Оңтүстік Қазақстан облысындағы «Сарқырама» ауылының тұрғындары ауыз суға жарымай отыр.  Осыдан екі жыл бұрын «Таза су» бағдарламасы бойынша 32 млн. теңге бөлініп, ұңғыма қазылып әр үйге құбыр...

Оңтүстік Қазақстан облысындағы «Сарқырама» ауылының тұрғындары ауыз суға жарымай отыр.  Осыдан екі жыл бұрын «Таза су» бағдарламасы бойынша 32 млн. теңге бөлініп, ұңғыма қазылып әр үйге құбыр тартылған.

Бірақ елдің қуанышы, өкінішке орай көпке созылмады. Ұңғымадан – алғашында таза су шыққанымен, кейіннен ішуге мүлдем жарамсыз болып қалды. Қазір жұрт – баяғыша суды арықтан тасып ішіп отыр. Ал жаңадан тартылған құбырлардың бүгінде кенезесі кеуіп тұр. Амалы таусылған халық Ұлттық арнаға шағымданып, үшбу хат жолдады.
Қырыққа жуық түтіні бар Сарқырама ауылының тұрғындары қазір лажсыз іргедегі арықтың лас, әрі дәмсіз суын ішіп отыр. Ал жаңадан қазылған құбыр суын адам тұрмақ, қаталап тұрған төрт түліктің өзі ішпейді.
Темір Ақылбекұлы, ауыл тұрғыны:
Бұл тура халықты көрер көзге кеселге итермелеу. Көрдік ішіп, тура тұз ол. Оны іше берсең бірінші бүйрек кетеді. Екіншіден, бауырың.
Құрылыстан қайран болмағасын ауылдың мұқтаждығын шешу үшін Сарқырамаға судың кермектігін жұмсартатын қосымша «Омега» қондырғысы орнатылды. Алайда жұрт оның суын тасып ішуге қиынсынып отыр.
Әбілдә Ермекбаев, ауыл тұрғыны:
«Омеганың» суы жетпейді. Біреуіне - жетсе, біреуіне - жетпейді. Бір шақырым жерде үй бар. Мына жеті ана жақты. Елу үйге жетпейді. Бірақ сапасы дұрыс.
Ауыз су құрылысының сапасыз жүргізілгенін айтып тұрғындар қаржы полициясы мен прокуратураға бірнеше рет шағым жасады. Осыны негізге алып, сот құрылыс сараптамасы жүргізілді. Алайда құзырлы орындар атқарылған жұмыстан ілік таба алмады. Барлығы заң шеңберінде атқарылған.
Сәбит Әбибулла, Мақтарал аудандық прокурорының аға көмекшісі:
Сараптама қорытындысы мен сол елді мекенге бөлінген қаржының толық игерілгені, ешқандай ауытқулар  болмағаны анықталған. Мақсатты жұмсалған. Ешқандай ауытқулар анықталмаған.
Ащы ішектей шұбатылған даудың төркіні құрылыстың ескі гиодезиялық барлау нәтижелері бойынша жүргізілгені. Мақтаралда жер асты суының жай-күйіне осыдан 40 жыл бұрын сараптама жасалған. Содан бергі аралықта жер қойнауы табиғи өзгерістерге ұшырады. Ұңғымадан ащы судың шығу себебі сол дейді мамандар.
Данабек Әбенов, Мақтарал ауданы әкімшілігі құрылыс бөлімінің бас маманы:
Аудан бойынша жер асты су қорының тексеру жұмысы жүргізіп жатыр. Гидро-геологиялық картасы жасаланып жатыр. Сол карта біткен кезде қосымша бұрғылау жұмыстары орындалады.
Ұңғыманың қайта қазылатын анық. Бірақ ауылдағылардың ауыз судың тауқыметінен қашан құтылатыны әзірге белгісіз.

Оцените пост

0

Комментарии

0
әрине табылмайды, қайдағы бір Хан Шатыр ман шатыр Астанада салына берсе
0
Халықтың тұрмыс деңгейін көтеру керек қой!
Показать комментарии