Yvision.kz
kk
0
01:40, 21 июня 2011

Дудар-ай 18.06.2011

«Дудар-ай» орталығы қанат жайды,
Кәсіпқой әншіні енді жаратпайды.
Сөзіне өздерінің сенер болсақ,
Оларсыз шоу бизнестің таңы атпайды.

Жұлдызбек Шалқайғанның мұрагері,
Шоу бизнестің шаң жұқпас құлагері.
Даңқы асып алыс-жақын шетелдерге,
Суреті билбордтарда тұрады енді.

Қырғызбай тұғырынан түлеп ұшты,
Қалтаны қалыңдатар біледі істі.
Қаланы қанша жақсы түсінсе де,
Миялыны аңсайды жүрегі ішкі.

0
107
0