• 3445948
  • 4670
  • 289
Нравится блог?
Подписывайтесь!

Фотожурналистика жайында

Фотожурналистика  басқа фотографиялық өнерге қарағанда күнделікті өмірде біз байқамайтын шынайылықты көрсетуге көбірек бағытталған. Дұрыс түсірілген сурет мәтіннен гөрі бәрін нақтылап айқындап береді. Себебі фотожурналистика - сөйлеп тұратын жанр. Фотожурналисттің объекті тек адамдар ғана емес, саяси толқулар мен көтерілістерден ғана да құралмайды; сурет арқылы әртүрлі кадрларды көрсетуге болады, идеясы сақталса болғаны.

Фотокорреспонденттің  міндеті - оқиғаны дұрыс түсіну, көру, түймедей нәрсені түйедей қылмай, фактыны нақты көрсетіп, көрерменді толғандыру. Жақсы фотография визуалды түрде оқылуы тиіс. Сөзсіз, көріп - түсіну. Оны жоққа шығармау керек, алайда, репортаж жанры ашық, толыққанды пікірді талап етеді, яғни бейнеге байланысты ақпарат жазылып, оған қосымша «жүк» артылады.

Көрермен материалды оқып, сурет арқылы толық оқиғаны  көріп тұрады, яғни мәтін суреттің шекарасын кеңейтеді. Таң қаларлық бір фотографиядан гөрі пікір  мен көзқарастар бар фотоның  эффектісі көбірек болады, себебі қиын жағдайды түсіндіретін мәтін бейненің мәнін ашады. Сонымен қатар, мәтінсіз «айқайлап тұрған» фото көрерменде психологиялық қорғанысты - қабылдамауды - қоздыруы мүмкін. Ал бейтарап ақпарат максималды түрде дұрыс нәтиже беруі қажет.

Фотожурналистиканың атасы Анри Картье-Брессон фотография әлеміне өз жаңалығын әкеліп, негізгі заңдылықтарды да құрған еді. Танымал фотограф фотоға түсіріп алған адамдар үшін «көрінбейтін» болып қала білді. Оның суреттері түсіру кезінде үнемі аяқталған болатын: фотоларын өзгертпейтін, жасалған суретті кадрламайтын. Сонымен қатар, оның есімі кез келген сценаның эмоциялық шарықтау шегіне жеткен кезді, яғни «шешуші мезетті» түсіріп алатынымен танымал. Фотография әлемінде Картье-Брессон оқиғаға экспрессия беретін мезетті тауып ала білді.

Ол қарапайым  адамдар мен танымал тұлғаларды түсіретін. Мысалы: Альбер Камю, Жан Ренуар, Мэрилин Монро, Коко Шанель, Жан-Поль Сартр, Луи Арагон және т.б. Картье-Брессон қиялдамайтын, жасанды шынайылықты жасамайтын, фотографияның тек деректі жанрына адал болды.

Бүгінгі жаңалық  жеткізетін фотография - күнделікті оқиғалар барысы, олар жергілікті немесе халықаралық масштабтан тәуелсіз. Халықаралық  оқиғаларға жатқызылатын материалдар  әлемдік нарыққа Reuters, AP және AFP сияқты агенттіктермен жеткізіледі, ал жергілікті жаңалықтар кішірек және мамандырылған агенттіктер немесе ерікті фотографтардың (freelance) еншісінде. Сандық камералардың пайда болуы осы сектордың жағдайын біршама өзгертті. Бүгінде танымал фотографтардың көбісі жаңалықтық фотографиядан бастағандар. Жаңалықпен жұмыс - фотожурналист үшін тамаша мектеп. Саяси, мәдени шаралар, қылмыстық оқиғаларды суретке түсіру арқылы фотограф композицияны құрастыруға үйренеді, ал осындай тәжірибені фотожурналистикада жинақтауға болады.

Бүгінгі таңда  баспасөз бетіндегі фотографиялардың беделі бұрынғыдай емес, оған себеп - Әлемтордағы  ақпараттың жеделдігі. Интернетте секунд сайын пайда болатын оқиғалар дәлдікті, шынайылықты талап етеді, ақпаратты жандандыру үшін бейнелермен қоса жарияланады. Интернет-журналистика мен блогингтің стилі - қысқа да нұсқа ақпаратпен қоса мультимедияны ұсыну, сол себепті, вебтегі жазба фотографиялармен жарияланса, сенімділік факторының деңгейі жоғарылайды.
Мысалы, BBC сынды жаңалықтық қызмет оқырман үшін «Объективтегі күн» атты айдарында қызықты, маңызды фотоларды жариялап тұрады. Төменде Палестинадағы графити: «Көп адамдар қолдарына қару ұстап алады, бірақ осы қаруды жауға қарсы қолданатындар аз».

