Тікелей эфир

«Тұлғалар аз, жатып-ішерлер көп»

Әлішер Елікбаевтың есімі интернет кеңістікте сонау Аффтор.кз-тен бастап, бүгінде Voxpopuli.kz, СОСО “MEGA” сынды алпауыттармен байланысты. “Екпін” журналы журналистика мен PR саласында үлкен тәжірибесі бар тұлғаның жетістікке жету құпиясын ашуға тырысты.


- Журналистика факультетін таңдауға не себеп болды?

- Қарама-қайшылықтардың кесірінен. Құрдастарым сол кезде заңгер мен экономист мамандықтарын ғана таңдап отырды, басқасы жоқтай. Ал мен болсам, өз мамандығымды таптым. Сыныпта ең сауатсыз, жалқау және амбициясы тасып бара жатқан бала болатынмын. Ондай қасиеттерді талап ететін журналистикадан басқа мамандық бар ма.

- Бүгінгі күнге дейін қандай материалыңызды мақтан тұтасыз?

- 14 жасымда мектептегі бопсалау, баукеспелік жайында «Караван» газетіне хат жазған едім. Сол кездері онда мықты журналистер жұмыс жасайтын. Содан не керек, республиканың беделді басылымы оқушының хатын жариялады. Үлкен айқай-шу болды. Мұғалімдеріміз сол кезде аудандағы бар валерьянканы тауысқан, шамасы. Ешкім де бетіме басып айыптамады, ата-анамды ешқайда шақыртпады, алайда ақшаны қайтарып берді.


«Қазақстанның қай саласын, қай мамандығын алсақ та - біліктілік жетіспейді»


- Бүгінгі журфактарымыздың жыры біткен сыңайлы, еліміздің журналистика саласындағы білім беру жүйесінде не өзгерту қажет деп ойлайсыз?

- Бұл проблема бұрыннан белгілі. Өкінішке орай, бүгінгі журналистика факультетіндегі оқытушылардың мамандығы жайында түсініктері шын өмірден алыстау. Олардың арасында практикада тәжірибесі бар, тенденцияларды қадағалап отыратындар аз. Оқыған сабақтарымның 80%-ын университеттен кейінгі өмірімде қажет етпедім. Мысалы, радиоқабылдағыштың құрылымын оқығанымыз есімде, оған қоса, Попов-Маркони кезінің үлгісі бойынша болса керек. Техникадан алыс, мамандығы шығармашылықпен тығыз байланысты адамға бұның қажеті не, түсінбеймін.

- Қазіргі отандық журналистикаға көбінде не жетіспей жатады?

- Қазақстанның қай саласын, қай мамандығын алсақ та - біліктілік жетіспейді. Нағыз мамандардың жетіспеушілігінен, өте қиын жағдайдамыз.

- Ал бүгінгі отандық интернет-журналистикаға қандай баға бере аласыз?

- Бұл салада қызық жағдай қалыптасты. Қазақстанда дәстүрлі журналистер көп уақыт бойы интернет - жастардың ойыншығы ретінде қабылдап,  елемей жүрді. Балалар компьютермен кішкене ойнай тұрады да, кейін газет, телевизия, радиоға қайтып келеді деп ойлағандай. Бірақ олай болған жоқ, қайтып келмеді. Интернет жаңа жұлдыздарды тәрбиелеп шықты, бірақ олар дәстүрлі журналистика бұрын өтіп кеткен қалыптасу кезеңдердің барлығынан өтіп жатыр: әзірге интернетте сұр фонда жасалған ұзақ видеомонологтар, графомандыққа құмарлардың мәтіндері мен ұзақ ой-толғаныстар үшін ешкімді сөкпейді. Алайда бұның да шегі бар - бұл кәсіби журналистер интернетке толықтай кіріп келмегенше, пайдаланушыларға өз өнімдерін көрсетпегенше болатын жағдай екенін түсіну керек.

- Блогосферамызда тұлғалар аздығын немен түсіндіресіз? Жеке басының пайдасын ойлап, өзін блогшы деп атағандар жетіп жатса да?

- Бұл блогосфераның проблемасы емес - қоғамның проблемасы. Жол полиция жүйесінде тұлғалар неге аз? Жақындарыңа ұсынуға тұрарлық дәрігерлер неге саусақпен санарлық, ал жөні түзу кафельщик тауып алу тіпті мүмкін емес.  Блогшылар да солар сияқты - социумның бір бөлігі. Тұлғалар аз, жатып-ішерлер көп.

 

«мамандыққа жарқын реңк беретін адам болыңыз, көптің арасында жоғалып кетпеңіз»


- Вокспопули жобасының сәттілік құпиясы неде?

