Тікелей эфир

Шыңғысхан мұрасы. 1 бөлім.

Авторы Радик Темірғалиев

Кеңес Одағының құрамына кірген барлық халықтар тарихында көпке дейін Шыңғыс ханның тарихи рөлі біржақты ғана бағаланып келді. КСРО  тарихы оқулықтарында бұған қатысты тараулар мен бөлімдер әдетте «Моңғол-татар бұғауына қарсы халықтарымыздың күресі» деп аталатын. Тарих ғылымында Кеңес өкіметінің құрамына кіретін елдердің моңғолдар бағындыра алмаған, Батыс Еуропадан артта қалуының басты себебі ретінде сол «бұғау»  саналатын.

Бірақ бұл концепция әрқашан қазақ халқының тарихи зердесімен байланыса қоймайтын. Кейіпкерлері ерлік жасап, Қырымды шарлап, Қазанды қорғады деп жырлаған қазақ эпосында керемет өлке Ұлық Ұлыс (Ноғайлы) елі жайында айтылады, - бұл кеңестік оқулықтар жамандаған Алтын орда болатын. Көз көргендердің айтуы бойынша XIX ғасырда күшті көшпелі империяның құлауы қыр даласын құлазытты. Ақсақалдар өз әңгімелерінде жауыз хан Бердібекке қарғыс айтып, Иван Калитаның қулығына жағасын ұстап, Едігенің ерлік істеріне таңдай қақты.

Шыңғысханға табыну немесе Вениамин Юдин атап айтқандай ‘‘чингизизмның’’  мәні қазақтар өмірі үшін зор еді. Бақсылар сиқыршылық ырымдарды жүзеге асыруда ұлы жаулап алушының рухын шақырып, ал қарапайым адамдар оның үрім-бұтақтарын әміршілер ретінде емес, қасиетті төре тұқымдары деп санап, қатты сыйлатйтын. Сондықтан да XIX ғасырда төрелер өз билігін сақтап қалған жер бетіндегі жалғыз мекен -  қазақ даласы еді. Шыңғысханның ұрпақтарын әлдеқашан құртқан көрші мемлекеттер мен ру одақтары қазақтардан ақсүйек өкілдерін жиі сұрауға мәжбүр болып, оларды өз хандары ретінде жариялайтын.

Моңғол басқыншылығының Қазақстан тарихында алатын  орнын дұрыс анықтау үшін алдымен моңғол шапқыншылығына дейін қазақ даласында қандай жағдай болғанын түсініп алу керек. Ол кезде жердің көп бөлігін қыпшақ ру-тайпалары алып жатқан, олар Алтайдан Дунайға дейінгі аумақта көшіп-қонып жүретін. Бұл жерлерді олар ХІ ғасырда көшіп-қонып жүрген оғыздар мен печенегтермен ұзақ соғыс жүргізіп, жауды қуып шыққанан соң ғана иеленді.

Қыпшақтардың көсемдері хандар болатын, ал хандар билігі мұра арқылы беріліп отырғанын тағы айта кету керек. Түрлі мұсылман және қытай шежірелерінде Елбөрінiң тегiнен таралған (Ильбари, Эльбурилик, т. б.) ерекше қыпшақ әулетi болғандығы жөнінде айтылады. Ал Сергей Кляшторныйдың айтуы бойынша,  қыпшақ хандары ежелгі түркі Ашина әулетіне жатады («қасқырдан тараған»), олардан болгар патшалары асенидтер де таралған. Бұл деректер  бір-біріне қайшы келмейді, өйткені Елбөрі түркі тілінен аударғанда «қасқырлар тайпасы» дегенді білдіреді және де Ашина деген бұрынғы атауын ауыстыруы да мүмкін.

Өз тектілігін мақтан тұтатын елдердің билеушілері тегі күдік туғызатын ел билеушілерін тең санап, олармен туыстық қарым-қатынас орнатуы екі талай. Орта ғасырлық мемлекеттерде мұндай мәселелер патша сарайларында жан-жақты сынға алынатын, ал некелесуге мәжбүр болған жағдайлар көпшілікке ауыр тиетін. Хорезмдік, орыс, венгр, грузин билеушілерінің қыпшақ ханшайымдарымен некелесуі келіспеушілік тудырмайтын.  Қыпшақ хандарының шығу тегі жайында қасқырға табыну және көздің қарашығындай сақтап жүрген басқа да көне түркі әдет-ғұрыптардан хабардар болуға болады.

