"Студенттік көктем" байқауы

mereika_91 2011 M04 2
1436
0
4
0

 29 наурыз күні ҚазҰУ-дың Студенттер сарайында "Студенттік көктем" байқауы болды. Бұл байқауға университетіміздің бетке ұстар 15факультеті қатысып, өз бақтарын сынға салды. Бұл күні әр...

 29 наурыз күні ҚазҰУ-дың Студенттер сарайында "Студенттік көктем" байқауы болды. Бұл байқауға университетіміздің бетке ұстар 15факультеті қатысып, өз бақтарын сынға салды. Бұл күні әр факультеттің мың бұралған бишілері қазақтың әсем биінен бастап әр түрлі ұлттың билерімен қостады. Әсіресе журналистика факультетінің билері керемет болып, көрерменнің көңілінен шықты. Ерекше бір фильм ретінде бастаған топ ары қарай балеринаның биімен жалғасты. Содан соң мың бұралған биші қыздарымыз қазақтың биімен таңқалдырса, "Майклдарымыз" "Джексоннан" асып түсті. Кішкене болса да маңызы бар бір фильмді тамашалағандай болдық. Олардың құрамында 105-топтың беделді студент қыздары өнер көрсетті. Олар: Дана Оразбай, Ыдырыс Айкүміс, Айдана Балғабаева, Айдана Кеңесбаева, Маржан Смағұлова және Арайлым Чалгынбаеваны ерекше айтып кету керек. Себебі бұл қыздар күндіз-түні аянбай, демалыссыз еңбек етті. Жалпы журналистика факультетінің студенттеріне көп-көп алғыс! Алға! 

Оцените пост

3