мүмкіндік алады.

Компьютерлер көрнекі, бейнелі ойлауды,қозғалыстың ауызша қарым-қатынас машықтары мен әрекеттерді және әлеуметтенуді дамыту үшін мүмкіндіктер туғызатыны туралы дәлелдеп көрсетеді.

Компьютер оқытуда қолданудың екі негізгі бағытын көрсете кетелік:

1. Оқу курсындағы жаттығуларды арнайы жасалған ортада орындау.

2.Оқушылар ақпараттық технологиялар негізінде информатика пәнін ғана емес,басқа пәндерді  өздігінен меңгереді.

Компьютерді оқыту процесінде пайдалану физикалық,химиялық және математикалық оқытудың мазмұны мен тәсіліне жан-жақты ықпал етті.Ақпараттық технологияларды пайдалану,сондай-ақ компьютер оқыту бағдарламаларын құру және қолдануды білдіреді.Ол бағдарламаларда дәстүрлі оқытудан ерекше педагогикалықүйретушілік логикасы жүзеге асырылады.Мектептегі сабақтар жаңаша ұйымдастырылады және мұғалімнің қызметі мен рөлі өзгереді [5].

Білім беру процесі-ақпараттық қоғам жайындағы жас өспірімдерді жан-жақты даярлайтын процестер болуы қажет.Сондықтан білім беру жүйесінде компьютерлерді пайдаланудың маңызы зор.Өйткені компьютер адам қызметінің барлық саласында еңбек өнімділігін арттыру құралына айналды.Болашақ мамандардың ақпараттық мәдениеті негіздерін қалыптастыру оқушылардың компьютерде жұмыс жасауды игерумен тығыз байланысты.

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Информатика негіздері. Журнал  (2006 ж)
  2. Инновациялық педагогикалық технологиялар.Қ.Сарбасова.(2006 ж)
  3. Әлемдік педагогикалық ой-сана.(2010 ж)
  4. Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар. (2004 ж) №4
  5. Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар.(2007 ж)№12\
  6. Информатика негіздері.Ғыл.әд. журнал (2005 ж)
 

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқыту әдістерін инновациялық әдістерімен негіздеу

Шәріпбек Айткүл- Ш.Ниязов атындағы жалпы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан ауданы

Болашақтың бүгінгіден де нұрлы болуына ықпал етіп адамзат қоғамын алға апаратын күш тек білімде екеніне көзіміз жетіп келеді. Сондықтанда бүгінгі таңда жас ұрпақты білімді жан-жақты қабілетті іскерлікке баулу еліміздің басты міндеті.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке тұлға қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау: оқытудың жаңа технологияларын еңгізу білім беруді ақпараттандыру халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» делінген. Бұл міндеттерді шешу үшін мектеп ұжымдарының әр мұғалімнің күнделікті ізденісі арқылы барлық жаңалықтар мен қайта құру, өзгерістерге батыл жол ашарлық жаңа тәжірібеге, жаңа қарым-қатынасқа өту қажеттігі туындайды. Сондықтан әр мұғалім өз іс әрекетіне қажетті өзгерістерді әр түрлі тәжірібелер жөніндегі мағлұматтарды, жаңа әдіс-тәсілдерді дер кезінде қабылдап, дұрыс пайдалана білу керек. Еліміздің экономиаклық, саяси-мәдени дамуына үлес қосатын, әлеуметтік өркениетке көтеріле алатын парасатты денсаулығы мықты азаматты тәрбиелеу – ұстаздар қауымының бүгінгі таңдағы негізгі міндеті.

Бүгінгі таңда жалпы білім беретін мектепке қоятын талаптардың өзгеріп отырғандығы - өмір талабы.

Қазіргі кезде мектептерде жаңа технологияны пайдаланудың тиімді жолдары айтылып, қолданылып жүр. Бұл технологиялар теориялық тұрғыда дәлелденіп, тәжірибе жақсы нәтиже көрсетуде. Мен өз тәжірибемде технологияны сабақта тиімді пайдалану үшін оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеремін. Оқушының өз бетінше жұмыс істей алатын мүмкіндігін дамыту. Оқу материалдарын өңдеудің жекелеген тәсілдері арқылы жұмыс істеуге үйрету. Бұл технология біріншіден, дамыта оқытудың идеясының жүзеге асыруға мүмкіндік береді, сондай-ақ оқушылардың ойлауын, елестету мен есте сақтауын, ынтасын, белсенділігін және білім сапасының дамуына көмектеседі. Бұл модульде ІІІ деңгейлік тапсырмалар: тест сұрағы, сынақ тапсырмасы, шығармашылық жұмыс бойынша жұмыстар жүргізіледі. Үшінші деңгей – мемлекеттік стандарт деңгейі, екінші деңгейі – бұған қарағанда күрделірек, ал бірінші деңгей – шығармашылықпен ойын дәлелдей алатын өз пікірін жеткізе білетін қабілетті, дарынды оқушы болады. Олай болса, дарынды оқушыны айқындап жан-жақты жетілдіру жолы – шығармашылыққа бейімдеу. Мұғалімнің оқушыларды шығармашылыққа үйретуі оқушының өз дербестігін арттырып, пәнге, тіл әлеміне, сөз өнеріне, әдебиеттану ғылымына қызығушылығын арттырады. Оқушының өзін-өзі тануы мен дүниеге көз қарасын, өзіндік пікір қалыптастыруда шығармашылық жұмыстық мәні зор.

Егемен елдің ертеңі – білімді ұрпақ болса, кемел мемлекетті өркендетері хақ. Ал озық ойлы шәкіртті жетектеуші – ұстаз болса, білімді шәкірт шоғын үрлеп, кемел отты, ойлы азаматты тәрбиелейік.

Халықымыздың рухани көсемі А.Байтұрсынұлының «Мұғалім әдісті көп білуге тырысу керек, оларды өзіне сүйеніш, қол қабыс нәрсе есебінде қолдану керек» деген сөзін әрдайым жадымда ұстаймын.

Қазақ тілі сабағында ойынды қолдану оқушыларды жан-жақты дамып, жетілуіне, дүниеге көзқарасының сана-сезімінің, эмоциясының, рухани және эстетикалық көзқарасының қалыптасуына, өз бетінше білімін көтеруге ұмтылуын дағдаға айналдыруға әсер етеді. Қазақ тілін оқып, үйрену барысында оқушылар өз сөзін жоспарлай білуге икемделеді, сөз әріптерін дұрыс пайдалануға дағдыланады.

Оқыту әдісі проблемаларының бір саласы – оқушылардың басты іс-әрекетінің түрі болып табылады. Мектеп жасына дейінгі балалардың басты іс-әрекетінің бірі – ойын. Мектепте оның орнына басты іс-әрекет түрі болып оқу әрекеті кіреді.

Ойындар жаңа тақырыптарды өткенде сөздері драматикалық жүйелерді, тұрақты сөз тіркестерді пысықтауға арналған жаттығулардың түрі ретінде пайдаланады. Ойын арқылы мұғалім оқушыны сабаққа қызықтырып, ынтасын арттырады және білім сапасын жақсартады.

Бүгінгі күні мектептегі оқу пәндерінің мазмұны мен мақсаты : тәрбиелеу мен оқытудың жұмыс түрлерін ұштастыра отырып, одан әрі жетілдіруді, өмірмен байланыстыруды міндеттеп отыр.

Педагогика теориясы мен практикасында оқыту үрдісінің жаңа технологияларының бірі – пәндерді модульді – бөлікті жүйе бойынша оқыту жүзеге асырылып келеді. Модульді – бөлікті оқыту жүйесі үш бөліктен тұрады: кіріспе, диалог және қорытынды. Әр бөліктегі сағат саны білімге қойылатын дидактикалық талаптар мен мақсаттарға байланысты іріктелсе, ал жекеленген модульге бөлінетін сағат саны тарауды немесе көлемді  тақырыпты оқуға бөлінген бағдарлама талаптарына сәйкес жоспарланады. Модельдеп оқыту үрдісіне оқушы басты субъект, ал мұғалім жетекші ұйымдастырушы, бағыттаушы, көмектесуші ролінде болуы керек. Бұл талаптарды орындау үшін оқыту үрдісінде ұжымдық, шығармашылық іс-әрекет кезіндегі сабақтар формасын енгізген тиімді. Мұндай сабақтарды оқушылар өзара қарым-қатынаста ой бөліседі, бір-бірін құрметтеуге үйренеді және берілген тапсырмаларды талқылай отырып өзіне, бір-біріне баға қойып отырады.

Білім – білікті ерінбейтін еңбекке ұштастыру, ол – ұрпақ тағдырына адалдық таныту. Олардың бойына біліммен қатар, отаншылдық рухты дарыту, тәлім-тәрбиенің қайнар бұлағынан дәйім сусындауы, имандылық, мейірім, адамгершілік, адалдық шуағын себі, ізгілікке жетелеу – осының бәрін оқытудың озық үлгілермен жаслғастыру. Бұл жүзден жүйріктердің, сегіз қырлы бір сырлылылардың қолынан келеді десек, өзгелер соған талпынса, ұстаз ұлағатты, мұғалім шапағатты болмақ.

Сондықтан да әрбір баланың алаңсыз оқуына, әлемдік деңгейде білім алуына жағдай жасау – қазіргі заман мұғалімінің абыройлы міндеті.

Пайдаланған әдебиеттер:

1. «Қазақ тілі мен әдебиеті» журналы 2008 жыл

2. «Білім және ғылым» журналы 2011 жыл

3. «Жас ғалым» журналы 2011 жыл

4. «Қазақ әдебиеті» газеті 2010 жыл

5. «Ұстаз» газеті 2011 жыл

   

Қазіргі замандағы оқыту мен тәрбиелеудің негізгі ерекшеліктері

Шакенова Айгүл Саруарқызы. № 168 орта мектебінің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі, Қызылорда облысы, Жаңақоған ауданы, Қожакент ауылы

Оқыту процесі тәрбиелеу процесімен қатар жүргізіледі,  дегенмен оны қажетті бағытта, оқу материялының мазмұнына, әдісіне, формасына, негізгі мақсатына, қоғамның даму кезегіндегі бағыттарға байланысты таңдайды. Тәрбиелілік қызметінің жүзеге асуын оқуға деген түрткінің  (мотивтің) қалыптасуына, оның нәтижелі болатындығынан көруге болады.

Қоғам дамуының демократияландыру мен гуманизациялау жағдайына оқушының өз көзқарасы мен ойының болуы, оның білімді механикалық емес, саналы түрде ұғып,  өзі шешім қабылдау алуы қазіргі заманға білім беру бағытының қажет етіп отырғаны.

Өсіп келе жатқан жастарды жан – жақты тәрбиелеудің ажырамас бір бөлігі – оларды адамгершілікке тәрбиелеу мен осы тұрғыда дамыту. Жан – жақты дамыған адамда қоғамдық мінез – құлықтың мейірімділік, адамдарға көмектесуге дайындық сияқты негізгі принциптер, белгіленген ережелерді сақтау мен тәртіптілік дағдылары қалыптасуы тиіс. Олар өзінің өзімшілдікке деген бейімділігін жеңіп, адамға деген гумандық көзқарасты жоғары қоюы мен жоғарғы дәрежеде мәдениетті болуы қажет.

Жан – жақты дамыған тұлғаның азаматты және ұлттық тәрбиенің көруінің үлкен маңызы бар. Бұл ретте оқушыда ұлттақ патриоттық сезімі болуы қажет, ол ұлтаралық келісімді қолдауы, елдің рәміздерін сыйлауын, ұлттық мәдениетпен рухани байлықты сақтау мен дамытуға тырысуы керекү

Тәрбие заңдылықтары дегенде нені түсінеміз? Тәрбие заңдылықтары дегеніміз – тәрбиелеу барысында жан – жақты дамыған және тұлға қалыптастыруға бағытталған тұрақты, қайталанып отыратын байланыстар.

Тәрбиенің мынадай заңдылықтарын есте сақтау керек:

  1. Тәрбиелеудің оқу мақсатымен, мазмұнымен және әдістерімен бірлікте болуы;
  2. Оқытумен тәрбиелеуді бірінен – бірін бөліп қарауға болмайтындығы;
  3. Тәрбиелеу процесі тек іс – әрекет нәтижесінде жүретіндігі;
  4. Тәрбиелеу процесінің жеке тұлға қалыптастыруға бағытталған іс – әрекетті ұйымдастыру екендігі;

Оқушы оқыту процесіндегі іс – әрекетке белсене қатысқанда ғана бұл заңдылықтың негізінде жеке тұлғаны қалыптастыуға болады.

Білімді күшпен қабылдатуға болмайды, оны саналы түрде қажеттілік деп тапқанда ғана қабылдауға  болады. Мұны іске асыру үшін оқушы белсенділігін арттыру қажет, ол үшін әр түрлі іс – әрекет түрлерін ұйымдастыру қажет.

  1. Тәрбиелеу процесінде оқушыға деген үйлесімді көзқараспен қарауымен бірге, оған жоғарғы талап қоя білуі.

Егер оқушы мұғаліммен қарым – қатынасынан сенімділік, мейірімділікті сезінсе, онда ол жағымжы әсер алып, оның іс – әрекетке белсенділігі пайда болады.

  1. Тәрбиелеу процесі нәтижесінде оқушының алдында өсуге, жетістіктерге жетуге мүмкіндіктердің тууы. Егер оқушыға  алға қойылған  мақсаттарға қол жеткен нәтижеге қуанады. Бұл қуаныш оның өзіне, өзінің қабілетіне сенімді етіп, одан әрі де белсенділік танытуға итермелейді. Ал егер оқушыға алға қойған мақсатқа жете алмаса, онда іштей мазасыздану, психикалық алаңдаушылық пайда болады, мұндай сезім оқушының белсенділігінің төмендеуіне әкеледі;
  2. Оқушына тәрбиелеген кезде оның іс – әрекетінің жағымды жағын тауып, соған сүйену, оқушының кемшіліктерін көрсетіп, оқушымен оның кемшіліктерін жою үшін әрекет ету;
  3. Оқушыны тәрбиелегенде оның жас ерекшелігі мен жеке ерекшелігін ескерту;
  4. Оқушыны тәрбиелеу ұжымды, ұжым арқылы іске асырылуы. Оқушыны тәрбиелеудегі басты мақсат – жолдастық сапалар мен қасиеттерді қалыптастыру. Бұл мақсат тек жақсы ұйымдастырылған,  рухани және әлеуметтік жағынан сау ұжымда ғана іске асады;
  5. Тәрбие процесінде оқушының  өзін – өзі тәрбиелеуге деген қажеттілігін ояту;

Бала туғаннан белсенді дамуға қабілетті болып туады. Сондықтан да баланы тәрбиелеу кезінде, оны:

-          Өзін – өзі тәрбиелеуге;

-          Өздігінен білім алуға;

-          Өздігінен оқуға;

-          Өзін – өзі басқара алуға;

-          Өзін – өзі жетілдіруге;

-          Өз тағдырына өзі жауапты екендігін сезінуге үйрету – тәрбиелеудің басты мақсаттарының бірі.

Өзін – өзі тәрбиелеу дегеніміз – адамның өзінің алдына саналы түрде қойған мақсатына байланысты көзқарас пен арман қиялын өзгертуге бағытталған іс-әрекет. Өзін-өзі тәрбиелеу оқушың белгілі бір дәрежеде тұлға ретінде дамуын көрсетеді. Өйткені, бұл кезде ол басқа адамдардың іс-әрекеттерін өзінікімен салыстырып, түсіне алатындай болуы тиіс. Оқушы өзінің мүмкіндігі мен өзінің іс-әрекетін дұрыс бағалау үшін белгілі бір дәрежеде тұлға ретінде қалыптасу керек.

Өздігінен білім алу дегеніміз – өзін-өзі  дамыту үшін ұрпақтар тәжірибелерін меңгеруге бағытталған ішкі жүйені өздігінен  ұйымдастыру.

Өздігінен оқу дегеніміз – адамның өзін таңдап алған оқу – құралдарының көмегімен және өзінің ұмтылуының арқасында алған білім.

