Yvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов42 подписчика
Всяко-разно
2
04:56, 20 июля 2011

ҚАЗАҚ АҚЫН-ЖЫРАУЛАРЫ МЕН ФИЛОСОФТАРЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-САЯСИ КӨЗҚАРАСТАРЫ: ҚОРҚЫТ АТА

ҚОРҚЫТ АТА

Қорқыт Ата (VІІІ ғ.) –

түркі халықтарына ортақ ұлы ойшыл, жырау, қобызшы.

Қорқыт Ата – қазақ ойшылы, исі түркіге ортақ дана. Қорқыттың басынан өткен қызықты оқиғалар ХV ғасырда «Қорқыт ата кітабы» деген атпен жазылып, хатқа түскен. Кітаптың екі нұсқасы Дрезден мен Ватикан қалаларының кітапханасында сақталған. Сонымен қатар, 1950 жылы Бакуде, 1982 жылы Мәскеу қалаларында басылып шыққан. Орыс, неміс, итальян сияқты т.б. тілдеріндегі аудармалары бар.

Қорқыт Атаның ел аузында қалған көптеген нақыл сөздері әлі күнге дейін өз өзектілігін жоғалтпайтыны анық. «Құмды қанша үйгенмен төбе болмас, Қара есектің басына жүген таққанымен тұлпар болмас», «Күңге сарыпай шапан жапқанмен, бәйбіше болмас», «Тозған мақта боз болмас, ежелгі жау ел болмас», «Ананың көңілі балада, баланың көңілі далада», «Сырын білмеген аттың сыртынан жүрме», «Ең сүйкімді әйел – отбасының құты болған әйел» (Қыраубаева А. Ежелгі әдебиет. 5 томдық шығармалар жинағы. – 2 том. – Алматы, 2008. – 32 б.), - секілді қанатты сөздері қазақ халқының мақал-мәтеліне айналды. Осы нақыл сөздердің жолдары арқылы отбасындағы ананың рөліне ерекше назар аударылғандығын байқаймыз.

2
2711
0