XXI ғасырдың инновациялық мектебі

serikbaeva-togjan 2011 M04 27
1738
1
3
0

     «XXI ғасырдың инновациялық мектебі». Қостанай облысында қазан айынан бастап ұстаздарға арналған халықаралық жоба жұмыс істей бастады. Төрт айда 150 мұғалім он-лайн жүйесі арқылы шетелдік...

     «XXI ғасырдың инновациялық мектебі». Қостанай облысында қазан айынан бастап ұстаздарға арналған халықаралық жоба жұмыс істей бастады. Төрт айда 150 мұғалім он-лайн жүйесі арқылы шетелдік мамандардан дәріс алып, біліктіліктерін арттырды. Аталмыш жоба Елбасы Жолдауында көрсетілгендей 12 жылдық оқу жүйесін табысты жүзеге асыруға септігін тигізеді дейді сала мамандары. Тақырыпты Дәуренбек Әбдібек жалғастырады.
Елбасы биылғы Жолдауында 2020 жылға қарай 12 жылдық оқыту жүйесі табысты жұмыс істеп, білім сапасы әлемдік деңгейдегі ең жоғарғы талаптарға жауап беруі тиіс деп атап көрсетті. «XXI ғасырдың инновациялық мектебі» атты халықаралық жоба Президенттің осы тапсырмасын орындауға бағытталған қадамдардың бірі.Жобаға өз еркімен облыстағы алты мектептен 150 оқытушы қатысып отыр. Оларға он-лайн жүйесі арқылы канадалық Георгий Рудик дәріс береді. Шетелдік әріптестерінен үйренгендерін іс жүзінде қолданып та үлгерген ұстаздары қауымы, еуропалық әдістеменің ұтымды тұстары аз емес,- дейді.

   

Оцените пост

3
Дальше