- Сапалы өнім мен оқырмандарымызға деген шын ниетімізде. Алдымызға өте қиын мақсат қойған болатынбыз: «таза» интернет-жоба жасау – жалған қаралымдарсыз, қарақшылық видео мен музыкасыз, біреудің контентін ұрламай, «қара» қолма-қол ақшасыз, парақорлықсыз, сейлз-хаустар алдында жағымпазданусыз, міндетті түрде «Жарнама құқығында» деген белгілеумен. Қазіргі уақыттың жағдайын біле тұра өз принциптерімізді ұстанып, өз-өзімізді өлім жазасына кестік деп айтуға болады. Бірақ, көріп отырғаныңыздай, өмір сүріп жатырмыз. Анда-санда табысқа да жетіп жатамыз.

- Сіздің ойыңызша, біздің жастар неге көптеген маңызды нәрселерге немқұрайдылық танытады? Әлеуметтік желілерге бүкіл бос уақытын арнайды. Сабақ, кітап, елдегі саяси жағдай оларды неге алаңдатпайды?

- Әке-шешесі күн көрісті ойлаған кезде балалары жаңа саланы меңгеріп алды. Үлкендер көше, аула бала үшін өте қауіпті деп санады, ал Никелодеон, Плейстейшн немесе Пентиум осыларға жағымды альтернатива деп білді. Бала бөгет жасамайды, сыртта да қаңғып жүрген жоқ, көрші бөлмеде отыр. Ал осы кезде баласы ғаламторда не іздеп жүр, оған алаңдап жүрген ешкім жоқ. Оған қоса, біраз уақыт бойы үлкендердің көбінде компьютерге деген табынушылық болды. Қазірдің өзінде, ноутбугымды алдыма қойып отырсам, анам мені мазалағысы келмейді, себебі  жұмыс жасап отырмын деп ойлайды. Ал көп ретте мен осы кезде жай ғана Facebook-те отырамын. Осыдан асыра сілтеушілік пайда болды деп ойлаймын. Сол себепті баланың компьютермен қарым-қатынасын реттеу қажет.

- Қоғамымызда бір нәрсені өзгертетіндей мүмкіндігіңіз бар болса, неден бастаушы едіңіз?

-  Жақсы сұрақ, білмеймін. Соңғы жылдары менің пікірім көпшіліктің пікіріне жиі қарама-қайшы келетінін түсіндім. Қарсы пікір білдірушілердің тойтарысы да өте пәрменді. Адамдардың санасын өзгертіп, оларға өз позицияңды жеткіземін деген күреске бүкіл өміріңді арнауға болады. Ендігі ойым - бұны қайтемін? Ең құрымағанда, саяси амбициям да жоқ, әр кез тәуекелге барудың қажеті не?

- Былтыр талапкерлерден сұхбат алғанымызда, біраз бала пиаршы болғым келеді деп, маркетолог мамандығын тандаған болатын. Бұл мамандық қазіргі таңда көп адамның жалған арманына айналды деп ойламайсыз ба? Осы тұста болашақта қоғаммен байланыс саласында жұмыс жасаймын дейтіндерге "Мега" PR бөлімінің басшысы қандай кеңес бере алады?

- Нарыққа жақсы пиаршы мен маркетологтар қажет. Оларға деген сұраныс әлі де бар. Бірақ проблема жайында жоғарыда айтып өттім, көпшілік маркетинг пен PR – көңіл көтеруге қатысы жоқ, күн сайын жалықпай еңбек етуді талап ететін кәдімгі кәсіп екенін түсінбейді. Тек қана бір кеңес беруге болады – мамандыққа жарқын реңк беретін адам болыңыз, көптің арасында жоғалып кетпеңіз, сонда ғана сізді байқап қалады.

Әңгімелескен Әлия Сембай

Фото: Алексей Романов

__________________________________________________________________________

Достар, егер де "Екпіннің" жаңа жазбалары мен жаңалықтары жайында білгіңіз келсе, @ekpin_kz твиттерімізге жазылыңыз.

Алия Arsik
25 қазан 2012, 10:55
3132

Загрузка...
Loading...

Пікірлер

ия, бул мырза биздин елимиздин бетке устар ерлеринин бири. Саттилик тилеймин!
О, Әлия! Тамаша сұхбат...
Zere
1
0
Өте жақсы сұхбат. Көп нәрсені дөп басып айтыпты.
Arsik
3
0
үйтіп қазақша нұсқасын талап етіп отырса ғой...
аудармасын келесі аптада жариялаймыз, Жандос.
Эх! соны айтам-ау!
Казакша уйрен, бауырым!
Жақсы ойлар айтқан екен. Білім базама лақтырып тастадым.
«мамандыққа жарқын реңк беретін адам болыңыз, көптің арасында жоғалып кетпеңіз».
Жақсы айтылған ой.
Aikona
1
0
Жақсы сұхбат шығыпты.
«Мамандыққа жарқын реңк беретін адам болыңыз, көптің арасында жоғалып кетпеңіз»,
«Қазақстанның қай саласын, қай мамандығын алсақ та - біліктілік жетіспейді»,
"Күн сайын жалықпай еңбек етуді талап етемін" енді осы сөздер афоризм болып қалыптасады.
Керемет сұғбат екен, көптен бері қазақша дұрыс нәрсе оқымап едім. Ай осы Әлішерді шыныменде қазақша сөйлетіп қойсаңдар-ау шіркін-ай. =))
Arsik
0
0
көп рахмет, үйрене жатар :) әсіресе осы сұхбаттан кейін
Қазақша сөйлей аламын, бірақ қатеден ұяламын
Несіне ұяласыз, бәрі де жаттығумен келеді ғо =) Ниет болса, бәрі де болар)
Сұлтаның нұрлансын десең, айтқанын істе демекші, өзіміз ниет қылсақ, тұлғалар жетіп асады....бүгін ат айналып қазығын тауып, қазақ өзін тани бастаған сияқты...ақ жаулықты аналарымыздың пісмілләсімен келген нәрсе ғой, шүкіршілік етіп, әр істі пейілімізді қойып істесек болғаны...