Дегенмен, өзіндік ақсүйектіктің бар болуы біртұтас мемлекет құруға септігін тигізген жоқ. Бүгінде көптеген қазақстандық тарихшылар өз жұмыстарында «Қыпшақ хандығы» туралы айтады, бірақ моңғолдық кезеңге дейін біріккен қыпшақ мемлекеті болғаны жайында ешқандай деректер жоқ. Әр тайпаны өз ханы басқарды және орыс жылнамаларына сүйенсек, бұндай билеушілердің саны ондаған адамға жеткен. Көршілес тайпалар ортақ жауларына қарсы соғысу үшін уақытша күш біріктіріп тұрған, бірақ осындай ортақтасуды мемлекет деп атауымыз қателік болар. Сондықтан да атақты тарихшы Василий Бартольдтың «Қыпшақ қозғалыстарында саяси одақсыз және өз мемлекетін құрмай-ақ халықтың ұлан-байтақ жерді  иеленуі өте сирек кездесетін жағдай. Жекелеген қыпшақ хандары болды, бірақ барлық қыпшақтарға билік еткен хан болған жоқ» деген пікірімен келісуге тура келеді.

Моңғол шапқыншылығы шынымен де қыпшақ тайпаларына үлкен зардап тигізді.  Плано Карпини бүгінгі Қазақстан аумағымен жүріп өткенде «тезек секілді жерде жатқан көптеген өлі адамдардың сүйек пен бастарын....» көргенін айтқан. Бұрын қыпшақ хандарының бақылауында болған Сырдария бойындағы қалалар тірі жансыз қалып, қиратылған. Әл-Омари осы жайында былай деп жазған: «Қазір Түркістанда сақталынып қалған, бірақ  қирауға ұшыраған орындарды ғана табуға болады. Алысқа көз салсаң жақсы салынған кенттерді көресің, жан-жағы жайқалған көк майса. Тұрғындарымен кездесейін деген үмітпен тақалып келсең, үйде ешкім жоқ, қаңырап бос тұр. Елдің тұрғындары көшпенділер, жер игерумен ешкім айналыспайды».

Моңғолдардың басты мақсаттары Елбөрі әулетінің өкілдері болды, моңғолдар оларды аңдып жүрді деп те айтуға болады, қарсы шыққандарды қырып, қару тастағандарды Моңғолия, Қытайға жіберіп отырды. «Қасқырдан туған» ұлы түркі қағандар ұрпақтары «аспан сәулесінен туғандардың» ұрпақтарына үлкен қауіп төндірді.  Қыпшақ ақсүйектері жан аямай 1242 жылға дейін қарсыласып келді, бірақ олардың күресі тізе бүгумен аяқталды. Бату ханмен жасалынған батыс жорығының басты мақсаты да осы еді, бұл талабы кей кезде Еуропаны басып алу әрекеті деп саналады. Олармен қоса отырықшы халықтардың күл-талқаны шығып, моңғолдардың боданына айналды. Басқыншыларға бірінші кезекте Батыс Дешті-Қыпшақ  даласы қажет еді.

Моңғолдарда өздеріне тән дала түсініктері болғандықтан, қыпшақтарды өзге халық деп санамайтын. Ибн Әл-Асир берген мәліметтер бойынша 1223 жылы Кавказда құпия келісім жүргізу кезінде моңғол қолбасшылары Сүбедей мен Жебе  қыпшақ хандарына арналған өз сөзінде былай деп бастаған: «Сіз бен біздің шыққан тегіміз бір». Өз кезегінде Ибн-Халдун да мынаны ескерте кеткен: «Қыпшақтар  Шыңғысханның үй іші мен татар халқымен бұрыннан бері жақын араласатын. Қыпшақ халқы татарлармен әйелдер жағынан туыс болды, яғни олардың қыздарын әйелдікке алып, жақындасты. Сондықтан Шыңғысхан қыпшақтарды өзімен бір туғандар деп санады».

Мәлімет көздерінде осыған ұқсас деректер әлі де жетерлік, бүгінгі тарихшылар арасында көне үйсіндер, жалайырлар, қоныраттар, кереиттер, наймандар және де т.б. қай тілде сөйледі деген таластардың бар болуы да кездейсоқтық емес. Бірақ, шындап келгенде, бұл сұрақ онша маңызды емес, өйткені далалықтар үшін этникалық теңестіруде тіл басты орында тұрған жоқ. Киіз үйде тұрып, қымыз ішіп, Тәңірге сенген барлық көшпенділер біртұтас ел ретінде танылған.

жалғасы бар

 
Алия Arsik
22 қазан 2012, 14:25
5939

Загрузка...
Loading...

