Тікелей эфир

Ақжан Абдалиева: ''Стереотиптерді ирониямен көрсетуге тырысамын''

Ақжан Абдалиева елімізде ғана емес, Еуропаның көптеген елдеріне танылған суретші. Швейцария мен Германия галереяларын дүркіреткен қандасымыз өз Отанында биылғы күзде «Жетінші сезім» атты көрмесін де өткізді. Көрменің қаншалықты сәтті өткенін, Ақжанның болашақтағы жоспарлары мен жалпы өнер жайлы толғанысын біліп көрелік.

- Ақжан, көрмеңіз қалай өтті?

- Көрмем, менің ойымша, өте тамаша өтті. Біз шақыру билеттермен келген қонақтарға сыйлықтар тараттық. 1500 адамдай келді. Ұйымдастырушылармен кішігірім мереке жасадық десем де болады. Осыншама көп адам келеді деп ойламаған едім.

- Кішкентайыңыздан суретші болғыңыз келді ме?

- Иә. Менің неге суретші болғым келгенін білесіз бе? Кішкентайымда жиі ауылға әжеме баратынмын. Сонда ауылда үйір-үйір жылқылар мен құлындарға қызығып, олардың суретін салғым келетін. Басында бұл ойымнан түк шықпады. Қаншама тырыссам да, дәл сол көркемділікті жеткізе алмадым. Содан не де болса, аттарды қағаз бетіне түсірем деп бел буып, қайта-қайта сол аттарды сала беретінмін. Әйтеуір бір күні суретім көңілімнен шығып, сол кезден бастап, сурет салуға деген қызығушылығым артып кетті. Кішкентай кезімде тек қана аттардың суретін салатынмын.

''Ақ жылқы'' 2011 ж.

- Ақжан, Қазақстанда да, Түркияда да білім алыпсыз. Екі елдің өнер саласындағы білім беру деңгейін салыстырып көрсеңіз?

- Иә, мен Түркияның атақты архитекторы Мимар Синан атындағы Өнер Университетінде оқыдым. Стамбулдағы Босфор жағалауында орналасқан өте көрікті университет. Ондағы білім сапасы да, мұғалімдері де өте мықты. Студенттердің өзін-өзі көрсетуіне, ашылуына барлық жағдай жасалған. Ал Қазақстанда Т. Жүргенов атындағы өнер академиясында оқыдым. Екі елдің білім беруін салыстырсам, бізде егер бір ғана мамандықты таңдасаң, тек сол тар профиль бойынша сабақ жүргізіледі. Мысалы, мен кескіндеме (живопись) мамандығы бойынша оқыдым, бізге кескіндеме сабақтары, сурет салу, анатомия сияқты тек осы мамандық бойынша пәндер оқытты. Ал Түркия университетінде 5-6 пән таңдайсың және оның бәрі әр саладан болуы мүмкін. Мысалы, кескіндеме мен сурет салу - негізгі пәндер, онымен қоса витраж, кілем, феска жасау, белгілі материалдың құрылымын зерттеу сияқты көп нәрсені қамтитын қосымша пәндер де оқытылды.

-Біздің университеттерге не жетіспей жатады деп ойлайсыз?

- Бізде сол өнердің барлық саласын қамтуға тырысу керек. Мысалы, отандық оқу орындарында қыш-құмыра жасайтын пеш жоқ. Ал Түркияда қыш бұйымдар, керамикалық заттар жасау өте қатты дамыған. Студенттерге арнап жасалған пештердің бәрі де жұмыс істеп тұрады. Жіп, бояу деген материалдардың бәрі де студенттерге беріледі. Барлық жағдай жасалған. Ал бізде суретшілерге арналған ондай дүкендердің өзі аз. Көбінесе Қытай мен Ресейден әкелінген материалдар сатылады. Бұл жағынан суретшілер үшін қиындықтар туады.

