Тікелей эфир

"Жас арыстандар" жарнама фестиваліне қатысыңыз

Кеше «Канн арыстандары» атты жарнама фестивалінің Қазақстандағы ресми өкілдігінің ашылуына байланысты Алматыда кішігірім шара өтті. Белсенді жастар мен креативті адамдардың жиылған ортасын «Екпін» сырт айналып кете алмады.

2012 жылғы бұл фестиваль аясында елімізде алғаш рет «Жас арыстандар» (немесе “Young Lions”) атты жарнама, маркетинг, маркетингтік коммуникациялар саласында жұмыс жасайтын жас мамандарға арналған байқау өтпек. Он жеңімпазға Apple iPad сияқты сыйлар дайындалған. Ал гран-при жеңімпазы маусым айының 17-23 күндері Францияның Канн қаласында өтетін фестивальге бару мүмкіндігіне ие болады.

Кештің ресми бөлімін «Жас арыстандар» байқауының ұйымдастырушысы Асхат Өскембаев бастады:

«Сонымен байқауға қатысу үшін:
- жасыңыз 28де немесе одан кіші болу керек;
- ҚР азаматы болуыңыз керек;
- ағылшын тілін жетік білуіңіз шарт;
- сондай-ақ жарнама немесе байланыс саласында тәжірибеңіз болған жөн.

Байқау 5 категорияны қамтиды: Film, Cyber, Print, Media, Client. Осының тек біреуін таңдап алып, екі адамнан құралған командамен 21-ші наурызға дейін тіркеуден өту қажет».

Шарттардан соң 15 адамнан тұратын байқаудың қазылар алқасы таныстырылды. Оның ішінде өз елімізбен қатар Ресей, Израиль, Украина, т.б. елдердің жарнама мамандары болды.

Қазылар алқасынан: таңдау барысында жоғарғы бағаға лайық болу үшін не қажет? - деп сұрағанымызда, Руслан Туганов:

“Мен үшін ең бастысы – идея. Өйткені қатысушыларға толыққанды жарнама кампаниясын құруға тек 24 сағат беріледі. Сондықтан, бастысы - орындау мәнері емес, жүректерді баурайтын идеяның бар болуы. Ал техника орташа не төмен болуы мүмкін, яғни екінші планда. Адамда жақсы идея болса, оны ары қарай алып кету оңайырақ болады”.

Ал басты ұйымдастырушы, жарнама нарығында 15 жыл бойы жұмыс істеген, еліміздегі жарнама саласының қыр-сырын жетік білетін Асхат Өскембаев:

“Кез келген жарнама маманы үшін «Канн арыстандары» фестивалі әлем бойынша ең беделді болып саналады. Сондықтан да Қазақстанда бұл фестивальдің өкілдігі болмағаны мені көптен бері мазалап келді. Оның ұйымдастырушылары да бұл ойымды құп көріп, біраз мәселелерді талқылағаннан соң, өкілдікті ашуға шешім қабылдады. Менің алға қойған басты мақсатым – еліміздегі жарнама саласында жүрген жас дарындарды үлкен аренаға шығару. Қазақстанды әлемдік жарнама нарығына алып келу. Ең болмағанда, бұл байқау арқылы дарынды жас мамандарды ірі компаниялар байқап, жұмысқа алып жатса да, қуанар едім. Негізінде, отандық жарнама өнермен деңгейлес болғанды қалаймын. Жарнамада өз жұлдыздарымыз болса екен ғой деймін".

Қазақстан «Канн арыстандарына» бұған дейін қатысып көрді ме? - деген сұрағымызға Асхат былай деп жауап берді:

“1999 жылы бір жұмысымызды өткіздік. Одан кейін еліміз бұл байқауға қатысқан емес. Қазақстандық жарнамашылардың көбісі не өз күштеріне сенбейді, не мұндай фестивальдерге салғырт қарайды. Ал бұл дұрыс емес. Өйткені осындай шараларға қатысып, тек қана бір аумақпен емес, бүкіл әлеммен иық тіресесің”.

Шараға қатысқан Айжан Кәрібаева

мен Жансая Имандосова

Алия Arsik
26 қазан 2012, 10:27
1664

Загрузка...
Loading...