Өздігінен тәрбиелеу, өздігінен білім алу,өздігінен оқу ұғымдары – организмнің ішкі қажеттілігі, бұлар адамның өздігінен дамуға деген қабілеттілігінің жетілуіне итермелейді. Оған әсер ететін сыртқы факторлар:

-          Тәрбиелеу;

-          Білім беру:

-          Оқыту;

Ал бұлар оқушының қажеттілігі мен қабілеттілігін дамытуға, іс-әрекетке қосуға қажетті құралдар болып табылады. Сондықтан да оқыту процесінің негізгі мақсаты:

-          Адамға өзін-өзі дамытуға, қажетті күштерді қозғау, оларға түрткі салу;

-          Өзін-өзі тәрбиелеуде, өзін-өзі тексеруге,өзіне-өзі есеп беруге, өзінің іс-әрекетінің мінез-құлығына қарап, түзетуге баулу;

-          Өзін-өзі танып білу, өзін-өзі бақылау, өздігінен талдау жасау, өзін-өзі салыстыру, өзін-өзі бағалауға үйрену;

-          Өзін-өзі билеуге, өзіне-өзі сену, өзіне-өзі бұйрық бере білу, өзін-өзі сендіруге, өзін-өзі бекітуге, өз-өзінің көңілін көтеру, өзін-өзі мақтау, өзін-өзі жазалау, өзін-өзі шектеу процестерінтуғызу;

-          Өзін-өзі анықтау, өз тағдырына өзі жауапты екенін сезіну, өзі таңдаған жолын саналықпен сезіну, адамгершілік нормаларын өмір жағдайын, құндылықтарды бағалауға үйрету;

Әрине, оқушының өзіндік жұмысын ұйымдастыру, оған басшылық жасау – мұғалім үшін жауапты да, күрделі жұмыс. Оқушының  өзіндік әрекетке белсенділігін арттыруға баулу әрбір мұғалімнің алғашқы міндеттерінің біріне айналуы тиіс.

Оқушылардың өзіндік әрекет дағдыларын қалыптастыруда бір-бірімен тығыз байланысты екі міндетті шешу қажет. Бірі оқушыылардың танымдық көзқарасын қалыптастыра отырып дамыту, екіншісі, өзінің практикалық іс-әрекетін бағалауға, өзіндік қорытынды шығаруға, шешім қабылдауға баулу. Өзіндік  жұмыс терең де берік білім алу құралы бола отырып, оқушының азамат ретінде өмірде өз орнын табуға кепіл бола алады.

Әрине, оқу тәрбие процесінде оқушы өзінің іс-әрекетінің өз бетімен ұйымдастырып алып кете алмайтыны түсінікті. Оған әр оқушы жеке тұлға ретінде дамыту арқылы қол жеткізуге болады. Мақсатқа қоюға үйретудің өзі қарапайым әрекеттерді сабақтастыра, салыстыра білуді талап етеді. Мұның  бәрі оқушының жеке қабілеттерінің дамуымен тығыз байланыста жүзеге асырылады.

Сондай – ақ мұғалімнің жүйелі ұйымдастыруымен нәтижеге бағыттаумен тиімді жоспарлармен, бірізділікпен орындалатын іс.

Жаңа заман жаңа адамын талап ететін болса, ол адамның өмір сүру тәсілі өзіндік  іс-әрекетін ұйымдастыра білуінен бастау алады.  Ол жас кездеріне сәйкес өзгеріп,  қалыптастырып, жаңарып отырады. Сондықтан баланы өзіндік іс-әрекетін ұйымдастыра білуге баулу өз бетімен өмір сүруге даярлаудың алғы шарты болып табылады.

«Мектептегі өзін-өзі басқару оқушыларды тәрбиелеудің  маңызды құралдарынаайналуға тиіс» деген қағида көп жылдардан бері жақсы нәтижесін беріп келе жатқаны белгілі. Оқушылардың өзін-өзі басқару жүйесі педагогиканың өте нәзік тұсы. Мектепшілік «Жас ұрпақ» атты оқушылардың өзін-өзі басқару қоғамы осының дәлелі.

Бүгінгі жаңа ғасыр азаматы білімді де, білікті жеке тұлға болып қалыптасыу тиіс. Әр шәкірттің қабілетіне, мүмкіндігі мен шығармашылық деңгейіне қарай білім беру – уақыт талабы, білікті де білімді әр ұстаздың міндеті. Бізге келешекте өзге елдермен терезесі тең болуымыз үшін сапалы білім мен ұлттық тәрбие керек. Алған білімімізді Отанымыз – Қазақстан игілігіне жұмсауымыз қажет. Болашақта қазақ жастары елі үшін аянбай еңбек етіп, Қазақстанның мәртебесін асқақтата беретініне сенімдіміз.

Міне осы қасиеттерді бойына сіңірген оқушы өзін-өзі тәрбиелеп, өздігінен білім ала алады. Қазіргі заманғы оқыту мен тәрбиелеудің мақсатыда осы.

Пайдаланылған әдебиеттер

  1. Қисымова Ә.Қ «Оқыту технологиясы»
  2. Қазақстан мектебі. 2011ж №8,11
  3. «Ұстаз үні» № 2 2012
  4. «Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар»  № 8 2010ж
   

Эффективность проблемного обучения  в изучении русской литературы

ХАЙРУЛЛИНА Лунара-    учитель русского языка  сш №54, Жанакорганского района, Кызылординской области

Вся жизнь человека постоянно ставит перед ним острые и неотложные задачи и проблемы. Возникновение таких проблем, трудностей, неожиданностей означает, что в окружающей нас действительности есть еще много неизвестного, скрытого. Следовательно, нужно все более глубокое познание мира, открытие в нем все новых и новых процессов, свойств и взаимоотношений людей и вещей. Поэтому какие бы новые веяния, рожденные требованиями времени, ни проникали в школу, как бы ни менялись программы и учебники, формирование культуры интеллектуальной деятельности учащихся всегда было и остается одной из основных общеобразовательных и воспитательных задач. Интеллектуальное развитие – важнейшая сторона подготовки подрастающих поколений.

Успех интеллектуального развития школьника достигается главным образом на уроке, когда учитель остается один на один со своими воспитанниками. И от его умения «и наполнить сосуд, и зажечь факел», от его умения организовать систематическую познавательную деятельность зависит степень интереса учащихся к учебе, уровень знаний, готовность к постоянному самообразованию, т.е. их интеллектуальное развитие, что убедительно доказывает современная психология и педагогика. Большинство ученых признают, что развитие творческих способностей школьников и интеллектуальных умений невозможно без проблемного обучения. Творческие способности реализуются через мыслительную деятельность. Психологической основой концепции проблемного обучения является теория мышления, как продуктивного процесса.

Многие исследователи детской психологии и психологии творчества убеждают в возможности обучить творчеству, дать детям осмысленный импульс к творческой деятельности. Обучение творчеству имеет важный социальный аспект. Если школьник с самого начала своей ученической деятельности подготавливается к тому, что он должен учиться создавать, придумывать, находить оригинальные решения задач, то формирование личности этого школьника будет происходить отлично от того, как формируется личность ребенка, обучаемого в рамках идеологии повторения сказанного учителем. Творчество личности - это самореализация возможностей и способностей человека в оптимальных формах и с максимальной эффективностью на основе создания нового в себе и деятельности. Поэтому, изучение самореализации в творческой познавательной деятельности приобретает, сегодня особенную актуальность.

Именно в творчестве, находится источник самореализации и саморазвития личности, умеющей анализировать возникающие проблемы, устанавливать системные связи, выявлять противоречия, находить их оптимальное решение, прогнозировать возможные последствия реализации таких решений. Один из возможных путей обеспечения процесса самореализации мы связываем с организацией творческих самостоятельных работ в системе развивающего обучения. Творческая самостоятельная работа, позволяющая учащимся использовать, проявлять и развивать свои индивидуальные способности и таланты обеспечивает возможность самореализации личности в учебном процессе. Кроме того, организация творческой работы способствует разрешению противоречий между потребностью учащихся в самореализации и педагогическим воздействием со стороны учителя. Учитель не передает некоторую сумму знаний, не натаскивает, а создаёт благоприятные условия для развития школьника в процессе обучения, нацеливает на активное познание окружающего мира, позволяет самостоятельно осваивать новые знания.

Проблемное обучение является одним из наиболее эффективных средств активизации мышления ученика. Суть активности, достигаемой при проблемном обучении, заключается в том, что ученик должен анализировать фактический материал и оперировать им так, чтобы самому получить из него новую информацию. Другими словами это расширение, углубление знаний при помощи ранее усвоенных знаний или новое применение прежних знаний. Нового применения прежних знаний не может дать ни учитель, ни книга, оно ищется и находится учеником, поставленным в соответствующую ситуацию.

Это и есть поисковый метод учения как антипод методу восприятия готовых выводов учителя (хотя последний метод тоже вызывает определённую активность ученика). Умственный поиск – сложный процесс. Не всякий поиск связан с возникновением проблемы. Если учитель даёт задание ученикам и указывает, как его выполнять, то даже их самостоятельный поиск не будет решением проблемы. Ученики могут принимать активное участие в научно-исследовательской работе, собирая эмпирический материал, но не решая никаких проблем. Подлинная активизация учащихся характеризуется самостоятельным поиском решения проблем.

Цель активизации учащихся посредством проблемного обучения заключается в том, чтобы поднять уровень мыслительной деятельности ученика и обучать его не отдельным операциям в случайности, стихийно складывающемся порядке, а системе умственных действий, которая характерна для решения нестереотипных задач, требующего применения творческой мыслительной деятельности. Суть активизации учения школьника посредством проблемного обучения состоит в активизации его мышления путём создания проблемных ситуаций, в формировании познавательного интереса и моделирования умственных процессов. Проблемная ситуация и учебная проблема являются основными понятиями проблемного обучения, которое рассматривается не как механическое сложение деятельности преподавания и учения, а как диалектическое взаимодействие и взаимосвязь этих двух деятельностей. Проблемное преподавание определяется как деятельность учителя по созданию системы проблемных ситуаций, изложению учебного материала с его (полным или частичным) объяснением и управлению деятельностью учащихся, направленной на освоение новых знаний – как традиционным путем, так и путем самостоятельной подготовки учебных проблем и их решения. Проблемное учение – это учебно-познавательная деятельность учащихся по усвоению знаний и способов деятельности путем восприятия объяснений учителя в условиях проблемной ситуации, самостоятельного (или с помощью учителя) анализа проблемных ситуаций, формулировки проблем и их решения посредством выдвижения предложений, гипотез, их обоснования и доказательства, а также путем проверки правильности решения.

Наиболее широко применяемыми методами проблемного обучения являются  проблемное изложение материала, поисковая беседа, самостоятельная поисковая и исследовательская деятельность учащегося,  проблемные домашние задания. Рассмотрим более подробно каждый из перечисленных методов.

Проблемное изложение наиболее уместно в тех случаях, когда учащиеся не обладают достаточным объемом знаний, впервые сталкиваются с тем или иным явлением. В этом случае поиск осуществляет сам учитель. По существу, он демонстрирует  учащимся путь исследования, поиска и открытия новых знаний, готовя их тем самым к аналогичной самостоятельной деятельности в дальнейшем. Проблемное изложение требует от учителя не только свободного владения учебным материалом, но и знаний о том, какими путями шла наука, открывая свои истины.

При проблемном изложении материала учитель руководит мыслительным процессом учащихся, ставит вопросы, которые заостряют их внимание на противоречивости изучаемого явления и заставляют задуматься. И прежде чем учитель даст  ответ  на поставленный вопрос, учащиеся уже могут дать ответ  про себя и сверить его с ходом рассуждений и выводом учителя.

Целесообразно, чтобы учащиеся в тетрадях делали конспективные записи изложенного( хотя бы в форме плана). Подготавливая материал для проблемного изложения, учителю следует выделить то, что ученики должны записать в тетради. При проблемном изложении часто оказывается полезным разделять материал на отдельные логически связанные части. После изложения каждой такой части учащимся разрешается задавать вопросы.

Ниже показаны варианты проблемного изложения материала при изучении рассказов А.П.Чехова «Хамелеон» и И.С.Тургенева «Муму».

Начиная урок, учитель не говорит о том, что Чехов был «обличителем» или «обвинителелем», а просто выразительно читает рассказ.Вдоволь поиздевавшись над незадачливым Очумеловым,посмеявшись от души над другими персонажами рассказа,класс дружно осуждает «хамелеонство».Затем учитель делает небольшую паузу и спрашивает:

-Как вы думаете, почему главный герой рассказа стал таким «хамелеоном»?

Обычно в ответах –ссылки на такие качества героя,как трусость, чинопочитание, приспособленчество.

Учитель продолжает:

-На мой взгляд, разгадка заключена в самом начале рассказа. Послушайте и найдите, что здесь необычного: «Через базарную площадь идет полицейский надзиратель Очумелов в новой шинели и с узелком в руке.За ним шагает рыжий городовой с решетом,доверху наполненным конфискованным крыжовником».

-Шинель! – кричит догадливый ученик. – Лето,жара, а он – в шинели !

-В новой шинели , - уточняет учитель. – Теперь подумайте: Почему полицейский надзиратель надел в жару новую шинель?

-Напугать хотел жителей своим видом.

-А разве его летняя форма не такая грозная?

Учитель подхватывает:

-А если он решил похвастаться новой шинелью, следовательно, она для Очумелова – значительная ценность , благодаря которой он просто вырастает в собственных глазах.

Учитель рассказывает об искусстве детали, о том , что в художественном произведении «все ружья стреляют»,т. е. Каждое слово, деталь несут определенную  смысловую нагрузку.

Задача читателя – понять, «расшифровать» этот смысл.Иногда разгадка лежит за пределами произведения – в реальной жизни,в других произведениях и даже в творчестве другого  писателя. И зачастую связующей нитью служит конкретный факт, деталь, на основе которых может быть построено произведение. Тогда давно знакомый нам текст может открыть нечто неожиданное.

На предыдущих уроках было найдено время прочитать не включенную в программу повесть Н.В.Гоголя «Шинель».Поэтому ребята без особого труда вспоминают,кому из литературных героев шинель была очень дорога.Ученики восстанавливают в памяти сюжет «Шинели», дружно жалеют Акакия Акакиевича.И тут учитель «подбрасывает» мысль

-Ребята,не кажется ли вам, что Очумелова и Башмачкина можно как-то сравнить?

-Да,у них есть что-то общее. Наверное, страх перед начальством,неуверенность в себе.

-Так уж и страх! А его наглость? – спорят ученики.

-И наглость его от страха!

-Действительно,- обобщает учитель- Возможно, Очумелов мог быть и неплохим человеком. Скорее всего, стать «хамелеоном» его вынудил страх перед начальством, неуверенность в себе – чувства, знакомые и  Акакию Акакиевичу.Человек потерял себя, «очумел»,т.е. заразился отравой,разлитой вокруг,-чинопочитанием,беззаконием,несправедливостью.Люди перестали быть нормальными людьми.Видимо,поэтому человеческое выражение глаз отмечено Чеховым только у главного виновника переполоха – белого борзого щенка: «В слезящихся глазах его – выражение тоски и ужаса».Люди же в рассказе потеряли важные человеческие качества, и их фамилии подчеркивают это:Хрюкин, Очумелов, Елдырин, Пичугин, Жигалов...  Нравственное падение человека обусловлено нездоровым климатом в обществе.Поэтому все выходки этого несчастного Очумелова вызывают не только раздражение и презрение,но и жалость.

Учитель выслушивает мнение учеников,убеждается,что они задумались над произведением, заинтересовались Чеховым.

Проблемно преподнести материал учитель может и при изучении рассказа И.С.Тургенева «Муму».

После первичного чтения учитель рассказывает о том,что сюжет его построен на реальном факте:прообразом богатыря Герасима послужил крепостной Варвары Павловны Тургеневой, матери писателя, немой дворник Андрей, и у него действительно была собака,но после ее гибели Андрей остался  верен своей госпоже. По единодушному признанию критиков, образ богатыря Герасима вырос  в нем до символа могучего, грозного  в своем молчании народа, который вскоре  покончит  с дряхлым классом  угнетателей: ведь произведение заканчивается уходом богатыря от сумасбродной барыни.

-Как вы думаете, ребята, Герасим является победителем или побежденным?

-Конечно,победителем,ведь он стал свободным, вернулся в родную деревню,занялся привычным  делом – крестьянской работой.

-Все верно, Герасим вернулся в родные места. Казалось бы надо радоваться освобождению Герасима,но у нас остается какое-то тревожное,щемящее чувство. Чем оно вызвано?

-Гибелью Муму,-безошибочно отвечают ученики.

-Да,вы правы.Обратите внимание на то,как ведет себя Герасим после ухода от барыни.

Учитель перечитывает последнюю страницу расказа и останавливается на словах: «Герасим...как лев выступал бодро и сильно».

-Ребята,вспомните содержание рассказа Л.Н.Толстого «Лев и собачка».На мой взгляд, оно перекликается с «Муму» И.С.Тургенева.Как вы думаете,почему лев(зверь) погиб от тоски по своему другу, а человек, сильный,как лев, погубил единственного друга?

