Yvision.kz
kk
0

Өзен суы арнасынан тасып жатыр

 

Өзіміздің Оңтүстік Қазақстан облысында да ахуал аса жақсы болмай тұр. Отырар ауданына қарасты Маяқұм ауылы тұрғындарының дегбірі қашты. Аяз түсіп, ауыл іргесінен өтетін дария мұз құрсанып, елдімекенге қызыл судан қауіп төнген көрінеді. Өзен суы арнасынан тасып, ауылға 1-1 жарым шақырымдай жерге таяп қалған.
Сырдың бойына қоныстанған Маяқұм аулы бір аптадан бері үрей мен күн кешіп жатыр. Қазір ауыл тұсында 20-ға жуық техника мен 200-дей адам жұмыс істеп жатыр. Олар жаз кезінде қазылған арықтарды бекітуде. Сондай-ақ, Көксарайға жіберілген су көлемі де көбейтілді. Қазір қоймаға су жіберіліп жатыр. Қауіпке негіз жоқ. ТЖ қызметкерлері мен жергілікті билік өкілдері сол жерде. Сеңді жару үшін мамандар мұздың қалыңдығын анықтап жатыр.
0
462
0