Yvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов42 подписчика
Всяко-разно
4
01:34, 14 ноября 2011

Алтын батыр - Илья!

Өткен сенбі күні отбасымызбен теледидар алдында жиналып, Париждағы ауыр атлетикадан әлем чемпионатындағы отандасымыз Илья Ильиннің керемет жеңісін тамашаладық. Ильяның төсіндегі «Қазақстан тәуелсіздігіне 20 жыл» деген жазуы, еліміздің туын иығына жауып алған жеңімпазымыздың қимылдары және ҚР Әнұраны ойнаған кездегі көз жасы оның тек спортшы ғана емес, сонымен қатар еліміздің нағыз патриот азаматы екендігін айқындады.

Blog post image

14 қараша. Таңғы сағат 06.00. Астана әуежайы. Досымыз екеуміз Ильяны күтіп тұрмыз. Сағат 06.40-қа жақын әуежайдың іші адамдарға лық толды. Көпшілігі – жастар. Мақсаттары – елден бұрын Ильяны құттықтау, жылы лебіздерін айту, чемпионнан автограф алу,  онымен бірге суретке түсу.

Blog post image

Венадан ұшақ сағат 7.40-та кешігіп келетін болды. 1 сағаттың ішінде Ильиннің жанкүйерлері топтасып, бір командаға айналды. 100-ден астам жиналған адам «Илья чемпион! Илья жеңімпаз!» деп ұрандатып, екі-үш қайтара дайындалып алды.

Blog post image

Астананың ызғарлы, суық ауа-райына қарамай, таңғы сағат 6-да Мадина есімді әлем чемпионының жанкүйері гүлін Ильяға сыйлауға алып келіпті.

Blog post image

Міне бір жарым сағат күткен батырымыз келді! Әуежайда жиналған жанкүйерлерін көрген жеңімпаз Ильяның көңіл-күйі керемет.

Blog post image

Дана халқымыз: "Болар елдің баласы бірін-бірі батыр дейді". Ел батырын қарсы алуға ресми азаматтар мен саяси тұлғалардан бір-екеуін ғана көрдім. Оның бірі - депутат Мұрат Абенов.

Blog post image

Әуежайдағы жанкүйерлер Ильяны "көкке көтерді" :)

Blog post image

Гүлдердің артында - Илья Ильин :)

Blog post image

Илья Ильин бұқаралық ақпарат құралдарына сұхбат беріп жатыр.

Үш дүркін әлем чемпионы, Бейджіңдегі олимпиада жеңімпазы Илья Ильин өз қайратын, күш-жігерін қайтадан бүкіл әлемге паш етті.  "Лондон-2012" олимпиасына дейін Ильяның барлық қарсыластары Қазақстан атлетіне арнап, "Көзімді жұмсам да көрем сені!" деп әндетіп жүретін болды. :)

Илья елді бір сілкіндіріп тастады! Жастардың патриоттық рухын көтерді! Илья, саған алдағы сайыстардың барлығында тек жеңіс тілейміз! Қазақстан, тек қана алға!

 
4
739
3