Мнения могут быть самыми разными.Выслушав их,учитель ставит совсем,казалось бы, неожиданную проблему:

Можно ли предположить, что гибель Муму явилась откупом Герасима от барыни за свою свободу?  Ведь он мог уйти вместе с собакой, но предалсвоего друга, ценой жизни которого завоевал себе свободу. И не случайно Герасим остается навеки один – ни семьи, ни даже собаки нет у него.Вероятно, он, чувствуя свою вину, сам себя обрек на одиночество.Это стало его покаянием и страшным наказанием за однажды совершенное непоправимое преступление: «И живет до сих пор Герасим бобылем в своей одинокой избе...».

В этот момент необходимо выслушать учеников, дать им возможность поразмышлять, а затем перейти к заключительной части урока.

-Так как же нам понимать этот рассказ: как действительно происшедшую в жизни историю, но с несколько измененным писателем финалом; как произведение антикрепостническое, в котором богатырь Герасим, олицетворяющий собой могучий, но немой народ, во всех отношениях превосходит дряхлый класс угнетателей; или как рассказ о страшном преступлении человека – предательстве?

Обычно учащихся не устраивает ни одна из предложенных трактовок. Общий вывод, к которому они приходят с помощью учителя, таков: «Муму»- произведение, созданное на основе событий, действительно происходивших когда-то в семье Тургеневых, о могучих силах,таящихся в народе, о его бесправном положении в крепостном обществе, а также о том, что любое угнетение приводит к проявлению в людях самых низменных черт.

Пусть ученики не всегда согласны с учителем, - учителю не обязательно настаивать на своем, но он должен показать как минимум два взгляда на изучаемую проблему,ситуацию,анализируемое произведение. В этом – залог творческого роста школьников, становления их как людей мыслящих, способных самостоятельно, а не из-под палки, читать и постигать русскую классическую литературу, основной пафос которой – гуманизм, добро.

При проблемном подходе на уроках и применении эвристических методов каждый ребёнок имеет возможность раскрыть себя, развить свой творческий потенциал, преодолеть психологические барьеры.

Ребёнок учится не бояться и успешно разрешать встающие перед ним жизненные проблемы, развиваются ключевые жизненные компетенции ученика. На уроках осуществляется личностно-ориентированный подход. Между учителем и учеником устанавливаются уважительные, гуманные и доверительные отношения.

Уроки литературы должны стать школой любви к человеку,понимания,терпения, снисходительности. И пусть ребята лучше жалеют героев, чем презирают их, пусть пытаются понять их, а не клеймят с ходу. Жалость, сочувствие, внимание и понимание – верный путь к добру.

Источники

  1. Г.Ю. Кзензова. «Перспективные школьные технологии» Москва 2001
  2. А.В.Бруслинский. «Психология мышления и проблемные обучение»
   

Өзін-өзі тану сабақтарында ойын арқылы оқушылардың шығармашылығын  дамыту

Үсенова Баян-№221мектептің бастауыш сынып мұғалімі, Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Аққұм бекеті

Өзіңді танығанда ғана өзгені білесің.А. Пивен.

Өзін-өзі тану сабағында ойынның рөлі ерекше. Ойын-адамның өмірге қадам басардағы алғашқы адымы. Қазақ халқының «Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала бола ма?»- деп айтқандай баланың өмірінде ойын ерекше орын алады. Жас баланың өмірді танып, еңбекке деген қатынасы, психологиялық ерекшеліктері осы ойын үстінде қалыптасады. Ойында шындықтың көрінісі, оның образды сәулесі қылаң береді. Өмірдің әр түрлі құбылыстары мен үлкендердің әр түрлі әрекеттеріне еліктеу ойынға тән нәрсе. Ойын кезінде шартты түрде мақсаттар қойылады, ал сол мақсатқа жету жолындағы іс-әрекет бала үшін қызықты. Ойын балаларға ақыл-ой, адамгершілік, эстетикалық тәрбие берудің маңызды тетігі деуге болады.

Балалар ойын барысында:

1.Өзін еркін сезінеді.

2. Ізденімпаздық, тапқырлық әрекет байқатады.

3. Сезіну, қабылдау, ойлау, қиялдау, зейін қою секілді түрлі психикалық түйсік пен сезім әлеміне сүңгиді.

Баланың қуанышы мен реніші ойында анық байқалады. Ойын кезінде баланың психологиялық ерекшелігі мынадан көрінеді:

1.Олар ойланады.

2.Эмоциялық әсері ұшқындайды, белсенділігі артады, қиял елестері дамиды, баланың шығармашылық қабілеті мен дарыны ұшталады.

3.Ұжымдық сезімі қалыптасады.

4.Ерік қасиетін бекітеді, адамгершілік сапаны жетілдіреді.

Сонымен, өзін-өзі тану сабағында ойынның рөлінің ерекшелігі: ойын баланы жан-жақты жарасымды тәрбиелеудің психологиялық және физиологиялық негіздері болып табылады.

Сондықтан да балаларды жас кезінен дұрыс өзара қарым-қатынас жасай білуге үйретудің ерекше маңызы бар. Сабақтарда оқушыларды топтап оқыту осы мақсатқа қызмет етеді. Баланы жас кезінен бастап бірге ойнауға, бірлесе ойлауға, көпшілік пікірімен санасуға, айналасындағылармен келісе отырып, шешім қабылдауға бағыт беріп отырған жөн.

Балалар ойын арқылы тез табысып, жақсы қарым-қатынас жасайды, сол қарым-қатынас барысында:

1.Балалар іс-әрекеттің жақсы жақтарын аңғарады, жағымды ойлауды үйренеді.

2. Жанындағы адамдарды ұнатып, жақсы көре біледі, оларды қуантуға асығады.

3. Бір-біріне көмектесе біледі, жанашырлық сезімі оянады, қамқорлық жасай біледі.

4. Кешірімді болуға, өзгені ренжітпеуге тырысады.

Ойына қарап балалардың психологиясын аңғаруға болады. Бес саусақ бірдей емес дегендей, әр отбасындағы баланың мінез-құлқы бірдей емес. Ойынға басшылық жасау кезінде бұйыруға болмайды. Егер мұғалім баланың эмоциясына, қиялына әсер ету арқылы олардың қызығушылығын арттыра түссе, онда баланың құштарлығы өсіп, ойынға құмарта түседі.

Балалар ойынында кейде өлең тақпақтар жиі кездеседі. Ол өлең, тақпақтардың негізгі мақсаты- тапқырлыққа, шапшаңдыққа, ептілікке баулу, қиялына қанат беріп, ойын ұштау. Тапқыр да алғыр, шымыр етіп,қайратты бала өсіруді армандамайтын отбасы жоқ. Демек ойынның өзі бала үшін біліктің, білімділіктің қайнар көзі болып табылады.Ойын екі уақыттық кезеңінде әсер етеді: қазіргі және болашақта. Бір жағынан бала бірден осы мезетте қуанышқа бөленеді, екінші жағынан, ойын әрқашан болашаққа бағытталған, өйткені онда ойын барысында келешек өміріне ықпал ететін рухани адамгершілік қасиеттер мен дағдылар, икем қалыптасады.

Ойын бала үшін жаңа ортаға тезірек үйренуіне мүмкіндік береді, жаңа ортаға, оқу үрдісіне өту, үйреншікті өмір сүру әдістерін өзгертуге қажет етеді. Ойын баланың көңілін өсіріп, ойын сергітіп қана қоймай, оның таным түсінігін арттырады. Ойын балалар үшін оқу да, еңбек те. Ойын айналадағы дүниені танудың тәсілі. Ойын барысында балалар бірін-бірі сыйлауды, үлкендерді құрметтеуді, мектеп мүлкін қадірлеуді үйренеді. Оларды адамгершілік қасиеттерге, ерлікке, шыншылдыққа, кішіпейілділікке тәрбиелейді.

Ойын баларға өмірде кездескен қиыншылықтарды жеңудің жолын үйретіп қана қоймайды, қамқор бола білуін, қол ұшын беріп көмектесуін, ұйымдастырушылық қабілетін қалыптастырады. Мысалы:

«Сиқырлы жаңғақтар» ойын-жаттығуын алайық. Бұл ойын оқушыларды ойнай отырып ойлантуға, тақырыпты жете түсінулеріне ықпал етеді. Мұғалім балаларға жұмбақ жасырады:

Сырты қатты,

Іші тәтті.

(жаңғақ)

-Балалар, менің қолымда осындай екі жаңғақ тұр. Шынында да, осы жаңғақтардың сырты қатты болғанымен, іші сиқырлы. Егер біз осы сиқырдың сырын білгіміз келсе,онда жаңғақтың ішіндегі тапсырмаларды орындаймыз.

1-жаңғақтың ішіндегі қағазға «Қайырымды іс» тақырыбында әңгімелесу деп жазылған.

. Кімдерге және қандай жағдайда қайырымдылық жасадыңдар?

. Сендерге кімдер және қандай жағдайда қайырымдылық көрсетті?

2-жаңғақтың ішіндегі қағазға «Ойын.Біз де» деп жазылған.

Осы ойынның шарты бойынша мұғалім оқушылардың ортасына шығып, қайырымдылықты білдіретін және оған керісінше әрекеттерді атайды. Қайырымдылықты білдіретін әрекеттер айтылғанда балалар «Біз де» деп жауап береді, қайырымдылықты білдірмейтін әрекеттер айтылғанда, үндемей қалады, ал ондай жағдайда «Біз де» сөзін айтып қалған бала айып тартатын болады. Айыпқа не тақпақ , не жұмбақ айтады.

Балаларға айтылатын сөйлемдер (әр мұғалім өз тарапынан құрастыруына болады) үлгісі:

-Жолдан өте алмай тұрған қарияны сүйеп өткіздім.

-Біз де.

-Сырқат әжейге дәрі бердім.

-Біз де.

-Жылап отырған баланы жұбатпадым.

-?

-Қиналып тұрған жолаушының сөмкесін көтерістім.

- Біз де.

-Мен інімді ренжіттім.

-?

-Көрші қарияға күнде дүкеннен азық-түлік әкеліп тұрамын.

-Біз де.т.б.

Бұл ойын қайырымдылықты, кішіпейілділікті, қамқорлықты, шындықты, тазалықты басқа да адамгершілік құндылықтарын білдіреді.Сабақта пайдалануға болатын ойынның түрлері өте көп. Бірақ әр сабақта адамгершілік категориялардың біреуін ғана алып, әдістер мен тәсілдердің бәрін оның жан-жақты ашып көрсетуге пайдаланған жөн.

Өзін-өзі тану пәні жеке тұлғаны жан-жақты жетілдіріп, олардың шығармашылық қабілетін ашып, жүзеге асыру мақсатында адамгершілік педагогикаға  арқа сүйейді. Еліміз білімді, ақылды, балалармен толығып келеді. Ендеше, болашаққа деген сенімділік те мол.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Алпысқызы Сара. Өмір әдебі. Әдеби эссе, толғаныстар. Алматы,2003ж.

2. Хабаршы. Ғылыми-әдістемелік басылым. 2007ж.№2

3. Самопазнание журналы. 2010ж. №4

4. Р.Нұртазина, А.Сейсенова. Мен оқимын, ойнаймын, ойлаймын. Павлодар. «Арман» баспасы, 2003ж.

 

Оқушыларды мектепке даярлаудың бүгінгі жағдайы мен болашағы (психологиялық аспект)

Үсенбаева Айнагүл-№55 С.Қожанов атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі, Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Бірлік ауылы

Бала  тәрбиесінің  жөргектен  басталатынын  ескерсек,  баланың  ақыл-ойын,  тілін,  өмірге  құштарлығын  дамыту,  оларды  оқу үрдісіне  дайындау,   адамгершілік  нышандары,  еңбекке   икемділігінің   бастамасы  мектепке   дейінгі   жүйелі  тәрбиенің   нәтижесінде   жүзеге  асырылады.   Жас  ұрпаққа  білім  беру    мәселесі  отбасынан  бастап,    еліміздің  қоғамдық  жүйесін  толық  қамтиды,   сондай-ақ  оның  әрбір  мүшесін   бейжай  қалдырмайды.  Сондықтан  да  мектепке  дейінгі  тәрбиенің  ролі  ерекше.

Қазақстандағы қазіргі кезде жүріп жатқан өзгерістер өмірлік іс-әрекеттің барлық саласын оның ішінде мектепке дайындау  даярлық топтарында да жүріп жатыр.

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған. Мемлекеттік бағдарламасында «Балалардың мектепке дейінгі сапалы тәрбие және оқытумен толық қамтылуын, олардың мектепке даярлауға арналған әрқилы тәрбие және оқыту бағдарламаларына теңдей қол жеткізуін қамтамасыз ету міндеттерін шешу» көзделген.Мектепалды даярлықтан мектепке бастамашыл, өмірге шығармашылықпен, белсенділікпен қарап, қуана оқитын, білуге құштар бала баруы керек.

Ата-аналардың қазіргі  буынынан  тәрбие мәселесінде терең психологиялық- педагогикалық біліктілік талап етіледі.

Мектепке  бару  баланың   өмірін  және   іс-әрекетін   қайта  құруды   талап  етеді.  Мектепте    кездесетін   негізгі  мәселелер:

Ұйықтау  және   тамақтану   тәртібінің  өзгеруі;

Үстел  үстінде  белсенді  қимылсыз  отыру      уақытының  ұзақтығы;

Үлкенмен  қарым-қатынастың  өзгеруі;

Киініп-шешінуде, тамақтануда,  дәретханаға  баруда  баланың     толығымен  өзіне-өзі  қызмет  етуі.

Интеллектуалды   жүктеме  көлемінің  ұлғаюы.

Мектепке  бару  - бала  дамуының  жаңа  кезеңі.  Бұл  кезең   жеке  тұлғаның    жаңаа  қалыптасуымен, «әлеуметтік  даму   жағдайымен»,  Л.С.  Выготский  атаған   «7     жастағы   дағдарыс»  өзгерісіне   байланысты. Баланың  мектепке  баруға   қатысты  барлық   өмірлік  жағдайын,  күйзелісін,  әлем  туралы  ойын  кейде  түбегейлі  түзетуге  тура  келеді.   Бастысы,  баланың   міндетті  түрде  оқуға  деген  дұрыс  талабын  қалыптастыру.   Болашақ  оқушы  мектепке  барғысы  келеді,  бірақ  олардың  ойынша:  оқушы –ол  әдемі  портфель,  әдемі  оқушының  киімі,  қол  көтеру,  баға  алу,   мектеп  тәртібінің  ынталы   орындаушысы,  мұғалімнің  тыңдаушысы  деп  ойлайды.

Баланың  мектепке  көңіл   бөлуі,  оның  мектепке   барғанға  дейінгі   кезеңде   қалыптасады.  Осы  кезде  ата-аналар  мен   балабақша  тәрбиешілерінің   мектеп  туралы  ақпарат  беруі   және  оның   не  екенін  дұрыс    түсіндіріп   жеткізуі   маңызды  рөл   атқарады.

Көп  ата-аналар  балаларын   мектепке  қызықтырып,  эмоционалды   барлық  жағдай  жасайды:  « Сен  үздік  оқушы  боласың»,  «Мұғалімдер  сен  сияқты  ақылды   баланы   жақсы  көреді»  деп    қызықтырады. Осылай  ата-аналар   баланы  қызықтырып,  мектепке даярлаймыз   деп  ойлайды.  Ал  іс   жүзінде   қуанышты, қызықтыратын  іс-әрекетке  қызыққан  бала,  түкке тұрмайтын  негативті  эмоцияға  кезігіп  қалса  (ренжісе,  қызғанса, ыза,  өкінішке  кез  болса)  оқуға  деген  қызығушылығын  жоғалтып  алуы  мүмкін.

Мұндай  эмоциялық  салдар мектепте  жеткілікті:  бәрінен  артықпын   деп  тұрған  кездегі  сәтсіздік,  сыныптастарының  арасынан  дос  тауып  алу  қиыншылығы,  үйреншікті  ата-аналарының  мақтауымен    мұғалім  қойған   бағаға   келіспеу   және  тағы  басқалар. Кейде   ойланбастан  ата-аналар  және  тәрбиешілер  балаларды  мектеппен  қорқытады:  «Екі  сөздің  басын  қоса  алмайсың,   мектепте  сабақты   қалай  айтасың?»  деген  сияқты.

Сондықтан  тек  позитивті,  не  болмаса  негативті   көзқарас  баланы  мектепке  дайындауда  пайда  келтірмейді.  Қайта  баланы  күнделікті   еңбекке  бағыттап  «Сен  егер   шамалы  тырыссаң,  бәрін  істей  аласың»  деп  қолдау  көрсетіп,  үйрету  керек.

