Yvision.kz
kk
Разное
Разное
399 774 постов42 подписчика
Всяко-разно
0
07:32, 05 апреля 2011

ҚАТІГЕЗ ҰРПАҚ ҚАЛАЙ ҚАЛЫПТАСАДЫ?

Құдайы қонақ келсе, қойын сойып, төрін тосып, құшағын жайған аталарымыз жетім көрсе «Е...е... тайқы маңдай байғұсым-ай, «жетім қозы тасбауыр, маңырар да отығар» деген, тағдыр талқысына көнесің де. Бұл күн де ұмытылар, әлі-ақ жетіліп кетесің ғой», – деп есіркеп, маңдайынан сипап, бауырына басушы еді. Қонам десе, үйін, ішем десе, асын аяған емес.

Отағасы опат болғанда қалған ағайын-туысы жесірін де жат босағаға жаутаңдатпаған. Бүгінде ескіліктің ерсі көрінісі саналатын әмеңгерлік те жесірін қаңғыртпаудың, жетімін жат етпеудің шарасыздықтан туған ақырғы бір амалы емесіне кімнің дауы бар? Жетімханасы жоқ заманда аталарымыз жетімін жетілдіріп еді ғой. Бүгін ше? Жетімге де, жесірге де адамдардың бұрынғы мейірімі, бұрынғы қамқорлығының түрі өзгерді. Олардың обалын да, сауабын да үкіметке ысыра салады...

Толық оқу (Подробно)

0
1018
0