Пікірлер

осыған өте жақын көзқарасты К. Хафизованың аузынана естіп едім.
Қыпшақтар конфедрациялық мемлекет болған және Қазақстан тарихында үлкен рөл атқарады. Мемлекет басшымыз Түрікстанда қазақ зиялылары және тарихшыларымен кездескенде біз тарихмызда қайта жазумыз керек Қазақ тарихы Ғұн Сақ Түрік Қыпшақ қыпшақтын 3 баласы нан казіргі 3 жүз тарау керек деген. Қазіргі тарих савет өкіметтінің бұрмалауымн жазылған оны . Ақтобе де Жанарыс Жақсылықұлы Енсепов айтқандай қазақтың туп нағашы татар.
Қыпшақтар өте мықты халық болған оның бір дәлелі. Бейбіт жатқан Қыпшақ даласын қырған Шынғыс хан Шынғыс Хан ұрпағын Қырған Сұлтан Бейбарыс немесе Байбарыс аталып кеткен мысыр сұлтаны. Тағы бір таң қалдырған нәрсе мысырды 20 қыпшақ сұлтаны билеген. 20 сұланннан кеиін Қазіргі қазақ даласында Орта жүзде Қыпшаққа сұлтан болған Аблай хан Қазақ ханы болып сайланған міне қыпшақтар тектілігі.
ШЫНҒЫСХАН ТУРАЛЫ АҚИҚАТ ӘЛІ ДӘЛЕЛІ ТАБЫЛЫП ЖАЗЫЛҒАН ЖОҚ! БҰЙЫРТСА ШЫҒЫПТА ҚАЛАР.

Пікір қалдырыңыз

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Сондай-ақ Ctrl+Enter басуға болады

Танымал жазбалар

Прогноз эксперта: в Казахстане будут жить 5 миллионов китайцев

Прогноз эксперта: в Казахстане будут жить 5 миллионов китайцев

В ближайшие годы в Центральной Азии будут проживать восемь миллионов китайцев, считает заведующий отделением востоковедения национального исследовательского университета высшей школы экономики.
kurmanovainur
23 июня 2017 / 11:23
  • 37814
  • 18
Они сделали это! Kaspi Bank презентовал свое мобильное приложение

Они сделали это! Kaspi Bank презентовал свое мобильное приложение

Изучив ошибки предшественников и собрав воедино новейшие идеи онлайн-банкинга, Kaspi Bank наконец выпустил... свое мобильное приложение!
niyazov
20 июня 2017 / 15:05
  • 8418
  • 5
Кайрат Келимбетов об азербайджанской инвестиции: «Вернется и «тело», и проценты»!

Кайрат Келимбетов об азербайджанской инвестиции: «Вернется и «тело», и проценты»!

Мы записали уникальное интервью с Кайратом Келимбетовым. Предлагаю вам посмотреть первую часть, где мы постарались по возможности поставить все точки на «I» именно по Азербайджанскому вопросу.
Zhumanova
19 июня 2017 / 12:00
  • 6061
  • 7
Почему мы должны быть благодарны журналисту Джеймсу Палмеру за критику ЭКСПО

Почему мы должны быть благодарны журналисту Джеймсу Палмеру за критику ЭКСПО

Как одним критичным постом зарубежному журналисту Джеймсу Палмеру удалось вскрыть сразу несколько гнойников казахстанского общества.
anotherblogger
21 июня 2017 / 0:39
  • 6189
  • 63
Долговое рабство: почему казахстанцы берут кредиты под 1330%

Долговое рабство: почему казахстанцы берут кредиты под 1330%

Эти кабальные займы никакой пользы для экономики не несут, при этом ухудшают финансовые возможности населения, пополняют ряды новых неплательщиков, тем самым создавая социальную напряженность в...
Armanjan
18 июня 2017 / 15:43
  • 4005
  • 28
В Казахстане заблокировали сайт, раскритиковавший EXPO в «захолустной» Астане

В Казахстане заблокировали сайт, раскритиковавший EXPO в «захолустной» Астане

Все помнят Медузу и ЖЖ. Теперь в этот "особенный" список попал сайт Foreign policy. Предполагается, что причиной блокировки стала нелицеприятная заметка Джеймса Палмера об EXPO в Астане.
Seattle
19 июня 2017 / 15:40
В каких случаях у вас могут изъять удостоверение личности?

В каких случаях у вас могут изъять удостоверение личности?

Недавно один знакомый задал вопрос: «Я сейчас выступаю как свидетель по одному делу. У меня забрали удостоверение личности (УЛ) в РУВД и не вернули обратно. Так можно?». Я сразу задалась вопросом...
asselsabekova
21 июня 2017 / 10:17
  • 2696
  • 10
Инструкции по сопроводительному письму и собеседованию, которые подойдут всем

Инструкции по сопроводительному письму и собеседованию, которые подойдут всем

Наткнулась на статью Ассоциации юристов Новой Зеландии, в которой они дают советы выпускникам юрфака по поиску работы. Статья меня поразила, поскольку там описано все до мелочей, а их советы подойдут абсолютно всем.
asselsabekova
20 июня 2017 / 16:10
  • 2397
  • 6
На Иссык-Куль через Юг. Не бойтесь ехать в Киргизию своим ходом!

На Иссык-Куль через Юг. Не бойтесь ехать в Киргизию своим ходом!

Очень живописная и бюджетная поездка вдоль всего берега по Иссык-Кулю! Мы, две обаятельные девушки, поехали вдвоем, подготовленные к совершенно автономной жизни в палатке, и ни разу ничего не...
yelenasergiyenko
22 июня 2017 / 13:20
  • 2204
  • 14