Баланың   мектепке  көзқарасын  дұрыс  тәрбиелеу   тиімділігі  келесі   шарттарды  сақтауға  байланысты.

І.  «Біз  мектепке  барамыз»  жобасында  баланы  мектеппен  таныстыруда  және  мектепке  деген  дұрыс   көзқарасқа  тәрбиелеуде  жалпы  педагогикалық  үрдісте  әр-түрлі  әдіс-тәсілдерді  қолдану.

ІІ.  Баланың   өмірлік  тәжірибесін  байыту  және  оны  уақытында  өзгертіп,  жаңа  дидактикалық   міндеттерге  сай  келуін,  түсінікті  болуын   қамтамасыз   етіп,  заттық  дамыту   ортасын  құру.

ІІІ.  Балалармен   жұмыс  істеу  түрлері  мен  әдіс-тәсілдерін    таңдауда  мәселенің  мәнін  және  оның  шығармашылық   белсенділігін  тәрбиешінің   түсінуі.

ІҮ.  Ата-аналарға  баланы  мектепте  оқуға  дайындау   мәселесі  туралы  педагогикалық  білім  беру.

Ү. Балабақша  мен  мектептің   сабақтастығын   жүзеге  асыру.

Осы  бес   басты   шарттарды  қарастырайық:

Атқарылған  жұмыстардың  әртүрлі  әдіс-тәсілдері.

Баланың  болашақ  өзгеріске  біртіндеп,  жаңа  талапқа  сай  дайындау  қажет.  Мұндай  жағдайда   мазмұнды  рөлді   ойынның   маңызы  өте  зор. «Мектепке  барамыз»   мазмұнды - рөлді  ойыны   қажетті   іс-тәжірибе  жинауға,  мектеп  өміріне  кіруге  үлкен  көмек  көрсетеді.  Ойын  барысында  дұрыс  сөйлей  білуге,  достармен  келісе  білуге (ойын  ережесін  құрай  білуге,  рөлдермен  бөлісуге),  басқара  білуге  үйренеді.

Заттық  дамыту  ортасын  құру:

«Біз  мектепке  барамыз»   мазмұнды  рөлді   ойынының  құралдарын  жасау;

Мектеп  туралы  иллюстрациялық   альбомдар  жасау;

Мектеп  туралы  өлең,  тақпақ,  жұмбақ,  мақал-мәтелдер,  мектеп  құралдары,  білім,  кітаптар   туралы  альбомдар  жасау.

Балалармен  жұмыс  істеу  түрлері  мен  әдіс-тәсілдері.

Ойын  барысында   тәрбиеші – мұғалім,  балалар  оқушы  болады.  Ойынға  қажетті   құралдардан  портфель,  қоңырау,  парталар  қолданылады.  Басты  мақсат,  мектеп  туралы   берілген  ақпарат   балаларға  түсінікті  болып  қана  қоймай,    сонымен  қатар  оны  балалар  сезіне  білу  керек.

Бұл  келесі  іс- әрекет   арқылы  іске  асырады.

Экскурсия  (мектеп  ғимаратын  сыртынан  көру,  кітапханаға,  спорт  залына, сыныптарына,  асханасына  бару).

Сурет  салу.  Тақырыбы:  «мектеп  ғимараты», «Мектеп  сыныбы», т.б.

Мектеп,  алғашқы  мұғалімдері  туралы   үлкендердің  әңгімесі.

Кітап,  ғылым  және  еңбек  туралы  мақал-мәтелдермен   таныстырып, жаттау.

Мектеп  құрал- жабдықтары  туралы   жұмбақтар  шешіп,  құралдарды  көру.

Мектеп  тақырыбында дидактикалық  ойындар  ойнау.

Ата-аналарға  педагогикалық  білім  беру.

Мектепке  деген  дұрыс  көзқарасын   тәрбиелеуде  ата-ананың  рөлі  өте  зор.

В.Ата-аналарға  педагогикалық  ақпараттық  білім    беруде  келесі  әдіс-тәсілдер   қолданылады:

Тренингтер.

-Дәтүрлі   емес  түрде  жиналыстар:  «Сіздің  балаңыз  -болашақ  оқушы»  ;   «Болашақ  оқушыға  керекті  білім,  іскерлік  және  дағды»;  «Мектепке  не  қажет?»   және  осы  тақырыптарға  көрме  ұйымдастыру.

«Ата-аналардың  балаларды мектепке дайындаудағы рөлі» тренингінің мақсаты:

Ата-аналардың тәрбиелеу тәжірибесін байыту және балалардың мектепке бейімделу қиыншылықтарын анықтау, балалардың маңызды күйзелістерін үлкендердің сезіне білуі.

Қолданылатын құрал-жабдықтар:ойыншықтар, түрлі-түсті жолдар,мінбе, қағаз, фломастерлер, гүлдер

Ойын жаттығулары.  «Мен - бірінші сынып баласы кейпіндемін»

Балапан, Буратино,қуыршақ, жануарлардың біреуін ата-ана таңдап алады.Өзінің таңдаған ойыншығының мектепте оқуға көмектесетін немесе кедергі жасайтын жағын айтып түсіндіреді.Ата-аналар өз ойларын айтып болған соң 3 түсті жолақшадан тұратын мектепке баратын жолдың  біреуін таңдап, ойыншықты үстіне қояды. Қара түсті жол- балаларының мектепке баратын уақыты жақындаған сайын қатты қобалжуларын белгілейді, көк жол- орташа, қызыл- қобалжудың жоқтығын көрсетеді.

Түйін: егер жыл сайын келесі балаңызды мектепке жіберетін болсаңыз, қобалжуыңыз жылдан-жылға азая түсер еді.Баланың балабақшадан мектепке ауысуында, ата-аналар үшін және баланың өзіне де мәселенің негізгі көзі-жағдайдың жаңалығы. Болашақ мұғалімнің, мектептің образын ата-аналар өздерінің мектеп өміріндегі тәжірибесінен, тарихтан, бұхаралық  ақпарат құралдарынан, достарының әңгімесінен құрайды.

Көп жағдайда ата-аналарды қобалжытатыны: балаларына мектепті таңдау мәселесі, мектеп бағдарламасы, баласының мектепке дайындығының көрсеткіші.

2. Ата-аналарға  арналған  ақыл – кеңестер:

- «Мектепті  қалай  таңдау  керек?».

- «Ойын  туралы».

3. Ата-аналарға  арналған сауалнамалар.

ҮІ. Мектепке  дейінгі  білім  беру саласымен  мектеп  арасындағы  байланыстың  сабақтастығы.

Мектеппен  балабақша  сабақтастығының  басты  мақсаты -  мектеп пен  балабақшаның    бірлесіп   жасаған  жоспарын  іске  асыру,  ол  педагогикалық  кеңестерге  қатысу,  бірігіп  ата-аналар  жиналысын  өткізу,  бірлескен  ақыл – кеңестер,  мектепке  даярлық  және  бірінші  сынып  бағдарламасымен  ата-аналарды  таныстыру  және  мұғаліммен  тәрбиешілердің  өзара  сабақтарға  қатысуы.  Осындай  ұштасқан  жұмыс  түрлері  баланы  өз  бетімен  еңбектеніп,  кездескен  қиыншылықтарды  жеңе  білуге, төзімділікке  үйретеді.

Бүгінгі күнде мектепке оқуға дайындық іс – жүзінде жалпыға танымал көп бөлікті білім бола отырып, ол кешенді психологиялық зерттеулерді талап етеді. Психологиялық дайындықтың құрамына мынадай бөліктерді жатқызуға болады.

1.Интеллектуалдық дайындық- баланың ой- өрісін, нақты білім қорын қарастырады.

2.Жеке тұлғалық дайындық – баланың мектепте оқу әрекетіне, ұстаздарға өзіне қатынасын көрсетеді.

3.Әлеуметтік- психологиялық дайындық- баланың құрбыларымен, мұғалімдермен қарым-қатынасын, соның ішінде баланың қарым-қатынастағы ерекшелігін көрсетеді.

Баланың әлеуметтік және эмоционалдық жетілуі оның басқа адамдармен қарым-қатынас жасай білуінен, қоғамдағы қабылданған тәртіпті сақтай білуінен, ережесі берілген ойындарды ойнай алуынан, ойын талаптарын өздері орындай отырып, оны басқалардың да орындауын қадағалай білуінен көрінеді.

Баланың бірінші әрекеті- ойын. Жас баланың өмірді тануы, еңбекке қатынасы, психологиялық ерекшеліктері ойын үстінде қалыптасады.

Оқыту мен тәрбиелеу кезінде туындайтын қиыншылықтардың негізін анықтау үшін диагностикалық талдаулар жасайды.Жас жеткіншектердің таным үрдісі, қабылдауы мен қиялы, ойлауы мен есте сақтауы, ерік-жігері , мінез – құлқы, білімі мен қабілетін қалыптастыру ісімен де психолог шұғылданады.  Психологпен біріге отырып бірнеше  жұмыстар жүргіздім.

І.  А.Р.  Лурияның   қысқа  мерзімді  есте  сақтау  қабілетін  анықтау.

Бір – біріне  ұқсамайтын ,  бір-біріне байланыспайтын  он  сөз  дайындаймыз.  Мысалы:  ине, орман,  су,  кесе,  үстел,  саңырауқұлақ,  саты,   пышақ,  нан,  еден,  құмыра.

Нұсқау. «Қазір  мен  саған  сөздер  оқимын,  ал сен  есіңде  сақтағаныңды  маған  қайталап  бересің.  Мені   мұхият  тыңда.  Мен  оқып  болғаннан  кейін  бірден  қайтала.  Дайынсың ба?«Оқимын».  Осыдан  кейін  10  сөзді  нақты  айтыңыз,  балаға  қайталауды  ұсыныңыз.  Сөздердің  орыны  ауысса  болады.  Осы  жағдайды  5 рет  қайталаңыз.  Әр  аталған   сайын  сөздерге  х  белгісін  қойыңыз.  Хаттамаға   нәтижесін  енгізіңіз.  Бала  нешінші  рет  қайталағанда  көп  сөзді  есіне   сақтап  айтқанын  анықтаңыз.  Осыдан  кейін,  балаға  мынадай  мінездеме  беруге  болады.

А)  Егер  бала  бастапқыда  көп  сөз  айтып,  кейін  сөз  тізбегін  азайтса,  онда  зейіннің  шашыраңқылығын,  ұмытшақтықты  білдіреді.

Б)  Бірде  жоғары,  бірде  төмен  зигзаг  формасын  көрсетсе,  зейіннің  тұрақсыздығын  көрсетеді;

В) « Қисық»   формада  болса   эмоционалды  әлсіздікті,  қызығушылықтың  жоқтығын  көрсетеді.

ІІ.  Есте  сақтаудың  көлемін  анықтауға  арналған  Джекобсон  әдістемесі.

Бала  аталған  сандарды   тура  солай  айна  қатесіз  қайталауы  қажет.

Нұсқау. «Мен  саған  сандарды  айтамын,  ал  сен  есте  сақтауға  тырыс,  содан  кейін  маған  айтып  бересін».

2,7,4                                                           3,7,1

9,6,1,8                                                        3,0,6,2

4,7,2,5,9                                                     1,4,9,6,0

6,0,7,5,9,2                                                  3,8,1,5,7,2

1,7,4,2,8,3,9                                               9,0,3,8,5,2,7

Екінші  бақылау  тізбегі.  Егер  бала  тізбекті  айту  барысында   қателессе,  онда  тапсырма  екінші  тізбектен  қайталанады.

Бала  қайталау  барысында :

7  белгіні  айтса                                10  балмен  бағаланады

6  белгіні  айтса                                  9  балмен  бағаланады

5  белгіні  айтса                                 7 балмен  бағаланады

4   белгіні айтса                                 4 балмен  бағаланады

3  белгіні  айтса                                 1 балмен  бағаланады

ІІІ.  Оперативті   жүйеліліктің  даму  деңгейін  анықтау  әдістемесі.

 
           
           
           
           
           
           
 

Нұсқау. «Таблицаға мұқият қара» .Ол бірнеше торкөзге бөлінген.Ондағы фигуралар әртүрлі және формаларда  әртүрлі. Барлық фигуралар белгіленген ретпен орналасуы қажет: әр фигураның өз орны, өз торкөзі бар.

Енді таблицаның ортасына қара. Мұнда көптеген бос торкөздер бар. Сенің таблицаның астыңғы жағында бес фигура бар.Қай фигура қай торкөзде тұру керектігін қара және оны айтып бер.Фигураларды орналастыр. Мына фигура қай торкөзде болуы қажет?

Бағалау 10 балмен есептеледі.Әрбір қате 2 балдан алынып тасталады.

ІҮ.Образдық қиялын анықтауға арналған әдістеме.

Қиылған суретті құрастыру.Баланың алдында қонжықтың суретінің бөліктері ұсынылған.

Нұсқау. «Қонжықтың қиылған суреті, оны тезірек құрастыр.»

Бағалау:

10 б- 20 секундқа   5б- 80 секундқа

9б-30 секундқа       4б-100 секундқа

8б-40 секундқа      3б-120 секундқа

7б-50 секундқа    2б-130 секундқа

6б-60 секундқа    1б-180 секундқа

Ү.Әдістеме  «Көрсете отырып түстерді атау»

Әр түрлі 10 карточка әзірлеңіз: қызыл, қызғылт-сары, сары, жасыл, көгілдір, көк, күлгін, ақ, қара, қоңыр.

Балаға карточканы көрсетіп, сұраңыз: «Карточка қандай түске боялған». Дұрыс айтылғанын 10 карточкаға- 10 балл. Әрбір қатеге

1 балдан төмендету қажет.

Баланың мектепке дайындық коэффициенті   жүргізілген әдістеменің санына қарай баллдық жүйемен анықталады. Мектепке дайындық  коэффициенті  3 балға дейін-қанағаттанарлықсыз, 5балл-нашар, 7 балл- орташа, 9 балл- жақсы, 10 балл- өте жақсы дайындық.

Баланың мектепке  дайындығын тексеру нәтижесі былай болып шықты.

Бұл 1 – тоқсан бойынша жүргізілген  жұмыс. Ал орташа коэффициент алған оқушының ата-анасымен, оқушымен  одан әрі қарай психологпен біріге отырып жұмыс жүргіземін.

Педагог-психолог маманының қажеттілігі мен тынымсыз ізденісінің арқасында

Болашақта

Өзіндік бағыты айқын, мақсат, міндетін көре алатын интеллектуалдық дәрежесімен әлемдік интеграцияға ене алатын психологиялық негізі мықты, өзіне нық сеніммен болашаққа қадам баса аоатын жеке тұлғалармен  қарым-қатынастағы жоғары психологиялық ортаның орнайтындығы елестейді.

Бүгін

Отандық ғылымның дамуы, әдістемелік құралдардың жарық көруі, халық сұранысынң артуы мен маман       иесіне деген оң көзқарастың қалыптасуы көрінеді.

Кеше

Мамандықты дұрыс бағаламау, теріс түсінушілік пен істің сөз жүзінде ғана болуы байқалды.

Бұл салада педагог-психолог маманына үнемі жаңашылдықпен жан-жақты ізденіп, жоспарлы түрде жұмыс ұйымдастыра білу шеберлігі қажет деп ойлаймын.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Тәрбие құралы    №3 2011ж

2.Мектептегі психология  №7 2011

3. Мектептегі психология  №8  2011

4. Мектептегі психология  №9  2011

5. Мектептегі психология  №10 2011

6.Мектептегі психология  №11  2011

 

Blog post image

Сын тұрғысынан ойлауды оқу мен жазу арқылы оқытудың тиімділігі.

Тұтқабекова Дина-№247 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі, Қызылорда обылысы, Жаңақорған ауданы,Бесарық бекеті

Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының бабына сәйкес мұғалімдер білім алушылар мен тәрбиеленушілер және тиісті мемлекеттік жалп міндетті білім беру стандартында көзделген деңгейден төмен емес білім, шеберлік пен дағды алуын қамтамасыз етуге міндетті. Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық саласы технологияларын меңгермейінше сауатты жан-жақты маман болуы мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интелектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани азаматтық және де басқа көптеген адами қабілетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдамстыруына көмектеседі.

Қазіргі кезде педагогикалық технология ұғымы біздің педагогикалық лексиконымызға берік еніп келеді. Оның мән-мағынасы туралы пікірлер де алуан түрлі. Түсіндірме сөздікте «Технология-бұл қандай да болсын істеген шеберліктегі, өнердегі амалдардың жиынтығы» деп көрсетілген.

Осыған орай оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруда оқытудың жаңа технологияларын  жетік меңгеріп қана жетуге болады.

