Үкіметтік Емес Ұйымдар: түйенің қомындағы "қозғалыстар"

resmi 2011 M10 4
634
0
0
0

Жемқорлық, асыра сілтеу, бармақ басты - көз қысты әрекеттер, жең ұшынан жалғасу... Тұра тұр, сүтқоректілердің шенуніктер отрядына қатысты кезекті зарлы әңгіме емес. Сөйтсек, мұндай келеңсіздіктер...

Жемқорлық, асыра сілтеу, бармақ басты - көз қысты әрекеттер, жең ұшынан жалғасу... Тұра тұр, сүтқоректілердің шенуніктер отрядына қатысты кезекті зарлы әңгіме емес. Сөйтсек, мұндай келеңсіздіктер Үкіметтік Емес Ұйымдарда да болып тұрады екен! Рас, шенеуніктер сияқты қаржы полициясы масқара қылмай-ақ, өздері мойындап отыр. "Азаматтық Альянстың" ұйымдастыруымен өткізіліп жатқан конференцияның "Даму саласындағы аңыз бен ақиқат" атты секциясында айтылған фактілерден, Үкіметтік Емес Ұйым деп аталатын ең транспарентті ұйымдарды да жемқорлық іспетті құрт дендегенін көресің.

Оқымыстылардың күдігі

Гуманитарлық ұйымдар мен олардың қызметтері жөнінде барлығымыздың ең қажетті деген хабарымыз бар. Жапонияда топан су - олар сонда; Африкада аштық - олар сонда. Иә, ізгілік пен иман итермелеген жандарға қол соқпасқа шара жоқ.

Дегенмен, мұндай жанқияр ізгіліктің артынан алысқа кеткен жоспарларды көретіндер де жоқ емес. Мысалы, АҚШ-тық "SowHope" қайырымдылық ұйымының жетекшісі Мэри Д. Браун оны ашық мойындады. "Әрине, -дейді ол, - біз бәрібір өз мемлекетіміздің мүддесін арқалап жүретініміз рас". Емеурінмен болсын, әйтеуір Америка екеш Американың да мемлекеттік мүдде жолында азаматтарын қысқа шынжырмен ұстап отырғанын білдіртіп қалды.

Ал енді, Үкіметтік Емес Ұйымдардың жұмысына тек күдік-үміт білдіртіп қана қоймай, ғылыми аппаратпен жарақтанып алып шүйлігетіндер де бар. Бұлардан енді адамсүйгіштік періште кейпіңмен құтыла алмайсың. Қалт айтқызбайды, айтқаныңнан және жалтартпайды. Мысалы, "Дімкәс көмек" атты кітаптың авторы Дамбиса Мойо, халықаралық гуманитарлық көмек көрсету Африка елдерінде тіпті - коррупцияның гүлденуіне әкеліп соқты дейді! Ал керек болса! Жығылғанға жұдырық керек болса, ол да бар: Нью-Йорк Университетінің профессоры, әрі Дүниежүзілік Банкте үлкен еңбек өтілі бар Уилям Истерлей, кедейшілік және маляриямен күреске деп бөлініп жатқан алапат қаржы әншейін желге ұшып жатыр дейді! Көшедегі біреу айтса, "қойшы-әй сен де!" дер ме едік, бірақ назар аударыңыз: бұл пікірді үлкен қаржылық көмектердің бас координаторы - Дүниежүзілік Банктің бұрынғы болса да қызметкері айтып тұр ғой! Және сол ізгілік пен адамсүйгіштік мақсатпен қаржы бөлген донорлардың өзі - жәй, ақша шаятын алаяқтар емес пе деген ойға әкеледі.

Айта кету керек, ҮЕҰ өкілдері аталмыш проблемаларды тек констатация жасап өтті. Өзінен-өзі сұранып тұрған "ендеше қалайша жұмысты мейлінше ашық жүргіземіз?" деген сұрақты үнсіз келісіммен айналып өтті. Бәлкім, ондай әдіс жоқ та шығар.

"Көкелер"

Пікірталас ортасына қарай халықаралық гранттарды ұдайы ұтып ала беретін пысықайлар туралы да әңгіме болды. Бұл енді тіпті қызық.
Сұрақтың жарасын тырнаған - "Қазақстан Дағдарыс Орталықтары Одағының" төрағасы Зульфия Байсакова болатын. Ол мейлінше әдепті түрде "халықаралық гранттарға қолы жететіндердің дені біртекті сияқты..." деп ымдағандай болып еді, спикер іліп әкетіп, мынадай сұмдықты жайып салды. Сөйтсек, Қазақстандық ұйымдар мен жеке тұлғалардың халықаралық гранттарға жолын кес-кестеп жүргендер ... БҰҰ сияқты ұйымдарда қызмет ететін шенеуніктеріміз екен! Айталық, UNICEF, UNIFEM әлде UNESCO әлдебір грант бөлді делік. Оны алғаш еститін кім? Дұрыс - сонда жұмыс істейтін өкіліміз! Ендеше өзі әлде сыбайластары арқылы тездетіп ұйым құрып жіберіп, грантты кейде бірнеше гранттарды оңды-солды ұтып ала беретін көрінеді. Ал елдегі ұйымдар грантқа үміткерлік білдірмек түгілі, барын да білмей жүре береді. Сонымен, шетелдік миссиядағылардың артына да шам жағып қойған дұрыс.

"Қарағым, жылыт, тамақ бер..."

Грант алуға қарекет қылудағы сауатсыздық мәселесі де тілге тиек етілді. Сауатсыздық емес, қомағайлық десем дәлірек болар. Мысалы, бір ұйымға гранттан үміткерлер ... 121 мың доллардың бағдарламасын әкеліпті. Жастарға қатысты бағдарлама көрінеді. Сөйтіп, сарапшылар жобаны зерттеуге ашып қалса, тек 20 мың доллар ғана "жастарды дамытуға" екен де, қалған 100 мың доллар - офис шығындары мен жалақы екен! Әрине, жобасынан гөрі құлқыны қымбат мұндай жобаларға көк тиын да бұйырмайды. Бірақ қызығы сол, осы тақылеттес ұнсыныстар тіпті толастамайды дейді. Тисе терекке дейтін шығар бәлкім...

ҮЕҰ сарапшылары жалпы соңғы жылдары халықаралық қаржылай гуманитарлық көмектің күрт төмендеп кеткенін айтып отыр. Әрі бюрократиялық шырғалаңдар да көбейгенге ұқсайды. Бұрынғыдай меценаттар жоқ, қазір менің сыбызғыма биле деп талап етеді дейді. Әйтеуір, шетелдік ұйымдар адамның аярлығына алғаш кездесіп отырғандай әсер қалдырды. Онсыз да төлеушінің сойылын соғатын біздің ұйымдар бұған дәнеңе деп пікір білдірмеді. Мұхиттың ар жағынан келген әріптесінің надандығына қайран қалған болар...

Оцените пост

0