Блогосфера фотография арқылы әлемді аралайды, мысалы, «Жаңа Евразия» блогында жас журналист Нұрайым Рысқұлова оқырмандарды Душанбе көшелерімен таныстыруда.

Қазіргі заманда  фотографтардың нарықпен көзбе-көз жүздесуге, жұмыстарын сайттарға жариялауға, көрерменмен пікір алмасуға мүмкіндігі бар. Бірақ, заман өзгерсе де, фото өнері жайында: «Суретші мен табиғаттың шығармашылық тандемі - екеудің ойыны» - деген сөздің шынайылығы мәңгі қала бермек.

Мінбер.кз үшін.

Алия Arsik
30 сентября 2009, 23:42
5554

Загрузка...
Loading...

Комментарии

Arsik
0
5
тебе спасибо :) и добро пожаловать!

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

Инструкция для аллергиков. Как бороться с аллергией в период обострения

Инструкция для аллергиков. Как бороться с аллергией в период обострения

Я аллергик с детства. Имею аллергию на пыльцу березы, липы, полыни (выяснил это благодаря кожным пробам), а также пищевую аллергию на горчицу. Свои проблемы знаю, однако это меня не спасло.
Romeo_17
15 авг. 2017 / 17:21
  • 38952
  • 63
СМИ – ассистент провокаторов? Как гости из соседних стран сеют раздор в Казахстане

СМИ – ассистент провокаторов? Как гости из соседних стран сеют раздор в Казахстане

Инцидент с пьяным киргизским гостем на борту Air Astana, наверное, остался бы только во внутренних сводках авиакомпании, если бы г-н Доган, не поднял громкий крик о государственном языке.
openqazaqstan
17 авг. 2017 / 14:43
  • 11527
  • 177
Казахский национализм раньше выглядел несовременно. Теперь он другой

Казахский национализм раньше выглядел несовременно. Теперь он другой

Националисты стали совсем другими. По-английски хорошо говорят, русскую классику цитируют. Очень современные, образованные, адекватные. А после Крыма в националисты уже чуть ли не любой казах готов был записаться.
Aidan_Karibzhanov
16 авг. 2017 / 16:52
Имеющий уши да услышит. Латиница касается только казахского языка

Имеющий уши да услышит. Латиница касается только казахского языка

Президент Назарбаев наконец-то разъяснил для всех, кто ещё не понял, очевидный вопрос, который всем в Казахстане очевиден. Елбасы повторил: на латиницу мы переводим казахский язык, и это не означает отказ от русского языка.
openqazaqstan
18 авг. 2017 / 16:23
  • 3312
  • 52
«Доехать до Алтын Орды» – как мошенники обманывают алматинцев

«Доехать до Алтын Орды» – как мошенники обманывают алматинцев

Из множества грустных откровений постепенно сложился перечень самых распространённых уловок охотников за нашими деньгами. В нём ожидаемо лидировали профессиональные попрошайки.
caravan_kz
16 авг. 2017 / 15:05
  • 2245
  • 4
Надо научиться видеть скрытые экономические процессы за вспышкой национального гнева

Надо научиться видеть скрытые экономические процессы за вспышкой национального гнева

При полном отсутствии бюджетного жилищного строительства, целые аулы оседают в ветхих домишках, сквозь заборы которых насмешливо возвышаются башни "коктемов", "риц карлтонов" и "есентаев".
niyazov
19 авг. 2017 / 11:16
  • 2303
  • 61
В Кокшетау строят два парка для молодёжи. Будут учтены интересы и любителей спорта

В Кокшетау строят два парка для молодёжи. Будут учтены интересы и любителей спорта

Общая площадь парка составляет 25 гектаров. На территории предусмотрено устройство прогулочных дорожек, площадок для установки аттракционов и павильонов различного назначения, цветников.
zhasakmola
17 авг. 2017 / 17:13
  • 2079
  • 1
В «Жилстройсбербанке» посоветовали не ходить в кафе, а копить на квартиру

В «Жилстройсбербанке» посоветовали не ходить в кафе, а копить на квартиру

При какой зарплате можно купить квартиру, рассказала председатель правления АО ЖССБ Ляззат Ибрагимова. Она также подчеркнула, что придется забыть, что такое вечеринки, кафе и всякие развлечения.
tala03
18 авг. 2017 / 9:55
  • 1690
  • 47
Как я перестала верить в бога: «Религия показалась мне фарсом, а бог – выдумкой»

Как я перестала верить в бога: «Религия показалась мне фарсом, а бог – выдумкой»

Первое, что зародило во мне сомнения – это стэндап-выступление Джорджа Карлина. Его монолог о религии показался мне смешным, но его было недостаточно, чтобы пошатнуть годы моей веры в бога.
DominaOmnium
18 авг. 2017 / 22:17