Аптаның қызықты материалдары #8

Алия 2012 M10 28
2038
0
4
0

Қазақ театрына жаңа бір жанр келді. «Абсурд» деп аталатын көркемдік шығар­ма­лар­дың оқиға желісі өмір шындығымен ешбір ұйқас­пай­ды. Бірақ оның астарында адам психологиясының «шындығы» бар.

Достар, кезекті мәдени дайджестімізді қабыл алыңыздар.

Қазақ театрына абсурд келді

Қазақ театрына жаңа бір жанр келді. «Абсурд» деп аталатын көркемдік шығар­ма­лар­дың оқиға желісі өмір шындығымен ешбір ұйқас­пай­ды. Бірақ оның астарында адам психологиясының «шындығы» бар. Осындай туынды жақында Қалибек Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында сахналанды. Жас режиссер Бал­табек Нұрғалиев астаналық өнерсүйер қауымның назарына «Әзәзіл» атты абсурд қойы­лы­мын ұсынды (жалғасы).

«Алмұртты «терпеть не могу», грушаны жақсы көремін»

Қазіргі Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясы ол кезде Алматы мемлекеттік театр-көркемсурет институтында КСРО халық әртісі Шолпан Жандарбекова мен Қазақстанның халық әртісі Тілектес Мейрамовтың шеберханасында оқыдық. Менің курстастарым – Гүлжан Қалыбаева, Үсіпхан Сейтімбет, Гүлнәр Сейтімбет, Қымбат Досжан, Дина Әбдірахманова сынды бүгінде театр мен телевидение саласының майталмандары (жалғасы).

«Қилы заман» қилы ойға қалдырды

Қазақтың М.Әуезов атындағы мемлекеттік академиялық драма театрында М.Әуезовтің «Қилы заман» повесінің желісі бойынша қойылған «Қилы заман» тарихи трагедиясының тұсаукесері болып өтті.«Қилы заман» - ұлттық сананың қоз­ғаушы күші, халықтың көкірек көзін оя­тар ерек туынды! Кеңестік жүйенің бұл шығармадан зәре-құты қалмай қо­рық­қаны да, жарты ғасырға жуық уа­қыт тасада құлыптап ұстағаны да сондықтан. Аталмыш туынды алып жазушы Шыңғыс Айтматовтың Әуезовтей кемеңгер ұста­зының жолында бар беделін сала жүріп, күш-жігер көрсетуінің арқасында ғана 1972 жылы «Лихая година» деген атпен Мәскеуде жарық көруге мұрсат алды (жалғасы).

ЖАН-ЖҮРЕГІМ, «БӘЙТЕРЕК»

Астанада Сулы жасыл бульвар деген көше бар. Ақ ордадан басталып, «Хан Шатырға» барып тіреледі. Қонақтарды осы көшеде қыдырту парыз саналады. «Жан-жүрегім, Астана» деген альманахтың авторлары қалада одан басқа көрсететін ештеңе жоқ деп ойласа керек. Он хикаяның бәрі туристің көзімен түсірілген. Астанада туып-өскен, құрығанда бір-екі жыл тұрақты мекендеген адам мұнда көз тоқтатар қаншама тамаша нүктелер барын білер еді. Ал «Астанаға сезім білдірген» кино да айналып келіп, «Бәйтерек», айналып келіп «Бәйтерек»... Және бір түрлі жөңкілген бұлттар ғана (толығырақ).

Болат Атабаевтың «Көшкін» спектаклі қойылды

Алматыда Әуезов театрының кіші залында Болат Атабаев сахналаған «Көшкін» спектаклі қойылды. Қойылым - қоғамдағы үрей туралы. Екі күн қатарынан көрсетілетін қойылымнан жиналған қаржы Жаңаөзендегі мұқтаж жандарға көмек ретінде жіберілмек (жалғасы).

«ЖАБАЙЫ АЛМАНЫ» АҢСАУ

Қазір алманың да дәмі өзгерді. Баяғы хош иісті алма сирек кездеседі. Қоры таусылды ма, нәрі таусылды ма, ол басқа әңгіме. «Бірақ ақ алманың, жабайы алманың иісі бәрінен де ерекше еді» деп жазыпты бір кезде жазушы Сайын Мұратбеков. Әдебиетіміз де әрінен, нәрінен айырыла бастаған бүгінгі күні сол хош иісті «Жабайы алмаға» қайта оралуымыздың қисыны бар секілді. Сағындырған «Жабайы алма» жөніндегі «Мәдениет» телеарнасындағы сұхбатымызға жазушының жары, туынды куәгері Мәриям Мұратбеккеліні мен әдебиет жанкүйері, жас журналист Қарлыға Ибрагимованы шақырған едік (жалғасы).

Оцените пост

4