Yvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов42 подписчика
Всяко-разно
1
14:11, 27 мая 2011

ЕНТ ( Единый Национальный Тупизм )

ҰБТ - ның қайтадан басталуына санаулы ақ күн қалды....

Түлектердің қазіргі жағдайын айтпасақ та айдан анық.

Blog post image

ҰБТ!!!

Осыдан 1 жыл бұрын менде ҰБТ тапсырғанмын.

ҰБТ-дан құлап қалсам не болады? проходной жинай алмай қалсам не болады? ҰБТ тапсырып отырғанда бәрін дұрыс жазып келіп, нұсқаны дұрыс жазбай қалсам не болады? дегендей түрлі сұрақтар маза бермеді.Жүрегімнің түбінде қорқыныш ұялатты.

ал ҰБТ кезінде КНБ-тер болады дегенді естігенде, видеокамера болады дегенді естігенде жүрегім аузыма тығылды десем де болады.

Бір АЛЛАға одан кейін барып өзіме сеніп ҰБТ-ны шпорсыз тапсыруға бел будым...

Бірақ ЕНТ күні (7 маусым) көргенім былай тұрсын, естігенімді айтсам, шпорсыз кіргеніме өкінемін.

Білім министрлігіне қатты ренішім бар.

Сөздің шыны керек, Алматы мен Астана қаласында ҰБТ қатал жүргізіледі,ал сонда қалған қалалардағы түлектердің қандай айырмашылығы бар. Біз үлкен үлкен оқу орындарына келіп ҰБТ тапсырып жатқанда,олар жай орта мектепте тапсырып 100 баллдан кем алмай грантқа түсіп жатады.

Ал біз?

Сіз ерінбей Алматылықтардан сұрастырыңыз, қай Алматылық студент грантта деп? 10 студеттің ішінде әрең дегенде 2  студентті табасыз. Және сол 2 студенттің грантты өз күшімен алғанына сенімді боласызба?

Егер сол жылы менде екінші рет тапсыратындай мүмкіндігім болғнда мен ауылға барып тапсырар едім!!!

Жарайды бұның бәрі артта,тек іштегі реніш қой.

Айтарым 2011 ТҮЛЕКТЕРІНЕ ТЕК СӘТТІЛІК!!!

Blog post image

1