- Сіз сонымен қатар кескіндеме бойынша өнертану докторы екенсіз. Сабақ бергіңіз келмей ме?

- Иә, өнер саласының докторы деген қызық естілгенімен, бұл дәрежені алдым. Өйткені арнайы мамандыққа оқыдым, ал оқытушылар бар жерде профессор атағы да болады. Оқыту мүмкіндігі бола жатса, қуана келісер едім. Өйткені оқушылармен жұмыс істегенді ұнатамын.

- Өнер зерттеушілері арасында Қазақстанның жас суретшілері көбінесе дәстүрлі көркем кескіндемеге қарағанда, «жаңа заман ағымындағы» креативті туындылар салуға тырысады деген пікір бар. Сіздің ойыңызша, елімізде осы кескіндеме саласының болашағы бар ма?

- Меніңше, қазіргі заманға сай туындыларды салу үшін алдымен дәстүрлі жанрларды меңгеріп алған жөн, бірақ қабілетің одан асып кетсе, осы бағытта жұмыс жасауға болады. Ал кескіндеме негіздерін үйренбей жатып, қазіргі заман ағысы бойынша сурет салу - тәжірибесіздікті көрсетеді. Қазақстанда көркем өнер жанрында жұмыс істейтін жақсы суретшілер бар. Болашағы дегенде, алдымен елімізде сол өнер туындыларын бағалайтын көрермен болғанда, көркем өнердің болашағы да болады. Қазірде көптеген суретшілер, тек суреттерін сату мақсатында ғана жұмыс істейді. Сондықтан, жаңағыдай, жаңа заман ағысына ұрылып жатқандар көп. Ал нағыз өнерді бағалай алатын жұрт болған кезде, шынайы көркем суреттер өміршең болмақ.

Бізде әлі де сурет салу бағытында ақша салу, инвестиция жасау деген түсінік қалыптаспаған. Адамдар көбінесе машина, тұрғын үй, интерьер, т.б. ақша салады. Мысалы, қымбат интерьер сатып алып, оны сақтайтын болсаң, уақыт өте келе ол бәрібір де ескіреді, құнсызданады. Ал суреттер сол салынған заманның көрінісінен ақпарат беретін бір белгі ретінде болса да, ұзақ сақталады. Қазірде, мысалы, кеңес үкіметі кезеңінің туындылары өте жоғары бағаланады. Суретшілері танымал болмаса да, суреттер сол заманның бір белгісі болып табылады, оның бағалары төрт-бес мың еуродан басталады.

''Нәзіктік'' 2009 ж.

-Ақжан, шет елдерде көп боласыз ғой, сол жақтың жастары мен біздің жастарды салыстыра отырып,  біздің жас буынның кемшіліктерін айта аласыз ба?

- Менің ойымша, жастарымыздың көбісі қажетсіз нәрселерге құмар сияқты. Олар көбінесе өзінің сыртқы келбетіне көп көңіл бөледі, осымен жақсы әсер қалдыруға тырысады. Ал Еуропада жастар бұл кезеңді өткеріп қойған секілді, яғни ненің бағалы екендігін, сыртқы жылтырдың жасанды болатынын түсінеді. Әрине, олардың арасында да өз «құмалақтары» болады. Алайда, жалпы алғанда, олар материалдық құндылықтың бірінші орында болмайтынын түсінген.

''Өсекші қыздар'' 2011 ж.

''Қазақ'' 2011 ж.

- Сіздің көпшілік туындыларыңызда аздап мысқыл сезіледі. Осылайша белгілі бір қоғамдық мәселені көтергіңіз келе ме?