Олар үшін:

-          білім алуды қамтамасыз етуге даярлауы тиіс;

-          оқушыларға үздіксіз білім алуды үйрету керек;

-          мұғалім оқушылардың білімге деген құштарлығын дамытуға көңіл бөлуі керек;

-          оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай оқытудың мазмұны шектелмеуі тиіс;

-          оқытудың  өз тәжірибесі , оқытудың негізі, оқыту барысында болжам, қиял,ойлап табу пайдалануы қажет;

-          сезу, ойлау шығармашылық қасиеті ретінде қарастырылуы тиіс;

білім беру жүйесін қайта құру бастауыш мектептен басталатыны белгілі. Ал мектепте білім беруді жақсартуға мұғалімге байланысты екені сөзсіз. Сондықтан да қазіргі мұғалімдердің білім сапасын арттыруға көп көңіл бөлуде. Соғын орай білім берудің жаңа технологияларын (білім беруді ізгілендіру, ойын арқылы оқыту, өздігінен дамыту т.б.) мақсатқа сай қолдана білу қажет.

Оқытудың жаңа технологиясын жете меңгерген, оны оқушылардың жас және психологиялық ерекшелігінен қарай таңдап пайдаланудың маңызы зор. Педагогикалық жаңа технологиялар іс-әрекетке, оқыту барысында жүзеге асатын педагогикалық жүйе. Педагогикалық жүйе-жеке, дара тұлғаны жетілдірге, қалыптастыруға бағыттау мен белгілі бір мақсатқа жету жолындаы арнайы педагогикалық ықпалды ұйымдастыруға қажетті өзара байланысқан әдістердің, құралдардың жиынтығы.

Педагогикалық технологияның негізгі әдіс-тәсіл, амалдардың ең тиімдісін әр тұлғаның немесе сыныбындағы оқушы қажетіне қарай аударып, талғап-талдап қолдануда. Ұстаздар естен шығармайтын негізгі мемлекеттік стандарттың талаптарын толық басшылыққа ала отырып жұмыс істеуінде.

Бүгінгі оқыту  жүйесінде әртүрлі жаңа технологияларды пайдалану тәжірибеге еніп нәтижелер беруде. Жалпы білім беретін орта мектеп  мұғалімдері жаңалықтарды жылдам қабылдап, оларды практикада қолдануда үлкен белсенділік танытып отыр.

Оқыту барысында жаңа технологиялық әдістерді пайдалану шәкірттердің ойлана білу қабілеттерін дамытады, олардың білім сапасын жақсартады, ой өрісін кеңейтеді, есте сақтау қабілеттерін өсіреді. Оқыту мен дамыту әдістерінің екеуі де жеке тұлғаның қалыптасуына үлкен ықпал ететін маңызды айғақтар болып саналады.

Мектепте оқытуды ұйымдастыратын бірден-бір нұсқа сабақ болса, сабақтың нәтижелі болына ықпал ететін нұсқа  сол  сабақты өткізудің әртүрлі әдіс-тәсілдері, яғни жаңашыл сабақ. Қазіргі кезде шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалімдердің тынымсыз ізденуі нәтижесінде оқу-тәрбие жұмысының тиімділігін арттырудың жаңа технологиялары өмірге  келді.

Қазіргі білім беру саласында оқытудың жаңа технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болуы мүмкін емес.

Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің кәсіптік, адамгершілік, рухани және де көптеген адами келбетінің қалыптасуына әсерін тигізеді. Өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыруына көмектеді. Жаңа технологияларды күнделікті сабақ үрдісінде  пайдалану үшін әр мұғалім өзінің алдында отырған оқушыларының  жас ерекшеліктерін ескере отырып, педагогикалық мақсат-мүддесіне  байланысты өзінің шеберлігіне байланысты таңдап алады. Жаңа технологияны жүзеге асыруда мұғалім белсенділігі, шығармашылық ізденісі, өз мамандығына  деген сүйіспеншілігі, алдындағы шәкірттерін бағалауы ерекше орын алады. Жаңа техногияның өзі әр түрлі атқарушылардың шеберлігіне байланысты әр қилы жүзеге асырылуы мүмкін. Мұғалімдерге шығармашылық еркіндік берілуі. Әр сабақтың сапалы болып, оның тиімділігін арттыру-ізденімпаз, шығармашылығы шыңдалған ұстаздың қолында.

Осындай оқытудың жаңа технологияларының біріне-сабақты, дәрісті өткізуді «Сыни тұрғыдан  ойлау бағдарламасы» бойынша ұйымдастыру жатқызылады. Бұл әдісте талданып отырған мәселе бойынша әр бір оқушы өз топшылауын, өз пайымын білдіреді, өзіндік дәлелдер келтіреді, басқалардың ой түйіндерін сынайды, олардың мәнді, мағыналы жақтары жөнінде өз пікірін, өз тоқтамын жасайды. Бұл әдіс шәкірттерге де, оқытушыларға да үлкен жауапкершілікті жүктейді. Оқуыту әдістерін жетілдіруге, дамытуға олардың тиімділігін арттыруға көмектеседі.

Шәкірттердің сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамытуға арналған оқытудың әдіс-тәсілдері білім алушыларға құбылыстардың себептерін толық ұғынуға, ережелер мен заңдылықтардың сырларын терең түсінуге, олардың ғылыми білімдегі орнын аңғаруға қолайлы жағдаяттар жасайды.Мұндай  әдістер,  әсіресе, табиғатынан тұйық , өз ойын тәптіштеп  түсіндіруге  шалағай, өздеріне сенімсіздеу, талданған мәселелерден,  баяндалған тақырып мазмұнынан  тиісті байлам, түйін жасауда жасқаншақтық байқататын  оқушыларға пайдасы  ұшан теңіз екеніне көзіміз жетті. Сабақ барысында шәкірт тердің сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін жетілдіруге, дамытуға арналған оқыту технологиясы оларға еркін ойлауға, байқалған, баяндалған мазмұнынан тәуелсіз пайымдамалар жасауға мүмкіндік береді, шығармашылық белсенділігі жоғарылайды, ұжымдық ойласу, ұжымдық тұжырымдар жасауға белсене атсалысады, ұжымдық қорытындыда  өз үлесі бар екенін сезіп, қуаттана марқаяды, келесі мәселелер түйінін шешуге еркін араласады, өз ойын жасқанбай айтуға үйренеді. Тақырыптың негізігі өзегін, бағытын, мән-мағынасын түсінеді, тіл байлығын жетілдіреді, өз ойын қысқа, мазмұнды, мағыналы, дәлелді баяндауға дағдыланады, пәнге қызығушылығы артады, ғылым негіздерін игеру әдістерін меңгереді , сөйтіп өзін келесе мәселені талдауға дайындайды.

Сын тұрғысынан ойлау-сынау емес, шыңдалған ойлау. Оқушының бұл жұмысты дұрыс ұйымдастырған жағдайда өз даму деңгейіне сәйкес ойы шыңдалып, белгілі бір жетістіктерге жетері сөзсіз. Жұмыс жасау барысында мұғалім оқушының өзін ізденуге жетелейді. Біздің міндетіміз- оқушыға оны бойында жасынып жатқан мүмкіндіктерін ашып көрсету.

Оқушы бұрын тек тындаушы болса, енді ізденуші, ойланушы, өз ойын дәлелдеуші болады, ал мұғалім осы әрекетке бағыттауда, оқуды ұйымдастыруда жетекші рөл атқарады.

Бұл стратегия сабақ жүйесінде іштей үш кезеңге бөлінеді:

  1. Қызығушылықты ояту:

Бұл кезеңде оқушыларды сабаққа психологиялық тұрғыдан дайындай отырып, қызығушылықтарын арттырудың әртүрлі әдіс амалдары қарастырылады. Сондай-ақ оқушыларды қалай қызықтыру керек деген сұраққа жауап деп қарауға болады;

-          шын мәніндегі мәселені ұсыну және оқыту мақсатын бірлесіп дайындау;

-          оқушының бұрынғы тәжірибесімен байланыс орнату;

-          жаңа идеяны түсінуге дайындау;

Оқушы өз білетінін еске түсіреді, қағазға жазады, көршісімен бөліседі, тобында талқылайды. Бұл кезеңде  «Ассоциация» , «Топтау», «Түртіп алу», «Болжау», «Әлемді шарлау»  әдістерін пайдалануға болады.

  1. Мағынаны тани білу-жаңа білімді игеру кезеңі:

Бұл кезеңде оқушы жаңа ақпаратпен танысады. Тақырыпты мұғалім түсіндіріп оқып бермейді. Тақырып бойынша оқушылар өздері жұмыс істейді және топпен жұмыс жасап белсенділік көрсетуге жағдай жасалады. Оқушының білімін қалыптастыру деңгейінде, оны зерттеу, талдау, жауап табу үшін жеткілікті материал болу керек, ол үшін:

-материалды меңгеру;

-белгілі және жаңа білімді бөлу;

-сұрақ қою;

-барлық мүмкін байланыстарды өткізу; «Өзара оқыту әдісі», «Кең ауқымды лекция» әдісі, «Инсерт» әдісі, «Білемін, білгім келеді, үйренемін», т.б. әдіс-тәсілдерді қолдану оқушының өздігінен білім алу, шығармашының іс-әрекеттерінің оянуы, бір сөзбен айтқанда , өзіндік еңбек ету кезеңіне айналдырады.

3. Ой толғаныс:

Жаңа алынған білімді айқындайтын және ұштайтын деңгейде оқушыда шешім қабылдай алатын мүмкіндік болу керек:

-оқығанын өзіндік ойлау тұрғысынан көрсете білу;

-өз сұрақтарын қою және оған жауаптар табу;

-болжау жасай білу және олардың дұрыстығын тестілеу;

-жаңадан пайда болған жағдайларды тез түсінуге осы білімді қолдану;

Толғануды тиімді етуге лайықталған:

«Бес жолды өлең», «Вен диаграммасы», «Кейіпкерге хат», «Кубизм», «Т кестесі» т.б. әдіс-тәсілдер әр сабақтың ерекшелігіне ауыр-жеңілдігіне қарай лайықты қолданылады. Бұл әдістің тиімділігі сабақтан тысқары қалатын оқушы болмайды.

Сын тұрғысынан ойлауды үйрету үшін мына шараларды орындауы шарт:

  1. Сын тұрғысынан ойлауды үйрету үшін уақыт керек.
  2. Оқушыларға өз ойын ашық, еркін айтуға  рұқсат беру.
  3. Әр түрлі идеялар мен пікірлерді қабылдау.
  4. Үйрену барысында оқушылардың белсенді іс-әрекетін қолдау.
  5. Оқушылардың бір-бірінің жауабына жасаған сынының дәлелді, дәйекті болуын талап ету.
  6. Кейбір  оқушылар қолайсыз жағдайға түсіп қалса, әжуаламау, келеке етпеу.
  7. Сын тұрғысынан ойлауды бағалау, оқушылар арасында сенімділікпен жұмыс жасау, бар ынтасымен оқуға берілу, пікірлерді тыңдау, құрметтеу, өз пікірін ашық білдіруін талап ету.
  8. Балалар шешімі мен осы мәселе туралы не ойлаймын жаңа мазмұнды алынған ақпарат менің бұрынғы білетініме сәйкес келе ме? Маған бұл жаңа ойлар қаншалықты әсер етті.
  9. СТО-өз алдына сұрақтар қойып жауап іздеу. Берілген сұрақтарға  «Ал егер бұлай болса»-деп өз пікірін айтқызуға оны дәлелдей білуге үйрету басқалардың келтірген  аргументтерінің қисынын зерттейді. Білімді меңгеру үшін қажетті дағдыларды өз бетімен қолдануға үйрету. Оқушы бойында білуге деген құштарлықты дамыту.Ізденіс жасауға арналған стратегияларды, білім алу стратегияларын үйренуге деген құлшынысты қалыптастыру.

Оқу мен жазуды сыни тұрғыдан ойлау дегеніміз не?-деген сұраққа американдық профессор  Дэвид Клустер, сыни деп айтуға келмейтін құбылыстарға тоқтала отырып, сыни тұрғыда ойлауды  анықтайтын үш пункті ұсынады:

Біріншіден, сыни тұрғыдан  өзіндік жеке ойлау болып табылады дейді мысалы сабақ барысында әр оқушының өз ойлары мен пікірлерін басқалардан тәуелсіз құруы.

Екіншіден,сыни ойлауды тудыратын білім дәлелдемелері екеніне тоқталады.

Үшіншіден,сыни тұрғыдан ойлау сұрақтар қойып шешімін табуды қажет ететін мәселені  анықтаудан басталады,-дейді.

Қорыта  айтқанда сыни тұрғыдан ойлау бағдарламаса бойынша жүргізілген сабақтар іздеудің мән-жайына қаныға, білімді тереңінен айтуға төселеді дәлелдер келтіру, дәлелдеу тәсілдеріне жаттығады теория мен практиканың бірлігін игереді,жеке және топпен бірлесіп мәселе түйінін шешу жолдарын табуға жаттығады,өз жолдастарының пікірімен санасуға, өткір сындарды тыңдап одан тиісті қорытындылар жасай білуге машықтанады.

Бұл бағдарламаны өз сабақтарымда әдіс-тәсілдерін қолдану барысында түсінгенім оқушылардың бірін-бірі тыңдап, құрметтеуіне үйретуі, бұрын үндемей отыратын балалардың сабақ барысында қызу араласуы сабақтың ерекше, олардың еркін сөйлеп, ойларын ашық жеткізуге мүмкіншілік туғызады. Бұндай әрекет сабақтың барлық үш кезеңінде байқалып отыратындығы сөзсіз. Осы «Сын тұрғысынан ойлау» бағдарламасы арқылы оқытудың тиімді екенін атап айтуға болады.

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Ұ.Жазықбаева. Оқытудың технологиясы. «Бастауыш мектеп» №3 2003 ж
  2. Ұ.Жазықбаева. Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды меңгерту жолдары. «Бастауыш мектеп» №10 2003 ж
  3. С.Әлкен. Жаңа технологиялар арқылы шығармашылыққа баулу.
  4. «Бастауыш мектеп» №1 2006 ж
  5. Ж.Тәттібаева. Педагогикалық технологияны пайдалану ерекшеліктері.
  6. «Бастауыш мектеп» №3 2006 ж
  7. К.М. Метербаева. Оқытудың жаңа текнологиясын пайдалану.Бастауыш мектеп N2 2007 жыл.
  8. Р.Қ.Қарсыбаева.Сын тұрғысынан оқу мен жазуды дамыту технологиясының ерекшелігі.
  9. «Бастауыш мектеп» №1 2009 ж.
  10. С.Мирсентова. Оқыту ізденіс ретінде және ізденіс оқыту ретінде. Қарағанды 2011 ж.
  11. С.Мирсентова Әрекеттегі философиясы мен әдістері.Қарағанды.2011 ж.
   

Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін оқыту арқылы оқушыларды отансүйгіштікке тәрбиелеу

Жәнібекова Айгүл-№169мектеп мұғалімі, Қызылорда облысы, Жаңақорғанқонысы

Өскелең ұрпақты Мемлекеттік рәміздерді білуге,  оны құрметтеуге үйрету баршамыздың парызымыз. Мемлекеттік рәміздерді қастерлеуге,сүюге үйрету арқылы жас ұрпақ бойында қазақстандық патриотизмді қалыптастырамыз.Мемлекеттік рәміздер-біздің туған жер, Отан , патриоттық деген ұғымдармен тығыз байланысты ұлттық мақтанышымыз.

Ендеше Туымыз тұғырлы, Елтаңбамыз еңселі, Әнұранымызбен асқақ тәуелсіз Қазақстанның болашағы жарқын болсын.

ҚР-сының Конституциясының 1-тарау, 9-бабында: «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері – Туы, Елтаңбасы және Гимні бар. Олардың сипаттамасы және ресми пайдалану тәртібі конституциялық заңмен белгіленеді» және 2-тарау, 34-бапта       «Әркім Республиканың мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге міндетті»[1] делінген.  ҚР-сының білім беру ұйымдарында 2006-2011 жылдарға арналған кешенді тәрбие бағдарламасында: «Ұлтжандылық тәрбиесі – жеке тұлғаны ұлтжанды азаматтық қасиеттерімен қаруланған, Отан алдындағы азаматтық міндетін бейбіт және қиын кезеңде абыроймен орындауға бағыттайтын тәрбие.»[2]  дейді.

Еліміздің президенті  Н.Ә.Назарбаев өз сөзінде: «Біз ұлы жолға шықтық, арманды сапарға аттандық. Қолымызда – тәуелсіздіктің көк туы. Елтаңбамызда – бар халықтың басын біріктірер киелі шаңырағымыз, арманымызды алға апарар қанатты пырақтарымыз бар» дейді.