Пікірлер

Мен астынан санағанда 2-ші, 3-ші суреттегі кісін ӘЗімбай Ғали деп ойлап қаппын :)
тамаша пост! айтары жоқ!
Әрбір номинацияға әділқазылар таңдалған, әрбір номинация жеңімпаздарына бөлек демеушілер шақырылған. Осы жағы қатты ұнады.
иа, іштік, отырдық, күлдік, фотоға түстік, ал Айжан фотоға түсірді, ал мен оның фотоларын ұрлауға кірістім :)))))
Үшеуің сооооооооондай сүйкімді болып түскесіндер топ-томпақ боп :)))
Тудың суретін мен түсіргем деп мақтанып қояйын)))
Finik
0
0
Kazakhstanda marketink salasi damip jatir! anau chuvaktin sakali ademi eken!

Пікір қалдырыңыз

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Сондай-ақ Ctrl+Enter басуға болады

Танымал жазбалар

Прогноз эксперта: в Казахстане будут жить 5 миллионов китайцев

Прогноз эксперта: в Казахстане будут жить 5 миллионов китайцев

В ближайшие годы в Центральной Азии будут проживать восемь миллионов китайцев, считает заведующий отделением востоковедения национального исследовательского университета высшей школы экономики.
kurmanovainur
23 июня 2017 / 11:23
  • 41324
  • 49
Почему я больше не поеду отдыхать на северное побережье Алаколя

Почему я больше не поеду отдыхать на северное побережье Алаколя

Нам казалось, что на Алаколе мы сможем хорошо отдохнуть, расслабиться и набраться сил на весь следующий год. Вроде, и достаточно бюджетно, и не так далеко.
RisKaS
26 июня 2017 / 18:05
  • 5935
  • 34
Эксперимент. Два парня и девушка в поисках лучшего донера в Астане

Эксперимент. Два парня и девушка в поисках лучшего донера в Астане

Нас трое: девушка и двое парней. Мы обошли 7 заведений, где продают донеры. Оценивали по 10-бальной шкале только по вкусовым качествам донера. Никто нам за рекламу не платил, бесплатными донерами не кормил!
nargiz_15
вчера / 10:08
  • 4843
  • 6
ЭКСПО-2017. Каким бы правдоподобным ни казался обман, он всё равно раскроется

ЭКСПО-2017. Каким бы правдоподобным ни казался обман, он всё равно раскроется

Изначально про ЭКСПО было очень много слухов. Лишь только усаживаясь в поезд «тальго» до Астаны, мы уже были изрядно загружены этими слухами. Кто их запускал, для чего – отдельный вопрос..
openqazaqstan
вчера / 15:45
  • 4091
  • 25
На каких улицах города Алматы вы точно попадете в «пробку»

На каких улицах города Алматы вы точно попадете в «пробку»

Строятся пешеходные и велосипедные дорожки, трамвайные пути "сносят", а главная традиция нашего мегаполиса - замена подземных коммуникаций и в этом году не была нарушена.
beoblod
26 июня 2017 / 17:22
  • 3749
  • 3
В каких случаях у вас могут изъять удостоверение личности?

В каких случаях у вас могут изъять удостоверение личности?

Недавно один знакомый задал вопрос: «Я сейчас выступаю как свидетель по одному делу. У меня забрали удостоверение личности (УЛ) в РУВД и не вернули обратно. Так можно?». Я сразу задалась вопросом...
asselsabekova
21 июня 2017 / 10:17
  • 3431
  • 21
Где отлично провести летние месяцы с пользой для здоровья и кошелька?

Где отлично провести летние месяцы с пользой для здоровья и кошелька?

Я обратил внимание, что в случае с уникальными природными зонами Павлодарской области применима поговорка: «что имеем – не ценим», а ведь они легко могли бы стать международными курортами.
Muzalevskiy
23 июня 2017 / 22:57
  • 3319
  • 11
Это «колхозное сооружение» вредит имиджу города. Я, как алматинка, против!

Это «колхозное сооружение» вредит имиджу города. Я, как алматинка, против!

Почему эту трубу не проложили под землей? Она обезображивает улицу, как дикий багровый шрам от раны, зашитой равнодушным, криворуким и ленивым хирургом, обезображивает лицо.
ValentinaVladimirska
23 июня 2017 / 12:10
  • 2731
  • 45
На Иссык-Куль через Юг. Не бойтесь ехать в Киргизию своим ходом!

На Иссык-Куль через Юг. Не бойтесь ехать в Киргизию своим ходом!

Очень живописная и бюджетная поездка вдоль всего берега по Иссык-Кулю! Мы, две обаятельные девушки, поехали вдвоем, подготовленные к совершенно автономной жизни в палатке, и ни разу ничего не...
yelenasergiyenko
22 июня 2017 / 13:20
  • 2904
  • 23