"Жасанды әсемдікке алданбаған" Мұқағали Мақатаев

Гульмира 2012 M02 9
839
1
3
0

Бүгін қазақ әдебиетінің, поэзиясының қайталанбас романтигі, елеулі тұлға, өлеңдерін өзім сүйсіне оқитын ақын - Мұқағали Мақатаевтің туылған күні.

Бүгін қазақ әдебиетінің, поэзиясының қайталанбас романтигі, елеулі тұлға, өлеңдерін өзім сүйсіне оқитын ақын - Мұқағали Мақатаевтің туылған күні. Ұшан-теңіз елестер әлеміне жарқ етіп кіріп, ерте сөнген жұлдыз еді. Өлең жолдары қандай да бір сезімге толы, көңіл табалдырығына әкеледі, қиялмен ұштастырады...

 

Ал сен үшін бақыт деген дәл қазір –
Бақыт жайлы жаза алмаған шығармаң.

 

***

Келшi, қарғам, шашыңнан иiскейiн!
Иiскейiн тек қана тиiспейiн

 

***

Жауқазын-жан екенсiң;
Жасанды әсемдiкке алданбаған.

 

***

Құс та болғым келмейді, қанатым,

Сәби болғым келеді, сәби болғым,

Сәбиі жоқ ананың құшағында...

***

СЕН ӘЛI ТIРI МЕ ЕДIҢ?

О, махаббат!
Сен әлi тiрi ме едiң?
Көзiмнен ғайып болған күнiм едiң,
Гүлiм едiң...
Елтiген түнiм едiң,
О, махаббат!
Сен әлi тiрi ме едiң?!

Мен сенi ұмытқамын.
Жылытқаның есте жоқ суытқаның.
Суып қаным,
Жинағам құрып халiм,
Жығылған отауымның уықтарын.
Содан берi мен сенi ұмытқамын.

О, махаббат!
Сен әлi тiрi ме едiң?!
Тiрi ме едiң..
Мен де ендi тiрiлемiн!
Ақ перiште, алдыңа жүгiнемiн,
..Қолдай гөр, ғашықтардың пiрi менi?!

 

Оцените пост

3

Комментарии

0

Бұл өмірге келгенен соң,
Елшісіндей шет елдің,
Миссиямды аяқтамай,
Қалай ғана кетермін,
Халық деген патшама,
Немен жауап етермін,
Дәнекер боп жүргенімде
Арасында екі елдің,
Мамілемнің нәзік жолын,
Үзіп алсам нетермін.
Не де болса нар тәуекел,
Нар тәуекел көтердім!
Показать комментарии