Белгілі ойшыл, ғұлама Конфуций «Әлемді нышандар мен рәміздер билейді» дейді, яғни осы бір пікірге қарап-ақ біз рәміздердің қаншалықты маңызды екенін байқаймыз. Мемлекеттің мемлекет болып қалыптасуы үшін оның ең алғашқы жасайтын маңызды ресми қадамдарының бірі – елдің туын, әнұранын, елтаңбасын сайлап алу. Өйткені, мемлекеттік рәміздер – белгілі бір халықтың өзінше өмір салтын, бүкіл болмыс ерекшелігін, айрықша арман-аңсарын, басқалармен байланыс мұратын білдіретін белгі. Тәуелсіздік деген қасиетті ұғым мәдени нашандар ретінде сөйлейді.. Мемлекеттік рәміздер  ретінде ту мен елтаңба – егемендік пен тәуелсіздік идеяларының нақты заттық белгілері. Әнұран – осы  ізгі ұғымдардың бірден – бір рухани жаршысы.

Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу – адамзат өркениетімен бірге қалыптасып, бірге дамып келе жатқан қоғамдық-саяси құбылыстардың бірі. Адам жанының нәзік қылын шертіп, айрықша аңсарларын қозғайтын әсері болғандықтан, адамдардың түр-түсі мен тегіне, қоғамда алатын орны мен жас шамасына, тіпті қашанда құбылмалы келетін саяси ұстанымдарға да қарамастын ешкімге жаттығы жоқ, көпке ортақ феномен. Өз мемлекетінің туы желбіреп, әнұранының әуені тербелгенде немесе сөзімен қоса шырқалғанда селт етпейтін жүрек жоқ. Сөз жоқ, туға тағзым – елге, жерге, тарихқа тағзым. Туға құрмет – елге, жерге, тарихқа деген құрмет. Бұл елтаңба мен әнұранға қатысты. Өйткені, олар – мемлекетіміздің құты мен қасиеті. Ал елін шын сүйетін адал азамат өз Отанының бойтұмар белгілерін да қасиет тұтары анық.

Мемлекеттік рәміздердің жалпыұлттық деңгейде мойындалуы, ел азаматтарының сана-сезімінде барынша терең сәулеленуі – оларға деген құрмет сезімін қамтамасыз етудің бірден–бір кепілі. Тек сондай әлеуметтік негіз ғана ресми рәміздерді және оларға байланысты әр алуан идеяларды тиімді пайдалану практикасына қатысты ұлттық дәстүрлер қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Әр адамның ой-санасы арқылы өтіп, жан жүрегімен қабылдаған азаматтық позициясына айналған мемлекеттік рәміздерді қастерлеу көзқарасы жоғары патриотизмнің, Отанға деген сүйіспеншіліктің және ел мүддесін өзге мүдделерден жоғары қоюға баулудың өзегі болып табылады. Мемлекеттік рәміздер қашан да адамдар санасында мемлекеттілік идеясын және соған сәйкес құндылық бағдарларын қалыптастыруға, өркениеттілік пен мәдениеттілік рухын  орнықтыруға тікелей әсер етіп келеді және солай болады да.

Мемлекеттік рәміздерге құрметпен қарау жөніндегі ұлттық рәсімдердің сипаты мен деңгейі әр елде әр түрлі көрініс тапқан. Дамыған елдердің ішінде АҚШ-та мемлекеттік туға ізет таныту – жалпыхалықтық құндылық бағдары, жоғары отаншылдық көрінісі және мемлекеттік мүдделерге адалдық танытудың бір көрінісі деп есептеледі. Америкалықтардың төрттен үші өздерінің американдық болғандарын мақтаныш тұтады. Олардың ең сүйікті символдарына америкалық ту, Тәуелсіздік статуясы, мемлекеттік әнұран, ақбасты бүркіт(елтаңбада бейнеленген), Ақ Үй жатады екен. Әрбір екінші жанұяда мемлекеттік ту ілініп тұрады және жүргізушілердің 15-20 пайызы оны машинасына  іледі екен. Швецияда жылма-жыл ұлттық мереке ретінде аталып жүрген Мемлекеттік ту күні бар.

Әрине, қастерлеп, қасиеттеу үшін алдымен мемлекеттік рәміздер туралы терең түсінік болуға тиісті. Біздің елімізде де мемлекеттік рәміздерге ерекше мән беріледі. Оның дәлелі ретінде, жоғарыда аталған мөлшерлік – нұсқаулық құжаттардағы рәміздерге байланысты айтылған бөлімдерді айта аламыз. Білім беру ұйымдарында рәміздер өз дәрежесінде заңдық тұрғыда қолданылады. Оқу жылының басталуы мен аяқталуында, белгілі бір маңызды іс-шаралар әнұранмен ашылады. Аспан текті зеңгір көк түсті туымыз төбемізде желбірейді. Елтаңбамыз төрімізден орын алған. Және де мемлекеттік рәміздерімізге арнайы бұрыш жасалған.Бұларды көрген сайын әрбір білім алушының  туған халқына, туған еліне деген түсініктері тереңдеп, отаншылдық сезімдері нығая түседі.

«Біз тәуелсіздікке аңсап, зарығып жеттік. Енді сол тәуелсіздіктің қасиетті белгілерін де ерекше қадірлеуіміз, қастерлеуіміз керек.  Әрбір азамат Қазақстанның туын, елтаңбасын, әнұранын тұмардай қасиет тұтуы қажет. Елдігіміздің сыналатын бір тұсы осы» деген Н.Ә.Назарбаевтың сөзін және де ҚР Білім туралы заңының 8-бабындағы: «Білім беру жүйесінің міндеттері мыналар болып табылады:   Азаматтық пен елжандылыққа, өз Отаны ҚР-на сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, халық дәстүрлерін қастерлеуге тәрбиелеу» деген міндеттерді  жандандыра түскіміз келсе, рәміздерімізді тек төрімізден орын беріп, іліп қоя салу жеткіліксіз, біз  ол туралы кеңінен насихаттауымыз керек.

Әрбір жас өрен тәуелсіздіктің нышаны - ел рәміздерінің шығу тарихын, оның авторларын, қолданылу сипатын терең меңгеріп, қадір-қасиет тұтуы үшін  мен өзімнің әрбір жаңа сабағымды Әнұранмен бастаймын. Сондай-ақ аудандық мұражайға, кітапханаларға жиі саяхат жасап отырамын. Осы жақында ғана мұражайда болып, тәуелсіздіктің 20-жылдығына арнайы жасақталған көрмені тамашалап қайттық.Мұражай қызметкерлері Мемлекеттік рәміздер жайлы, осы 20-жыл ішінде атқарылған игі бастамалар жөнінде  кеңінен мағлұмат берді.

Мен өз сыныбымда Мемлекеттік рәміздерді қалай насихаттаймын, қандай әдіс-тәсілдерді пайдаланып жүрмін?  Осыған орай сыныбымда өткен «Мақтанышым –Мемлекеттік рәміздер» атты ашық сынып сағатымды ұсынбақпын.

  • Мақсаты:
  • 1. Білімділік: Оқушыларға еліміздің рәміздерінің мағынасын терең түсіне білуге, мемлекеттік рәміздердің авторларының өмірбаяндарын, еңбек жолдарын үйрету.
  • 2. Дамытушылық: Оқушылардың мемлекеттік нышандарды оқып- үйренуде өзіндік дағды қалыптастырып және шығармашылық қабілеттерін дамыту.
  • 3. Тәрбиелік: Оқушыларды Отансүйгіштікке, адалдыққа, адамгершілікке, мемлекеттік рәміздерді қастерлеуге, кұрметтеуге  тәрбиелеу.
  • Тәрбие сағатының әдісі:  іздену, сұрақ-жауап, әңгімелеу
  • Көрнекілігі:  Қазақстан Республикасының рәміздері, Қазақстан Республикасының рәміздерінің авторларының суреттері.
  • Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды түгендеу,назарларын сабаққа аудару. Құрметті оқушылар, бүгін біз Мемлекеттік рәміздеріміз жайлы терең, жан-жақты білуге және Мемлекттік рәміздеріміздің авторлары жайлы , олардың өмірлері жайында, еңбек жолдарымен таныса отырып, өз білімімізді ой- өрісімізді кеңейтеміз. Сыныпты 3-топқа бөліп отырғызамын.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТIК ТУЫ

– Қазақстан Республикасының мемлекеттiк негiзгi рәмiздердiң бiрi. ҚР Президентiнiң “Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк рәмiздерi туралы” конституциялық заң күшi бар Жарлығымен 1992жылы  4- маусымда белгiленген. Мемлекеттік ту көгiлдiр түстi тiк бұрышты кездеме. Оның ортасында арайлы күн, күннiң астында қалықтаған қыран бейнеленген. Ағаш сабына бекiтiлген тұста — ұлттық оюлармен кестеленген тiк жолақ өрнектелген. Күн, арай, қыран және ою-өрнек — алтын түстi. Тудың енi ұзындығының жартысына тең. ҚР мемл. туының авторы — суретшi Шәкен Ниязбеков. Бiрыңғай көк-көгiлдiр түс төбедегi бұлтсыз ашық аспанның биiк күмбезiн елестетедi және Қазақстан халқының бiрлiк, ынтымақ жолына адалдығын аңғартады. Бұлтсыз көк аспан барлық халықтарда әрқашан да бейбiтшiлiктiң, тыныштық пен жақсылықтың нышаны болған. Геральдика (гербтану) тiлiнде — көк түс және оның түрлi реңкi адалдық, сенiмдiлiк, үмiт сияқты адамгершiлiк қасиеттерге сай келедi. Ежелгi түркi тiлiнде “көк” сөзi аспан деген ұғымды бiлдiредi. Көк түс түркi халықтары үшiн қасиеттi ұғым. Түркi және әлемнiң өзге де халықтарындағы көк түстiң мәдени-семиотик. тарихына сүйене отырып, мемлекеттік тудағы көгiлдiр түс Қазақстан халқының жаңа мемлекеттiлiкке ұмтылған ниет-тiлегiнiң тазалығын, асқақтығын көрсетедi деп қорытуға болады. Нұрға малынған алтын күн тыныштық пен байлықты бейнелейдi. Күн — қозғалыс, даму, өсiп-өркендеудiң және өмiрдiң белгiсi. Күн — уақыт, замана бейнесi. Қанатын жайған қыран құс — бар нәрсенiң бастауындай, билiк, айбындылық бейнесi. Ұлан-байтақ кеңiстiкте қалықтаған қыран ҚР-ның еркiндiк сүйгiш асқақ рухын, қазақ халқының жан-дүниесiнiң кеңдiгiн паш етедi.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТIК ЕЛТАҢБАСЫ.

Елтаңба — Қазақстан Республикасының негiзгi мемлекеттiк рәмiздерiнiң бiрi. ҚР Президентiнiң “Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк рәмiздерi туралы” конституц. заң күшi бар Жарлығымен 1992 жылы 4-маусымда белгiленген. Рәмiздiк тұрғыдан ҚР мемл. гербiнiң негiзi — шаңырақ. Ол — гербтiң жүрегi. Шаңырақ — мемлекеттiң түп-негiзi — отбасының бейнесi. Шаңырақ — Күн шеңберi. Айналған Күн шеңберiнiң қозғалыстағы суретi iспеттi, Шаңырақ — киiз үйдiң күмбезi көшпелi түркiлер үшiн үйдiң, ошақтың, отбасының бейнесi. Тұлпар — дала дүлдiлi, ер-азаматтың сәйгүлiгi, желдей ескен жүйрiк аты, жеңiске деген жасымас жiгердiң, қажымас қайраттың, мұқалмас қажырдың, тәуелсiздiкке, бостандыққа ұмтылған құлшыныстың бейнесi. Қанатты тұлпар — қазақ поэзиясындағы кең тараған бейне. Ол ұшқыр арманның, самғаған таңғажайып жасампаздық қиялдың, талмас талаптың, асыл мұраттың, жақсылыққа құштарлықтың кейпi. Қанатты тұлпар Уақыт пен Кеңiстiктi бiрiктiредi. Ол өлмес өмiрдiң бейнесi. Бiр шаңырақтың астында тату-тәттi өмiр сүретiн Қазақстан халқының өсiп-өркендеуiн, рухани байлығын, сан сырлы, алуан қырлы бет-бейнесiн паш етедi. Бес бұрышты жұлдыз гербтiң тәжi iспеттi. Әрбiр адамның жол нұсқайтын жарық жұлдызы бар. Қ.Р Елтаңбасының авторлары — Ж.Мәлiбеков пен Ш.Уәлиханов.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік әнұранының мәтіні 
сөзі: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев, әні: Шәмші Қалдаяқовтыкі

  • Алтын күн аспаны,
    Алтын дән даласы,
    Ерліктің дастаны,
    Еліме қарашы!
    Ежелден ер деген,
    Даңқымыз шықты ғой.
    Намысын бермеген,
    Қазағым мықты ғой!
  • Қайырмасы:
    Менің елім, менің елім,
    Гүлің болып егілемін,
    Жырың болып төгілемін, елім!
    Туған жерім менің – Қазақстаным!
  • Ұрпаққа жол ашқан,
    Кең байтақ жерім бар.
    Бірлігі жарас қан,
    Тәуелсіз елім бар.
    Қарсы алған уақытты,
    Мәңгілік досындай.
    Біздің ел бақытты,
    Біздің ел осындай!
  • Қайырмасы:
    Менің елім, менің елім,
    Гүлің болып егілемін,
    Жырың болып төгілемін, елім!
    Туған жерім менің – Қазақстаным
  • Міне осындай ұлы тұлғаларымыздың ерен еңбегінің арқасында біздің Қазақстан Республикамыздың рәміздері өмірге келді.
  • Бәрі: Тәуелсіздік туын биік ұстап, мемлекетіміздің рәміздерін әрқашан мақтан ете білейік!
  • Ту қай жерлерде ілінуі керек?
  • Әнұран қандай жағдайларда айтылады?
  • Ақын-жазушылардың рәміздер туралы жазған өлеңінен үзінді оқып бер.
  • Елтаңбада не бейнеленген?
  • Қ.Р-сының мемлекеттік рәміздері қашан бекітілді?
  • Әр топ өз идеяларын қорғауы керек.
 
  • Мына сөздерден басқа сөздер жазыңдар.

Елтаңба           Байрақ                Әнұран

Ел                     Бай                      Ән

Таңба                Ай                        Ұра

Таң                    Қар                      Ұн

Аң                      Ақ                        Нан

Сен білесің бе?
Мемлекеттік рәміздердің қолданылатын орны айтылады,оқушы қай белгі екенін анықтайды.

  • Төлқұжатта,туу туралы куәлікте,орта білім туралы аттестатта бейнеленген.
  • Елтаңба
  • Президент резиденциясында,Үкімет үйінде ілулі тұрады.Барлық мемлекеттік мекемелерде бар.
  • Ту

Республика,облыс,аудан көлеміндегі маңызды мәжілістерде орындалады.

Әнұран

1-топ            Әнұран

2-топ            Елтаңба

3-топ            Ту

Ойын “Кім жылдам?”

  • 1-топ. Суреттердің арасынан Қ.Р-сының елтаңбасын табуы керек.
  • 2-топ.Суреттердің арасынан Қ.Р-сының туын табуы керек.
  • 3-топ.Суреттердің арасынан рәміздерге қатысы жоқ суреттерді табуы керек.

Ойын “Образға ену”

  • Оқушылар образға ену арқылы өзінің қалай жасалғанын,қай жерде қолданылатыны туралы өз ойларын айтып шығады.
  • 1-топ “Мен елтаңбамын”
  • 2-топ “Мен тумын”
  • 3-топ “Мен әнұранмын”

Сен өз мемлекетіңді, ауылыңды   болашақта қалай елестетесің?

(эссе жазу)

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. ҚР-сының Конституциясы

2. ҚР-сының білім беру ұйымдарында 2006-2011 жылдарға арналған кешенді тәрбие бағдарламасы

3. Е.Шаймерденов. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері. А., «Жеті жарғы» 2001 ж.

4. Интернеттен w.w.w. google. ru.

5. ҚР Білім туралы заңы.

