Ел Арнада жастар таңдаған - АЗАМАТ бағдарламасы

Sukhanberli 2011 M07 4
1384
0
2
0

Құрметті блогерлер!!! Сіздердің назарларыңызға "Азамат" бағдарламасын ұсынамыз. Бұл бағдарлама әр аптаның сәрсенбі күні сағат 19.45 "Ел Арна" телеарнасынан көре аласыздар. Бағдарламада қоғамда болып жатқан неше проблемалар көтеріліп, көрермен назарына көрсетіледі. Әр апта сайын неше түрлі маңызды тақырыптар шығып тұрады. Сондықтан да, осы блогта өз ойларыңызды, пікірлерінізді, сын пікірлерді және де өз ұсыныстарыңызды талқылауға шақырамын.

 

«Өскенде кім боласың?» Бала күннен құлаққа сіңісті болған бұл сауал, сауал туралы толғаныс сізбен бірге есейеді, сізбен бірге ер жетеді. Жауабы да сан қилы болушы еді. Білім іздеп, үлкен өмірге қадам басқанда, таңдаған мамандық, орта, көзқарас өзгерсе де, кешегі бала күнге деген сағыныш, бала күнгі балғын үміт ақжемделмек емес. Қайта келер күнге, болар күнге қадам басқан сайын сол үміт толысып, тола түседі. Студент атанып, білім көкжиегін кеңейтпекке ұмтылғандар шоғырына қосылғанда жүрер арнаңды анықтап, бағыт берер бір БАҒДАР керек-ақ. Жақсылардан үлгі алу үшін. Жақсылыққа жақын болу үшін. Ізгілікке ұмтылыс үшін.

«Көк жәшіктен» көрерменге кеше «Хабар» арқылы «Азамат» боп, бүгін «Ел арнаның» эфирінен «Азамат» жастар парламенті» боп жол тартқан жастар жобасының негізгі мақсаты - жастарды сөз сайысына салып, таласқа тәрбиелеу емес, қайта мүмкіндігінше, бағдарламаға қатысатын, бағдарламаны тамашалап ой түйетін жастардың көзқарасын бір арнаға, қазақ ұлтына, Отанға қызмет етуге БАҒДАР беру. Бала күнгі үміттер шоғын маздату, белсенді жастар шоғырының ортасын қалыптастыру. Егер ойымыз бір жерден шықса, білімді, иманды, білікті жастар шоғырына БАҒДАР болуға ұмтылған бағдарламаға ХАБАРласыңыз. Байланыста болайық! «Алаштың арқа сүйер азаматтары көп болсын». «Азамат деген атқа лайық болайық».

Бүгінгі таң - әріптестер мен бәсекелестер кезеңі. «Азамат» бағдарламасы қазақтың ертеңіне сеніммен қарайтын жас тұлғаларды пікір алаңына шақырады. Бұл ой тартыста ұлтқа, мемлекетке қатысты кез-келген маңызды мәселе талқыға түседі. 
«Азамат» тек қызыл сөзді өрендердің емес, білімді, зияткер, ұлтжанды, бастысы - сөзі мен ісі сай жастардың бағдарламасы!

 

Бағдарлама – 2005 жылы «АЗАМАТ» бағдарламасының ұжымы
а) «Мемлекет және қоғам» номинациясы бойынша «Отан» саяси партиясының дипломымен, әрі сыйлығымен марапатталды.

ә) Алматы қаласының әкімдігі ұйымдастырған «Мемлекеттік тіл және бұқаралық ақпарат құралдары» қалалық байқауында 90 бұқаралық ақпарат құралдары ішінен 1-орынды иеленді. Қала әкімі Иманғали Тасмағамбетовтың арнайы сыйлық-жүлдесімен марапатталды. Алматы қаласы,2007 жыл.

Б) Қазақстан Республикасы мәдениет және ақпарат министрлігінің Тіл комитеті «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын» жүзеге асыру мақсатында, Баспасөз күніне орай ұйымдастырған «Мемлекеттік тіл және бұқаралық ақпарат құралдары» атты республикалық конкурстың (200-ге жуық БАҚ арасынан) «Ең үздік телехабар» номинациясы бойынша БАС ЖҮЛДЕМЕН марапатталып, арнайы сыйлықты иеленді. Астана қаласы, 2007 жылдың 22-маусымы.


Бағдарламаның электронды мекен жайы: а)http://www.facebook.com/group.php?gid=2232792628 Фейсбуктағы Азаматтың жабық тобы
ә) http://newskz.wordpress.com Азаматтың блогы

Оцените пост

2