Құрдасыма арнап жазып отырмын

Асхат Еркімбай August 23, 2011
995
15
0
0

Негізі былай ғой. Қазір Рамазан айын. Саған ұнасын, ұнамасын мен  - оразамын. Өзі аяқталуға да аз қалды. Не үшін ақталып отырғанымды да білмеймін. Негізі білемін. Себебі бұған дейін қазақшамызды...

Негізі былай ғой. Қазір Рамазан айын. Саған ұнасын, ұнамасын мен  - оразамын. Өзі аяқталуға да аз қалды. Не үшін ақталып отырғанымды да білмеймін. Негізі білемін. Себебі бұған дейін қазақшамызды жақтырмай қалғандар кезіккен. Дін десе де тулап қоя беретіндер бар. Момын адамды осылай қауып алады негізі.

АҚШ деген елде, Ларами деген қаладамын. Болмаған шығарсың. Қаланы айтамын. АҚШ-қа енді Аллаһ қалап, жолың түскен шығар. Сол. Қазір тегін барбикю болады дейді. Осылардың студенттерге тегін тамақ, заттар үлестіргеніне қайранмын. Ризамын дегенім ғой.

Аман бол! Аманшылық білдіріп қояын дегенмін, құрдас! Блог ашыпсың, соған қолдау білдірейін дегенмін ғой. Әйтпесе, мына шатпақты біреу оқи қояр дегенге илана алмай отырмын :)

Оцените пост

0

Комментарии

0
Мен оқып отырмын, ағасы. :-)
0
Армысың, құрдас?! Екеуміз осылай блог һәм микроблог бетінде "Құрдас" деп қойып сөйлесе беретін болдық-ау, ә?:) Ішіміз білсін! Дегенмен "Саған ұнасын, ұнамасын мен - оразамын" деген сөзіңе қызық екен... "Неге маған Рамазан айы ұнамау керек екен?" деген заңды сұрақ көмейімнен шықпай жұтылып кетті, өйткені, сен көп ұзамай ифтарлайтын боларсың, ал мен ендігі ауыз бекітіп үлгердім. "Дін десе де тулап қоя беретіндер бар" бәлкім, тіпті ана тілінің де жыры болған секілді қателеспесем, дегенмен "тың игеруге" келіп қалдық:) Одан арысын Аллаға тапсырдым. Өзің білесің, біздің қолдан келері тәуекел ғой... "..мына шатпақты біреу оқи қояр дегенге илана алмай отырмын" дейсің, қазірдің өзінде 19 адам оқып үлгеріп, @meirzhan кәменттеп жетісіпті. Мұңаймашы... Аман жүр! Тілектеспіз! Инна Лилләһи уа иннә Илайһи ражиғун!
0
мен 24-мін. Және бұл әңгімелеріңізге менің, жалпы ешкімнің қатысы жоқ болса да қазақша блогтың шыққанына өте разымын. Әңгіме арасында қазіргі таңдағы ең бір маңызды мәселерді айтып өттіңіздер. Қол тиіп жатса, бұдан қызығырақ тақырыптарға қазақ тілінде блог жазыр тұрыңыздар. Әрдайым қолдауға дайынмын.
0
Шынымды айтсам, қазақша жазғандарға қуанамын дейтіндерге таңым бар. Қазір инетте қазақша блог, сайт, ресурс, проект т.с.с. бастауға еш кедергі жоқ қой. Wordpress.com-да қазақша блогтар өте көп. Шүкір! Әртүрлі ойлар (ұрыстар деп жазайын деппін ғой, ғафу ет) өрбіп жатыр. Одан қалды ғаламтордан қазақшаны шырақ алып іздеп жүрген адамға: "Қазақшаны іздеме. Оны өзің жаса. Жаз!" дегім келеді. Амал жоқ қазір тістесуге тура келеді. Бірақ Кеңшілік ағамыз айтпақшы: "Қанатсыз қалсақ - мақсара!" болмақ. Общым, елеусіз қалдырмағандарыңа рахмет. Ризамын! Бірақ қазақша көрсем қуанамын дейтіндей шетелде емессіңдер ғой... Әлде мен сияқты мұхит асып кеттіңдер ме? :)
Показать комментарии