   

Ұлттық тәрбие бастауыш білім жүйесінде

Макишева А.А – Көкшетау қаласы №6 орта мектеп мұғалімі, Көкшетау, Ақмола облысы

«Рухани тәрбиесіз берілген білім- адамзаттың қас жауы» деген екен ұлы Әл-Фараби. Адамға бірінші білім емес тәрбие берілуі керек. Ендеше тәрбиенің қайнар көзі – халық педагогикасы. Ұлттық дәстүр мен әдет-ғұрыптар және ұлттық өнеріміз халық педагогикасының маңызды көзі екені белгілі. Осы құралдың  балаларды халықтық салт дәстүрді, әдет-ғұрыпты қастерлеп, құрметтеуге үйрету, өз жұртының мол мұрасы, әдебиеті мен мәдениетін, тілін, дінін, ұлттық ерекшеліктерін білетін, бағалайтын азамат болып қалыптасуында берер пайдасы аса зор. Жинақ ұлттық салт-дәстүрлер арқылы балаға ақыл-ой, адамгершiлiк, әсемдiк, дене, денсаулық, еңбек тәрбиелерiн беру, мiнез-құлық дағдыларын қалыптастыруына бағытталған. Осы ұлттық тәлім – тәрбиеге негізделген құрал ұстаздарға, әсіресе бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған.

Халық педагогикасын ұлықтауда алға қойылған мақсаттарға жетіп, ұстаздықтың шыңына шығуларыңызға көмекші құралы ретінде ұсынамын.Ұшы-қиырсыз жазира дала тұрғындары өздерiнiң сан ғасырлар бойғы тарихында жас ұрпаққа тәрбие берудiң бай тәжiрибесiн жинақтап, ұлттың өзiндiк салт-сана мен әдет-ғұрып, дәстүр рәсiмдерiн туғызды. Халық педагогикасының “Сегiз қырлы, бiр сырлы” ұстанымы, жан-жақты жетiлген азамат тәрбиелеу.

Бүгінгі ғаламдану процесінде ұлттық құндылықтарды сақтау мен өзінің бет-бейнесін, ізгі дәстүрлерін сақтау жолындағы күрес ұлттық сананы сақтау күресі екенін түсіну. Ұлттық тәрбие деп жеке тұлғаның ұлттық сана сезімі мен мінез-құлқының ана тілін, ата тарихын, төл мәдениетін және ұлттық салт-дәстүрлерді меңгеруі негізінде қалыптасуын айтамыз  Ұлттық мәдени құндылықтар дегеніміз не? Қарапайым тілмен айтқанда ұлттық мәдени құндылықтар – белгілі бір ұлтқа, ұлт азаматына тән зат, адами қадір-қасиет, яғни халық ғасырлар бойы жинақтаған ұлттық рухани және материалдық құндылықтар.

Салт – кәсіпке, сенімге, тіршілікке байланысты әдет-ғұрып, дәстүр. Ол ұрпақтан-ұрпаққа ауысып отырады. Уақыт өткен сайын салтқа өзгеріс еніп, өзгеріп, қоғамға байланысты бейімделіп келеді. Жаңа қоғамдық қатынасқа сай келмейтін дәстүрлер ығысып, өмірге қажетті жаңалары дамып отырады. Дәстүр – ұрпақтан-ұрпаққа ауысатын, тарихи қалыптасқан нормалар мен үрдістер. Ол – қоғамдық ұйымдар мен халықтың мінез-құлқының, іс-әрекетінің рухани негізі. Дәстүр мәдениетпен тығыз байланысты, сондықтан мәдениеті дамыған ел дәстүрге де бай. Ата-ананы құрметтеу, үлкенді сыйлау, адалдық, әділеттілік, мейірімділік сезімдері озық дәстүрлерге жатады. Дағды, әдет-ғұрып деген ұғымдар адамның мінезі мен тіршілігіне байланысты қанға сіңген қылықтарды білдіреді.

Өз ұлтын қадірлеп-қастерлеген, ұлт қадірін білген азаматтың бірі Ж.Аймауытов: «Мен халыққа кіндігіммен байланып қалғанмын.Оны үзе алмаймын. Үзу қолымнан келмейді» - дейді. Сырым Датұлы: «Мен ағайынды екеумін: бірі -өзім, екіншісі-халқым» - дейді.

Қазақ халқының осындай дәріптеуге, қастерлеуге, дамытуға тұрарлық ұлттық  рухани және материалдық құндылықтары туралы ұлағатты, құнды ойларын халық игілігіне, келешек ұрпақты, ел-жұртқа ие болар азаматтарды тәрбиелеуге неге қолданбасқа?

Киіз үй көшпелі халықтардың қысы-жазы отыратын өте қолайлы және төзімді баспанасы. Ол тез құрылып, тез жиналады. Қыста жылы, ал жазда салқын. Көлеміне және сыртқы кейпіне қарай әртүрлі болып келеді.

Киіз үйдің негізгі қаңқасын – киіз үйдің сүйегі деп атайды.

Киіз үй түрлері:

n                                Орда - салтанатты, жоғары мәртебелі адамдар бас қосатын, елдік мәселе шешетін аса құрметті хан, би сұлтандар отыратын үй.

n                                Алтын орда – 30 қанаттан тұратын, ханның мәжіліс ордасы.

n                                Алтын үзік - 24 қанаттан тұратын аса лауазымды хан отбасы тұратын үй.

n                                Ақ шаңқан - 18 қанаттан және 12 қанаттан  тұратын  елбасылар, бай, билер тұратын киіз үйлер,

n                                Ақ ала орда - сегіз қанатты, дәулетті бай үйі.

n                                Ақ үй - 6 қанатты дәулетті адамдар үйі.

n                                Боз үй, қоңыр үй - 4-5 қанатты орташалар тұратын киіз үй.

n                                Қараша үй - кедей үйі

n                                Отау – жас жұбайлар үйі.

n                                Киіз үйіміз тек баспана ғана емес, ол сәулет, құрылыс, сурет, қолөнер сияқты бірнеше өнердің басын құрайтын ғажайып туынды. Басқа елдердегідей емес, бұл ағаш, киіз, шиден құрастырылады. Дала тұрғын- дарының тапқырлық шешімін осы тұрғыдан қарап бағалаған әлем ғылымы, мәдениет пен өнердің білімпаз сарапшылары, халық- аралық этнографиялық көрмелерде қазақтың осы өнеріне үлкен баға беріп отырған.

Әрбір халықтың өз күнтізбесі болған.Шығыс халықтарының күнтізбесі бойынша әрбір жыл белгілі бір жан-жануар атымен аталып, 12 жылда бір рет қайталанып отырған.

Көптеген өнер туындыларынан халқымыздың өз қолтаңбасы, өз өмір тынысы айдан анық сезіліп тұрады. Соның бірі –халқымыздың жыл күнтізбегі.

Жыл күнтізбегіне байланысты бір жылдың ішіндегі 12 ай атының да белгілік таңбалары болады.

Ұлыстың ұлы күні туралы не білеміз?

Наурыздың түстері:

1.Ақ - сүт тағамдарына байланысты.

2.Қызыл түс - Наурызда қазанға салатын етіміздің түсі қызыл болады, жаңа сойылған ет деген мағынада. Наурыздағы гүлдің, қызғалдақтың түсі

3.Қара түс - қарабас тұздың түсі

4.Көк,көгілдір түс -су

5.Сары -май

6.Жасыл - жерден өсетін өнімнің бәрі алдымен жасыл шөп болып шығады.

7.Қоңыр түс - бидай, тары, талқан, көжеге қосатын ұнның (бидай) түстері дән күйінде қоңыр болады.

Ұлттық ойындар халықтық педагогиканың ең бір көне тиімді құралдарының біріне жатады. Ойын арқылы бала қоршаған ортаны өз бетінше зерделейді. Мәселен, қазақтың ұлттық ойындары: «Бәйге», «Көкпар», «Алтын сақа», «Ханталапай», «Тоғызқұмалақ» т.б. балалардың еңбекке деген қарым-қатынасы мен қабілеттерін арттырады. Ойынның тәрбиелік маңызы мынада: ол баланы зеректікке, білгірлікке баулиды. Бабаларымыздың асыл қазыналарына деген көзқарасын құрметтеуге, сөз әсемдігін сезінуге үйретеді, батылдыққа, өжеттілікке тәрбиелейді.

Жас балалардың қоғамдық құбылыстарды, қоғамдағы ересек адамдардың іс-әркетін өз түсінігінше әрекеті арқылы бейнелеуі ойын болып саналады. Ойынның шығу тарихына шолу жасауда көңіл аударатынымыз ол еңбекпен, өнермен, қоршаған ортамен тығыз байланыста дамыған, яғни ойынды өмірден ажыратып қарай алмаймыз балалар тек ойнап қана қоймайды, сонымен бірге ойлайды аңғарады көп нәрсені білуге, зерттеуге талпынады. Олар бірдеңе жасап қана қоймайды, сондай-ақ заман ағымына да белсене қатысады.

Аса көрнекті үздік педагог Н.К.Крупская қимылды ойын жөнінде былай деп толғанады: «Ойын – өсіп келе жатқан бала организмінің қажеті. Ойында баланың дене күші артады, қолы қатайып,  денесі шыңдала түседі, көзі қырағыланады, зеректілігі, тапқырлығы, ынтасы артып жетіле түседі. Ойында балалардың ұйымдастырушылық дағдылары қалыптасып шыңдалады». Ұлттық ойындарымыз балаларға тәрбиелік мәнімен, дене бітімінің әсем де сымбатты болып бітуге пайдасы  зор.  Бір-ақ мысал келтіріп кетейін: «Қуыр-қуыр, қуырмаш» ойыны балалардың  саусақ маторикасын  дамытуға, тіл байлығын жетілдіруге, көңілін көтеруге қолдануға болады.

Күш сынаспақ. Бұл ойын стол үстінде екі баланың білек сынасуы-мен  орындалады. 2 бала шынтақтарын столға тірек қол бастарын айқстырады. Кім білекті столға жықса,  сол бала жеңіске жетеді. Ағаш аттың үстінде аттың басын ұстап тұрып 2-ші қашан білектен тартысып сынасуға да болады. Бірақ баланың қауіпсіздігі қатаң бақыланады.

Тауық күрес. Балалар екі топқа бөлінеді. Осы екі топтан екі бала шығып ,кәдімгідей күреседі. Оның ең қызығыда, басқаша күрестен айырмасы да – тек жалғыз аяғымен ақсаңдай  жүріп, иықтарын қағып күресуінде. Бұл күрес балалардың нық басып, орнықты жүруін жетілдіреді. Күрестің 1 аяғн тізесін бүгіп, мата белбеуін байлап тастайды. Қайсысы сүрініп жығылса, сол ұтылады.

Арқан тарту.Бұл екі топқа бөлінген балалармен немесе екі баламен ойналады.  Арқанның екі жағынан екі бала немесе екі топқа  бөлінген балалар тартысады

Қай топ арқанды өз жағына тартып, алып, кесе сол топ жеңіске жетеді.

Екі бала тартысқанда қай бала өзіне қарай арқанды тартып екіші баланы құлатса, құламаған бала жеңіске жетеді.

Хан «алшы». Бұл ойынға 5 немесе 10 бала қатыса алады. Көп асықтың ең ірісін қызыл түске бояп қояды. Бұл  асық «хан» асығы.Асықтар тізіліп қойылады да,  бастаушы хан асығымен оларды көздеп құлатады. Құлаған асықтарды жинап алады. Егер хан асығы бүк, шік, тайқы-қалыптарымен түссе, бастаушы жақын құлаған асықтарды ата береді.Егер бастаушы асықтарды қолымен құлатып алса немесе басқа асықтарымен атса, онда ойынды келесі бала жалғастырады. Ең соңында хан асығы кімнің қасында қалса, сол бала жеңіске жетеді. Келесі ойынды жеңіске жеткен  бала жалғасты- рады.

Көтермек.Ортаға екі ойыншы бала шығады. Бір-біріне арқаларын беріп тұрады. Белгі бойынша кім бірінші бірін - бірі арқада көтеріп алса, сол бала жеңіске жетеді.

Жеңіске жеткен бала ойында қала береді де басқа балалармен бірге күш сынасады.

Ақсерек-көксерек. Бұл ойынды ойнау үшін балалар екі топқа бөлінеді, қолдарынан ұстап тұрады.  Ара қашықтық  20-30 қадам.

1-                               ші топ. Ойынды бастайды

Ақсрек-ау ақ серек

Бізден сізге кім керек.

2-ші          Ақсерек –ау ақ серек

Жаман-жаман бала аты (бала аты)

Аты аталған бала келесі топқа дейін жүгіріп барып ортасынан ұстасқан қолдарды ажыратып кету керек. Егер өтіп кетсе сол топтан бір баланы тобына алып қайтады, өте алмаса сол топта қалады. Ойын осылай жалғаса береді.

Қыз –қуу.Балалар арасынан бір ер бала, бір қызды (ағаш атпен ) қуады. Бала қызға жетіп қолынан ұстаса ол жеңіске жеткені. Кейде қызды 2 бала қуады қай бала бұрын жетіп қыз қолын ұстаса сол бала жеңіске жетеді.

Асау мәстек. Ойын бастаушы  арқанды жерден 50 см –дей биік етіп керіп байлайды  да қасындағы балаларға

Былай дейді.

Ер екеніңді білейін

Ешкі сойып берейін

Тақия алсаң еңкейіп

Құламасаң теңкейіп

Ерлігіңе сенейін

Ойын шартын қабылдап , ортаға шыққан бала:

Асау мәстек бұл болса

Үйретейін көріңіз

Маған таяқ беріңіз! - дейді де таяқпен арқаннан асылып жердегі тақияны іліп алуы керек. Ойынды келесі бала осылай жалғастырады.

Түйілген орамал. Ойын жүргізуші ойынды өзі бастайды. Ең алдымен балаларды айналасына жинап алады да «1,2,3» - деп дауыстайды. Осы кезде балалар жан-жаққа бытырай қашады. Ал ойын жүргізушісі қолында түйілген орамалы бар баланы  қуалайды. Ол орамалды басқа біреуге лақтырады қағып алған бала қаша жөнеледі. Осылайша ойын жүргізіледі, түюлі орамалды алғанша қуалай береді. Ұсталған ойыншы көпшілік ұйғарымымен ортада тұрып өнер көрсетеді. Одан кейін ойын жүргізуші ауысты- рылады. Ойын ойнап болған соң балалар шеңбер жасап тұрады.

Атқаума.Ойынды 6 бала 3-3-тен бөлініп ойнайды. Бір бала сол қолымен өзінің оң қолының білезігінен ұстайды. Содан кейінгілері де солай істейді де  бір-бірімен қолдарын айқастырады. Үшінші бала көзі таңыулы күйде  екінші баланың айқасқан қолына отырады. Қолдасып тұрған балалар: - Атқаума,атқаума – деп қаумалай көтерген бойы мөлшерлі жерге дейін жетеді. Бірінші бала ақ сандық, көк сандық десе, көзі таңулы бала - көк сандық, көк сандық деп жауап береді. Қаумалап келе жатақан балалар :                                   Бақа,бақа балпақ

басың неге жалпақ?

Бұтың неге талтақ

Көзің неге тостақ

Бұған көзі таңулы бала былай деп жауап береді.:-

Темір терсек көп киіп

Басым содан жалпақ

Теуіп, теуіп қашырды

Бұтым содан тостақ!

Балалар қолдарын жіберген кезде бала құлап түссе,айып тартады. Құламай тік түссе қалған текі бала көтеріп жүре береді.

Сақина жасыру. Ойынды өткізуші және сақина  жасырушы бала белгіленеді. Қалған ойыншылар жерге отырып тізілерініғң үстіне алақандарын жаяды. Бастаушы жұлулы қолын әрбір ойыншың алақанына салысымен, ол бала алақанын жаба қояды. Бастаушы бір баланың алақанына сақина салысымен, ойыншылардың біреуінен-«Сақина кімде»-деп сұрайды. Ол сақинаның кімде екенін білсе сол баламен орнын  ауыстырады. Ал білмесе ол өз өнерін көрсетеді. Ойын басқарушы ойынды осылай жалғастыра береді.

Белбеу соқ.Ойыншылар екі-екіден жұптасып шеңбер жасап тұрады. Бір  белбеуді алып екіншісін қууға тиіс. Қашып жүрген бала шеңбердегі жұптасып тұрған екі баланың алдына келіп тұрады. Артық қалған  үшінші бала қаша жөнеледі.ойыншы оны қуып жетіп белбеумен соғады да, өзі де бір жұптың алдына тұра қалады. Оның орнына келесі ойыншы шығып, ойынды жалғастыра береді. Белбеу ең соңында кімде қалса сол ойыншы жеңіліске ұшырайды да өз өнерін көрсетеді.