-Иә, міндетті түрде мен бір тақырыпты көтерем. Өйткені қазақстандық суретшілердің көбі жұмыстарында киіз үй, бүркіт, тауларды салуға құмар. Әрине, ол- тарих, алайда, біз қазірде киіз үйде тұрмаймыз. Біз өз кемшіліктері бар дамушы Қазақстан болғандықтан, өзім сол даму барысындағы кемшін тұстарды, стереотиптерді ирониямен көрсетуге тырысамын. Бірақ ол мысқыл емес, жай ғана өте нәзік түрде ойымды білдіруім. Себебі мен салт-дәстүрімізді, қазақи мінезімізді сүйемін. Мысалы, «Қазақ» деген туындымда өзімізге тән байсалдылықты, жайбарақат, асықпайтын мінезімізді көрсеткім келді.

''Кешкі шай'' 2009 ж.

''Үйлену тойы'' 2010 ж.

''Қойшы'' 2011 ж.

-Кітап оқығанды жақсы көресіз бе? Сүйікті жазушыларыңыз кім?

- Кішкентайымда көп оқитынмын, қазірде интернеттен психологиялық қызық мақалалар оқимын. Соңғы ұнатып оқыған жазушым - Дмитрий Липскеров, «Последний сон разума», «Родичи» деген кітаптарын оқып шықтым, енді «Мясо снегиря» деген соңғы кітабы жоспарда. Сондай-ақ, В.Пелевиннің «Generation П» кітабы ұнайды. Сүйікті жазушыларымның арасында тағы да Л.Улицкая бар, «Сонечка» атты повесі өте ұнады. Қалғандарының бәрі психологиялық туындылар.

- Шабытты қайдан аласыз?

- Шабыт деген - менің көзім. Көрген нәрселерімнен: кино, кітап, қызықты газет-журналдар, жай ғана кафеде отырған адамдар, табиғат, қызықты көріністер, жапырақтың үзіліп құлауы - бәрі де маған шабыт сыйлайды. Кейде көрген нәрсемді ұмытып қалмас үшін фотоға түсіріп аламын. Сондай-ақ, шабыт маған суретті салып бастағанда келеді.

- Ендігі жоспарыңыз қандай?

- Ендігі жоспарым - Америкаға барып, сонда көрме ұйымдастыру. Әсіресе Нью-Йорк, бұл қала өнер орталығы ретінде қатты қызықтырады. Қазіргі заманның өнер туындыларын көргім келеді, өзімді көрсеткім келеді. Қазақстанды өнер елі ретінде танытқым келеді.

Әңгімелескен Айжан Кәрібаева, фото автордікі

Алия Arsik
22 қазан 2012, 12:26
4806

Загрузка...
Loading...

Пікірлер

Ақжанның суреттерін көргенмін, өте әдемі! Әсіресе "Нәзіктік" деген суреті баурап алды.. өте талантты қыз екен
sonny
1
0
Маған Айжанның сұрақ қою шеберлігі ұнайды! нақты, қысқа әрі нұсқа. Жарайсың, Айжан)
Zere
2
0
Жақсы сұхбат болыпты. Ақжанға тек сәттіліктер тілеймін. Нью-Йоркте көрмесі өтсін! )
Ақжанға сәттілік! Барлық көздеген мақсаттарына еш қиындықсыз жете берсін! Тек, туындыларындағы көздер сондай мұңды, неліктен екен?
әр суретші туындысында өз ішкі көңіл-күйін білдіреді деп жатады ғой, адам болған соң, бірде мұңаясың, бірде қуанасың:)
Өсекші қыздар:( Ащы шындық:)
kausar
0
0
Жақсы сұхбат екен. Ақжан негізінен қай бағыттағы суретті салады екен?
оның суреттері қазіргі заман тақырыптарын қозғайтын дәстүрлі кескіндеме бағытында, көптеген өнертанушылар оның туындыларында еркіндік, жас қыздың бірде түңіліп, бірде күліп жүретін сан қилы көңіл-күйлері бейнеленген деп жатады. толық ақпаратты Ақжанның сайтынан білулеріңізге болады akzhana.com
Бұл суреттердi сaтып aлу мүмкiндiгi бaр мa?
иә, көрме кезінде сатып алуға болатын. Қазірде Ақжанның сайтына кіріп, сұрай аласыз

Пікір қалдырыңыз

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Сондай-ақ Ctrl+Enter басуға болады

Танымал жазбалар

До каких пор чиновники будут игнорировать защиту детей?

