Конвергентті журналистика

prince93 2012 M02 20
722
0
0
0

конвергентті журналистика және оның шығу тарихы. пипрдағы конвергенттілік туралы

Конвергентті журналистика

 

Конвергентті журналистика (ағылшынша Convergence journalism) - бұл ақпараттық және коммуникациялық технологиялар интеграциясының бірыңғай ақпараттық ресурсқа бірігу процесі. Бүгiнгі таңда қазiргi заманғы медиа - компаниялар ақпараттық және ойын-сауықтық өнiмдерiнiң өз спектрлерiн кеңейтедi және медиа өнiм берудiң «жаңа» формаларын қолданады: ол – онлайн газет, интернеттегі радио, веб-телекөрсетілім. Конвергенция сөзінің өзi латынша «convergo» - «жақындатамын» деген мағынаны білдіреді. «Convergence» ағылшын тiлiнде «бiр нүктеде жинақталу» дегенді бiлдiредi. Павликова М. БАҚ және коммуникацияларды зерттеушi канадалық Дэнис Макуэйлаға сүйене отырып, келесi анықтама бередi: «Бұл бiр маңызды өнiмнiң әртүрлi арналарға әртүрлі құралдармен таратуы». А.Г. Качкаева конвергенцияны төмендегідей жіктеуді ұсынады:

 

- Конвергенция – бұл медиахолдингтің медиа-стратегиясы;

 

- Конвергенция – бұл тактика;

 

- Конвергенция – қайта қаптау;

 

- Конвергенция – бұл ақпаратты жинақтау және өңдеу;

 

- Конвергенция – ақпарат берудің жаңа түрі.

 

Сонымен, конвергенция – бұл бірыңғай контентті әр түрлі құралдармен (мәтін, дыбыс немесе видео) және коммуникацияның әр түрлі арналары (пресса, телекөрсетілім, радио, Интернет) арқылы тарату.

 

Конвергентті журналистиканың пайда болуы

 

Алғаш рет Хелемендик В.С. БАҚ қызметінің жаңа тәсілін және «бұқаралық ақпарат құралдарының жүйесі» анықтамасын 1977 жылы енгізді. Нәтижесінде БАҚ-тың дәстүрлі жүйесі өзгерді. Қазіргі газеттер, радио, телекөрсетілім және Интернет жақындасу пайда болатын мультимедиалық ортада қызмет етеді. Хелемендик бұқаралық ақпарат коммуникация координациясының негізгі принциптерін былайша көрсетті: ерекшелігі, мазмұнын жүйелі түрде түзетуі, қызметтің ортақтығы және басылым, радио және телекөрсетілімнің өзара тәуелділігімен, олардың өзара әрекеттесуін мойындау организациялық құрылымы өзгереді және қазіргі таңда дербес газет, радио, телекөрсетілімнің жалпы ақпараттық орталыққа бірігуі олардың бұқараға эффекті әсер етеді.

 

«Медиа арасындағы шекараны жою – өзара коммуникация құралдарымен, мысалы: телефон, пошта, телеграф және бұқаралық құралдар коммуникациямен сияқты, мысалы: пресса, радио, телекөрсетілім» деп Итьель де Соло Пуль айтқан.

 

Соңғы 20 жылда мультимедия туралы нақты айта бастады. Бұл хабар жүргізу әдісі ретіндегі компьютерлік техника мен компьютерлік желілердің дамуы мен өрлеуіне байланысты болды. Осы технологиялар бір сақтаушы компакт-диск ішіне әр түрлі коммуникация құралдарын – визуалды, мәтіндік, дыбыстық және сөйлеу – біріктіруде мүмкіндік берді.

Оцените пост

0
Дальше