Арқан түю.Балалар шеңбер жасап тұрады. Қолында арқаны бар жүргізуші топ арасынан шығады да: -ойын бастайды – деп дауыстайды. Сонан соң арқанның түйілмеген басын ұстан шеңбер бойымен айналады, арқанды балалардың аяқтарының астынан жібереді. Балалар арқан үстімен секіріп тұрады. Кімде-кімнің аяғына арқан ілініп, секіре алмай қалса ол бала ойынды тоқтатып өнер көрсетеді, тақпақ, өлең айтады немесе билеп береді. Ойын осылай жалғаса береді.

Ат жарыс.Бұл ойын екі командаға бөлініп ойналады.

Ойын шарты: Балалар тәрнбиешінің «Алға»-деген белгісі бойынша, ат үстіндегі қимылын салып жарысады. Қай команда мәреге тез жетіп бітіреді. Сол команда жеңімпаз болады. Ат кескін бет пердесін тақымға қысып мәреге шауып жету.

К\Құралдар: Екі командаға аттың  кескін бетпердесі.

Үй артында қол ағаш

Ойынды топ бала болып ойнайды.

Ойын тәртібі: қатысушылар бірінің қолынан бірі ұстап дөңгелене тұрады. Ойын бастаушы не белбеу, не орамал алады да, дөңгеленіп тұрған топтың сыртын айнала жүгіріп  былай дейді.

Үй артында қол ағаш

Желбау тартам, есік аш, - деп бірнеше қайта- ланады. Дөңгеле тұрған балалар:

Үй артнда қол ағаш

Жел кірмесін, ескі аш-деп бірігіп жауап қайтады. Тұрған балаларға  ұстасқан қолдарын ажыраппайды. Ол-есік ашпағанның белгісі.

Енді: Үй артында қол ағаш

Жел бау тартам есік аш-деп жүгіріп жүрген бала өзі артындағы баланы артына ормалмен бір соғып қалады да, орамалды сол балаға  тастай сала:

Үй артындла қол ағаш

Озам десең ала қаш - деп өзі сол бетімен жүгіре береді. Осының боларын біліп, әзір тұрған бала да «Қол ағашты ала сала, әлгі балаға қарма-қарсы  жүгіреді. Бұл кезде дөңгелене тұрған балалар

Үй артында қол ағаш,

Қол ағаштан ала қаш

Бұрын келген балаға

Тездеп барда есік аш, - деп барлық бала хормен айтады.

Қуыр-қуыр қуырмаш.Оң қолдың бес саусағын бір жерге түйістіреді де, сол қолымен оны бүрмелеп қапсыра ұстайды. Содан соң екінші балаға:

-Ортаңғы саусағымды тапшы, - дейді. Екінші балаға қарап байқап отырады да, міне, - деп бір саусақтың басынан шымшып ұстап тұрады. Егер екінші бала жасырушының ортанғы саусағын дәл тапса, ұпайды бірінші бала тартады. Ұтқан бала ұпай алу үшін мына ережелермен сөздерді жақсы білуі керек.

1. Бас бармақтан бастап шынаққа дейін саусақтардың атын бір түгел атап береді: басбармақ, балан үйрек, ортан терек, шылдыр шүмек, кішкентай бөбек. Бес саусағын түгел жұмады.Тағы да бас бармағыннан бастап, былай деп 5 саусақты түгел жазады.

Сен тұр қойыңа бар.

Сен тұр түйеңе бар

Сен  тұр жылқыңа бар

Сен тұр сиырыңа бар

Сен кішкентай әлі жас екенсің

Қазанның қаспағын қырып же де, жыламай отыра тұр.

Енді осы шынашақтың өзі алақан шұңқырына бүгіп тұқырта ұстайды да:

Қуыр-қуыр, қуырмаш

Балапанға бидай шаш

Әжең келсе есік аш

Қасқыр келсе мықтап бас

Шынашақты шыр айналдырып, баланың алақанын қытықтайды. Осыларды істеп бола беріп:

-Мына жерде қой бар,

Мына жерде жылқы бар,

Мына жерде жылқы бар,

Мына жерде түлкі бар -  деп баланың білегінен қолтығына дейін түртіп ең соңында мына жерде күлкі бар – деп сәл ғана қытық-қытық! Қытықтайды.

Аударыспақ.Қазақтың кәдімгі ұлттық ойын спорт ойыны. Қарапайым бөренеден «ағаш ат» жасаудың еш қиындығы жоқ. Екі жақ басы берік тұғырға бекітілген биіктігі бір-бір жарым метрдей (балалардың жасына қарай) ұзындығы 70-80 сантимертдей бір – біріне қапталдас орыналасқан  «ағаштардың» ара қашықтығы екі жақтан созылған қол ерін жектетіндей болса жеткілікті. Оларға мінген «шабантоз» балалар бір-біріне қарама қарсы отырып қол ұсасады. Төрешінің белгісімен бірі-бірі тартып, не итеріп, әйтеуір қай айласын, не күшін асырғаны қарсыласын "ағаш аттан" аударып түсуі шарт. Аяқты жерге ағаш атқа тіреуге болмайды. Ойын шарты бұзылады. Ағашатан құлағанда айналасына құм немесе ағаш үгінділері төселу керек.

Хан талапай.Бұл отырып ойналатын, негізінен қыз балаларға арналған ойын. Оған төрт-бес үміткерден қатысады.  Ойын үшін он асық таңдап алынады. Он бірінші асықтардан ерекше өзге түске (қызыл,не көк) боялған болуы шарт бір-бірден асық үйірусіудің қорытындысы бойынша ойыншылар кезектерін бөліседі. Бұдан соң  алғашқы ойыншы қос уыстай ұстаған бар асықты ортаға үйіруі керек. Қалған ойыншылар аңдысын аңдап өзге асықтардан ерекшеленген  «ханға» қадалады. Себебі, хан алшы түссе, барлығы тарпа бас салып, ортадағы асықтарды, хан талапай жасауы тиіс. Хан кімнің қолында кетсе, келесі үйірі кезегі соған беріледі екен, хан мен бірге қолына ілінген асықтардың санына қарай ұпай жазылады.

Хан алшы түспеген жағдайда үйірген ойыншы шашылған асықтардың бүгі мен бүгін, шігі мен шігін, алшысымен-алшысын тәйкесімен мен тәйкесін бір-біріне соғып, кенейлер бір-біріне тимей қалғанша ұпай жинайды. Көздеген асығы үшінші бір асыққа тиіп кетсе,немесе бөгде асықты қозғап қалса да, ойынның бұзылғаны. Онда кезек келесі ойыншыға беріледі. Осы ретпен әр ойыншы жинаған асығының санына қарай ұпай жинайды.

Межелі ұпай санын (100 не 50 немесе 80-40) ойын жүргізуші алдын ала белгілейді. Межеге бұрын жеткен ойыншы жеңімпаз болып саналады.

Ескерту: Асықтарды бір-біріне тигізу кезінде қолмен сүйретіп апаруға ,орыннан қозғап түзетуге бол майды. Ойынның соңына дейін ханға бірде- бір асық тимеуі керек. Себебі ол –хан.

Теңге ілу.Ойынға қатысушылар тепе-тең екі топқа бөлінелі. Әр қайсысы жеке-жеке шыбықтан ат мінеді. Ойын  басталатын жерге сызық сызылады. Одан әрі 20-30 метрдей жерден тереңдігі бір қарыстай екі шұңқыр қазылады. Шұңқырға он-оннан тас салынады. Содан екі топтан екі саыскер шығады. Сызыққа келіп қатарласып тұрады. Бастаушының белгісі бойынша шыбық аттарын құйыңғытып, шаба жөнеледі. Сол беттерімен әлгі шұңқырға жетіп қол соғып жібереді де, тасты іліп алып, әрі қарай шауып кете барады, шұңқыр тұсында бөгелуге болмайды.

Ұпай  әр сайыскердің іліп алған  тастарының санына қарай есептеледі. Қай топ көп ұпай жинаса, сол топ жеңеді.

Санамақ. Көпшілік қатысады. Ойынның шарты: ойын бастаушы қатысушы бір адамды ортаға алып шығады. Ол адам бір тектес атау сөзден жаңылмай, кідірмей аттап жүріп айтуы керек. Тоқтамай қателеспей айтып шықса, жүлде алады. Егер қателессе ойыннан шығады. Мысалы: жаңылмай 10 ақынның немесе 10  өзеннің атын атауы керек.

Қарамырза. Ойын басталмас бұрын ,оның ережесі түсіндіріледі. Біраз уақыттан кейін ойын бастаушы ойынаушыларғы « ойынаймыз» деп белгі берген кезде қатарлас отырған бірі екіншісіне: «Ассалаумағалейкум, Қарамырза!» -дейді. Ойын тәртібі бойынша сәлем салушы : «Уағалейкумассалам,бірінші қарамырза» - деп жауап беруі керек, егер « уағалейкум», - деп жауап берсе онда сәлем алушы ұтылады.

Сөйтіп, аздан соң ойыншылар  «жеңгендер» мен «жеңілгендер» болып екі топқа бөлінеді, «жеңген» жақ  «жеңілген» жаққа жаза белгілей- ді: ән, күй тартып, би билейді.

Белбеу соқ. Ойыншылар екі-екіден жұптасып, шеңбер жасап тұрады. Бір ойыншы белбеуді алып, екіншісін қууға тиіс. Қашқан шеңбер жасап тұрған бір жұптың алдына келіп  тұрған кезде, артық қалған үшінші ойыншы шеңберді айнала қашады. Егер қуғыншы оны белбеумен соғып үлгеріп, өзі бір жұптың алдына  келіп үлгерсе, оның орнын келесі ойыншы басады.

Бөрік жасырмақ.Ойынғақатысушылар араларынан бір ойын-шы шығарып, алыстау жерге  таман барып, бөркін немесе басқа бір бір белгілі затын жасыруға жібереді және өзі де  сол маңайына жасырынуы керек. Қалған ойыншылар тығылған ойыншылардың тыққан затын іздеуге  кіріседі. Кімде-кім тығылған бөрікті көріп қойып алуға қам жасаса онда иесі бермеуге тырысады. Бермеудің жаңдайы – екеуі бірдей бас салып  бөрікке таласу емес, қай бұрын алғаны алады. Ал көрген ойыншы ала алмай қалса, онда иесі қорып, бөрікке жібермеуге тырысады. Бермеудің жағдайы – екеуі бірдей бас  салып бөрікке таласу емес, қай бұрын алғаны алады, ал көрген ойыншы ала алмай қалса, онда иесі қорқып, бөрікке жібермеуге тырысады. Ал басқалардың қай-қайсысы болмасын бөріктің иесіне қол тигізіп, күш жұмсауына болмайды. Қайткендеде алдап жүріп алып, оны жүргізушіге ертіп келулері керек. Келесі жолы бөрікті әкелген ойыншы барады да, ойынаушының уақыттары жеткенше ойын жалғаса береді.

Халқымыздың ұрпақ тәрбиелеуде өмір бойы жинақтаған бай қазынасын белгілі бір жүйеге түсіріп, тиімді, пайдалы қолдана алып жүрміз бе? Бүгінгі ұрпақ бойынан ата-бабамыздың күткен үміті мен арманын іздесек, таба аламыз ба? Осы мазмұндас сұрақтар бәрімізді де алаңдатары сөзсіз.

Мен осы тақырыппен  бірнеше жұмыс істеп, сабақ барысында халық педагогикасының элементтерін пайдалана отырып, өмір тәжірибесіне сай, өз ерекшеліктерімен қалыптасқан және де мәдениет, тәрбие, әдебиет, салт-дәстүр үрдістерін үйренудің нәтижесі болып табылатынына көзім жетіп отыр.

Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап мұғалімдер қауымы балаларды халық педагогикасының негізінде тәрбиелеуге бет бұрды. Солардың ішінде М.Құрсабаевтың «Атамекен», З. Ахметованың  «Кәусар бұлақ» бағдарламаларын атап өтуге болады.  Көптеген мағлұматтарды, мұғалімдерге қажет әдістемелерді «Білім беру жүйесіндегі этнопедагогика» журналынан оқуға болады.

Халық педагогикасын сабақтарда және сыныптан тыс шараларда қолданудың

мынадай мақсаттары мен міндеттерін атап өткім келеді:

-                   халық педагогикасының элементтерін қолдануға қолайлы жұмыс түрін ұйымдастыру;

-                   қазіргі заманға сай оқыту технологияларын тиімді қолдану;

-                   этнопедагогика бойынша көрнекі құралдарды қолдану;

-                   қазіргі заман талабына сай азаматты тәрбиелеу;

-                   ұлттық-намыс, қадір-қасиет тәрбиелеу;

-                   басқа халықтың салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын сыйлауға тәрбиелеу.

Осы міндеттермен мақсаттарға жету жолдары:

-                   сабақта халық ауыз әдебиеті шығармаларын қолдану;

-     сыныптан тыс спорттық ұлттық ойындар ұйымдастыру;

-                   мерекелік шаралар ұйымдастыру (Наурыз мерекесі, Тәуелсіздік күні, т.б.)

-                   қолайлы технологияларды қолдану

-                   оқушылармен қосымша әдебиетпен жұмыс істеу;

-                   ізденушілік жұмыстарын ұйымдастыру;

-                   шығармашылық жұмыстар орындау:

а) рефераттар;

ә) баяндамалар;

б) шығармалар.

Оқушылармен бірге осы айтылған  жұмыстармен жұмыс істеу барысында болсак, ал кейбіреуінің нәтижесін көре де білдік.  Оқушылар ізденушілік жұмыспен айналысып, «Наурыз мерекесі» туралы деректер жинай бастады. Оқу жылының басында « Ата дәстүр – асыл қазынаң» бағдарламасының тақырыптық жоспарын құрып, оқушылар және де ата-аналармен бірігіп жұмыс бастадық.

Мысалы, ата-аналар жиналысында келесі тақырыптарға баяндамалар оқылды:

- «Қыз бала – ұлттың ұяты, халықтың шырайы»,

- «Ата мен ана – бала тәрбиесінің қамқоршысы, өнегесі».

«Сөз басы  сәлем» - атты тақырыпта ұйымдастырылған  әңгіме-дүкен  өте танымды да қызықты өтті.

"Қазақ халқының жеті ата ауқымындағы туыстық атау бастаулары" - деген тақырыпқа  өз ата – бабалары туралы деректер жинай бастады.

Оқушылар арасында: « Сегіз қырлы, бір сырлы» атты  шығарма сайысы жарияланып, соған қоса осы тақырыпқа сай қосымша деректер жиналып, сыныпішілік көрме ұйымдастырылды.

Алдағы уақытта осы жоспарымыз бойынша жұмысымызды жалғастыра жатамыз.

Халық педагогикасының элементтерін сыныптан тыс уақытта ғана емес, сабақ барысында да қолданамын. Мысалы, математика сабақтарында ұлттық дидактикалық ойындарды қолдану барысында   математикаға деген қызығушылықтары артты.      Қазақ тілі мен әдебиеттік оқу сабақтарында қазақ мақал-мәтелдерін, жұмбақ, жаңылтпаштарын айтамыз, жаттаймыз. Оқушылардың арасында өлең жазуға деген де қызығушылықтары ашылып, бірінші жемістерін көріп отырмыз.Сол арқылы тілдері дамып,балалардың сөз қоры байыды.

Сонымен қорыта айтқанда:

-  егер біз жас ұрпақ бойына халқымыздың сан ғасырлық тәлім-тәрбиесін бере білсек;

-  егер біз жас ұрпақтың бойына халқымыздың ұлттық қадір-қасиетін сіңіріп, оны бүгінгі күннің талабымен ұштастыра білсек, сонда ғана біз Тәуелсіз Қазақстанымыздың білімді де, білікті, тәрбиелі азаматының келбетін көре аламыз.

Қолданылған әдебиеттер тізімі

  1. Қалиев С. Қазақ этнопедагогикасының теориялық мәселелерi  және   тарихы.
  2. Табылдиев Ә. Қазақ этнопедагогикасы.
  3. З.Әбілова, Қ.Қалиевалардың  «Этнопеда-     гогика"
  4. Сағындықов Е. Ұлттық ойындарды оқу – тәрбие процесінде пайдалану.   Алматы: Рауан, 1993 – 76 бет
  5. Толыбаев Қ. Кел, ойнайық. - Алматы: Өнер, 1990 – 62б.
  6. Ұзақбаева С.А., Сарбасова Қ.А.  Бастауыш сыныптардағы сабақтарда қазақ этнопедагогикасы материалдарын пайдалану. – Алматы, 1997 – 32б.
  7. М. Құрсабаев «Атамекен» бағдарламасы.
  8. С. Мұқанов «Өмір мектебінен» үзінділер.
  9. «Бастауыш сынып» журналдарынан тақырыпқа байланысты мақалала
0
25146
0