До каких пор чиновники будут игнорировать защиту детей?

До каких пор Уполномоченный по правам ребенка, как институт во всем мире стоящий на страже жизни и прав детей, в нашей стране будет выполнять представительские функции?
AliyaSadyrbaeva
вчера / 18:27
  • 4318
  • 5
«Алматы – город, летящий под откос», или Кто заказал утку у российского блогера

«Алматы – город, летящий под откос», или Кто заказал утку у российского блогера

Некий блогер Сергей Никитский неустанно пишет о Казахстане, Астане, Экспо и посвящает два материала Алматы, причём подчёркнуто называет город Алма-Ата.
Langdon
19 июля 2017 / 15:44
  • 3854
  • 58
Что происходит в казахстанской правоохранительной системе под видом борьбы с коррупцией

Что происходит в казахстанской правоохранительной системе под видом борьбы с коррупцией

За день до своей гибели прямо около памятника жертвам политических репрессий 1937-го Жампозов сказал жене, что он – жертва точно таких же репрессий.
openqazaqstan
24 июля 2017 / 10:18
  • 2980
  • 12
Книга, которая сэкономит вам 150 тысяч долларов и два года жизни

Книга, которая сэкономит вам 150 тысяч долларов и два года жизни

Автор утверждает, что программы МБА не дают никакого позитивного выхлопа, если ты уже не являешься владельцем или наследником прибыльного бизнеса. Знания МБА можно получить бесплатно, уверяет он.
Aks_Ras
19 июля 2017 / 16:28
  • 2879
  • 2
Зачем эмигрировать в Россию? Лично я никогда не понимал этой странной мечты

Зачем эмигрировать в Россию? Лично я никогда не понимал этой странной мечты

Некоторые мои знакомые, мечтают уехать в Россию и побыстрее получить гражданство. Кому мы там сдались? Есть замечательная поговорка: "Где родился - там и пригодился".
Washington
вчера / 12:15
  • 2733
  • 82
Госорганы, ответственные за жизни детей, хранят молчание. У них в отчетах все хорошо

Госорганы, ответственные за жизни детей, хранят молчание. У них в отчетах все хорошо

Вчера все информационные агентства страны передали сообщение, которое заставило забиться в ужасе сердца всех матерей страны. В мусорном контейнере города Сатпаев было обнаружено тело новорожденной девочки.
AliyaSadyrbaeva
19 июля 2017 / 11:06
  • 2394
  • 19
Почему путь к любимому Иссык-Кулю из года в год не становится легче

Почему путь к любимому Иссык-Кулю из года в год не становится легче

Минувшие выходные для казахстанских туристов, рвущихся от алматинской жары к иссык-кульской прохладе, снова обернулись настоящим кошмаром.
caravan_kz
19 июля 2017 / 18:39
  • 1914
  • 4
Мужчины Люксембурга и Казахстана: «У нас они уже в 35 добиваются статуса»

Мужчины Люксембурга и Казахстана: «У нас они уже в 35 добиваются статуса»

Что касается парней, так это вообще отдельная тема. Они для меня загадка. Уже год пытаюсь понять ход их мыслей. Для нас, казахов, немного сложно понять, почему человек в 35-36 лет, до сих пор не нашел смысла жизни.
AASh
24 июля 2017 / 15:19
  • 1882
  • 18
Наша новая рубрика «Топ-5»: самые красивые актрисы Казахстана

Наша новая рубрика «Топ-5»: самые красивые актрисы Казахстана

Решили сделать топ-5 красивых актрис Казахстана. Очень долго спорили о первых трех местах и даже чуть не подрались. Было очень тяжело выбирать.
asdbqwe
20 июля 2017 / 14:24
  • 1931
  • 41