Пікір қалдырыңыз

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Сондай-ақ Ctrl+Enter басуға болады

Танымал жазбалар

Почему я больше не поеду отдыхать на северное побережье Алаколя

Почему я больше не поеду отдыхать на северное побережье Алаколя

Нам казалось, что на Алаколе мы сможем хорошо отдохнуть, расслабиться и набраться сил на весь следующий год. Вроде, и достаточно бюджетно, и не так далеко.
RisKaS
26 июня 2017 / 18:05
  • 7731
  • 38
ЭКСПО-2017. Каким бы правдоподобным ни казался обман, он всё равно раскроется

ЭКСПО-2017. Каким бы правдоподобным ни казался обман, он всё равно раскроется

Изначально про ЭКСПО было очень много слухов. Лишь только усаживаясь в поезд «тальго» до Астаны, мы уже были изрядно загружены этими слухами. Кто их запускал, для чего – отдельный вопрос..
openqazaqstan
вчера / 15:45
  • 6515
  • 40
Эксперимент. Два парня и девушка в поисках лучшего донера в Астане

Эксперимент. Два парня и девушка в поисках лучшего донера в Астане

Нас трое: девушка и двое парней. Мы обошли 7 заведений, где продают донеры. Оценивали по 10-бальной шкале только по вкусовым качествам донера. Никто нам за рекламу не платил, бесплатными донерами не кормил!
nargiz_15
вчера / 10:08
  • 6149
  • 15
На каких улицах города Алматы вы точно попадете в «пробку»

На каких улицах города Алматы вы точно попадете в «пробку»

Строятся пешеходные и велосипедные дорожки, трамвайные пути "сносят", а главная традиция нашего мегаполиса - замена подземных коммуникаций и в этом году не была нарушена.
beoblod
26 июня 2017 / 17:22
  • 4042
  • 3
Где отлично провести летние месяцы с пользой для здоровья и кошелька?

Где отлично провести летние месяцы с пользой для здоровья и кошелька?

Я обратил внимание, что в случае с уникальными природными зонами Павлодарской области применима поговорка: «что имеем – не ценим», а ведь они легко могли бы стать международными курортами.
Muzalevskiy
23 июня 2017 / 22:57
  • 3513
  • 11
Это «колхозное сооружение» вредит имиджу города. Я, как алматинка, против!

Это «колхозное сооружение» вредит имиджу города. Я, как алматинка, против!

Почему эту трубу не проложили под землей? Она обезображивает улицу, как дикий багровый шрам от раны, зашитой равнодушным, криворуким и ленивым хирургом, обезображивает лицо.
ValentinaVladimirska
23 июня 2017 / 12:10
  • 2851
  • 45
На Иссык-Куль через Юг. Не бойтесь ехать в Киргизию своим ходом!

На Иссык-Куль через Юг. Не бойтесь ехать в Киргизию своим ходом!

Очень живописная и бюджетная поездка вдоль всего берега по Иссык-Кулю! Мы, две обаятельные девушки, поехали вдвоем, подготовленные к совершенно автономной жизни в палатке, и ни разу ничего не...
yelenasergiyenko
22 июня 2017 / 13:20
  • 3047
  • 23
Неравенство в Казахстане – доходы самых богатых граждан в 6 раз больше заработка бедных

Неравенство в Казахстане – доходы самых богатых граждан в 6 раз больше заработка бедных

Почти 46% расходов казахстанцев уходит на продукты. При этом бедные казахстанцы стали есть меньше, богатые - больше. Инфографика
ZonaKZ
25 июня 2017 / 9:06
  • 2494
  • 23
Миф о героях нашего времени: «Они лишь дешевые подделки»

Миф о героях нашего времени: «Они лишь дешевые подделки»

Они назвали лизоблюдство – нетворкинг. Они назвали бессовестное самохвальство – селфбрендинг. Они назвали беспринципность и отсутствие морали – гибкость и креативный подход.
Aks_Ras
22 июня 2017 / 17:32
  • 2177
  • 12