Yvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов42 подписчика
Всяко-разно
-6
02:49, 15 августа 2009

Takashi Murakami

Оның есімін жиі Энди Уорхолмен байланыстырады, коммерция мен өнер арасында көпір сала білген белгілі дизайнер батыс пен жапон мәдениеттерінің бірігуі арқылы өнер әлемінде революция жасай білді.

Blog post image

1996 жылы Takashi Murakami Hiropon зауытын ашып, 2001 жылы одан Kaikai Kiki шеберханасын құрастырады. Оның штаб-пәтері Токиода және тағы бір студиясы Нью-Йоркта орналасқан.

Муракамидің суреттері мен мүсіндері мультфильм кейіпкерлеріне ұқсас, ал стилі кешегі мен қазіргі, жоғары бағаланатын өнер мен халық өнерімен араласқан. Оның танымал Superflat көрмесі Европа мен Американың ірі мұражайларында өткізілді. Дизайнер бұл көрмеге жапон суретшілерінің анимациясы мен карикатураларын, саяси экспозицияларын енгізуге тырысты.

Blog post image

Blog post image

Жылына екі рет Мураками Жапонияда жас таланттарға арналған GEISAI фестивалін өткізеді, оның компаниясында жас дизайнерлер аз емес. Төменде 2008 жылы Esquire журналына берген сұхбаттан үзінді.

Blog post image

Esquire: Бұл сұхбатта біз «максимализм» сөзінің анықтамасын іздеп көрейік. Эстетика жағынан қарастыратын болсақ, бұл ірі масштабтағы әдемі дизайн, жан-жақты детализация, жарқын түстер мен «батыл» оюлар. Ақыл құрылымы жағынан қарастырсақ, бұл сөздің мағынасы әлдеқайда кең - ол фантазиясы бай адамдарға бағытталған. Сіз не дейсіз?

Takashi Murakami: Жақында бір ғылыми телешоу қарайтын болдым, оның аты Battlestar Galactica, онымен қоса, жаңа анимациялық фильм Macross Frontier-ді көрдім. Олардың екеуіне де тән бір нәрсе - адамзат Жерді тастап кетуге мәжбүр болып, амалсыз ашық ғарышта өмір сүреді. Олар роботтармен күреседі және өмірдің мәнісі неде деген сауалға жауап беруге тырысады. Меніңше, оларды стериотипті деп атауға болады. Бірақ мені ашық ғарыш мәселесі көбірек қызықтырады. Өзім ғарышта болған емеспін, сондықтан да бұл шайырдай қара әлемнің керемет шексіздігін сезбейтінмін, алайда, бұның бәрі шынайы максимализм болуы да мүмкін.

ESQ: Бүгінгі күнге дейін ең ұлы максималистер деп кімді айтар едіңіз?

ТМ: Джордж Лукас және Уолт Дисней. Олар арқылы сюрреалистік әлемге енудің бар маңыздылығын түсіндім.

ESQ: Көпшілікке арналған ғылыми фильмдерде келешектің көркемделуі ультрамодернизацияланған және аппақ түсте көрсетіледі - үлкен iPods және басқалар. Сізді осындай болашақ мазалай ма?

ТМ: Шынымен бе? P-Funk әлемінде Parliament ашық ғарыштан БҰО (НЛО) ұшып келеді. Менің ойымша, сіз сипаттаған эстетика үлкен өрістің тек кішігірім ғана көрінісі және ол барлық бағыттарды қабылдамайды. Жақында көңілді ғарыш стиліндегі киімнің қайтадан танымалдылығы артатынына сенімдімін.

Муракамидің Louis Vuitton-мен бірлесіп жасаған бірнеше жобасы әлемге кең танылды. Соның ішінде «Путипанда» (Putipanda). Олар балалар мен сәнге құмар ересек адамдардың көңілінен шықты. Әр Путипанда сертификат пен дизайнер автографына ие.

Blog post image

Blog post image

 

-6
919
3