Мен өте қуаныштымын...

mereika_91 2011 M05 6
1060
0
0
0

  Қазақстанның белгілі спорт коментаторы Амангелді Сейітхан мырзамен, Нұр Отан ХДП-сының акті залында кездесу болды. Мұнда жас журналистер қауымы жиналған болатын. Ол кісімен мақалаға тақырып қою...

 

Қазақстанның белгілі спорт коментаторы Амангелді Сейітхан мырзамен, Нұр Отан ХДП-сының акті залында кездесу болды. Мұнда жас журналистер қауымы жиналған болатын. Ол кісімен мақалаға тақырып қою мәселесін талқыға салдық. Амангелді мырза: «тақырып қоя білу-шеберлік, ол бір үлкен өнер» екенін баса назар аудырып айтып бастады. Және де бірнеше үздік мақаланың тақырыптары жайлы толығырақ түсіндіріп айтты. Мәселен, «Достықтың до, ре, ми, фа-сы», «86 жылдың - теңдессіз 16 күні», «Өкпелесең, өзің біл!», «Қалайсың Қарағанды!» сонымен қатар «Христостың туған күні, қыз-жігіттің думан күні» және т.б көптеген маңызы бар, керемет мақалаға сай қойылған тақырыптарды атап өтті. Ол кісі «неғұрлым тақырып айғайлап тұрса, соғұрлым жұрт көп оқиды, соғұрлым үнемі елдің аузында жүретін жақсы мақалаға айналады», - деді бір сөзінде. Және де, «Алматы ақшамы» газетінде «Айтысқа қуанып келіп, қуарып қайтамын» атты мақаласының тақырыбы сәтті қойылғанын да айтып кетті. Естімеген елде көп демекші, бір кезде «Жібі салақтап тұр» деген тақырыпты айтқанда залдың, іші ду-ду күліп жіберді. Бұл тақырып жұмбақтап, тура мағынада емес, ауыспалы мағынада жазылғанын түсіндіріп өтті. Сіздер де қате ойлап қалмас үшін, бұның мән-мағынасын түсіндіріп өтейін. Яғни, бұл дегеніміз - жағдайы мәз емес, әл-ауқаты төмендеп тұр,-дегенді білдіреді екен. Сонымен қатар, шетелдіктердің көбісі тақырыпты креативті, мықты бір білімді адамға қойдыртады. Шет елдердің көбінде солай деседі. Менің бұл шеберлік класынан тағы бір түсінгенім, газет-журналдарға шығатын мақалалардың тақырыбын ойнату керек екенін және де кез-келген мақаланың тақырыбы от шашып тұру керек екенін ұғындым. Сондай-ақ, газет-журналдардың басты мақсаты, газетті халықтың қолына алдыру, халыққа оқыту болып табылады. Сондықтан да тақырыпқа аса мән беріп, ойланып қоя білу керек деп санаймын. Бұл шеберлік класынан өте жақсы нәрселерді үйрендім десем артық айтпағандық болар. Мен осы өткен күнім үшін қуаныштымын.

Оцените пост

0
Дальше